Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұстазым менің, ұстазым!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Ұстазым менің ұстазым!»
Мақсаты: оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту. Адамгершілікке, кішіпейлікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Данагүл: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстазым ұлағатым» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға,-
деп Абай атамыз жырлағандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған
ұстаздар қауымы бүгінгі төл
мерекелеріңіз құтты болсын!
(бірге)
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол –
мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да,
адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз
жанды өкілі.
Бақытжан: Сөзіңнің жаны бар Данагүл. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі.
Данагүл: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектебіміздің жүрегі аяулы да ардақты ұстаздарымыз ортамызда отыр. Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы, шәкірттеріңіз көп болсын деген шәкірттік тілегімізді білдіреміз.
Бекзат: Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
Дана: Данышпан да, дана да оқып сеннен,
Атақ даңқын асырды бар әлемнен.
Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең!
Алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі мектеп басшысы Гүлмира Қазбекқызына беріледі.
Бекзат: Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Хор «Ұстазым» Орындайтындар: Қазақбаева Айнара мен Аманжолова Аяна
Дана:
Күллі өмірін жеткіншекке
арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған,- дей келе «Мектебім» әнімен 2
сынып оқушысы Пауеденов Диасты қарсы
алыңыздар.
Бекзат:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
«Алғашқы ұстазым» әнімен аудандық «Ұстазға арналады аяулы әнім» ән байқауының І орын иегері, 7 сынып оқушысы Сакенова Аяжанды қарсы алыңыздар.
(Ұстаздарға гүл шоқтарын табыс ету)
Дана:
Мұғалімді анамдай жақсы
көрем,
Қиналамын
қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын
тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой
Алла-ай.
«Алғашқы ұстаз» әнімен Екпін Меруертті қарсы
алыңыздар.
Бақытжан:
Мұғалімді жақсы көрем
сезімтал,
Үлгі етемін
өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің
мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім
бар
Жерлес композитор
Орынбасар Жаманбаевтың әніне жазылған «Ұстаздар» әнімен 8 сынып
оқушысы Бисенбі Наргизді қарсы
алыңыздар.
Данагүл:
Білімнің кәусар
бұлағын
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің,
мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана
да
Ән: «Мейірбан ұстаздар» орындайтындар 4 сынып оқушылары Әлібекова Жайнагүл мен Гарифуллина Зарина. Қарсы алыңыздар
Бақытжан:
Қыр-сырын зерттеп
заманның,
Ұлылығын айтып
бабамның
Өнеге, өріс беретін
Барометрі сенсің
адамның.
Сағыныш сазы
толқытқан,
Арнамақ сөздің
мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап
сәлемін!
Ортада «Ұстазым» әнімен 11 сынып оқушылары Жаметова Гүлнара мен Мұхитова Кенжегүлді қарсы алыңыздар.
Дана:
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен
қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен
біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем
биді,
Сіздерге тарту етіп
ұсынамыз.
«Әжем айтқан ертегі» әнімен 2 сынып оқушысы Амандық Зерданы қарсы алыңыздар.
Бақытжан:
Жүрегіміз түкпірінен ән
қылып,
Шырқай оған айттық біздер
тілекті.
Ұстаз аты биік, әрі
мәңгілік,
Тербетеді сезім менен
жүректі.
«Мектебім» әнімен Шәбіл Құралайды қарсы алыңыздар.
Данагүл:
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Бақытжан:
Атағым Алатаудай болып
биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке
тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым
етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп
басымды иіп, дей келе мерекелік концертімізді аяқтаймыз. Кешіміздің
екінші бөлімі өздеріңізге арнап жайылған мерекелік дастарханмен
жалғасады.
Тақырыбы: «Ұстазға арналады аяулы әнім» ән байқауы
Мақсаты: оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру. Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге, ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту. Адамгершілікке, кішіпейлікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Данагүл: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаз мәртебесін ұлықтауға, құрметтеуге, ұстазды қадірлеуге тәрбиелеу, ұстаздарға арналған балалар әндерінің сапасын арттыру, жас таланттарды анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған «Ұстазға арналады аяулы әнім» атты аймақтық ән байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға,- деп Абай атамыз жырлағандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымына қандай тілек арнасаң да артық етпейді.
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі.
Бекзат: Сөзіңнің жаны бар Данагүл. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ендеше ұстаздарымызға арналған бүгінгі ән байқауымызды тамашалауға қош келдіңіздер.
Бүгінгі байқауға қатысушы сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық.
1.
2.
3.
4.
Бүгінгі байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Тәрбие ісінің меңгерушісі Кәмшат Хамзақызы
Саз мектебінің мұғалімі Ақторғын Кәдіршеқызы
Ханкөл орта жалпы білім беретін мектебінің саз пәні мұғалімі Айымгүл
Балабақша әдіскері Айжан
Бекзат: Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Ендеше алғашқы орындалар әніміз мектебіміздің ұстаздарына арналады.
Данагүл: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектебіміздің жүрегі аяулы да ардақты ұстаздарымыз ортамызда отыр. Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы, шәкірттеріңіз көп болсын деген шәкірттік тілегімізді білдіреміз.
Бекзат: Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
Ортаға Орынғалиев Нұртілеу. Ән «Ұстазым»
(ұстаздарға гүлдер табыс ету)
Дана:
Алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі мектеп басшысы Гүлмира Қазбекқызына беріледі. (марапаттау, ардагер ұстаздарға төсбелгілер тағу)
Бекзат: Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн
шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Абай Құнанбаев «Ұстаз» көркем сөз оқитын Қобландиева Назерке
Дана:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бекзат:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
ӘН: «Алматының алмасы» орындайтын Сакенова Аяжан
Дана:
Мұғалімді анамдай жақсы
көрем,
Қиналамын
қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын
тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой
Алла-ай.
Бекзат:
Мұғалімді жақсы көрем
сезімтал,
Үлгі етемін
өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің
мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім
бар
Ән: «Ақ көгершін»
орындайтын Баянғалиева Сабира
Білімнің кәусар
бұлағын
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің,
мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана
да
Ән: «Ұстаздар» орындайтындар Дархан мен Асарбек
Бекзат:
Қыр-сырын зерттеп
заманның,
Ұлылығын айтып
бабамның
Өнеге, өріс беретін
Барометрі сенсің
адамның.
Сағыныш сазы
толқытқан,
Арнамақ сөздің
мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап
сәлемін!
Ортада Оразақын Асқардың «Ұстаз» өлеңімен Матжанова Гүлбақыт
Дана:
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен
қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен
біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем
биді,
Сіздерге тарту етіп
ұсынамыз.
Күй орындайтын Қазақбаева Айнара
Бекзат:
Жүрегіміз түкпірінен ән
қылып,
Шырқай оған айттық біздер
тілекті.
Ұстаз аты биік, әрі
мәңгілік,
Тербетеді сезім менен
жүректі.
«Ұстазым» орындайтын Бисенбі Наргиз
Бекзат:
Тойлайды бұл күнді
көктен,
Біздің байтақ бақытты
ел.
Ұстаздарды шын
жүректен
Құттықтайды
шәкірттер.
Алғыс сізге алғашқы
ұстаз,
Бізге үйреткен
әліппе.
Атыңызды дәріптеп, дей
келе Гүлбақы аен Сабираның орындауында «Учат в школе»
тамашалаңыздар.
Дана:
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Еліміз тыныш ,жұртымыз аман болсын ,- дей келе «Ұстазым» әнін тамашалаңыздар, орындайтындар Қазақбаева Айнара мен Аманжолова Айана
Бекзат: Атағым Алатаудай болып
биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке
тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым
етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп
басымды иіп, дей келе «Ұстаз - ұлы есім» атты мерекелік
концертімізді аяқтаймыз. Кешіміздің екінші бөлімі өздеріңізге арнап
жайылған мерекелік дастарханмен жалғасады.