Материалдар / Ұстазым-ұлағатым

Ұстазым-ұлағатым

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар күніне сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2018
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстазым-ұлағатым атты ардагер ұстаз Рамазан Жұмабекұлының шығармашылық еңбек жолына арналған
90 жастық мерейтой кешінің әзірлемесі

Мерзімі: 25 қараша 2017жМақсаты: оқушылар мен жас мамандарға ардагер ұстаздың еңбек жолын дәріптей отырып, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, слайдтар, кеш иесіне арналған презентация, банер, нақыл сөздер.

1-жүргізуші:
Ұлылықтың ұйтқысынан жаралған,Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.Шапағаты шуақ сепкен ұстазсыз,Өзіңізден бастау алған сан арман.
2-жүргізуші:
Ұстазым тыншымайтын еңбекқорсыз,Жемісті біздер үшін, елге еккенсіз.
Өмір бойы жас ұрпақты тәрбиелеп,Зердесін болашақтың зерлеткенсіз!

1-жүргізуші:Ассалаумағалейкүм, құрметті кешке жиналған қонақтар!
2-жүргізуші:Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!


Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деген нақыл сөз қалай тауып айтылған десеңізші. Өмірде бір кішкентай қол жеткен жетістігіміз бен биігіміздің арғы жағында қашан да ұстаз деген ұлы есім тұрады. Қай кезде де жол сілтер, ақыл кеңесін аямайтын шынайы тілектес ұлы ұстаздың алдында басымызды иеміз.Осындай ұстаздарымыздың бірегейі, еңбекқорлығымен, парасаттылығымен, адамгершілік қасиеттерімен көңіл төрінен орын алып отырған бүгінгі торқалы 90 жасқа келіп отырған ардагер ұстаз Рамазан Телжанұлының мерейтой құрметіне арналған Ұстазым-ұлағатым атты шығармашылық кешіне хош келіпсіздер!
Жұмабеков Рамазан Телжанұлы -
Халық ағарту ісінің озық қызметкері
Аға мұғалім
Тыл және Ұлы Отан соғысының ардагері
Аудандық білім беру бөлімі мен облыстық білім Басқармасының Бірнеше мәрте мадақтамаларының иегері,
Бар өмірін бала тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаз
Ендеше, бүгінгі кештің иесін қошеметпен құрметтеп ортаға шақырайық.


1-жүргізуші: Ерғанат, бүгінгі кешімізді арнаумен ашсақ қайтеді? Шәкірті ақын Ахатов Таңат Қуанұлы.
2-жүргізуші: Құттықтау сөзді аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Мүбарак Асылхан Манарбекұлына береміз.
1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнагүл Жанатқызына сөз береміз.
2-жүргізуші: Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Рахметов Мұрат Дүйсенбайұлына сөз береміз.

1-ші жүргізуші:Ұстаз- барша мамандықтың көш бастаушысы.
Құйылады жыр-ағын,
Көптен дара пырағым.
Құтты болсын мерейтой,
Заңғар тұлға мұғалім, - деген өлең шумақтары бүгінгі қонағымызардагер ұстаз Рамазан мұғалімге арналады.

2-ші жүргізуші:
Ұстазым биік тұлға байсалды,Құшақ жайып өз мектебің қарсы алды.Қуанышты жарқын тілек білдіріпҚұттықтаймыз, біз ардагер ұстазды.
Слайд
Зейнеткер ұстаз, халық ағарту ісінің озық қызметкері Рамазан Телжанұлы Жұмабеков 1927 жылы қараша айының 25 жұлдызында Павлодар облысы, Баянауыл ауданына қарайтын бұрынғы Шоман ауылында, қазіргі – Күркелі ауылында дүниеге келген.
1935 жылы Баянауыл ауданы Үлгілі мектебінің 1- класына оқуға барды.
1946 жылы Павлодардағы педагогикалық училищеге оқуға түсті.
Баянауылдағы 1948 жылы Сталин атындағы бастауыш мектепте мұғалім, әрі мектеп меңгерушісі;
1948-1951 жылдары 18 партконференция атындағы бастауыш мектепте мұғалім, әрі мектеп меңгерушісі;
1952-1954 жылдары Теңдік жетіжылдық мектебінде мұғалім;
1954-1956 жылдары Баянауыл аудандық комсомол комитетінде мектептер бөлімінің меңгерушісі;
1957-1989 жылдар аралығында Егіндібұлақ жалпы білім беретін орта мектепте мұғалім болып жұмыс жасап, 1989жылы құрметті демалысқа шықты.

Ұлағатты ұстазымыздың құрметіне Ерғанат Тұрғанбек және Гүлмира Қалиқызының орындауында Ұстазым әнінқабыл алыңыздар.
1-ші жүргізуші:
Әл-Фараби: Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі кейіпкеріміздің бейнесін айқын байқаймыз. Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау, Ұстазға қарап шәкірт өседі,Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы
Тақпақ оқиды. 5-сынып оқушылары
2-ші жүргізуші: Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаз, шәкірттеріңіздің өзіңізге арналғанәндеріне кезек берелік.
Төлеуғали Зекебайұлының орындауында Әке туралы жыр әнін қабыл алыңыздар.
2-ші жүргізуші: Ал енді, кеш иесі, ардагер ұстазымыз Рамазан мұғалімге ұстаздық мамандық мамандықтың қыр-сыры жайлы сұрақтарға кезек берсек....
1. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?2. Ұстаз болу жүректің батырлығы дейді, осы ұстаздың бойынан қандай қасиеттер табылу керек деп ойлайсыз?
1-ші жүргізуші:
3. Алғашқы шәкірттеріңіз жайлы не айтасыз? Олар кімдер еді?4. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы жайлы
Жауабыңызға көп рахмет
2 Жүргізуші: Ән
Қазақта жақсы сөз бар, Әзілің жарасса атаңмен ойна деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.1-жүргізуші:Ұстаздар кім болуды армандайды?2-жүргізуші:Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..1-жүргізуші:Неге? Армансыз адам болмайды гой2-жүргізуші:Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ме ?1-жүргізуші: ммммммммм, әрине2-жүргізуші:Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?1-жүргізуші: Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.2-жүргізуші: яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші.1-жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.2-жүргізуші:--- Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі.Ержан, осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным ай.1-жүргізуші:----яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
2-жүргізуші: Ендеше келесі музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар.
ӘН
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
1-жүргізуші: Ұстаз деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін Білім атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.

Келесі тыңдайтын әндеріңізҰстазым
2-жүргізуші:
Армысыздар ұстаздар, нұрлы жандар,Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.Іздерінен еріп жүрген түлекпіз,Бас иеміз, әрқашан да тірексіз!-деп басымызды ие отырып ұстаздарымызда ортаға шақырамыз.

Құрметті Тарбие апай,Кенже апай,Хабиба апай, Сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.
1-жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағығұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңызмолынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңіздітілейміз! Жүздеріңізкүндей күлімдеп, жүректеріңізжаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңызшаттыққа кенелсін демекпіз.
1,2 Жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!
5
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ