Үстел теннисінің пайдасы мен деңсаулыққа әсері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үстел теннисінің пайдасы мен деңсаулыққа әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Үстел теннисі дененің барлық бұлшықеттерін қозғайтын әрі қарқынды қозғалысты талап ететін спорт түрі. Аталған спорт түрі жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартып, қан айналымын ретке келтіреді. Сондай-ақ түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Теннис ойнау арқылы дененің қозғалысы мен көздің байланысы жақсарады, бұл әсіресе қарт адамдар үшін өте маңызды. Бір сағат ойын барысында шамамен 300-400 калория жағуға болады, бұл салмақты бақылауда
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТShape1

үркістан қаласы Білім бөлімге қарасты

Бірлік мектебының дене шынықтыру

пәні мұғалімі Абдурахманов Достон






Үстел теннисінің пайдасы мен деңсаулыққа әсері


Үстел теннисі – әлемдегі ең танымал һәм қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Оның артықшылықтары көп және дене мен ақыл-ой үшін теңдесі жоқ ойын. Біз бүгін үстел теннисінің денсаулыққа, ақыл-ой қабілетіне және әлеуметтік қарым-қатынасқа тигізетін пайдасы жайлы ой қозғамақпыз.

Үстел теннисі дененің барлық бұлшықеттерін қозғайтын әрі қарқынды қозғалысты талап ететін спорт түрі.

Аталған спорт түрі жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартып, қан айналымын ретке келтіреді. Сондай-ақ түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Теннис ойнау арқылы дененің қозғалысы мен көздің байланысы жақсарады, бұл әсіресе қарт адамдар үшін өте маңызды. Бір сағат ойын барысында шамамен 300-400 калория жағуға болады, бұл салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі.

Үстел теннисі – стратегиялық және тез шешім қабылдауды қажет ететін ойын, сондықтан ол ми жұмысын жақсартатын құрал ретінде кеңінен танымал. Доптың қозғалысын бақылау және дұрыс бағытта әрекет ету зейін мен реакция жылдамдығын қалыптастырады. Жүйелі түрде ойнау мидың жаңа нейрон байланыстарын құруына ықпал етіп, нәтижесінде есте сақтау қабілетін арттырады. Бұл спортты кез келген жастағы адам ойнай алатындықтан, отбасы мүшелерімен, достармен немесе әріптестермен уақытты тиімді әрі қызықты өткізуге болады.

Дүние жүзінде түрлі компаниялар, сонымен қатар мемлекеттік жұмыс орындарында да әріптестік ынтымақтастықты арттыру мақсатында үстел теннисіне баса мән береді. Біріншіден қызметкерлер жұмыс арасында бой сергітсе, екіншіден күнделікті сәлемдесумен шектелетін адамдар ойын барысында ортақ қызығушылық тауып, таныстық арта түседі.

Үстел теннисін ойнау жас пен дене дайындығына қарамастан барлығына жарамды. Жастар үшін бұл спорт дене дамуына ықпал етсе, ересектер үшін стресті азайту мен дене белсенділігін арттырудың керемет тәсілі. Сондай-ақ үстел теннисі ауыр жарақаттану қаупі аз спорт түрлерінің бірі. Сондықтан оны кәсіби спортшылар ғана емес, әуесқойлар да еркін ойнай алады.


ПИНГ-ПОНГ ТАРИХЫ

Үстел теннисі немесе пинг-понг – әлемде ең танымал спорт түрлерінің бірі. Оны ХІХ ғасырдың соңында американдық Джон Джаквес ойлап тапқан. Басқа ойындар сияқты, үстел теннисінің алғашқы нұсқасы да кездейсоқ пайда болды.

Үстел теннисі алғашында «Пинг-Понг» деп аталған. Бұл атау 1880 жылдардың соңында танымал болған «J.Jaques & Son» компаниясының белгісіне байланысты туындаған. Ойын барысында шариктің үстел үстінде қозғалысынан шыққан дыбыстың әсерінен осындай атау алған көрінеді. Яғни «пинг» – ракеткамен допты ұрған кезде шығатын дыбыс болса, «понг» – доп үстелге тигенде шығатын дыбыс.

Үстел теннисінің алғашқы ережелері қарапайым еді, дегенмен аз уақыттың ішінде кеңінен тарала бастаған спорт түрі 1890 жылы Англияда алғаш рет ресми турнир өткізу деңгейіне көтерілді. 1926 жылы Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) құрылып, ойынның әлемдік ережелері бекітілді. Осыдан кейін спорт жарыстары мен чемпионаттар әлемдік деңгейде ұйымдастырылып, үстел теннисі халықаралық деңгейде кеңінен таралды.

Қазақстанда үстел теннисі ХХ ғасырдың ортасында танымал бола бастады. Алғашында спорттың бұл түрі негізінен жастар арасында кеңінен тараған болатын. Бүгінде Қазақстанда үстел теннисінен турнирлер мен чемпионаттар өткізіліп, қазақстандықтардың сүйікті ойындарының біріне айналып отыр.

Үстел теннисін бастау үлкен дайындықты қажет етпейді. Бар болғаны үстел, ракетка және доп болса жеткілікті. Егер денсаулығыңызды нығайтып, белсенді өмір салтын ұстанғыңыз келсе, үстел теннисін таңдаңыз!

Үстел теннисі (Пинг-понг) – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі. Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз.Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында XIX ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған. Ойыншылар ас үстелінің үстіне тордың орнына кітаптарды қойып, шылымның қорабымен бөтелкенің тығынын соғып ойнаған.Үстел теннисі өте кең тараған ойын. Бұл үстел теннисінің спорттық және қозғалыс ойындары ретінде аса көп материалдық шығынды және спорттық жарыстарда, жаттығуларда аса көп орынды талап етпейді. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігімен ерекшелене отырып адамның бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру, әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды. Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалысына қосымша күш береді.



2024 жылы Жәния Бекмұхамбетова халықаралық турнирден алтын

медаль алды.

Picture 2 Picture 3 Picture 4




ҮСТЕЛ ТЕННИСІ: ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАСЫ

  

Үстел теннисі пайда болғаннан бері дерлік Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының басқа жарыстарының бағдарламасына енгізілді, бірақ Олимпиада ойындарының бағдарламасына тек 1988 жылы енгізілді.

         Ойынға арналған жабдықтар

Ойын арнайы үстелде ойналады. Үстел теннисіне арналған үстелдің өлшемі ұзындығы 2,74 м, ені 1,525 м, үстелдің биіктігі 76 см. Үстел беттері әдетте үш түсте болады – қара, жасыл және қою көк. Үстелдің ортасында созылған тор бар, оның биіктігі 15,25 см.

Ойын үшін ағаштан жасалған және екі жағынан арнайы резеңке қабатымен жабылған ракеткалар қолданылады. Ойынға арналған доп целлулоидтан жасалған және өлшемі 40 мм. диаметрі, салмағы 2,7 гр. Доптың түсі ережелермен белгіленеді ақ немесе қызғылт сары.

         Ойын ережелері

Үстел теннисі матчы екі спортшы немесе екі команда арасында өтеді. Команда екі ойыншыдан тұрады. Ойын 11 ұпайға дейін жалғасады. Ойын ойыншының қызмет көрсетуінен басталады. Бірінші сервер жеребе әдісімен анықталады. Ойын басталғаннан кейін қызмет көрсететін ойыншы (команда) екі қызмет сайын ауысып отырады. Ойын спортшылардың (командалардың) бірі жеңіске жеткенше жалғасады.

Үстел теннисі дененің көптеген жүйелеріне оң әсер етеді. Төменде біз осы спорт түрімен шұғылданудың физикалық пайдасын сипаттаймыз.

Біріншіден, бұл ептілікті, реакция жылдамдығын дамыту.

Доп 160-170 км/сағ жылдамдыққа жете алады және оның траекториясы әр соққы сайын өзгереді. Ойыншы найзағай жылдамдығымен дұрыс шешім қабылдауы керек және допты соғу үшін қажетті әрекетті орындауға үлгеруі керек.

Екіншіден, вестибулярлық аппараттың дамуы.

Бағытын өзгертетін және керемет жылдамдықпен қозғалатын допты анық жылжыту және үнемі қадағалап отыру вестибулярлық аппаратты дамытуға арналған ең жақсы жаттығу болып табылады. Пинг-понг көлікте қозғалыс ауруымен ауыратындардың барлығына ұсынылады.

Үшіншіден, көру мүшелерінің жұмысы жақсарады.

Көзге арналған негізгі жаттығу сізге жақын орналасқан затты кезекпен бақылау, содан кейін алыстау екені белгілі. Үстел теннисін ойнаған кезде спортшы допты үнемі қадағалап отырады, оның қашықтығы үнемі өзгеріп отырады. Осылайша, бұл көзге арналған жақсы жаттығу, ол көру өткірлігін сақтауға ғана емес, сонымен қатар ауыр күндерден немесе компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін шаршауды басуға көмектеседі.

Сондай-ақ үстел теннисі жүрек бұлшықетін жаттықтырады, жалпы және ұсақ моториканы дамытуға мүмкіндік береді, дененің барлық бұлшықеттерін күшейтеді, икемділікті арттырады, өзін-өзі бақылауды жақсартады, салмақ жоғалтуға және стрессті жеңілдетуге арналған тиімді құрал болып табылады.

Үстел теннисімен айналысуға қарсы көрсеткіштер.

Дегенмен, сколиозбен ауыратын адамдарға үстел теннисімен айналысуға болмайтынын ұмытпаңыз, өйткені ойын үстелінің биіктігі төмен және ойыншы тек бір қолмен қимыл жасайды. Сондай-ақ, егер сізде миопия тым жоғары болса немесе көз түбінің асқынуы болса, үстел теннисін маманмен кеңесусіз бастауға болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, теннис спорттық және дене шынықтыру болуы мүмкін. Кейде ол мектептегі дене шынықтыру сабақтарында (немесе қосымша білім беру сабақтарында) оқытылады, теннис балалар лагерлері мен санаторийлерінде де танымал. Балаларға кімнен үлгі алуға және кімнен үйренуге, кімге қарауға болатыны бар.

Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады. Бұл дегеніміз күні бойы компьютер алдында отыратын кеңсе қызметкерлері үшін таптырмас спорт деген сөз. Мәселен, компьютер алдында көп отыратын адамдар көзге арналған гимнастика жасауды әдетке айналдырғаны абзал. Ал үстел теннисін ойнағанда шапшаң қозғалған допты көру үшін көз қарашықтары еріксіз қозғалатыны айтпаса да түсінікті. Ал мұнымыз, өз кезегінде, көздеріміз үшін  керемет гимнастика.    

2. Ойлау шапшаңдығын арттырады. Үстел теннисін «high-speed chess» – «аса шапшаң шахмат»  деп бекерден бекер атамаса керек. Бұл спортта допты неғұрлым қатты жылдамдықпен соғу, айналдыра шиіру, үстелге дәл түсіру және қарсыластың соққысына шапшаң бейімделіп, шебер қайтара білу  төтенше маңызды. Бұның бәрі тез ойлау мен тез шешім қабылдауды қажет етеді. 

3. Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады.  Себебі ойынның сипаты шапшаң ырғақты, қысқа қашықтықты болғандықтан ірі әрі ұсақ бұлшық еттердің қозғалысы жақсарады.

4. Буындарға аса пайдалы. Тізеңіз ауырады ма, арқаңыз тырыса ма, жауырыныңыз сыздай ма?  Онда үстел теннисін ойнаңыз. Ол Сіздің денеңізді лезде сергітіп, буындырыңызға аса ауыртпалық түсірместен-ақ, оларды шыңдай түседі.  

5. Калорияларды жағып, сымдай тартылып жүрудің керемет жолы. Салмағы 69 килограмды құрайтын адам 1 сағат теннис ойнаса, 272 калорияны оңай жағып жібереді екен.

6. Мидың саулығын сақтайды. Альцгеймер Уикли (Alzheimer’s Weekly) ақпараты бойынша үстел теннисін ойнағаннан мотор дағдылары мен сана сергектігінің шыңдалуы анық байқалған. Жапонияда өткізілген клиникалық  зерттеулер нәтижесіне сәйкес үстел теннисін ойнау миға қан ағымын айтарлықтай арттырады екен, тіпті алжудан да сақтауы ықтимал екен.   

7. Мидың түрлі бөліктерінің жұмысын ынталандырады. Қарсыластың соққысын қайтарғанда, ойыншы ми қабығының префронтальды (маңдайға үсті) бөлігін қолданады екен, өз кезегінде, мидың бұл бөлігі стратегиялық жоспарлауға жауапты. Ойынның физикалық белсенділікті қажет ететін ширақ қозғалыстары мидың гиппотоламус деп аталатын бөлігін ынталандырады екен, мидың бұл бөлігі ұзақ мерзімді фактілер мен оқиғаларды қалыптастыруға және сақтауға жауапты.  

8. Ұжым бірлігін арттырады. Әсіресе бұл қызметкерлері бірін-бірі тани бермейтін үлкен мекеме ұжымдарына оңтайлы болмақ. Жұмыс барысында ортақ істес болмағандықтан, әншейінде кездескенде тек амандасумен шектелетін қызметкерлер үзілісте үстел теннисін ойнау барысында ортақ қызығушылықтары пайда болып, шүйіркелесіп жатады. Оның үстіне үстел теннисі жас және жыныс ерекшеліктеріне келгенде аса демократиялық спорт. Яғни оны жас та, кәрі де, ер де, әйел де бір-бірімен ойнай береді.


Бұл керемет спорт түрінің жоғарыда тізбектелген пайдалы жақтарымен қоса бұл спорт сондай-ақ әр адам өзінің ғұмырыңның аяғына дейін шұғылдана алады, қыста да, жазда да, ғимарат ішінде кез келген ауа райы жағдайларында ойнаға болады, жарақат ықтималдылығы жоққа тақау спорт екендігін айтсақ, үстел теннисінің маңызы одан сайын арта түсетіні сөзсіз.

Біздің ойымызша, осындай пайдасы мол спорт түрін неге бұқаралық спортқа айналдырмасқа? Солай жасаудың жолдарын неге қарастырмасқа?

«Астана» ұлттық сурет галереясы директорының міндетін атқарушы Асылхан Садуов жоғарыда аталған үстел теннисінен өткен турнирін қорытындылағандағы сөйлеген сөзінде: «Бұл турнирді ұйымдастырғандағы басты мақсатымыз жеңімпазды анықтау емес, осы керемет спорт түрін неғұрлым кеңінен насихаттау, тарату», – деп атап өткен болатын.

Шын мәнінде де, үстел теннисі кеңінен насихаттауға лайықты спорт түрі.  Ол үшін үстел теннисін ойнауға қызығатындар санын арттырып, теннис үстелдерін көптеп орналастыру керек. Ол аса қиынға соқпас. Себебі, үстел теннисінің ережелері аса күрделі емес, үйренуге оңай, интернетте үйренем деушілерге арналған бейне материалдар көптеп саналады. Бұл ойын үлкен аумақ пен қымбат жабдықтарды қажет етпейді, пин-понг үстелі аса қымбат тұрмайды. Нарықтағы бағасы 41 000 теңгеден басталады. Теннис үстелдерін мектептерде, институттарда, үзіліс кезінде қызметкерлердің шаршауын басу мүмкіндігін беру үшін түрлі ұйымдар мен мекемелердің холлдарында орналастыруға болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2025
124
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі