«Үздік жас маман- 2019»
мектепішілік байқауының
сценарииі.
Тақырыбы: « Үздік жас
маман »
Мақсаты: Жас ұстаздардың
біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы,
оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен
жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға
баулу.
Орны
: Акт
залы
Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және
жас мамандар!
«Үздік жас маман-2019 » жас мамандар сайысына қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман.
Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас
ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші -
ұстаздардың қолында.
жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұлар мұңға.
Жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
Жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын
ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап
жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын
деген тілек білдіреміз.
Жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға
шақырамыз.
Жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Арайлым Нұрболатқызы ортамызда
Бақытын тауып жүр еңбектен.
Жүргізуші: Сарсенбаева Арайлым
Нұрболатқызы ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі
тәтті.»
Тәлімгері: Сабдалиева Назгуль
Сламжанқызы
Жүргізуші: Спортты серік еткен өн
бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Ади
Шығады әлі талай биік шыңдарға.
Жүргізуші:
Утешов Ади Нусипбайұлы –
дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі
Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе -
біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну»
Тәлімгері: Акбиюмов Бейбит
Жумабекұлы
Жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Зере біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
Жүргізуші:
Абсемедова Зере Бекетқызы-
бастауыш сынып мұғалімі
Ұстанымы: «Болашақ бүгіннен
басталады»
Тәлімгері: Токтаганова Гулшат
Абдрасілқызы
Жүргізуші:Шешендікке баулытып
Ана тілді сүйгізген
Асылдайым қызыңыз
Танысыңыз, біліңіз.
Жүргізуші:
Жумабекова Асыл
Мейрамбекқызы- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Ұстанымы: Еңбек- бәрін де
жеңбек
Тәлімгері: Аубакишева Факизат
Нурмуханқызы
Жүргізуші:Әсем бидің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Гүлбақыт біздің өнерлі
Жүргізуші:Джунусова Гүлбақыт
Бактыбайқызы – бастауыш сынып
мұғалімі
Ұстанымы: «Мүмкін емес нәрсе жоқ»
Тәлімгері: Тойлыбекова Гүлзира
Жарылкасымқызы
Жүргізуші:Сабырлы, әрі
салмақты,
Сания біздің жан - жақты.
Өзі сондай байсалды
Бастауыштың ұстазы.
Жүргізуші:Ашимхан Сания -
бастауыш сынып мұғалімі.
Ұстанымы:«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол
жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Багашарова Салтанат
Сабыржанқызы
Жүргізуші: «Баталы жан арымас...»
дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған
сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп
директоры Нургожаева Лаззат Нурмуханқызын
шақырамыз.
Жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді
сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға
шақырамыз.
Ән қазақ жастары.
Жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы
мүшелерімен таныс болыңыздар.
Жүргізуші:
Мектеп директоры : Нургожаева
Лаззат Нурмуханқызы
Бірлестік жетекшісі:
Ергожаева Асель Ильясқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі: Оразимбетова Айнур
Сағатқызы
Жүргізуші:
Ендеше сайысқа қатысушы жас
мамандардың кезек сандарын алуы үшін әділқазылар алдына
шақырамыз.
№1 сайыскеріміз
–
№2 сайыскеріміз
–
№3 сайыскеріміз
–
№4 сайыскеріміз
–
№5 сайыскеріміз
–
№ 6 сайыскеріміз
–
Жас мамандарға сәттілік тілей
отырып, алғашқы сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас
бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып
кетейік.
Жүргізуші: Бірінші
кезеңіміз «Таныстыру»
Жүргізуші: Келесі
кезеңіміз «Мінсіз
сабақ»
Жүргізуші: Үшінші
кезеңіміз «Өз өнерін
көрсету»
Жүргізуші: Төртінші
кезеңіміз «Белгілі бір тақырыпқа
сабақ жоспарын құру»
Жүргізуші: Бесінші
кезеңіміз «Танымдық
сұрақтар»
Жүргізуші: «Сегіз қырлы, бір
сырлы»
Бірінші - Таныстыру
сайысы
«Сәлем – сөздің басы» дегендей
сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек
берейік.
Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
Бұл сайыста байқауға қатысушы
өзі туралы және өзінің қызмет таныстырады. Бұл сайыс қатысушының
қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең
оқу, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына
болады) және ұзақтығы 5 минуттан
аспауы тиіс.
Жүргізуші: Екінші «Мінсіз
сабақ»
Бұл сайыстың мақсаты
қатысушының шығармашылық қабілетін, өткізіп жатқан сабағында
қолданатын технологиямен таныстыру және ол технологиялардың сабақта
қаншалықты тиімділігн сабақ мақсатына қарай тапсырмалардың алу
барысын түсіндіреді. (ұзақтығы 5 - 7
минут).
Жүргізуші:
Үшінші «Өз өнерін
көрсету»
Жас мұраты білім, тәлім
талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың
өнерін тамашалайық.
Қатысушылар дайындап келген өз
өнерлерін ортаға салады. Мұнда қатысушыларға ешқандай шектеу
қойылмайды. Өнерді қатысушылар
таңдайды.
(Ұзақтығы 5 – 10
минут)
Жүргізуші: Төртінші «Белгілі бір
тақырыпқа сабақ жоспарын құру»
«Талпынған бала, талпынған
құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып
айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі
мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт
шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім
нәрін беруші – ҰСТАЗ.
Бұл кезеңде қатысушыларға
өткен тақырыптар бойынша сабақ шаблоны мен кодталған оқу мақсаты
беріледі, одан әрі қарай қатысушы өзі сол сабағын еске түсіре
отырып, сабақ жоспарын құрады.
(Ұзақтығы 10 – 15
минут)
Жүргізуші: Бесінші «Танымдық
сұрақтар»
Қатысушыларға сандықшада
сұрақтар жасырылады. Сол алған сұрақтарының жауабын кезектесе
отырып жауап береді. Әр қатысушыға 4 сұрақтан
беріледі.
1
Уақытты жылдамдыққа
көбейткенде нені табуға болады
(қашықтықты)
2
Жартысы ащы, жарты бөлігі тұщы
көл (Балқаш)
3
Ауаның үштен екі бөлігін
құрайтын газ (азот)
4
Майлы, қоймалжың сұйық зат.
Жанғанда күлі де қалмайды (Мұнай)
5
«Менің атым Қожа» повесінің
авторы кім? /Б. Соқпақбаев/
6
ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін,
оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
(Халық қаһарманы)
7
Білім беру мекемесінің басты
құжаты
(Мектеп жарғысы)
8
А. Байтұрсыновтың жазған оқу
құралы
(Әліппе)
9
Білім беру жүйесі немен
анықталады?
(сапа, дағды,
нәтиже)
10
Жеті ғашықты атаңыз.( Ләйлі –
Мәжнүн, Фархад – Шырын, Тахир - Зухра, Арсу – Қамбар, Уәки –
Күлшән, Жүсіп – Залиха, Қанат –
Майра.)
11
Секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? (
иә)
12
Қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер
(мультфильм «Ну, погоди!»)
13 Қабырғалары бірдей фигура
(шаршы)
14 Мойны ұзын жануар (жираф -
керік)
15 Оқушының сабақтағы
белсенділігін қалай арттыруға болады? (оқытудың дәстүрлі формаларын
қолдана отырып
Жүргізуші:Алтыншы «Сегіз
қырлы, бір сырлы»
Бұл кезеңде қатысушыларымыз
әділқазылар алдында тұрған билеттер алады, сол билеттің астында
қандай өнер тұр сол өнер бойынша осы жерде өнерлерін көрсетеді.
Мысалы: Ән айту түссе қалаған тақырыпта ән айтып шығады.
Т.б.
Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі
отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп
қоялық.
Жетінші
Қорытындылау.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп , жетпеген жеңісіне, орындай
алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім
білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес,
іспен көрсететін жастарымыз
Тәуелсіздік таңы сендер,
білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып,
жеңімпазды анықтайық.
Жүргізуші:Ұшқыр ойға серік болсын
шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. –
Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін
бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін
береміз.
Жүргізуші: ХХІ ғасыр – Білім
ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді
еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына
саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп,
еңбектеріңіздің жемісін көре
беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше
күн нұрлы болсын! – дейміз.