"Ұстазым менің ұстазым!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұстазым менің ұстазым!"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп тәлімгерлеріне арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҚСУАТ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ




Бекітемін:

Мектеп директорының м.а. Е.М.Жұбаниязов











«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!»


атты ұстаздар күніне арналған

мерекелік кештің сценарийі


























АҚСУАТ, 2016 жыл


  1. «Ұстаздар күні құтты болсын!» видеослайд көрсетіледі. Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады (фон. Ұстазым әні)

1-ж:Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен
.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
(фанфары) Жүргізушілер шығады.


1-ж: Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгінгі «Ұстазым менің ұстазым» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

2-ж:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетке бас иелік мәңгілік!


1-ж: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!


2-ж:Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:Мерекелеріңіз құтты болсын!


2-ж:  Қадірменді ұстаздар, өздеріңізге арналған “Ұстазға мың тағзым” әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын: «Ұстазға арналады аяулы әнім» аудандық байқауының жеңімпазы Сисенгалиева Гаухар.


1-ж: Сен қалай ойлайсың, Жанерке? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.



2-ж: Тоқтар, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!


1-ж: Ендеше,

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Аяулы ұстаздар, оқушыларыңыздың өздеріңізге арнаған өлең шумақтарына кезек берелік!

\1-3-сынып оқушылары мәнерлеп оқу\


2-ж: Ән«Ұстазым». Орындайтындар: Төлегенова Айнагүл мен Кутумбаева Альмира. Қабыл алыңыздар.


2-ж: Тоқтар, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-ж: Ал ендеше баста.

2-ж: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

1-ж: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-ж: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-ж:«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-ж: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-ж: Жанерке, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.

Ендеше, қымбатты ұстаздар, осы мектептен тәлім алып, білім нәрімен сусындаған, бүгінде білдей университеттер қабырғаларында білім алып жүрген студент шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған алыстан асығып жеткен ақ тілектерін қабыл алыңыздар!


2-ж:Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан


1-ж:Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар. Шәкірттеріңіздің сіздерге арналған тамаша әнін қабыл алыңыздар. (Учать в школе)


2-ж: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. Күндей жарқыраған аяулы ұстаздарымызға күмбірлеген күй тарту етеміз. «__________________________» күйі.





1-ж: Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп. Ән «Ұстазым». Орындайтындар: Жаксыгалиева Карина мен Серикова Жанаргүл.

1-ж: 10- сынып оқушысы Дуйсекова Айша Бибінің мерекелік би шашуын тамашалаңыздар.


1-ж: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ак лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Жұбаниязов Ерлан Мәлікұлын шақырамыз.


2-ж: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

1-ж: Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

Тағы да мерекелеріңізбен, аяулы ұстаздар! Ендігі кезекте баршаға танымал «Ұстазым» әнін барлығымыз қосылып орындауға шақырамыз.\ барлығы айту\


2-ж: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

1-ж: Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

Қадірменді ұстаздар! Сары күзбен сағына жететін салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқашан шәкірттерге білім беру жолында талмай, үнемі ізденісте жүрер қиын да қызықты жұмыста еңбектеріңізге табыс тілейміз!

2-ж: «Ұстазым менің ұстазым» атты мерекелік шарамыз осымен тамамдалды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет. Келесі кездескенше!


Екеуі бірге: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.12.2018
613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі