Материалдар / ҮСТЕУДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

ҮСТЕУДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҮСТЕУДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Авторы:
28 Наурыз 2025
100
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҮСТЕУДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Магистр оқытушы

Исакулова Меруерт Махмутовна

Есмурзаева Ұлдана-«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ студенті

Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ


Қазақ тілі сөздік қоры бай тілдердің қатарына жатады. Оны зерттейтін ғылымды лингвистика деп атаса, оларды оқыту өз алдыны бөлек ғылымның бір саласы, яғни педагогика ғылымдар қатарына енеді. Бірақ қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тілінің грамматикасымен тығыз байланысты дамиды, жетіледі. Сөз таптарын меңгерту қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзекті мәселенің қатарына жатады. Сөз таптарын білім алушы толық меңгермейінше, оны сөйлемде дұрыс қолдана алмайды әрі синтаксистік талдау жасауда қиналады. Сол себептен де сөз таптарын меңгерту қазақ тілін оқыту әдістемесінде маңызды тақырыптың қатарына енеді. Үстеу және олардың меңгерту мектептің 6-сыныбына жоспарланған. Үстеу мектеп оқулықтарында есімдер тобына жататын сөз таптарының қатарынан орын алған. Атауыш сөздерді есімдіктер және етістіктер деп бөледі. Атаушы есімдерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдікті жатқызса, үстеуші есімдер қатарына үстеу мен еліктеуіш сөздерді жатқызған, ал етістіктер өз алдына жеке тақырып, жеке мәселе. Үстеуге жататын сөздердің өздеріне ғана тән лекска-грамматикалық мағынасы болады. Сөздерді топтастырудың өзіндік ұстанымына қарай, яғни семантикалық сипатына қарай мезгілдік, мекендік, мөлшер, сын-қимыл ұғымдарын білдіреді. Үстеулердің шығу тарихы тереңде жатыр, сондықтан да үстеулердің қалай жасалғандығы жайында ғалымдардың арасында түрлі пікірлер кездеседі. Сөз табы ретінде қарастырылған алғашқы пікірлер Н.И.Ильминскийдің, П.М.Мелиоранскийдің, М.Терентьевтің, Н.Ф.Катановтың еңбектерінде айтылған.

Үстеу – сөйлеу тілінде әрекетті, жағдайды немесе қасиетті білдіретін сөздер. Олар етістікке, сын есім мен басқа үстеулерге қосымша мағына береді. Үстеулердің лексика- грамматикалық сипаты оларды жеке сөздер ретінде танып, олардың сөйлемде атқаратын қызметін, құрамын, өзгеру мүмкіндігін сипаттайды. Үстеулер тілдің барлық деңгейінде маңызды рөл атқарады, сондықтан олардың лексика- грамматикалық сипаты әр түрлі қырлардан қарастырылуы мүмкін.

Үстеудің сөзжасамы – жаңа үстеу сөздерін жасау процесі мен тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Үстеу сөздер көбінесе басқа сөз таптарынан жасалады және өзіне тән грамматикалық ерекшеліктері бар. Үстеулердің сөзжасамы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады.

Үстеулердің сөзжасамы бірнеше негізгі жолмен жүзеге асады:

1. Сын есімдерден үстеулердің жасалуы:

Сын есімдер үстеулерге айналуы үшін белгілі бір қосымшалар арқылы түрленеді. Мысалы:

- жақсы → жақсы (үстеу),

- күшті → күшті (үстеу),

- қара → қараңғы (үстеу).

Бірақ кейбір сын есімдер үстеуге айналғанда сөздің мағынасы өзгермей, жаңа мағына мен контексте қолданылады

2. Етістіктерден үстеулердің жасалуы:

Кейбір етістіктер де үстеулерге айналады. Бұл процесс көбінесе үстеуге тән грамматикалық қосымшалар арқылы жүзеге асады:

- жүру → жүріп (үстеу),

- білу → біле (үстеу),

- сөйлеу → сөйлеп (үстеу).

3. Сөздерге қосымшалар арқылы үстеулердің жасалуы:

Үстеулер көбінесе басқа сөз таптарынан арнайы қосымшалар арқылы жасалады. Мысалы:

- -ша, -ше қосымшаларымен жасалған үстеулер: кеш → кешке, жақсы → жақсырақ;

- -ып, -іп қосымшасы: білу → біліп;

- -дай, -дей қосымшасы: жақсы → жақсыдай, сөз → сөздей.

4. Сөз біріктіру арқылы үстеулердің жасалуы:

Күрделі сөздердің бірігуі арқылы жаңа үстеулер жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда үстеулер екі немесе одан да көп сөздерден тұрады:

- басқаша, алдында, тезірек.

5. Ауыспалы мағынамен үстеулердің жасалуы:

Кейбір үстеулер тікелей мағынадан басқа ауыспалы мағынаға көшіп, жаңа үстеулер ретінде қолданыла алады. Мысалы:

- құлап → құлап кету (қимылды көрсететін сөздің күрделенуі).

6. Шақтық үстеулердің жасалуы:

Шақтық үстеулер де етістіктер мен есімдер арқылы жасалады:

- қалай → қалайша.

Үстеу сөздері көне жазба ескерткіштерінде кездеседі, олардың қолданылуы қазіргі түркі тілдеріндегідей семантикалық мағынада (мекен, мезгіл, мөлшер, сын, мақсат, топтау, күшейткіш) қолданылған.

Мекенін білдіретін үстеулер –йа, -йе, -ғару, -геру, -а, -е, -ре, -нару қосымшалары арқылы жасалып, қайдан? қайда? сұрақтарына жауап беріп, іс-қимылдың, амал-әрекеттің бағытын, мекенін білдіреді. Ілгері күн тоғыққа – ілгері күн шығысқа. Сонымен қатар бірійе не бүргері (оңға, оңтүстікке); йыраға не йырғару (солтүстікке, солға) түрінде қолданыс тапқан. Ічре ашсыз – іші ассыз, ташра тонсыз – сыртқы тонсыз. Үзе көк теңрі – жоғарыдағы аспан Тәңірі. Бағытын айқындайтын туынды сөздерінің – гері, -ғару және –йе, -йа жұрнақтарының беретін мағынасы да, атқаратын қызметі де біркелкі. Ескерткіштерде -геру, -ғару жұрнақтарының нұсқасы ретінде кейде -ңеру, -ңару қосымшалары да қолданылған. Йеріне субыңару канты – суына, жеріне жақын қондым, Йырғару түн ортусыңару – сол жақты түн ортасына, т.с.с.

Мезгілін білдіретін үстеулері –ре, -қа, -түз, -ты, -інче, -че қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады да, іс-әрекеттің мезгілін, уақытын білдіріп, қашаннан? қашан? сұрақтарына жауап береді. Өңре күн тоғсықда – әуелі күн шығысқа, антағ өдке өкүніг – сол уақытта өкініп, анчағ есідіп – қазір ғана есітіп, күнтүз олурматым – күндіз отырмадым, т.с.с.

Сын-бейне үстеулері –ті, -ле, -е, -ча қосымшаларының жалғану арқылы жасалып, іс-қимылдың, амал-әрекеттің түрлі жолмен істелуін білдіріп, қалайша? қалай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы, сабымен түгеті есідгіл – сөзімізді түгел есітіңдер, бу сабымен елгүті есід – бұл сөзімді жақсылап есті, бірле сүңүштім – бірге соғыстым, оғланым ерде марымынча бол – ұлым, ұстазыңдай даңқты бол, т.с.с. Сонымен қатар ескерткіштер тілінде тег сөзі өзінен алдыңғы сөздермен тіркесе келіп, қазақ тілінде кездесетін – дай, -дей қосымшаларының қызметінде жұмсалған. Білмезтег – білместей, көрмезтег – көрместей, қонтег – қойдай, бөрітеғт – бөрідей, ...

Мөлшер үстеулері –ча қосымшаларының жалғануы арқылы жасалынады, іс-қимылдың мөлшерін білдіріп, неше? қанша? сұрақтарына жауап береді. Мысалы, бунча йірке тегі йорыттым – мұнша жерге дейін жүрдім, анча будун – осынша халық, т.с.с.

Күшейткіш үстеулері –ын, -чығ, -ін қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады, қандай? қалай? сұрақтарына жауап беріп, заттың, іс-қимылдың көлемін үлкейтіп көрсетеді. Мысалы, ішін тасын адынчығ бедіз уртым – іші-сыртына бөлекше өрнек салғыздым, аңар адычағ барқ йаратурдым – оған бөлекше (ерекше) мазар салдырдым, ...

Мақсат үстеулері –гелі, - ғалы қосымшаларының жалғану арқылы жасалады, қимылдың, іс-әрекеттің мақсатын білдіреді. Мысалы, кісі оғлы көп – өлгелі туған, санағалы түсіртіміз – санағалы тоқтадық, т.б.

Топтау үстеулері –егүн қосымшасы арқылы жасалады, бір-әрекеттің, амал-қимылдың бір емес, бірнеше адамның бірігуімен орындалатынын білдіретін сөздерді білдіреді. Үчегүн кабусуп сүлелім – үшеулеп бірге соғысайық .

Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Орхон-Енисей жазбаларында, түркі тілдерінде туынды үстеу екі түрлі қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Бірі – сөз тудырушы қосымша жұрнақтары арқылы, екіншісі – өзге сөз таптарының көнеленген септік қосымшаларының жалғану арқылы (септік жалғауларының көнеленуінен жасалған үстеулер санаулы ғана). Мағынасы жағынан алыстаған септік жалғаулы сөздерді үстеу ретінде қабылдаймыз, оларға бірге, зорға секілді сөздері жатады. Бірле сүңүшдім – бірге соғыстым, бірле жүрдүк – бірге жүрдік, т.с.с.


Пайдаланылған әдебиеттер


1. Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы. Редактор Жұбаева О. –Астана: «Алашорда» Қоғамдық қоры, 2017. -752бет.

2. Бегалиев Ғ., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы [Мәтін] : педучилище оқушылары мен бастауыш мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы /. – Алматы : Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы, 1944. – 251б.

3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі