Материалдар / Үздік жас маман. Жас мамандар сайысы

Үздік жас маман. Жас мамандар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Үздік жас маман-2023


І Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас маман-2023» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.

І жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман» деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.


ІІ жүргізуші:

ЕНдеше бүгінгі сайыс қатысушыларымен таныс болайық.
1. Өзі әрдайым жан жағына нұрын шашып жүрер кәсіпкерлік және бизнес пәні мұғалімі Ажбенова Кундыз Асылбековна.

2. Келесі қатысушымыз сегіз қырлы , бір сырлы маманымыз құқық пәні мұғалімі Тажаякова Анаргуль Наурызбаевна

3. Келесі қатысушы оқушыдан білгенін аямайтын ағылшын тілі пәні мұғалімі Саинова Нұрбақыт Сайнқызы

4. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып жүрген мұғаліміміз Ходжаев Нурсултан Бейсенбаевич

5. Ғылымдар патшасы математиканың қыр-сырын үйретіп жүрген келесі қатысушымыз Набатова Жадыра Қайратқызы

6. Қазақ тілі, қазақтың ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығын оқушыларға дәріптеп жүрген жас маманымыз Алиева Нұрсила Манасқызы

Қатысушыларымызбен таныстық, ендігі кезек әділ қазыларды таныстырып өтсек. Бүгінгі сайысқа әділ-қазылық ететін мұғалімдеріміз

  1. Мектеп директоры Жұмағазина Маржан Бектұрғанқызы

  2. Ардагер ұстазымыз Абдуллаев Нурсултан Жамелович

Және де

  1. Бастауыш сынып мұғалімі Кадирова Нұрсұлу Бекоразовна

  2. Ән-саз пәні мұғалімі Есекенова Сандуғаш Шукирбаевна

  3. Көркем еңбек пәні мұғалімі Каражанова Жумагул Тлековна

  4. Оқу ісі орынбасары Ысқақова Оразгүл Нағымғалиқызы





ІІ жүргізуші::
«Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілекпен ортаға мектеп директоры Жұмағазина Маржан Бектұрғанқызын шақырамыз.

Олай болса қатысу ретін жеребе бойынша анықтап алайық.


1-

2-

3-

4-

5-

6-




Олай болса, сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
І бөлім Таныстыру. Бұл бөлімде қатысушылар өзін және өзінің жұмысымен таныстыру керек. Даму жоспарын, өз пәні бойынша сапаны қалай көтеретіндігі туралы білетін боламыз.


Ортаға қатысушыларымызды анықталған рет бойынша шақырайық.
Келесі бөліміміз – Ситуациялық жағдаят – Ал бұл бөлімде жеребе арқылы таңдалған ситуациялық жағдаятарды ұшқыр оймен, ақылмен шеше білуі қажет.


Өте жақсы ұстаздар.

Ұстаз қашанда тығырықтан жол табатын ұшқыр ойлы, оқушыға үлгі болатын ақылды және бала бойындағы қабілет, дарынды жаға білетін талантты бола білуі қажет. Олай болса келесі кезекті қатысушыларымыздың өнерлерін тамашаласақ.


І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара - пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.


Қатысушыларымызды қошемет құрметпен ортамызға шақырайық.


Ендігі кезекті әділ қазылардың шешіміне берсек.


ІІ жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Үздік жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Жариялаған:
Тажибаева Диляра
09 Қырқүйек 2024
212
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі