Материалдар / ҮЗДІК КӨРКЕМ СӨЗ БАЙҚАУЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҮЗДІК КӨРКЕМ СӨЗ БАЙҚАУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
702
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№3 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Мектепалды даярлық «Д» сыныбының

«Сөйлеуді дамыту» пәні бойынша

«Денсаулық еліне саяхат» тақырыбында

қашықтан өтілетін ашық сабақ жоспары





МАД тәрбиешісі Жакипова А.Р.











2020-2021 оқу жылы.

Тараз қаласы


Күні: 11.05.2021 жыл

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық әлеміне саяхат

Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру. Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негізін қалыптастыру. Салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландыру.

Көрнеліліктер: Тақырыпқа байланысты түрлі суреттер, видео материал.

Пән аралық байланыс: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар бүгінгі біздің қашықтықтан өту сабағымыз ерекше өткелі тұр себебі бүгін бізге қонақтар қатысады. Ендеше қонақтармен амандасып алайық. Барлығымыз бірге көңілді шаттық шеңберін айтып шығайық.

Шаттық шеңбері

Армысыздар қонақтар!

Армысызда достарым!

Болсақта біз кішкентай,

Ойнау үшін шаршамай!

Құру үшін сән – саулық!

Керек жақсы денсаулық!

Басты байлық – денсаулық!

Жарайсыңдар балалар, енді сабағымызға қажетті құрал-жабдықтарымызды дайындап, жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. Ендеше, өткен алдағы сабақ тақырыбын еске түсірейік. «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбы бойынша қызықты тапсырмаларды орындадық, яғни сурет бойынша әңгіме құрастыра отырып, спорттың түрлерін білдік. «Қалай аталады?» ойыны барысында спортқа байланысты біршама мәліметтермен таныстық. Сонымен қатар, суреттегі берілген қысқы (көк) және жазғы (жасыл) олимпиаданың түрлерріне байланысты тиісті түспен қоршадық. Жарайсыңдар, балалар тапсырмаларды керемет орындадыңдар.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

Ал, балалар бүгінгі біздің Сөйлеуді дамыту сабағынан өтетін тақырыбымыз 64 беттегі «Денсаулық еліне саяхат».

Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіздер? ( Балалардың пікірін тыңдау)

Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? ( Балалардың пікірін тыңдау)

Балалар алдағы өткен тақырып пен бүгінгі жаңа тақырыптық қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар? (Пікірін тыңдау)

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, деніміз сау болу үшін, біз өзімізге өзіміз көмектесе аламыз ба?

-Көмектесе аламыз.

-Дұрыс, бірақ бұл үшін біз не істеуіміз керек? Ол жайында білгілерін келеме?

-Ендеше сендерді денсаулық еліне саяхатқа шақырамын, Сендер дайынсыңдар ма?

-Ия, дайынбыз.

-Денсаулық елі сиқырлы ел. Онда біз ерекше көлікпен, міне мынау әуе шарымен ұшып барамыз.

Ғажайып сәт: Шардың жібін ұстаймыз, көзімізді жұмамыз, айналамыз, ұшамыз, денсаулық еліне тап боламыз.

-Біз келген аялдама "Тазалық мекені" деп аталады.

-Қалай ойлайсыңдар, бұл аялдама неге осылай аталады?

-Себебі бұл жерде бәрі тап-таза. Жеке басымыздың тазалығын сақтау - таза жүру, таңертеңгі жаттығуларды жасау, Тырнақты өсірмей уақтылы алып жүру. Және күн тәртібін сақтау. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді күніне 2рет жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау. Жеміс-жидектерді жуып жеу. Тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен айналысу, таза жүру.

Тақырыпқа байланысты видео көрсету.

-Жақсы, балалар тазалық дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдері? Кәне айтып беріңдерші.

-Рахмет, жарайсыңдар балалар! Ендеше бұл қаланың басты ережесі: "Денсаулығын мықты болу үшін, таза болу керек". Бұл мекеннің ұраны: "Микробтарға жол жоқ" (слайд көрсетемін).

-Балалар, микробтар дегеніміз не?

-Микроб ол өте қауіпті жауыз. Микроб лас пен кірден пайда болады. Ол аңдарды да, балаларды да аямайды.

-Жарайсыңдар! Балалар микробтар қай жерде болады?

-Микробтар жуылмаған қолда, ауызда, лас киімдер де, кір үйде болады.

Жарайсыңдар, балалар! Бірақ оларды қалай қуамыз. Ол үшін не істеуіміз керек?

-Тазалықты сақтауымыз керек.

-Ал тазалықты сақтауға мына "Сиқырлы қобдишада" жатқан заттар көмектеседі. Ол қандай заттар екенің білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың жауабы шешілсе ғана қобдиша ашылады. (сдайд арқылы көрсетемін).

-Өзі кірді ашады,

Суға салсам қашады.

Бұл не? (Сабын)

-Сабын не үшін керек?

-Қолымызды жуу үшін.

-Қолымызды қай кезде жуамыз?

-Тамақтың алдында, серуеннен қайтқанда, қолымыз кірлеп қалғанда, сурет салған соң, ермексазбен жұмыс жасағаннан кейін, жануарларды қолымызбен сипаңнан скейін сабынмен жуамыз.

-Келесі жұмбақ: Сүйек арқа, қатты қыл,

Жалбыз пастамен дос қыл,

Бізге әрдайым қызмет қыл.

Бұл не? (Тіс щеткасы)

-Қалай ойлайсыңдар, балалар, күніне неше рет тісімізді тазалауымыз керек?

Слайд көрсету. (тіс тазалап жатқан)

Күніне екі рет: тәнертен және кешке.

-Тісімізді не үшін тазалаймыз?

-Тісіміз мықты болу үшін.

-Жарайсыңдар, балалар келесі жұмбағымызды шешейік:

Аузы жоқ, көзі жоқ.

Бірақ та тісі бар

Басыңмен ісі бар.

Бұл не? (тарақ).

-Балалар, тарақ не үшін керек?

-Шашымызды тарау үшін.

-Балалар, осы заттарды бір сөзбен қалай айтамыз?

-"Жеке бас" гигиенасына арналған заттар деп атаймыз.

-Балалар, сендер бұл заттар мен тек қана бір адам ғана қолдану керек екендігін білесіңдер ме? Мысалы: Аминаның тарағымен Дана тараса болама. Дананың өз тарағы болуы керек. Ол заттар әр адамның өзінде болу керек.

Балалар біз өткен сабақтарда денсаулыққа байланысты мақалдар жаттаған едік қане есімізге түсірейіші кім айтады (балалар мақалдарын айтады)

Денсаулық зор байлық.

Дені саудың жаны сау.

Дәптермен жұмыс.

Балалар енді дәптерімізбен жұмыс жасайық. Қане, барлығымыз бірінші тапсырмадағы бірінші суретке қарайықшы . Балаларға ат қояйық. ( Балалар ат қояды) Енді балалар не істеп жатыр. (Балалардың іс – қимылы туралы сұрақтар қойылады балалар әңгімелейді) Екінші суретке қарайық бұндада балаларға ат қояйық.

Балалар не истеп жүр?

  • Балалар сендерге дене шынықтыру жаттығуы ұнай ма?

  • Сендерге қандай жаттығулар мен ойындар ұнайды?

(Балалар сұрақтарға жауап береді)

Енді балалар мына дәптеріміздегі тақпақты оқып берейін сосын бірге жаттаймыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз. ( Мұғалім үш рет балалармен бірге айтады содан соң жаттаған балалардан сұрайды.)

Балалар дәптердегі екінші тапсырманы орындамастан бұрын видеоматералдағы суретке қараңыздаршы. Дәрігермен спортшы өздеріне қажетті құрал-жабдықтарын шатастырып алыпты, қанеки көмектесіп жіберейік. (Балалар оындаған тапсырмаларын түсіріп чатқа жібереді).

Жарайсыңдар балалар!

Енді екінші тапсырманы орындауға болады Спортқа қажетті құралдарды – көкке , емдеуге қажетті құралдарды қызыл түспен бояймыз.

Балалар енді бойымызды сергітіп алайық. Денсаулығымыз жақсы болу үшін көңілді де жүруіміз қажет сондықтан барлығымыз көңілді күн деп аталатын сергіту жаттығуын жасайық.

Жарайсыңдар балалар!

Енді дәптердегі үшінші тапсырманы орындайық . Бұл тапсырмада біз құралдарды иелеріне сызықпен қосамыз.

  • Олар қандай спорт түріне арналған? Қалай аталады?

Кері байланыс.

  • Суретке қарайықшы қайсысы дұрыс ағаштан алманы ала салысымен жеуге болама әлде бірінші жуып аламызба кім маған дұрыс суретті көрсетеді? (дұрыс суретті айтады)

  • Балалар деніміз сау болу үшін не істеуіміз қажет?

  • Тісімізді күніге неше рет жуу керек?

  • Әрдайым спортпен шұғылданған дұрыспа?

  • Күнде жуыну керекпе?

  • Жеміс-жидектерді жеместен бұрын не истеуіміз керек?

-Жарайсыңдар, балалар біздің мектебімізге қайтатын уақытымыз болды. Шардың жібінен ұстаймыз, көзімізді жұмамыз, айналамыз, мектебімізге тап боламыз.

Рефлексия: -Балалар, бүгін біз қайда саяхат жасадық?

-"Денсаулық еліне "саяхат жасадық.

Жарайсыңдар балалар ендеше сабағымызды мынадай өлен жолдарымен аяқтайық.

Денсаулық ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі

Жүйке, тамыр жүйесі

Денсаулық ол күлуің

Денсаулық ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Денсаулықты сақтаймыз

Жадымызда ұстаймыз

Апайымыздың кеңесін!

Денсаулық - ел дамуының басты арқауы.

Денсаулық – жеке адамның басты байлығы.

Денсаулық – адам тіршілігінің ең бірінші шарты.

Бүгінгі дені сау ұрпақ елдің ертеңгі жалғасы иә балалар сондықтан денсаулығымызды күтеміз - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тазалықтың адамға қандай пайдасы бар екенін.

Игереді: Тазалық құралдарының әр адамда бөлек болу керек екендігін.

Меңгереді: Тазалықты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!