Материалдар / Ұялшақтықтың алдын алу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұялшақтықтың алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез келген білім беру саласындағы ұялшақ оқушылармен жұмыс жүргізуге көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
543
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұялшақтықтың алдын алу жолдары

Ұялшақтық- өте жасырын ұғым және өз алдына жеке мәселе. Ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, зерттеушілердің пікірінше, осы жағдаймен жастардың тең жартысы азап шегуде.

Ұялшақ болу- ішкі жан дүниесін аша алмау, қорқу, қоршаған ортамен байланысқа түсе алмау,қорқу, қоршаған ортамен байланысқа түсе алмау, соған бола қобалжу. Ойын еркін түсіндіре алмау. Ол әр адамда болады деп ашық айта алмаймын. Себебі әр тұлғаның пс ихологиясы әрқилы, табиғаты да бөлек. Біз білетіндей, мінезі жұмсақ,момын, тым ойға берілгіш келетін кісілер өмірде өз жолын табуда қиналады. Бұл адамдардың достары аз.қоршаған ортасы тар, өзінің жан дүниесі сияқты мұңлы болып келеді.

Бұдан шығатын қорытынды, барлық айналадағы болып жатқан құбылыс адам баласымен өте тығыз байланысты. Яғни, тұлға өзін қалай көрсетеді, әлеуметтік орта да оны солай қабылдайды. Мұндағы басты мақсатымыз,қоғамда белсенділік таныту. Сіз мүмкін адамдарды танып білуде, қатынас жасауда қиналарсыз, өйткені адам баласы біз білетіндей бірдей болмайды. Сондықтан,қандай қиын жағдайды бастан өткерсеңіз де, яғни кикілжің, күйзеліс,түсінбестік,шатасу сияқты мәселе болса,ымыраға келуге тырысыңыз. Мейлі сіздің ойыңызды дұрыс түсінбей,пікіріңізге шалыс сөз айтуы мүмкін. Бірақ, мұндай жағдайда керісінше, өз еңсеңізді түсірмеңіз, себебі қазақта «жаңылыспайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, әрқашан ортада пікіріңізді айтып, ашық болуға тырысыңыз. Қанша дегенмен, бұл сіздің пікіріңіз екенін ұмытпағайсыз!

Көптеген психологтар, әлеуметтанушылар және тағы басқа мамандар ұялшақтықты кең түрде зерттеуге тырысты. Олар ұялшақтықтың неден туындайтынын мүмкіндігінше түсіндірді.

Жеке адамды тұлға ретінде зерттеушілердің пікірінше, ұялшақтық адамда ата-тектен тараған, яғни, тұқымында бар адамдар деп сараланады.

Бихевиористердің айтуынша, ұялшақтық қоғаммен тіл табыса алмайтын немесе өмірге бейімделуден қашқандықтан қалыптасады.

Психоаналитиктердің ойынша, өзіне сенімсіздіктен ойын сырт ортаға шығара алмаудан.

Әлеуметтанушылар немесе балалар психологының тұжырымдауыншы, ұялшақтықты белгілі бір жеке термин ретінде қарастыра келеәлеуметтік ортаның қалыптасуына байланысты туындайды деп көрсетті.

Қ.Б.Жарықбаевтың айтуынша, ұялу-басқа адамдардың, әдетте жақындарының қылығымен не тұлғалық мінездерінің көрініс берумен байланысты болуы мүмкін (басқалар үшін ұялу). Ұялшақтықты өзіне –өзі кемелдендіру, білім мен біліктілікке жету, өз қабілеттерін арттыруға бағытталған мінез-құлықтың қуатты қозғаушы күші арқылы жоюға болады. Ұялудың бастапқы шегі әркімнің құндылық бағдарына, әрбір жеке тұлғаның қасиеттеріне, айналасындағы адамдардың өзі жөніндегі пікірлеріне сезімталдығына байланысты.

Жоғарыда атап көрсеткендей, ұялшақтық әр адамда болатын жағдай. Оны танып білу оңай емес. Себебі ол әртүрлі болады. Мысалы, адамдармен байланысқа түсуде көңіл толмаушылық,көзін үнемі төмен түсіріп жүру, жай сөйлеу, қоғаммен қатынасқа түсуден қашу. Ұялшақтықтың басты көріністердің бірі- епсіздік немесе шорқақтық. Бұндай белгілер көбіне тым ойға берілетін, тұйық адамдарджа болады. Егер бір жерден қателіктер жіберіп жатса, сол ісі үшін біреулер алдында өзін ұятты сезініп жерге кіріп кетуге дайын тұрады. Өздерін дәрменсіз, ақымақ, ешкімге керексіз сезінеді. Қатты ырғақты дауыстарымен олар өз бойындағы ұялшақтықты жойғысы келеді. Алайда ішкі сезімдері сыртқа айдан анық көрінеді..қорқыныш ,қобалжу, адамдармен қатынаста қолайсыз сезіну,біреулердің пікірлеріне тәуелді болу, мұның бәрі өздеріне деген сенімнің жоқтығы. Бұлар осының әсерінен өмірде еш мақсатсыз өмір сүреді.

Баланы дұрыс мақтау керек

Ең бастысы- баланы мақтай білу! Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар жұмысты тастамастан бұрын оған ынтамен, қуанышпен берілу керек. Қандай тәрбиеші күн сайын,сағат сайын бір тапсырманы орындауы тиіс. Мүмкін баланы мақтау,ынтасына көңіл бөлу,істеген ісін бағалау (сурет салу, ән айту т.б)

«Егер сіз баланы мақтай білмесеңіз, оны ойлап табыңыз!», дейді кеңес беруші психиатр В.Леви. Бастысы қалай мақтасаңыз да, шын көңілмен беріліп айтыңыз.

Баланы қандай жағдайда мақтамау керек

Егер тумысынан бұл қасиет бар болса. Мұнымен сіз мақтамайсыз,керісінше, зияныңыз тиіп кетуі мүмкін.

Үнемі себепсіз мақтай беру. Бұл баланың еңбегімен келмегендіктен. Өзімшілдікке алып келеді. Біреуін мақтап.екіншісін жамандауда зиян.

Адам баласы өмірге бір-ақ рет қадам басады. Сол өмірді дұрыс нәрсеге арнау керек. Сіз- табиғат жаратқан толыққанды жеке тұлғасыз. Бүкіл адамдармен, яғни, қоғаммен байланыстасыз. Бойыңызды босаңдыққа,керексіз ойларға салмаңыз. Көз алдыңызға биік мақсат қойып, соған жетуге тырысыңыз. Өмірді өзгерту,әрине өз қолыңызда! Ешқашан шармаңыз, жетістікке оңай жету ешкімнің әлі қолынан келмеген. Біреу кемшілігіңізді бетіңізге басса,ренжімеңіз. Керісінше «мен түзелем» деген ойда болыңыз. Үнемі ұялшақ болып, жүре берсеңіз өмірдің өзегінде уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қаласыз. Өмірдің әр сәті өте бағалы. Сондықтан еш нәрсеге қарамастан ұялшақтықты жеңе біліңіз


Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының

«Жетісай» ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

«№43 «Қызыл таң» жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

педагог психолог С.С.Исмаилова

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!