Мақала
Үштілділік: XXI ғасыр үшін ауыр жүк пе әлде алтын кілт пе?
XXI ғасыр – ақпараттың ағыны селдей қаптаған, технологияның тілі жаһанды жайлаған дәуір. Осы өтпелі кезеңде қазақ қоғамының алдында үлкен дилемма тұр: үштілділік (қазақ, орыс, ағылшын) – ұлттық болмысқа түскен салмақ па, әлде әлемдік өркениеттің есігін ашатын «алтын кілт» пе? Бұл сұрақ бүгінде жай ғана білім беру жүйесінің мәселесі емес, ұлттық қауіпсіздік пен болашақ үшін алаңдайтын мәселеге айналды.Шындық пен күмәннің арасындағы тепе-теңдікті іздеп көрейік. Оқырман, сіз қай тараптасыз?
Қазақстандағы үштілділік саясаты алғаш рет «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы ретінде 2007 жылы көтерілді. Содан бері ,біраз жыл өтсе де, қоғамда бұл мәселеге қатысты пікір екіге жарылған күйінде қалып отыр. Бір топ мұны «мәдени ассимиляция»мен қазақ тілінің құнсыздануы деп қабылдаса, екінші тарап мұны заман талабы деп біледі.Алайда, мәселенің тереңіне үңілсек, бұл тұста «жүк» пен «кілт» арасындағы бәсеке жатыр. Егер біз үштілділікті тек мектеп бағдарламасындағы қосымша сағаттар деп қарастырсақ, ол – ауыр жүк. Ал егер оны ақпаратқа қол жеткізудің яки дамудың құралы ретінде бағаласақ, ол – мүмкіндік.
«Тіл – халықтың жаны. Тілінен айырылған халық – өзінің тарихынан, тамырынан ажыраған халық», - деп Мұхтар Әуезов айтқандай, кез келген көптілділік саясаты ана тілінің үстемдігімен ғана өміршең болмақ.
Соңғы жылдары білім саласында орын алған маңызды заңнамалардың бірі – 2022 жылы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің бірінші сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламасын қайта қарауы болды. Министрдің шешімімен бірінші сынып бағдарламасынан ағылшын тілі, ал екінші сыныптан орыс тілі алынып тасталды. Бұл – «үштілділік» идеясынан бас тарту емес, керісінше, оны сауатты жүзеге асырудың алғашқы қадамы еді.Ғылыми тұрғыдан алғанда, бала алдымен ана тілінде оқып-жазуды үйреніп, сыни ойлау жүйесін қалыптастыруы тиіс. Министрліктің бұл қаулысы қоғамдағы «балаға тым ерте салмақ түсіру» туралы үрейді сейілтті. Өйткені, өз тілінің әліппесін танымай жатып, өзге тілдің грамматикасына үңілу – баланы білімнен суытып,талпынысын өшіріп , «ауыр жүкке» айналдырары хақ еді. Салыстырмалы түрде алсақ бастауыш сынып табалдырығын аттаған баланың тек қазақ тіліне басымдық беруі – ұлттық білім беру жүйесінің іргетасын бекіте түсті. Бұл шешім «алтын кілтті» жасамас бұрын, алдымен сол кілтті бұрайтын негіздің мықты болуын қамтамасыз етті.
Қазіргі таңда әлемдік ғылыми мақалалар мен техникалық құжаттамалардың 80%-дан астамы ағылшын тілінде жарық көреді. Демек, ағылшын тілін білмеу – заманауи білімнен мақұрым,көш соңында қалу деген сөз. Ал орыс тілі – біз үшін аймақтық коммуникация мен көршілес мемлекеттермен экономикалық байланыстың көпірі. Ең бастысы, қазақ тілі – мемлекеттің тұғыры, ұлттық тұтастықтың кепілі.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек: Қазақстандық жұмыс берушілердің (әсіресе IT, қаржы саласында) 70%-ы үміткерден кемінде екі тілді еркін меңгеруді талап етеді. Еліміздегі Назарбаев Университеті секілді алдыңғы қатарлы оқу орындарының білім беру стандарты толықтай ағылшын тілінде. Бұл – нарықтың өздігінен қалыптастырған сұранысы.Үштілділіктің «алтын кілт» екендігіне басты дәлел ретінде адамның танымдық қабілетінің артуын айтуға болады. Ғалымдардың зерттеуінше, бірнеше тілді қатар меңгерген жандардың миы ақпаратты әлдеқайда тез өңдейді. Бұл тек тіл үйрену емес, есте сақтау қабілетінің шыңдалуына, зерденің кеңуіне және кез келген мәселеге сыни тұрғыдан қарауға тікелей әсер етеді.
Тіл білу – адамға сан мүмкіндіктер береді. Мәселен Ағылшын тілді маманның табысы орташа есеппен тек бір тіл білетін әріптесінен 30-40%-ға жоғары.Тіпті күнделікті сайттардан жаңлық оқитын болсақ аударма күтпей-ақ, әлемдік жаңалықтарды тікелей бастапқы дереккөзден оқу мүмкіндігі қолжетімді болады.
Бірақ, біздің қоғамдағы басты қорқыныш – «Тілдік шұбарлану». Қазіргі жастардың сөйлеу мәнерінде «копировать ет», «шешім қабылдау жаса» деген секілді калькалар мен аралас тіркестер көбейіп кетті. Бұл – тілді меңгергендіктің емес, керісінше, ана тілінің жүйесін жоғалта бастағандықтың белгісі.
Үштілділік XXI ғасырда таңдау емес, ол – заман талабы. Бірақ ол біздің иығымызға батқан ауыр жүкке айналмауы үшін мемлекеттік тілдің қалқаны мықты болуы тиіс
үштілділік – біздің болашаққа қадамымыз. Бірақ оған бару жолы 2022 жылы заңнамада көрсетілгендей сатылы әрі жүйелі болуы керек. 1- сыныптан ағылшын тілін алып тастау – ана тілінің құндылығын арттыруға жасалған ең оң қадам. Біз балаға ағылшын тілін «ағылшын болу» үшін емес, «ағылшыннан озық болу» үшін үйретуіміз қажет.
Қорыта айтқанда, үштілділік – бізді әлемдік мұхитқа шығаратын кеме. Егер сол кеменің капитаны – ұлттық рух пен ана тілі болса, біз ешқашан бағытымыздан адаспаймыз. Бұл жүк емес, бұл – жауапкершілік. Ал жауапкершілікті сезінген ұлт қана XXI ғасырдың есігін өз алтын кілтімен аша алады.
Пайдаланылған дереккөздер :
-
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы мемлекеттік білім беру стандартына енгізілген өзгерістері.
-
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасының тұжырымдамасы.
-
Тіл білу деңгейінің жаһандық рейтингі.
-
М. Әуезовтың даналық сөзі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Үштілді қоғам: біз үшін ауыр жүк пе,әлде алтын кілт пе?

шағым қалдыра аласыз