Тақырыбы: «Үштілдік – заман
талабы»
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Тіл біздің ертеңіміз, бабалардан қалған мұра екенін
түсіндіру.Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында
ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, орыс, ағылшын тілдерін
жетік білуге баулу. Патриоттық тәрбие беру, ойлау қабілетін дамыту,
қазақ тілін құрметтеуге баулу.
Міндеттері:
Қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып және орыс
тілін білу, құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз,
тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру
Сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларда тілге
деген құрметті бойларыңа сіңіруге тәрбиелеу.
Іс-шараның көрнектілігі:
суреттер, шарлар, гүлдер,
парақшалар
БАРЫСЫ:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар және оқушылар, ата-аналар!
Добрый день дорогие учителя,
ученики и родители!
Good afternoon, dear teachers
and pupils!
Жүргізуші: Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.
Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.
Елбасы жолдауында«Тілдердің үштұғырлығы жөніндегі мәдени жобасын»
ұсынған болатын.
Сіздермен бірге тілдерді қалай меңгеріп жүргенімізді білу мақсатында бүгінгі«Үштілділік –
заман талабы» атты интеллектуалдық
ойынымызды бастайық.
Бұл ойынға 1-ші
сыныптардан 1 оқушыдан қатысады. Ендеше оқушыларды ортаға
шақырайық! (әуенмен оқушыларды
кіргіземіз)
1 «Ә» сынып оқушысы –
Базарғали Аружан Қалыбекқызы
1 «Б» сынып оқушысы – Сериков
Асылхан Серикович
1 «В» сынып оқушысы – Гайсенов
Рахмет Анзорович
1 «Г» сынып оқушысы – Жұмабай
Мухаммед Жаңабайұлы
1 «Ғ» сынып оқушысы – Өтеміс
Жангүл Алтынбекқызы
1 «Д» сынып оқушысы – Иманғали
Ақнұр Серікқызы
1)
Шеберлік пен
білімді,
Сараптап сіздер
көріңіздер.
Әділқазы
алқалары,
Әділ баға
беріңіздер.
-Ендеше, әділ-қазылар
алқасымен таныс болыңыздар!
1. Әзіғали Шолпан Себепкерқызы
– оқу ісінің меңгерушісі
2. Имашева Асыл Әбілхайырқызы
- оқу ісінің меңгерушісі
3. Жағпарова Жәмила
Насимуллина – бірлестік жетекшісі
Жүргізуші:Ойынымыздың І бөлімі
«Тегімді менің
сұрасаң» деп аталады. Яғни оқушылар бұл
бөлімде өздерін таныстыратын болады.
Ойынымыз ары қарай көңілді өту
үшін МАД тобының оқушысы Ғабитолла
Аружанның орындауында «Көңілді
күн» әнін қабыл
алыңыздар!
2)
Бүгінгі кеш қызықты
кеш,
Көрермендер,халайық.
Ой-түйсікті қозғап
көр,
Биік қанат қақсын
ол.
Мәңгілікке есте
қалар
Қызықты бұл ойын болсын, -дей
келе ойынымызды бастаймыз!
Ойынымыздың келесі
бөлімі «Суреттер
сөйлейді» деп аталады. Бұл бөлімде
оқушыларға интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі. Оқушылар сол
суреттерді 3 тілде, яғни қазақша, орысша, ағылшынша атауы керек! Әр
дұрыс жауапқа 5 ұпай. Ендеше, оқушыларға
сәттілік!
Кітап – книга – book, қалам –
ручка – pen, қарындаш – карандаш – pencil, дәптер – тетрадь –
copybook, өшіргіш – ластик – rubber, сөмке – сумка -
bag
3)
Ендеше келесі бөлімге кезек
берейік! Ойынымыздың ІІІ бөлімі «Сиқырлы
сандық» деп аталады. Ортаға сиқырлы
сандықты әкелеміз. Әр оқушы сандықтан кез келген шарды алып, оның
қандай түс екенін 3 тілде айтып беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 5
ұпай.
Ақ – белый – white, көк –
голубой – blue, қызыл – красный – red, жасыл – зеленый – green,
сары – желтый – yellow, күлгін – фиолетовый –
purple
Ойынымызды әрі қарай қызықты
ету үшін ортаға кішкентай бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы
алайық!
4)
Математика ғылымдар патшасы деп
Мойындаған бар ғалым жер
шарында,
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі кеш бағдарлы
жоспарында, - демекші келесі
бөлім «Үздік
математик» деп аталады. Бұл бөлімде
оқушыларға өрнек жазылған парақтар беріледі. Оқушылар белгілі бір
уақыт аяқталғанша сол өрнектің мәнін тауып, мәндерін 3 тілде
айтатын болады. Әрбір дұрыс жауапқа 1
ұпай!
Оқушылар өрнектерді есептеп
болғанша, МАД тобы оқушылары Назерке мен
Ақзеренің орындауында
«Антошка»
биі.
5) Ендігі бөлімде ойын
ойнайтын боламыз. Ойын «Қолтырауын» деп аталады. Ойынның шарты:
Оқушылар қалаған суретті таңдап алып, келесі адамға ол суретте не
жасырылып тұрғанын қимылмен көрсетеді. Ал келесі оқушы жасырынған
не екенін тапса, тапқан жауабын 3 тілде айтуы тиіс. Жасырған
оқушыға да, тапқан оқушыға да 10 ұпайдан
беріледі.
Мысық – кошка –
cat
Күшік - собака –
Dog
Маймыл – обезьяна -
Monkey
Аю – медведь –
Bear
Жылан – змея –
snake
Қоян – кролик -
Rabbit
6)
Көңілді
тапқырлар,білгіштер,
Бар өнерін алдыға салды
тағы.
Кім білімді,ақылды болса
егер,
Бүгінгі күннің жеңімпазы
атанады.
-Осымен бүгінгі
«Үштілділік – заман
талабы» атты интеллектуалдық
ойынымыздың бөлімдері аяқталды. Әділ-қазы алқасы өздерінің шешімін
айтқанша, ортаға кішкентай
бүлдіршіндерімізді «Әрқашан күн
сөнбесін» әнімен
шақырамыз!
7)
Қош демейміз, әлі талай
сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін,
қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін
күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан
қалыспаңдар,-дей отырып бүгінгі «Үштілділік – заман
талабы» атты
интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше,
достар!!!