"Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауының ережесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауының ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепішілік немесе аудандық "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауының ережесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2017»

байқауының ережесі


1. Байқаудың  мақсаты

Білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы»  Заңдары, «Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын»,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын, ойы терең, кәсіби шеберлігі мен функционалдық сауаттылығы жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар бастауыш сынып мұғалімін анықтау.      


2. Байқаудың міндеттері


1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің белсенділігін, шығармашылық ізденісін көтеру;

2. Шығармашылыққа және нәтижеге бағытталған педагогикалық технологиялар мен оқыту әдістерін іздеу;

3. Жаңашыл педагогикалық тәжірибелерді анықтау және насихаттау;

4. Оқушылардың қабілеті мен функционалдық сауаттылығын дамытуда жоғары нәтиже көрсеткен белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге демеу көрсету.


3. Байқауға қатысушылар


Аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері.


4. Байқауды ұйымдастыру


Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2017» байқауы 2017 жылдың маусым айының 07 күні Лебяжі ЖОББМ базасында сағат 10.00-де өткізіледі.


5. Байқауға қатысу

Байқауға қатысу үшін  келесі құжаттарды  2017 жылдың 01 маусымына дейін білім бөлімінің әдістемелік кабинетіне тапсыру қажет.

- Үлгі бойынша сұраныс (қосымша)

- мектеп әкімшілігінен қатысушы мұғалімге мінездеме


6. Байқау кезеңдері


1. «Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары,  басымдықтары»  (Қойылатын талап  – 250 сөзден аспайтын,  А4, кегель 14, шрифт  Times New Roman)

Эссе оқу

Бағалау критерийлері:

 1.Ой нақтылығы және түсінікті жеткізілуі;

 2.Ой өрісінің кеңдігі, логикасы;

 3. Сауаттылығы;

 4.Дәлелділігі;

 5.Ерекшелігі.    


2.Қатысушының портфолиосы(білім бөліміне тапсырылады):

Портфолионы бағалау критерийлері:

1. Материалдың толықтығы, жүйелілігі

2. Мазмұны мен өзектілігі

3. Мұғалім жұмысындағы жаңашыл идея, білім сапасын көтеруге негізделуі

4. Оқушылармен жүргізілетін жұмыс бағыты, оның нәтижесі

5. Безендірудегі эстетикалық талаптың орындалуы


3. Жағдаяттық сұраққа жауап беру

Бағалау критерийлері:

1. Жауаптың дұрыстығы

2. Жауаптың логикалық тізбектілігі

3. Теориялық тұрғыдан дәлелділігі


4. «Шебер қолдар» қолөнер байқауы

Бағалау критерийлері:

1. Жұмыстың сонылығы

2. Креативтілігі


5. Шығармашылық байқау(ән, би, өлең немесе монолог оқу, т.б.)


8.Қазылар алқасы


Байқауға қатысушылар жұмысын бағалау үшін 5 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың берілген тапсырмалары мен бағалау өлшемдерін әзірлейді.

Қазылар алқасы байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтайды, оларды марапаттауға қатысады.


10. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  марапаттау


Барлық байқау сынақтарының нәтижесі бойынша қазылар алқасы Бас жүлде, 1, 2, 3 орындар мен келесі номинациялардың иегерлерін анықтайды.

1.«Жаңашыл мұғалім».

2.«Зерттеуші мұғалім».

3.«Эрудит мұғалім».

4.«Шығармашыл мұғалім».

5.«Әдіскер мұғалім».























Қосымша


Шығыс №

Күні



«Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2017» байқауына қатысуға

СҰРАНЫС




Қатысушы мұғалімнің аты-жөні

/толық/


Мектеп


Байланыс телефондары



































Мектеп директоры
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4704
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі