Ұйымдастырылған оқу іс
-әрекеті
технологиялық
карта
Білім
беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Ұзын жолдар»
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы
топ
Мақсаты:
Қағазға
солдан оңға қарай түзу сызық жүргізе білуді
үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі: Балалардың қарындашпен дұрыс жұмыс істей
білу дағдыларын қалыптастыру, бейнеленгендердің іс-әрекет арқылы
көрсете білу.
Дамытушылығы: Саусақ, қол қимыл-қозғалыстарының
икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Еңбек етуге, ұқыпты жұмыс жасай білуге
тәрбиелеу.
Қажетті
құрал-жабдықтар және қолданылатын
көрнекіліктер:
Демонстрациялық материалдар, қызыл, көк түсті
майлы қарындаштар, екі түрлі жолақ қағаз (ұзын-қысқы), әр балаға
арналған жолақ қағаздар, ойыншық
машиналар.
Әдістер:
Түсіндіру,
сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу,
мадақтау.
Сөздік
жұмыс:
жол-дорого,
машина-машина.
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Балалар
өткенде біз майлы қарындашпен қағазға түрлі сызықтар түсіріп, сурет
салуа болатының білдік. Енді бүгін қандай сурет салсақ екен? Мен
бір жұмбақ жасырайын сендер жауабын тауып
көріңдер:
Ұзын,
ұзын, ұзын жіп,
Ұшына
шыққан жан бар ма?
Ақырын
басқан жан бар ма?
Ұшына
шықпа жалғанда.(Жол)
(Жұмбақтың
мағынасын ашып түсіндіреді).
Негізі:
-Бүгін біз
майлы қарындашпен жолдың суретін саламыз. Ол үшін маған алдымен
мынаны айтындаршы. (Ақ қағаз бетіне немесе фланелеграфқа қызыл ұзын
жолақты, көк қысқа жолақты қатарластырып қойып көрсетеді). Екі
жолақшаның қайсысы ұзын,қайсысы қысқа? Түстері қандай? Қызыл жолақ
ұзын ол қағаз бетінің шетіне дейін жетіп тұр, ал көк жолақ қағаздың
ортасына дейін келіп тұр. Біз көк жолақ сияқты қысқа сызықтарды
өткенде салып үйрендік. Бүгін қызыл жолақ тәрізді ұзын жолақтарды
саламыз.
Педагог
тақтаға бор мен (немесе қағазға қарындашпен) бір шетінен екінші
шетіне дейін жеткізе сызық жүргізіп көрсетеді. Бұдан кейін ауада
қарындашты дұрыс ұстауларын ескере отырып, солдан оңға қарай
бірнеше сызық жүргізгендей қимыл жасайды.
(Барлығы
жұмысқа кіріседі. Бірнеше сызықтар
жүргізеді).
-Енді
қағазға қарындашты өте қатты баспай ұзын-ұзын сызықтар
жүргізсендер, «ұзын жол» болады.
-Біз ұзын
жол салдық, енді осы ұзын жолмен машиналарынды жүргізіп көріндерші.
(Балалар сызықтардың үстімен ойыншық машиналарын әрі-бері жүргізіп
сабақ ойынмен жалғасады.).
Педагог
балалар ойынға кіріскен кезде аралап жүріп талдау
жасайды.
-Мынадай
жолда машина жақсы жүреді, жол тегіс болмаса машина жүре алмайды.
Кейбір дұрыс сызық жүргізе алмаған балаларға сол балалардың өзінің
қағазына сызып көрсетеді.
Аяқталған
жұмыстарын мадақтап,
сабағын
аяқтайды да,балаларды гимнастикалық орындықтың қасына
жинайды.
-Мына
жерде өздерінің бейнеленгендей ұзын жол жатыр,кәне барлығымыз осы
жолмен өтейік. (Балалар кезектесіп,
бірінің
артынан бірі жүріп, бір-біріне қол ұшын беріп көмектеседі. Жайлап
аяқ ұшымен секіріп түсулерін
қадағайлайды).
-Жол
қандай ұзын жол болса да, бәрің жақсы жүріп өтіңдер. (Педагог
балалардың дұрыс қимыл іс-әрекеттерін
қолдайды.
Қорытынды:
Педагог
балалардың салған суреттерін тақтаға қойып,
мақтайды.
-Қандай
ұзын жол жасадық, енді бәріміз машиналарды жолда жүргізіп
ойнаймыз.