4 Г сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Үстеу.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік Оқушыларға үстеу жайлы түсінік беру..
Оның сөз табы болғанмен, жеке тұрғанда өзіндік мағынасы басқа сөз
табындай анық бола бермейтінін аңғарту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік
қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп
сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге
дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу
арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Оқушыларға жаңа білім беру
сабағы.
Әдіс-тәсілдері:
СТО технологиясының
тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы
түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар‚
«Үстеу» кестесі.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен
тексеру
ІІІ. Жаңа
сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты
бекіту.
Ү. Қорытындылау,
бағалау.
ҮІ. Үйге
тапсырма.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық
дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу
құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен
жұмыс:.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге
дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен
мақсатын таныстыру.
-
Оқушыларға үстеу жайлы түсінік
беру
-
Оның сөз табы болғанмен, жеке тұрғанда
өзіндік мағынасы басқа сөз табындай анық бола бермейтінін
аңғарту.
-
Бүгін, бірден, артқа,
дереу
Бүгін алып келді, бірден
сезді, артқа шегінді, дереу керді.,
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу
сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс
отыру ескертіледі).
1–жаттығу.
-
Мәтінді оқы, қарамен жазылған сөздерге
сұрақ қой.
-
Олардың мағынасынаназар
аудар.
-
Қарамен жазылған сөздерді өздерімен
байланысты етістіктермен бірге көшіріп жаз.
2-жаттығу.
Сөздерді оқы
Бұл сөздерді етістіктермен тіркестіріп
жаз.
Былтыр, күндіз, төмен, кенеттен,
кезде, жорта, жоғары.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін,
сын-қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейміз.
Үстеулер қашан? қайда? қалай? деген
сұрақтарға жауап береді: Кемел кітапты
тез оқиды. Алмас қазір келді. Түнде
қар жауды.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
мезгілін
Ү стеу –
іс-әрекеттің мекенін білдіреді.
сын-қимылын
Устеулерді оқы. Қайда? қашан? қалай?
сұрақтарына жауап беретін үстеулерді жеке-жеке топтап, көшіріп жаз.
Әр топтағы үстеулердің мағынасын түсіндір.
Әр топтан бір-бір үстеуді қатыстырып
сөйлем құрап жаз.
Қазір, ертең, зорға, былтыр, жоғары,
алды, кейін, ілгері, артта, сонда, кенет, төмен, үнемі, әрең,
дереу, тез.
Қайда? –
Қашан? –
Қалай? –
Сергіту жаттығулары.
5–жаттығу.
-
Сөйлемдерді көшіріп
жаз.
-
Үстеулерді тап, оларға сұрақ
қой.
-
Мағынасын түсіндір.
-
Үстеулердің қай сөзбен байланысты
екенін сызбамен көрсет.
Өлеңді жатқа айт. Үстеуді тап, оған
сұрақ қой. Қазақстан жалауы дегенді қалай түсінетініңді айтып
бер.
Ұланымын елімнің, мен оқушы
баламын.
Болам жігіт зор әлі, Қазақстан жалауын
көтеремін жоғары.
. Берілген үстеулерді қатыстырып
сөйлем құрап жаз.
Былтыр, емін-еркін, әдейі,
жолшыбай.
Құраған сөйлемдеріңдегі үстеулердің
мағынасын түсіндір.
Сабақты қорыту: Біз не білдік?
Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін
бағалау
Үйге тапсырма: Ереже
жаттау.
Қосымша түсінік.
1. Үстеулер көбіне сын есім мен
етістіктің мағынасын нақтылайды. Үстеу іс-әрекеттің сынын,
көрінісін, мөлшерін, мезгілін, мекенін, мақсатын, себеп-салдарын
білдіріп, солардың жетегінде болады. Мысалы: Айдар баяу сөйледі.
(Қалай?) Айнаш ертең келеді. (Қашан?) Марат сыртта тұр. (Қайда?)
Мұнда үстеулер етістікке қатысты айтылып тұр. Ал: Оқуға аса ынталы
бала екен. Жиналыс осыншама ұзақ болар деп кім ойлаған? Мұнда
үстеулер сын есімге қатысты айтылып тұр.
2. Егер үстеу етістікке қатысты
жұмсалса, сөйлемде пысықтауыш болады. Егер сын есімге қатысты
жұмсалса, сөйлемде анықтауыш болады.
3. Үстеулер мағынасына қатысты бірнеше
топқа бөлінеді: мезгіл үстеулер, мекен үстеулер, сын-қимыл
үстеулері.