Үздік тәрбиеші

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үздік тәрбиеші

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 мектеп-лицейі 0 «Д» сыныбының

IV тоқсандағы сабақты қашықтықтан өту жүйесі бойынша


ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП

24.03-25.05.2021ж.аралығында 0 «Д» сыныбында бекітілген мектепалды даярлық сыныптарының оқу жүктемесіне сәйкес инвариативтік бөлім бойынша: «Дене шынықтыру», «Қауіпсіздік міңез-құлық негіздері», «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу негіздері», «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», «Құрастыру», «Жаратылыстану», «Сурет салу», «Мүсіндеу», «Аппликация», «Музыка», «Қоршаған ортамен таныстыру», ал вариативтік бөлімнен: «Логика», «Ертегілер елінде», «Шебер қолдар» сабақтары бойынша 2020-2021 оқу жылының бекітілген сабақ кестесіне сәйкес өтілді. Сабақты қашықтан өту барысында 2020-2021 оқу жылына арналған Ұзақ мерзімді жоспардың тақырыптары бойынша жүргізілді. Әр сабақтың тақырыптарына сәйкес видео материалдары және сауат ашу негіздері, математика пәндерінен жазу дәптерінің үлгісі, тақырыптағы заттардың дауыстамалары қолданылды. Қашықтықтан сабақ өту уақыты 9-00 да басталады, әр сабақ 15 минуттан өтіледі, бірақ кейбір кездерде интернет желісінің таяу болуына байланысты техникалық кедергілердің кемшіліктерінен сабақ аяқталу немесе жүргізілу уақыты ұзақтау болып кетеді. Сабаққа тізім бойынша 26 оқушы қатысады, тапсырмаларын жеке парақшама жібереді. Кері байланыс ретінде барлық оқушылардың жіберілген тапсырмаларын жинақтап видеослайд жасап, жіберемін. Ескере кететін жағдай сыныптағы Сағынбай Абдуррохим отбасылық ұстанатын дінге деген көзқарастарына сәйкес шығармашылық сабақтарда тірі мүсіннің суретін салмайды, бірақ оның орнына басқа шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Мысалы: сызба-кестелерді, геометриялық пішіндерге және табиғат құбылыстарына қатысты тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша «Қоршаған ортамен танысу» пәнінен 22 қазан күні «Көлік түрлері» және 11 мамыр күндері «Денсаулық тазалық кепілі» тақырыбында ашық сабақтар өтілді. Тақырыпқа сәйкес заттар мен материалдар қолданылды, арнайы видео ұсынылды. Интернеттің желісіне қарай техникалық кемшілік болды, бірақ фото суреттер жіберіліп, сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын, өйткені оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, белсендік танытып, тапсырмаларын жеке парақшама дұрыс орындап жіберілді. Жалпы оқушылар орындап жатқан тапсырмаларын видео, фото, аудиожазба арқылы жібереді. Орындаған тапсырмаларына сәйкес аудио және смайликтер арқылы мадақталады. Сонымен қатар, тәрбие жоспарына сәйкес «Әжелер мектебі», «Асыл күз», «Тәуелсіздік күні», «Қыс қызығы» тақырыптарында қашықтан сынып тәрбие сағаттары видео слайдты көрсету арқылы өтілді. Республикалық деңгейдегі байқауларға оқушылардың тақырыптарына сәйкес тапсырмалары әзірленіп, жіберілді, нәтижесін күтудеміз және де ұстаздық байқаулар негізінде «Шебер сынып», «Қашықтықтан оқу» курсының сертификаттарына ие болдым. Сонымен қатар, мектепішілік өтілген ғылыми жоба бойынша «Бақытты балалық шақ» вирустан қорғану макеті жасалынып, оқушы өз деңгейінде қорғап, I дәрежелі Дипломға ие болдық. Ғылыми мақалалар бойынша екі мақала әзірленді және де «Логикалық ойлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар мен зерттеу жұмыстар» тақырыбыбында өз ғылыми жобамды семинарда қорғалды. Мектепішілік «Үздік педагог» байқауына портфолия әзірленіп, тиісті ережеге сәйкес дайындалды. Ата-аналармен бекітілген жоспар бойынша арнайы жұмыстар мен ZOOM арқылы жиналыс жүргізіліп, хаттамалар тіркелді. Сыныпта мониторинг жүргізіліп, индикатор жүйесінің орындалуын қадағалау көрсеткішінде әр баланың деңгейі анықталды. IV тоқсанның қозғалыс есебінде – 27 бала, ұл – 16, қыз – 11.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2021
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі