400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үштілділік-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үштілділік-заман талабы»



«Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін,жоғары білімді ел ретінде танылуы керек.Бұл-қазақ тілі мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаhандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі».

Н.Ә.Назарбаев

Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді.

Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін  тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн.

Осы негізде мектебімізде физика, химия пәндері 7,8 сыныптарында терминологиялық негізде ағылшын тілінде жүргізіледі. Терминологияны оқыту арқылы оқушылардың теориялық білімдерін тереңдетіп оқыту және кеңейту мақсатында мектепте «Special Chemistry», «Physical problems and ways to solve them» ашық сабақтары берілді. Сонымен қатар «Робототехника» факультативті сабақтары оқытылуда. Осындай іс-шаралар мен факультативті сабақтар оқушының өзінің бейіндік пәнін дұрыс таңдауына ықпал жасайды.

Мектепте арнайы жұмыстар жүргізу арқылы үш тілде оқыту бағдарламасына қатысатын оқушылардың бағдарлама талаптарына бейімделу жағдайын анықтап және қолайлы жағдай туғызу мақсатында логикалық ойлау, грамматикалық-аударма әдісі, рольдік ойындар,мәдени қарым-қатынас,жобалау әдісі,проблемалық оқытуәдісі, интерактивті әдістер, коммуникативтік, көру,есту, көрнекілік әдісі,практикалық әдіс және ақпараттық-коммукативтік технология, STEAM әдістері кеңінен қолданылады.

Сондай-ақ, сыныптан тыс іс-шаралар көптілді тұлғаның қалыптасуында үлкен рөл атқарады.Жыл басында тілдер апталығы өтіледі. Апталық барысында «Easy English», «We know and love English», «Intellectual Marathon» ,«I love English» т.б шаралар өткізілді.

Жыл сайын мектепте әдістемелік апталықтар өткізіледі. Әдістемелік апталық жоспарында үштілділік тақырыбы өз орнын алуда. «Improve your English», «Booking a holiday», «Travelling to London» т.б интеллектуалды ойындар,сахналық қойылымдар өткізіледі.

Бүгінде оқушыларымыз жыл бойы өтілетін қашықтық пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық сайыстарға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

Қадыр Мырза-Әли ағамыз айтқандай, әуелі өз ана тілімізді қүрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын.

Көптілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең қажеттілік.















































Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары

Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді.

Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың  алдына қойылатын мақсаты,  оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде  аса маңызды роль  атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары  шетел тілін  оқытудың мақсаттарын анықтауға  тікелей әсер етеді.

Белгілі ғалым Н. Д.Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.

Мотивация факторлары мыналар:

- Оқу мазмұнының әртүрлілігі;

- Оқушы мен оқытушы байланысының жанды интенсивті болуы;

- Оқытушы тұлғасы;

Қазақ әдебиетінің классигі, Ұлы Абай атамыз: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана өз мақсатына жетеді.

Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін  тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай  болуы тиіс:

1 Әдіс-тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.

2 Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктеріменбайланысты болуы керек.

3 Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.

4 Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек;

5 Оқушыға өз физиологиялық, интеллектуалдық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өз бетімен жұмыс істей алуына көмектесу керек;

6 Түрлі жұмыс түрлерін жеке, жұппен, топпен, сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану қажет.

Ағылшын тілін оқыту әдістері мыналар: Логикалық ойлау; Грамматикалық-аударма әдісі; Сатылау; Тізбектеу әдісі; Үнсіздік әдісі;Физикалық сезіну әдісі; Рольдік ойындар;Мәдени қарым-қатынас; Жобалау ідісі; Проблемалық оқытуәдісі;Анализдеу;Миға шабуыл;Пікір алматыру; Интерактивті әдістер; Коммуникативтік, көру,есту, кинестикалық, Витагендік әдіс, Ойға шолу, Аудиолингвистикалық әдіс; Келесі әдіс;Түсіндіру; Көрнекілік әдісі; Практикалық әдіс және ақпараттық-коммукативтік технология әдісі.Бұл оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданып келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Осы ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Себебі пайда болған әрбір жаңа әдістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Оқытушының сабақ барысында  қай әдісті  таңдауы салыстырмалы сипаттауда аса маңызды. Себебі әдістердің түрлері сан алуан және де бұл әдістердің өзгешеліктерін білмей отырып оны таңдау мен қолдану қиынға соғады. Енді ағылшын тілін оқыту әдістеріне тоқталайық. Ағылшын тілін оқыту әдістерінің ең алғашқы қолданылған әдісі-«Grammar-translational method» (грамматикалық-аударма әдісі) болды. Бұл әдістің негізі XVIII ғасырдың аяғында қаланып, XX ғасырдың ортасында іс жүзінде қолданыста болды. Ағылшын тілін меңгеру  грамматика мен сөздікті меңгеру қажет болды. Сол үшін осы әдіс түрі қолданылды. Бұл әдісте қандай да ьір грамматикалық құрылым меңгеріліп, кейін сол тақырыптарға орай сөйлем мәтіндері жинақталады.Одан кейін сол сөйлемнің аудармасы қамтылады.Қандай да бір әдіс түрі сияқты бұл әдістің де өзіне тән ерекшеліктері  болды. Біріншіден, бұл әдіс грамматиканы жетік меңгеруге жол береді. Екіншіден, логикалық ойлау деңгейі жоғары азаматтарға ыңғайлы болды. Бұл тәсіл 50 жылдардың аяғына дейін үстемдік етіп келді. Себебі уақыт  өзгере келе, қоғамда өзгереді. Сөйтіп заман ағымына сай сан алуан әдістер дүниеге келтірілді. Атап айтатын болсам, 60 жылдары пайда болған «Silenb way» (үнсіздік әдісі) әдісін атауымызға болады. Ағылшын тілін оқытуда бұл әдістің  басты мақматы – тіл үйренушіге кедергі келтірмеу, әрі оған оқытушының көзқарасын араластырмау. Бұл әдіс бойынша оқытушы ешнәрсе айтпайды, бірақ ол оқыту барысында күрделі түрлі түсті таблицаларды қолданады. Бұл таблицалардағы белгілер мен түстер  белгілі  бір дыбысты  таңбалап одан жаңа сөздер құралады. Мысалы ретінде «dog» сөзін айту үшін ең «d», кейін «о», сосын «g» дыбысының белгісі саналатын квадрат немесе түрлі таяқшалар көрсетіледі. Содан сөз құралады. Үнсіздік  әдістің артықшылығы оқытушының тілді меңгеру сапасы, оқушының тілді меңгеру сапасына  ықпал етпейді.

Келесі қарастыратын әдісіміз «Total-physical respone» (физикалық сезіну әдісі) деп аталады. Бұл әдіс оқыту барысында іс-қимылдар арқылы жүргізіледі. Оқушы  алғашқыда білім алады, ағылшын сөздерін үнемі тыңдайды. Ал кейін оқығанын не тыңдағанын қимылмен сезінеді. Оқушы физикалық қимылдарды білдіретін  сөздер арқылы барлық  сөздерді меңгеруге мүмкіндік алады.  Мәселен «отыр» деген сөзді түсініп олар отырады. Одан кейін 70 жылдары пайда болған әдістің  бірі- «Коммуникативтік әдіс» (қарым-қатынас әдісі).  Оның ең басты мақсаты- әңгімелесушілердің сөздері түсінікті болуы үшін  адам баласын бір-бірімен тілдік қарым-қатынас  жасауға үйрету. Бұл әдіс түрі ағылшын тілін үйретуде ең жеңіл және қолайлы әдістің түрі болып табылады. Себебі коммуникативтік әдіс қазіргі таңда да жұмыс  барысында жиі қолданылады. Осы әдіс ағылшын тілін үйретудегі бірқатар үлгілі тәсілдердің үйлесімді көрінісі.

Ағылшын тілін үйретудегі келесісі-«Audio-Lingual method» (аудиолингвистикалық әдіс) әдісі. Аудиолингвистикалық әдіс 70 жылдардың аяғына қарай қолданысқа енді. Бұл әдісте оқушы магнитофоннан немесе оқытушының айтқан сөздерін тыңдап, кейін бірнеше рет қайталайды. Оқушы осы іс-әрекетте сөздердің, сөйлемдердің немесе тіркестің дұрыс айтылу жолдарымен және оны аз уақыт көлемінде жаттап алу, оны қарым-қатынас әдісінде қолдану шарттары  бейімделе бастайды.

Ағылшын тілін үйретудің келесі әдісі-«Sugesto pedia» (ойға шому) деп аталады. Бұл әдіс түрі 70 жылдары қолданысқа енді. Бұл әдіс түрі басқа әдіс – тәсілдерге қарағанда күрделірек болып келді. Себебі осы әдісті қолдана отырып оқушы қиялға беріледі. Бұл әдістің мән–мағынасы мынадай: оқушы ағылшын тілін үйрену кезеңінде өзін мүлдем басқа адам болып сезінеді. Ол озіне жаңа есім таңдап, жаңа өмірбаян ойлап табады. Сөйтіп, оқушы өзін мүлдем бөгде әлемде – ағылшын әлемінде отырғандай күй кешеді. Бұл әрине оқушылар үшін қызықты және жұмбақ болып келеді. Осы әдісте қолданылған барлық тәсілдер оқушылардың оқып-үйрену процесінде оң әсерін тигізеді.

Ағылшын тілін меңгеруде сөздік қордың бай болуы да аса маңызды болып келеді. Ағылшын тілі сабағында сөздік қорды дамыту жолдары мынадай әдіс-тәсілдерден тұрады. Олар: сөйлеу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, аударма, түсінік, кітап-мәтінімен жұмыс әдіс-тәсілдері. Оқушылардың сөздік қоры баю үшін оқытушы сабақ барысында кестелер, видеокассеталар, түрлі суреттер, көрнекі құралдарды қолдануы керек. Енді ағылшын тілін сөздік қорын дамытатын әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық.

Көрнекілік әдісі – ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады. Себебі бұл әдіс барлық сабақ түрінде қолданылады. Көрнекілік әдісте әрине көрнекілік құралдар мен схемалар қолданылады. Олар бірнеше түстен кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады.

Түсіндіру әдісі – оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде іске асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді түсіндіру үшін қолданылады.

Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.

Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.

Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.

Ағылшын тілі сабақ барысында компьютер оқытушыға оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыруға жәрдем береді. Ол үшін ғалымдардың ұсынысы бойынша мынадай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер қолдану дұрыс:

1. Сұрақ-жауап диалогы.

2. Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма.

3. Еркін құралған сөйлемдерді стильдік түзету.

4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.

5. Сөздікті меңгеруден өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.

Компьютерлік бағдарламалар уақыт өте келе жетіліп, қарқынды даму үстінде. Сөйтіп біз бүгінде әлемдік интернет жүйесі арқылы ақпарат алып қана қоймай, білім алудың жаңа түрі аралықтан оқыту әдісі пайда болды. Бұл оқыту әдісінде мультимедиялық технологияның көмегімен бейне, мәтін, графика арқылы оқу курсының материалдары жасалады. Оқу материалы ретінде оқушыға дәстүрлі оқулықтар мен оқу құралдары және интерактивті қасиеті шектеулі бейне және мультимедиялық материалдар ұсынылады.

Ағылшын тілін үйрету барысында ескертетін жайттар:

1 - Ағылшын тілін оқытуды жүйелі түрде жүргізу.

2 - Үйрету күнделікті өмірде жиі қолданылатын контекстерден басталады.

3 - Тапсырманы оқушының қабілетіне қарай беру.

4 - Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу.

5 - Үйрену – қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге асады.

Қазіргі ағылшын тілді елдердің экономикасының дүниежүзіне ықпалы артуда. Екіншіден, ағылшын тілі- әдебиет пен саясаттың, өнердің, сауда-саттық пен әр түрлі ресми қарым-қатынас тілі. Бірақ та ағылшын тілі мамандарының алдында проблемалар да бар. Олар: біріншіден, ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды енгізуге байланысты  материалдық-техникалық базаның талапқа сай келмеуі. Екіншіден, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда  базалық ортаның аз қамтылуы. Осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы оқу бағдарламасын өзгерту, әдістерді жетілдіру. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, дамытылуы тиіс. Ендеше оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып келеді.

Осы әдістер мен әдістемелердің қолдануына байланысты оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығының артқанын көреміз.













Орта мектептегі шетел тілі сабағында ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің оқытылуы

Английские и казахские пословицы и поговорки при обучении иностранного языка в средней школе

Teaching of English and Kazakh proverbs at the English lessons at secondary school

Далелхан Ақгүл,

Қазақстан, Көкшетау қаласы,

№18 орта мектебі

шет тілі мұғалімі





Аннотация: Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған. 





Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.

Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді шетел тілі сабағында оқыту арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін ашу қазіргі кезде өзекті болып табылады.

Қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін шетел тілі сабағында оқыта отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын оқушыларға түсіндру, шетел тілді жан-жақты меңгерту, балалардың сөздік қорын байыту және шет тілдегі мақал-мәтелдерді қолдануға дағдыландыру, күнделікті қолданысқа енгізу қажет.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз [6, б. 102]. Мәтел – тұжырымды. Бейнелі әрі ықшам нақыл сөз [6, б. 168].

Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердiң ерекше қасиетi көлемiнiң шағындығы, мазмұнының кеңдiгi, тiлiнiң өткiрлiгi, мағынасының тереңдiгi. Әрi ол барлық халыққа әсерлi, жалпы адамзатқа ортақ, көңiлге бөлекше қонымды, ұтымды келедi. Мақал-мәтелдерді халық не үшін қадірлейді? Саф алтындай асылдығы, мірдің атқан оғындай өткірлігі, ықшамдылығы, дау тудырмас даналығы, өнеге үйреткіш тәлімділігі, қиып түсер қылыштай уыттылығы мен тапқырлығы үшін дер едік.

Тегiнде мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң, мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа тiлдегi мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну – бұл тiлдi жақсы меңгеруiне көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлдi меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсеттi.

Олай болса ағылшын тілі сабағында ағылшын мақал-мәтелдерiн қазақшаға аударып, оларды мағынасы сәйкес, тiптi мағынасы бiрдей қазақ мақал-мәтелдерiмен салыстыру арқылы шетел тiлдi меңгерту тиімді нәтиже берері қақ.

Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде бiз балаларды тек ағылшын халқының көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз.

Ағылшын тiлiнен қазақшаға аударуда қиыншылықтар кездесетiнi де сөзсiз. Аударманы жасаған кезде басқа тiлдiң көмегi арқылы белгiлi бiр тiлдегi мазмұнды мүмкiндiгiнше дәл жеткiзу, ағылшын тiлiндегi мақалды немесе мәтелдi түсiнiп, оны өз туған тiлiнде түсiндiруге және керiсiнше жасау iскерлiгiне ие болу мiндетi қойылады. Әр тiлдегi мақал-мәтелдердегi немесе нақыл сөздердегi мағыналық реңктiң ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тiлiн үйренуiне елеулi көмек көрсетедi.

Қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер жан-жақты қарастырылып талданды.

Мәселен:

1. Ағылшын, қазақ, тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке тақырыптар бойынша сараланды;

а) Адам және оның қасиеті;

ә) Еңбек және кәсіп;

б) Ғылым-білім. т.б.

2. Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланды;

а) Мақал-мәтелдердің 2 (қазақ, ағылшын,) тілде сөздік баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы;

ә) Мақал-мәтелдердің 2 (қазақ, ағылшын,) тілде сөздік баламасының дәл келуі;

Мыcалы: Білім – қуат. Knowledge is power.

Бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тiкелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздерi де бiрдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдердi шетел тiл меңгеруде қолдану өте қолайлы.

Екінші мысал:

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.

One drop of poison spoils the whole tun of wine.

Ал бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы әр түрлі, бірақ мағынасы бір.

1) Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа.

Every country has its customs.

2) Сырты жалтырауықтың іші қалтырауық.

Appearences are deceptive – never judge from appearence.

3) Сиыр баласын торпағым дер, қарға баласын аппағым дер.

Every cook praises his own broth.

4) Мысқалы аз, бірақ қымбат.

A little body often harbours a great soul.

1) Iске уақыт, ермекке сағат.

Business before pleasure.

2) Еңбек түбі – қуаныш.

The end crowns the work.

3) Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла.

After dinner comes the reconing.

Мақал-мәтелдерге тән көркемдiгi, ырғақты суреттеуi арқылы олар өте тез есте сақталып, ағылшын тiлiн үйретудiң әр түрлi аспектiлерi мен кез-келген басқа мақсат үшiн иллюстрация ретiнде қолданыла алады. Соңымен қатар, әр ағылшын тілі сабағында тақырыпқа байланысты мақал-мәтел алып, оның басқа тілдердегі нұсқаларын қарап, тәрбиелік әсерін талқылауға болады.

Бұл бейнелiк нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердi қолдану барысында, оқушылар халық даналығының мағынасына тереңiрек үңiлiп түсiнедi. Мақал-мәтелдердiң мәнерлi формасы оларды тез есте сақтауға мүмкiндiк бередi, бұл ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдерiнде кездесетiн грамматикалық құрылыстарды өңдеуге көмектеседi.

Мағыналары бiр төрт фразаны әр тiлде салыстыру қандай болса да тақырыпта әңгiме жүргiзуге мүмкiндiгiн бередi. Бұл қысқа нақыл сөздердiң терең мағынасы оқушылардың ой өрiсiн кеңейтiп, дамытып қана қоймай, өзiнiң тәрбиелiк маңыздылығымен құнды болып табылады. Мақал мен мәтелдердiң мағыналық кең диапазонына байланысты оларды оқушылар мен студенттермен жұмыс iстеуде ғана емес, сонымен бiрге тiлдi өз бетiмен меңгеруге бел байлаған адамдарға да қолдануға болады.



ӘДЕБИЕТТЕР

1. Албытова Н. Қазақ балалар фольклор арқылы бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру. – А., 1999.

2. Ахметова С.Г. Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках: Пармиологический словарь. – А., 1989.

3. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. – А., 1994

4. Дубравин М. Английские и русские пословицы и поговорки в иллюстрациях. – М.: Просвещение, 1995.

5. Қазақ мақал-мәтелдерi. Құрастырған: Ж. Дәуренбеков - А., 2001.

6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983.

7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. – Астана: Елорда, 2006.





































Ағылшын тілін оқытуда оқыту технологияларының тиімділігі
Кез келген мемлекеттің болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Ертең осы елге ие болып, ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Ендеше елдің болашағын түзеу сол мектеп оқушыларына сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана жаңару жолына шыға аламыз. Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасқан. Сабақтың ең басты белгісі - оның дидактикалық мақсаты. Ал дидактикалық мақсаты - оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді.
Әр сабақтың мақсаты баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін таба білу, әр оқушының бойында бұғып жатқан өзіндік дара қасиетін ашып, оның өзіне деген сенімін қалыптастыру. Сондықтан қазіргі таңда білім беру саласында қолданылып жүрген оқыту технологиялары баланың тұлғалық дамуына бағытталған. Оқыту технологиялары оқушылардың білім сапасын арттыруға, ой-санасының дамуына мүмкіндік жасайды. Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Мұғалімнің негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгерту, ақыл - ой қабілетін жетілдіру.
Ағылшын тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай 1- сыныптан бастап жүргізілуде. Ағылшын тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін беріп нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым - қатынасқа түсіп, ерте мәдениет аралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігіне. Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:
- оқушыға қолайлы оқу орта қалыптастыру;
- оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- ой - тілектерін ояту;
- оқушының эмоциялық сезіміне әсер етіп, жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
- ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;
- шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;
- оқушы субъект, оқытушы - кеңесші болу;
- сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Бастауыш сыныптағы әрбір сабақ бастан аяғына дейін мейірімге толы болуы керек. Осы бағытта Ш.А. Амонашвили «Мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болу керек. Әрбір оқушының мұғалімімен тілдесуі бала бойына қуаныш пен өмірге құлшыныс беру керек» деген екен. Сондықтан да әрбір ағылшын тілі сабағы қызығушылықты ояту, ой ашардан басталады.
Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы бойынша ағылшын тілі аптасына 1 сағат. Сабақта өтілген жаңа сөздердің мағыналарын, оқылуын, сөйлеуде қолданылуын келесі аптаға дейін ұмытып қалатын болғандықтан, сабақты есте қалатындай қызықты етіп өткізу қажет. Осы орайда оқушылардың белсенділігін арттыру үшін модульдік технологиямен жұмыс істей бастадым. Модульді құрастырғанда олардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын түрлерін көп қолданамын.
Әріптерге байланысты Оқу ережесіне байланысты
Ойындар
Сөйлеу қабілетін Сан есімге байланысты
дамытуға арналған Грамматикалық

3- сыныпта алынған модуль «Жыл мезгілдері».
Модуль 3 бөлімнен тұрады:
1.Кіріспе
2.Сөйлесу бөлімі
3.Қорытынды
Кіріспе бөлімінде оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырамын. Әрі қарай жаңа сөздер заттар, суреттердің көмегімен түсіндіріледі.
Сөйлесу бөлімі 4 бөлімнен тұрады. Жаңа сөздерді есте сақтау үшін «Карта» ойынын қолдануға болады. Мәтінді тыңдап түсінгенде «Шындық – жалған» ойыны арқылы тексеремін. Екі орындық қойылып, біреуіне «True» екіншісіне «False» деп жазылады. Келесі «Мұғалім – оқушы» жұптық ойынында «мұғалім» де, «оқушы» да сұрақ пен жауапты өздері құрайды. Мәтінді оқып түсінгендерін «Жауап» ойыны арқылы тексеруге болады. Оқушылар 2 топқа бөлінеді, 1- топқа сұрақтар жазылған карточкалар, 2- топқа жауаптар жазылған карточкалар үлестіріледі. 1- топтан 1 оқушы сұрақты оқиды, 2- топтағы 1 оқушы жауапты тауып оқиды.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін- өзі оқуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Тапсырманы тез орындаған оқушылар мұғалімге көмекші бола алады. Олар қалған оқушыларға көмектесе отырып, білімдерін бағалай алады. Ал «Сиқырлы сандықша» ойыны оқушылардың өздігінен ойлауын, шығармашылығын дамытады. Оқушылар өздері суырып алған билетте жазылған жыл мезгілі туралы айтып беруі керек.
Қорытынды бөлімінде оқушылар алған білімдерін ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Қорытынды бөлімі 2 сабақтан тұрады. Оқушылар бұл бөлімде «Дұрыс толықтыр», «Сөздерді біріктір», «Жұмбақ ойыны» ауызша әңгіме құрау сияқты тапсырмаларды орындайды. Ал үйге тақырыпқа жазбаша әңгіме құрап клу тапсырылады. Екінші сабағында үйде дайындаған жазбаша әңгімелерін қорғайды және тест жұмысын орындауға болады.
Тіл үйренудің негізі бастауыш сыныптан басталатын болғандықтан, осы кезеңде оқыту жүйесін, әдісін, оқыту технологиясын дұрыс таңдау алдағы уақытта нәтиже берері сөзсіз. Сабақ тақырыбы заман талаптарына сай жаңарып отырса, оқушыларға оның әсері ерекше болады.
Қай технологияны алсақ та оның түпкі мақсаты – нәтижеге жету. Ал ол нәтижені көру оқушылардың білімін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Мен сабақтың құрылымына қарай бағалаудың бірнеше түрін қолданамын, себебі бағалау да бір сарынды болмай түрліше болуы баланың бүгінгі ортаға бейімделуіне әсер етеді. Оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тестік бақылау жүйесі. Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді.
Бағалаудың бір түрі – рейтинг. Рейтинг арқылы оқушылардың жұмыстың қандай түрімен айналысқандығы туралы толық мағлұмат алып отыруға болады. Рейтинг – білім мен біліктіліктің оқушының жеке басындағы кешенді сандық және сапалық жиынтығы. Оқушының әр түрлі жұмыстарын саралап өткізу (тыңдап түсіну, жазу, сөйлеу, оқу), оны рейтинг арқылы бақылау оқушының бірден аңғартады. Мұғалім рейтингтік жүйе арқылы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін, интеллектілік деңгейін білуге болады.

№ Оқушының аты-жөні Тыңдап түсіну Сөйлеу Грамматика Жазу Қорытынды баға
1. Нұрсейіт Ілияс 4 5 5 5 5

Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына оқыту технологиялары айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор.

Әдебиеттер:
1.М.М. Жанпеисова Модульная технология обучения как средство развития ученика. Алматы, 2002
2.Шет тілін оқыту әдістемесі. Алматы 2006, № 3
3.Ағылшын тілі мектепте. Әдістемелік журнал, №4

Сарбасова Бибигайша Мукатаевна

Алматы облысы Сарқан қаласы Ақын Сара атындағы орта мектеп































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі