Үздіксіз оқу процесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үздіксіз оқу процесі

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ















«Сен жолда жүру ережесін білесің бе?»





6-«А» сынып жетекшісі:

Қалиғазы Айша Базарбековна











Тақырыбы: « Жолда жүру ережесін білесің бе?»
Мақсаты: Жолда жүру ережесінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білуге үйрету.
Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға жол белгілерін есте сақтау дағдысын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бағдаршамның суреті, әр түрлі жазылған сөздер.

Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Көзін ашып жұмады
Бағыт сілтеп тұрады
/ бағдаршам/
Оқушылар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады.
Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,
Деп тұрғандай:
«Адамдарға жол ашық!»
Кезек ашып, жұмғанында үш көзің
Қалт жібермей, орында дәл, тос өзін.
2. Қызыл көзі жанғанда,
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып.
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда
Топпен жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі. сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
Жауап: Бағдаршам - механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзі аспап. Ол жол бойын реттеуге адам өміріне апаттан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз.
2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?
Жауап: Арнайы бағанаға орнатылған жасыл - қызыл түсті, «жүріңіз, тұрыңыз» дегенді білдіретін адам кейпінде көрнекі белгілермен реттеледі.
3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?
Жауап. Жиек жолмен жүреміз.
4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?
Жауап: Жер асты жолымен.
5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?
Жауап: Жолдың он жағынан жүру керек.
6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?
Жауап: Аялдамадан отырамыз.
Бағдаршам ойыны: Барлық оқушы билеп жүреді. қызыл жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп тұра қалады. Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.
1. Сапар шексек, сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай
Автобуспен жүреміз
2. Көліктерге мінеміз
Күнде тынбай жүреміз
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Қорытынды.
Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.
1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.
2. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.
3. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
4. Тар тротуармен келе жатқаныңда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!
5. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр.
Қай көше, қалаға қарай барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға – дей отыра бүгінгі «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты іс - шарамыз осымен аяқталды аман - есен жүрулеріңізге тілектеспіз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.12.2018
585
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі