Үздік сабақ: "Қазақстанның экологиялық проблемалары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үздік сабақ: "Қазақстанның экологиялық проблемалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның экологиялық проблемалары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары.

Мақсаты: Қазақстанның экологиялық проблемалары , олардың туындау себептері туралы мағлұмат бере отырып ,топтық жұмыс негізінде сыни қөзқарастар қалыптастыру;

Дамытушылық: Ғаламдық проблемалардың пайда болу себептері, қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, климаттың жылынуы энергетикалық проблемалар және оларды жою туралы түсінік беру.Оқушылардың ізденісін, шығармашылық белсенділігін, біліктілігін дамыта отырып оқыту.

Білімділік: Білімді қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелік ұстанымын басшылыққа ала отырып, оқушылардың алған білімдерін жүйелеу.
Күтілетін нәтиже: Экологиялық проблемалар туралы жалпы мағлұмат алады; экологиялық проблемалардың туындау себебін түсіне алады; проблемаларды шешу жолдарын тауып ұсына алады;

Әдіс-тәсілдері:«бірлесіп ойлау» мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтық жұмысты пайдалану.

Сабақтың өту барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасады, түгендейді. Тренинг өткізеді.Сыныптасын таңдау арқылы топтастырады. Бағалау парағын үлестіреді.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Мен сізді...... таныстырғым келеді».псих. тренинг

Топ құру.

Амандасады, шеңберге тұрады,тренингке қатысады.

Бағалау парағы. Түрлі түсті жұлдызшалар.

І.Үй тапсырмасын тексеру.

Блум таксономиясы бойынша сұрақтар оқиды,жауап берген оқушыларға жұлдызшалар үлестіреді.

Сұрақтар:

1.Адам экологиясы қай кезден бастап зерттеле бастады ?

2.Қазақстанның қай жерінде радиоактивті ластану байқалады ?

3.Экологиялық нашар аудандарға қандай шаруашылық түрі дамыған жерлер кіреді ?

4.Экологиялық проблемаларды шешуге бола ма?

Берілген сұрақтарға ойланып жауап береді.

Оқушылардың берген жауаптарын бағалайды

ІІІ.Жаңа сабақ.

І.Қызығушылықты ояту.

Мұғалім сұрақтар қою арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасайды.

1.Экологиялық проблема деген не?

2.Экологиялық проблемалардың туындауына қандай

Алдымен әр оқушы, содан кейін топтан ортақ «Экология» сөзінің анықтамасын береді.Қағаз, стикерлер, түрлі-түсті бояулар.

ІІ.Мағынаны тану.

1.Топтық жұмыс

Әр бастапқы топқа тапсырма береді. Тапсырма жазылған парақшаларды үлестіреді.Мұғалім топтарға көмек көрсетеді, бағыт береді, сұрақтарына жауап береді.Оқущы жауаптарын мұқият тыңдап түзетулер жасайды қосымша толықтырады.

Мозайкалық әдіс бойынша тапсырма беріледі:

1)Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары неліктен кеш қолға алынды?

2)Медициналық география нені зерттейді? Экологиялық жағдайдың адам денсаулығына әсеріне болжам жасау.

3)Қала мен дала экологиясының айырмашылығы бар ма?

4)Радиоактивті ластанудың денсаулыққа зияны бар ма? Радиоактивті ластанған жерлер туралы не айта аласыңдар?

5)Республика жерін қанша экологиялық аудандарға топтастыруға болады? Экологиялық проблемаларды шешу жолдарын айтыңдар

Оқушылар бастапқы топтан сарапшы топтарға бөлінеді. Топта өздеріне берілген сұрақтың бір аспектісін талдап, сосын бастапқы топқа ақпарат беруге оралады.Бастапқы топтағы оқушыларға түсіндіріп,сұрақтарына жауап береді, пікір алмасады , негізін шығарады, қорытынды жасайды.Орталарынан автор сайлайды. Авторлар берілген тапсырмалар бойынша тақырыпты қорғайды,сұрақтарға жауап береді.Әр топтың жұмысы бағаланады. Топ басшысы бағалау парағына окушыларды бағалайды.

Тақырыпқа қатысты слайдтар.Тапсырма жазылған парақшалар.

2.«Экологтар» тобының зерттеу жұмысының нәтижесін тыңдау.

3.Венн диаграммасын толтыру.

1.Ауылдағы бір көшені таңдап алып, оның экологиялық жағдайына баға беру.

2.Экологиялық жағдайды бұзып жатқан жағдай болса, ол кімнің әрекеті екендігін анықтау.

3.Жайық өзенінің экологиялық жағдайына баға беру.

4. Экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандарды салыстыру.

5. Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша презентация жасайды.

Бағалау парағының бағалау нәтижесін толтырады.

ІІІ.Деңгейлік тапсырмалар орындау. (А, В, С)

А деңгейі.

1.Экология ғылымы нені зерттейді?

2.Республикамыздың аудандары экологиялық жағынан қалай бөлінеді?

В деңгейі.

1.Экологиялық жағдайдың өзгеруіне әсер еткен факторларды ата.

2.Картадан экологиялық жағынан қолайлы және қолайсыз аудандарды анықтап жазып ал.

С деңгейі.

1.Экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандарды салыстыру, әрқайсысына тән ерекшелігін атау.

2.Өзіміз тұратын ауданда экологиялық проблема бар ма? Қандай?

Оқушылар деңгейлері бойынша тапсырмалар орындайды.



Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.



Деңгейлік тапсырмалар жазылған парақшалар.(А,В,С)

ІV.Қорытынды

Бағалау.

Жаңа тақырыпты сұрақтар қою арқылы қорытындылау.

Кері байланыс. «Екі жұлдыз бір ұсыныс»

Формативті бағалау.Мұғалім сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтайды. Қорытынды баға қояды.

Сұрақ:

1.Республиканың қай аймағында тұрғанды қалар едің? Неліктен?

2.Адамның өмір сүруіне қай аудандарды қолайлы деп санауға болады?

Оқушылар сұрақтарға ойланып жауап береді,пікірлерін айтады.

Стикерге өздеріне ұнаған екі нәрсені және бір ұсыныс немесе сауалды жазып тақтаға іледі.

Топ басшылары бағалау парағының қорытындысын айтады,неліктен мұндай баға қойғанын түсіндіреді.

Стикерлер, түрлі-түсті маркерлер.

V.Үйге тапсырма.

Мұғалім үйге тапсырма береді.

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Экологиясы қолайлы және қолайсыз аудандарды кескін картаға белгілеу.

Күнделікке тапсырманы жазып алады.





Қызылорда облыстық білім басқармасы

Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі



Shape1



Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары

Оқытушы: Жалдыбай С.Ж

Оқу тобы: Э-17о

Курс :1



















Әйтеке би кенті

2017-2018 ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2019
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі