Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Үздік математик - 2018" сайысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін:
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары: М.Камалова
Күні: 23.04.2016 ж
Тақырыбы: «Ең үздік математик – 2016» сайысы
Сыныбы: 5-7
Мақсаты: оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд, үлестірмелер, «Үздік математик» билборды, шырпылар, бағалау парағы
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Ең үздік математик-2016» атты байқауымызды тамашалауға шақырамыз. Біздің мектепте бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ.
Жүргізуші:
Болмаса да Пифагордай кемеңгер
Оқу менен білім әр кез терең бер
Ау, ағайын көп созбайық, бастайық
Ортамызда математик өрендер
Жүргізуші: Бүгінгі математиктердің жарысын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болайық.
-
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Камалова Меруерт апай
-
Физика, информатика және математика пән бірлестік жетекшісі Әкімбаев Бауыржан ағай
-
Мектеп директорының кәсіптік бағдар беру жөніндегі орынбасары Әблеметов Рақымжан ағай
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық. Сайыс екі кезеңнен тұрады. І кезең іріктеу кезеңі, ІІ кезең сайыс түрінде өтіледі. ІІ кезең, яғни сайыс 4 бөлімнен тұрады.
І кезең:
-
12*6*2=0 12:6-2=0
-
13*5*5=70 13 5+5=70
-
9*9*9=9 9-9+9=9
-
9*3*5=15 9:3 5=15
-
7*5*5=40 7 5+5=40
-
20*10*2=8 20-10-2=8
-
8*3*3=8 8 3:3=8
-
5*5*5=6 5+5:5=6
-
4*4*4=5 4:4+4=5
-
1*1*1=0 1:1-1=0
ІІ кезең:
І бөлім Кім жылдам?
ІІ бөлім Сиқырлы шырпылар
ІІІ бөлім Кім тапқыр?
ІV бөлім Математикалық винегрет
V бөлім Ойлан тап
Жүргізуші: Ал, енді кезекті сайысқа береміз. Сайыскерлер дайын болса бастайық. І бөлімде оқушылардың жылдамдығын тексереміз. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І бөлім
5а сынып:
-
14 қандай сан? (жұп сан)
-
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
-
Жерден көтеруге оңай, лақтыру қиын (мамық)
-
Қалайша жұмыртқа 5 метр ұшып жарылмауы мүмкін. (жұмыртқаны 6 метрге лақтырса)
-
Кері сандардың көбейтіндісі (1-ге тең)
-
Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар? (натурал сандар)
-
20 төртке 20 төртті қосқанда қанша болады? (40 төрт)
-
Бес таяқтың неше ұшы бар? (10).
-
Ер баланың ағалары жоқ, ал оның қарындасының сіңлісі қанша болса, қарындасының сонша ағасы бар. Осы отбасында неше ер бала, неше қыз бала бар? (1 ұл, 2 қыз бар)
-
1 cаны жай ма, құрама сан ба? (жай санда емес құрама санда емес)
5ә сынып:
-
13 қандай сан? (тақ және жай сан)
-
Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
-
Қалай 10 метр сатыдан секіріп жараланбауға болады? (ең төменгі сатысынан секіру керек)
-
Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі (180 градус)
-
5-ке кері сан? (1/5)
-
Ең кіші үш таңбалы сан? (999)
-
1007 саны 3-ке бөліне ме? (жоқ)
-
Қанша цифрды білесің? (10 цифр)
-
Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (10)
-
Бір жылдың неше айында 30 күн бар? (11)
6а сынып:
-
Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар? (қарама – қарсы сандар)
-
0 –ден үлкен сандар (оң сандар)
-
5-ке қарама – қарсы сан? (-5)
-
Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
-
Бөлмеде жеті майшам жанып тұр. Сен жанындағы біреуін өшірдің, қаншасы қалды? (1)
-
Теріс санның модулі (оң)
-
Отбасында жеті қыз және әр қыздың бір – бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
-
Күн көзі жылына неше рет шығады? (365 рет)
-
Миллионда неше ноль бар? (6 ноль)
-
С әрпінен басталатын математикалық терминдер (сектор, сегмент, синус, сәуле, сызғыш, ...)
6ә сынып:
-
1- ден 1000-ға дейінгі сандарды жазу үшін қанша цифр керек? (10)
-
0 –ден кіші сандар (теріс сандар)
-
-0,5-ке қарама – қарсы сан? (0,5)
-
Координаталық жазықтықтың неше ширегі бар? (4)
-
Балықшыдан неше балық ұстадың дегенде: жиырманың жартысын, бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін, - депті. Балықшы неше балық ұстады? (10)
-
Оң санның модулі (оң)

Еі кіші жай сан? (2)
-
Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? (60 км)
-
П әрпінен басталатын математикалық терминдер (перпендикуляр, параллель, пирамида, пропорция, ...)
7 сынып:
-
Сәуленің ұшы бола ма? (ия)
-
Қосудың теңдігі? (қосынды)
-
Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
-
Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
-
Бір жылда неше тәулік бар? (365)
-
Шеңберді сызатын құрал (циркуль)
-
Егер 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100 теңге)
-
4 таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
-
Метрде қанша сантиметр бар? (100)
-
Ең кіші натурал сан? (1)
Жүргізуші:Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.
ІІ бөлім
Жүргізуші:Ал, енді келесі бөлімге көшейік. Бұл бөлімде шырпылар тапсырмасын орындау керек. Бұл сайыста да әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.
-
8 шырпыны пайдаланып 3 тең үшбұрыш құрастыр.
-
7 шырпыны пайдаланып 3 тең үшбұрыш құрастыр.
-
9 шырпыны пайдаланып 3 үшбұрыш құрастыр.
-
9 шырпыны пайдаланып 2 үшбұрыш құрастыр.
-
9 шырпыны пайдаланып 5 үшбұрыш құрастыр.
Жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлердің жинаған ұпайларын айтыныздар.
ІІІ бөлім
Кім тапқыр?
Бұл бөлімде 10 жұмбақ беріледі. Кім жылдам және қай топ алғыр екенін байқаймыз. Бұл бөлімде кедергілерден өту арқылы болады.
-
Бірін – бірі қоштаған
Бір үйден көрдім
42 дос - жаран. (42 әріп)
2. Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді
Бірін – бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да
Бір мәреге келмейді (параллель түзулер)
3. Күшіне сенген бір мықты
Жығып салды сегізді (шексізідік)
4. 32 батырмыз
Ел күзетіп жатырмыз
Сапта қатар тұрсақ та
Құламаймыз бір шақта (тістер)
5. Мың кісіге бір белбеу (сыпырғы)
-
Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады? (дәреже)
-
Бір үйде тұрады екен 50 батыр
Үй сыртына сүйкенсе – ақ өліп жатыр (сіріңке)
-
Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр. (бағдаршам)
-
Аузы бір, екі құбыр (шалбар)

IV бөлім
Қадірменді сайыскерлер келесі бөлімде «Математикалық винегрет» ұсынылады. Алдарыңызда бейнеленген геометриялық фигуралар қандай да бір әріпке сәйкес келеді. Қоршауда тұрған фигуралардың орнына осы әріптерді қойсақ қандай сөз шығады екен? Ол нені білдіреді? Жауап іздеп көрелік. Кім тапқыр? Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.
Ж ауабы: Математика өмірде.
- И, -Т, -І, -Р, -А, -Ө, -К,
- - М, -Е, -Д
V бөлім
Жүргізуші: Сонымен сайысымыздың ең шешуші бөліміне көшейік. Өздеріңнің шыдамдылықтарыңмен логикаңды шынықтыр. Бұл бөлімнің шарты логикалық есеп беріледі. Осы есепті шешуі қажет 5 минут уақыт берілерді. Жоғары ұпай 5 ұпай. Сәттілік!
«Құтты қазықтар» есебі.
Бір қарияның ер жеткен үш ұлы болыпты. Қартайған шағында малын балаларына бөліп бергісі келіп, 12 жерге қаз қатар қазық қағады да, 1 қазыққа 1 қой, 2 қазыққа 2 қой, 3 қазыққа 3 қой. Осы ретпен соңғы қазыққа 12 қой байлайды. – Ал балаларым, мына қазықтардың бәрі құтты. Осында байланған қойларды үшеуің тең бөліп алыңдар дейді, - дейді ол балаларына. – Қазықтағы қойлар саны бірдей емес қой, сонда қалай тең бөліп аламыз? – деп қалды үлкен ұлы. – Әрқайсысың төрт қазықтағы қойды ағытып алсаңдар, еншілерің тепе – тең болады, - дейді қария. Қария әр баласына қанша қойдан тастап кеткен?
Жауабы: 26 қой
Жүргізуші: Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!- дей отырып кешіміздің қортындысын хабарлау үшін сөз қазылар алқасының төрайымына беріледі.
Жүргізуші:
Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз
Әдебі мен тәлімі үндесетін
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс жан болсаң сен ұғатын
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен – күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, - дей отырып, бүгінгі «Ең үздік математик-2016» байқауын аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!
Бекітемін:
Мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары: М.Камалова
Күні: 23.04.2016 ж
Тақырыбы: «Ең үздік математик – 2016» сайысы
Сыныбы: 8-10
Мақсаты: оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд, үлестірмелер, «Үздік математик» билборды, шырпылар, бағалау парағы, танграм

«Әр түліктен нешеден?» есебі.
Жеті жасар баласын есепке үйреткісі келген әкесі бір күні: - Енді 7 жылда түйеміз екі есе, жылқымыз үш есе, сиырымыз төрт есе, қойымыз бес есе көбейсе, онда бәрін қосқандағы саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады екен, - дейді. – Ол кезде біздің үйдегі жылқының, түйенің, сиырдың, қойдың әрқайсысы қаншадан болады деп, - бала әкесіне қарайды. – Шешуін өзің тап, - деп әкесі баласын ойландырып тастады. Көп өтпейақ бала өз жауабын айтады.
Жауабы: бұл үйде 1 түйе, 1 сиыр, 1 жылқы, 1 қой болған. 7 жылдан соң 2 түйе, 3 жылқы, 4 сиыр, 5 қой болады. Баланың жасы 7- де. Яғни 7 жылдан соң 14 –ке келеді. Малдардың басы да 14 болады.