Материалдар / ҮЗДІК ПОРТФОЛИО
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҮЗДІК ПОРТФОЛИО

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
430
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Гүлнар: Қайырлы күн, әріптестер! «Балалар сұлулық əлемінде, яғни ойын, ертегі, əн, сурет, қиял жəне шығармашылық əлемінде, өмір сүруі керек. Бұл əлем баланы қоршап алуы қажет...», — деп В.Сухомлинский айтқандай, мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты дамып, жетілуі үшін қажетті дамытушы ортаны қалыптастыру керек.

Заттық-дамытушы орта – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті үлгілік бағдарламасының талаптарына сай баланың рухани және физикалық бейнесінің дамуын функционалдылығын модельдейтін бала іс-әрекетінің материалдық объектілері мен құралдарының жүйесі.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің басты мақсаты балаларда эмоционалдық жайлылық пен психологиялық қорғаныс сезімдерін ояту болып табылады. Балабақшада балаға өзін жақсы көретіндігін және қайталанбас жеке тұлға екендігін сезінуі маңызды. Сондықтан, тәрбие үдерісі жүретін орта қажетті және маңызды болып табылады. Міне , бүгін сіздермен заттық дамытушы орталықтың ерекшеліктерімен таныстырып өткіміз келеді.

Мақпал:

Заттық-дамытушы ортаны құру кезінде келесідей қағидаттарды басшылыққа алу қажет:

- ортаның жартылай функционалдылығы: заттық-дамытушы орта көптеген мүмкіндіктерді ашып, тәрбиелеу-білім беру үдерісінің барлық құраушыларын қамтамасыз етуі тиіс, осы мағынада көпфункционалды болуы тиіс;

- ортаның жартылай функционалдылығымен байланысты оның түрленуі – бұл жағдай бойынша бірінші орынға кеңістіктің қандай да бір функциясын шығаруға (белгілі бір кеңістікке функцияны бекітетін монофункционалды зоналауға қарағанда) мүмкіндік беретін өзгеру мүмкіндігі;

- вариативтілік, заманауи білім беру үдерісінің сипатына педагог-практиктермен дайындалатын ортаның нақты нұсқалары, түптұлға ретінде мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері үшін модельдік нұсқаларды нақтылайтын заттық-дамытушы ортаның шекті (өзекті) жобасы ұсынылуы тиіс.

Айнұр:

Заттық-дамытушы ортаны құрған жағдайда келесі ережелерді есте сақтау қажет:

1. Орта білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы, ұйымдастырушы, коммуникативтік функциясын атқаруы тиіс. Заттық-дамытушы ортаның топтасуы балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі қажет, білім беру үдерісінің біртұтастылық қағидатына сай келуі тиіс;

2. Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс;

3. Заттардың формасы мен дизайны балалардың қауіпсіздігіне және жасына бағдарлануы тиіс;

4. Декор элементтері оңай ауысуы тиіс;

5. Әрбір топта балалардың эксперименттік іс-әрекеттеріне арналған орынды қарастыруы қажет;

6. Топтық кеңістікте заттық ортаны ұйымдастыра отырып, психикалық даму заңдылықтарын, олардың денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін, жалпы және сөйлеуінің даму деңгейін, сонымен қатар, эмоционалдық-қажеттілік саласының көрсеткіштерін ескеру қажет;

7. Түс палитрасы жылы, пастельді түстерде болуы тиіс;

8. Топтық бөлмеде дамытушы кеңістікті құру кезінде ойынның басты рөлін ескеру қажет;

9. Топтың заттық-дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.

Ақжүніс:

Топтар кеңістігі аясында шартты түрде баланың барлық қызығушылықтарын қамтитын ойын және тақырыптық зоналарды атап көрсетуге болады:

  • Денсаулық зонасы. Қимылды және спорттық ойындарға арналған құралдар,қимылды ойындарға арналған атрибуттар,маскалар,саусақ жаттығуларына арналған,тыныс алу жаттығуларына арналған,майтабанға арналған кілемшелер,

  • театрланған зонада («коммуникация» білім беру саласы) әртүрлі театр қуыршақтары, маскалар, декорациялар, ширмалар бар;

  • Кітапхана бұрышы («коммуникация» саласы бойынша)

  • танымдық даму зонасы («Таным» білім беру саласы) шағын-зертхана (қызықты математика, сөйлеуді дамыту, ғарыш), мұнда энциклопедиялар, әртүрлі логикалық ойындар (лото,мазайка т,б) бар;

  • құрастыру зонасы ірі еден үсті, ұсақ үстел үсті құрастырғыштың, ойын ойыншықтары, құрастыру сызбалары, жол қозғалысы, қауіпсіз өмір сүру ережелері бойынша материалдың болуын қарастырады;

  • көркем-эстетикалық даму зонасында («шығармашылық» білім беру саласы бойынша )сурет салу, музыкалық аспаптар, шығармашылық «қабырға», декоративті-қолданбалы өнер туындыларының үлгілері және т.б. бар; (түрлі түсті қарындаштар, ермексаз, альбомдар, түрлі-түсті қағаздар т.б)

  • экологиялық тәрбиелеу зонасында («әлеумет» білім беру саласы) өсімдіктер, жануарлар, табиғи зона макеттері, көшірмелерді дайындауға арналған әртүрлі табиғи материал, экологиялық дамытушы ойындар және т.б. болады;

  • «зертханада» тәжірибе өткізуге арналған материалдар бар

  • «оқшаулану бұрышы»;

Асима:

Дамытушы орта баланың өзіне деген сенімділігін арттыруға, оны бойына сіңіруіне септігін тигізеді, мектеп жасына дейінгі балаға өз қабілеттерін сезіну жəне қолдануға мүмкіндік береді, өз қабілетін, шығармашылық шешімдер қабылдай алу дағдыларын дамытады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы жəне жоғары шығармашылық əрекет қажет. Себебі ойыншықтардың алуан түрлі болуы баланың дамуына негізгі жағдай болып табылмайды. Сондықтан тəрбиешілер топты дұрыс стандартты емес жабдықтай білуі керек.

Мақсатты ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта баланың үйлесімді дамуы мен тəрбиеленуінде үлкен рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта балаларда қуаныш сезімін балабақшаға деген жағымды эмоциялық қарым-қатынасты, оған келуге деген тілекті шақырады, жаңа əсерлер жəне білімдермен байытады, белсенді шығармашылық əрекетті тудырады, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік жəне əлеуметтік дамуына мүмкіндік береді.







Ғазиза:

Балалардың өз бетімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын дамытушы-заттық ортаны құру қажет.

• ойын зонасы;

• оқшаулану зонасы;

• заманауи ойыншықтар;

• дамытушы ойындар;

• дидактикалық және көрнекі материалдар;

• өнімді іс-әрекеттерге арналған материал;

• шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар;

• эксперимент жасау бұрышы;

• табиғат бұрышы;

• логопедиялық бұрыш;

• фонотека, видеотека;

• спорт құралдары мен жабдықтары және т.б.

Топтық кеңістік шартты түрде үш зонаға бөлінеді:

- тыныш: оқу, «оқшаулану», кітап бұрышы;

- орташа қарқынды: театрланған, музыка, құрастыру зонасы;

- қарқынды қозғалыс зонасы: спорт бұрышы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!