Материалдар / "Ұзын шаш-қыздың көркі"Ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұзын шаш-қыздың көркі"Ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобада ұзын шаш туралы жан-жақты мәліметер қамтылған.Ұздік ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
106
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Сатыбалды ауылы

Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі







Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақ дамуы бар

саяхат маршруттары



Секциясы: Әлемде талай қызық бар





Тақырыбы: « Ұзын шаш - қыздың көркі »













Авторы: Жасталап Аруназ Асылқызы,4-сынып оқушысы

Жетекші: Темірғалиева Назым Фатиховна , бастауыш сынып мұғалімі



2020жыл



Аңдатпа

Казталов ауданы Сатыбалды негізігі жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Жасталап Аруназ Асылқызы жұмыстанған «Ұзын шаш -қыздың көркі» деп аталатын ғылыми жобаның мақсаты : Ұзын шаштың адам көркі екеніне көз жеткізу. Шаштың қасиетіне байланысты ғалымдардың тұжырымдарына және ақын-жазушылар шығармаларында берілген шаш туралы материалдарға сүйене отырып, шашқа күтім жасауға және шаш сән үлгілері арқылы әсемдікке тәрбиелеу, шашты жинауға қатысты ұлттық әшекейлерді таныстыру арқылы ұлттық салт- дәстүрге қызығушылық арттыру. Аруназ ғылыми жобасын құнды туынды болады деп сенеді

Аннотация

Цель научного проекта «Ұзын шаш-қыздың көркі»ицы 4-го класса Сатыбалдинской ООШ Казталовского района ЗКО Жасталап Аруназ Асылкызы:Любая девушка красива с своими длинными волосами,поэтомуказахские девушки6женщины особо заботилисьо них,старались иметь самые красивые длинные косы,умели ухаживать за ними,делать разные прически и украшали их с разными шолпы,бусинками,чтобы защитить от дурных глаз.Учитывая труды ученых о свойствах длинных волос и на описание красивых кос и густых длинный волос в художественных произведениях поэтов и писателей,ученица хочетььпризывать своих подруг,ровесниц,одноклассницне стричь,а иметдлинные волосы ибыть всегда красивой,гордитьсяими,так как этоистинные достоинство девушек-казашек.Своим проектам хочет воспитать любовьи уважение к национальным традициям,культуре.

Аnnotion

Kaztalov region.Satubaldy lower secondary school.It,s Zhastalap Arunaz Asulkuzy,s scientific project. It,s about «beauty of long hair of girls»this project taken from many scientists and poets work.That girls looks like more beautiful than another girls.And It,s main aim is to explain importance of girls long hair.













Мазмұны

І.Кіріспе...................................................................................................3

ІІ. Теориялық бөлім.............................................................................

2.1.Шаш-адамың,бұрым- қыздың көркі.............................................5

2.2.Шаш құрылысы,түрі,түсі,формасы,қазақтың шаш өсірудегі өзіндік қағаидалары..........6

2.3. Шашты күту ережесі .........................................12

2.4. Шашқа арналған әшекейлер....................................13

2.5.Шаш туралы қызықты деректер……............14

2.6.Шашқа байланысты ырымдар......................

2.7..Шаш туралы әфсаналар.........................18

2.8. «Сыңғыр шолпы шашбаулым»шаш туралы әндер

ІІІ.Зерттеу бөлім «Біздің зерттеулер»

3.1. «Шашым –менің мақтанышым»..................22

3.2. Сауалнама------------------------------------------24

3.3. Шаштаразбен сұхбат і.......................................25

3.4 . Дәрігер кеңес



IV.Қорытынды.......................................................................................

4.1. Өз түйгенім-----------------27

4.3.Ұсыныс --------------------28

V.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................29







І.Кіріспе.

Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:

Қазіргі заманның қыздарына ата-бабаларымыздың дәстүрін жалғастыруды насихаттай отырып,. ұзын шаш қазақ қыздары үшін нағыз сұлулықтың белгісі екендігін ұғындыру. Ұзын шаштың адам көркі екеніне көз жеткізу. Шаштың қасиетіне байланысты ғалымдардың тұжырымдарына және ақын-жазушылар шығармаларында берілген шаш туралы материалдарға сүйене отырып, шашқа күтім жасауға және шаш сән үлгілері арқылы әсемдікке тәрбиелеу, шашты жинауға қатысты ұлттық әшекейлерді таныстыру арқылы ұлттық салт- дәстүрге қызығушылық арттыру.

Ғылыми жобамыздың гипотезасы: Ұзын шаштың қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы, шашқа тағатын ұлттық әшекейлерді пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау, жаңарту.

Ғылыми жобамыздың міндеттері:

  1. Ұзын шаштың адам көркі екенін дәлелдейтін әр түрлі ақын-жазушылар шығармаларын жинастыру.

  2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерін іздестіру.

  3. Жинаған әдебиеттерді талдау.

  4. Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.

  5. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.



Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

  • Жинақтау,

  • топтау;

  • Салыстыру;

  • Өзіндік ой топшылау



Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:

  1. Ұзын шаштың адам көркі екенін дәлелдейтін ауыз әдебиеті үлгілерінен мәліметтер жинастырдым.

  2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерімен таныстым.

  3. Жинаған әдебиеттерді талдадым.

  4. Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдедім.

  5. Ұзын шашқа өз шығармаларын арнаған сазгерлердің әндерімен таныстым.

  6. Сыныптас құрбыларыммен сұхбаттасу барысында ұзын шашты қыздардан анкета алдым.

  7. Өзіндік пікір, тұжырым жасадым.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: Тақырыбымды ашу барысында ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасалды. Өзіндік тұжырым жасала отырып,салыстыру әдісі де қолданылды.

Зерттеу нысаны- адам

Зерттеу заты- шаш

Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы: Қазіргі заманғы құрбыларымның шаш қою үлгілерімен қатар,шашқа жасайтын сән үлгілері арқылы әсемдікке тәрбиелеуде,шашқа күтім жасауда және шашқа тағатын әшекей бұйымдарды орынды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамын.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Таудың көркі – тас, қыздың көркі – шаш” демекші, қазіргі күні көрікті қыздарымыз көп болса да, ұзын шаштыларымыз сирек. Қанымыз, жанымыз қазақ болғандықтан да қазақ қызының табиғи болмысын жоғалтпай, қазақ қызының өзіне тән қасиетінен айнымай, қос бұрымды бағалай білейік.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім.Өз қатар құрбыларымның ұзын шаш өсіру жайлы ойлары белгілі болды.

Нәтижесі: - Іздену нәтижесінде шаш күтімінің түрлерімен,шашқа арналған әшекейлердің түрлі атауларымен,әндермен ырымдармен таныстым.Шашты түрлендіріп жинауды үйрендім..Нәтижесінде жоба соңында менің ұсынысым бойынша атам әпкем екеумізге шашқа арналған әшекей жасап берді.



Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:Тақырып негізінде жинақталған материалдар ана тілі мен қазақ тілі пәндерінде қосымша қолдануға болады.Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.









ІІ. Теориялық бөлім

2.1.Шаш-адамның,бұрым- қыздың көркі

Бізге ғылыми жоба жүргізуге не себеп болды?

Бірде мен «Балапан»телеарнасындағы «Үйрен де,жирен»бағдарламасынан «Шаш әшекейлері»атты хабар көрдім. Осы бағдарлама мені қатты ойландырды. Осыдан соң адамның шашы туралы көп іздестіретін болдым.Көкейімде шаш туралы түрлі сауалдар болды./ «Шаштың саны қанша?, «Қалай күтім жасаукерек?», «Шашқа байланысты қандай ырымдар бар? «Айдар,тұлым деген не?»т.б/Ізденіс үстінде жүргенімді жетекшіме айттым. Ұстазым менің шаш туралы сұрастырып жүргенімді көріп зерттеу жұмысын жасауға кірістік, мен қуанып кеттім.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

деп ұлы Абай жырлағандай, халқымызда қыз-келіншектің көркі – шаш, шаштың сәні – шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап.

Біздің данагөй ата-бабаларымыз, мейірімді ақ әжелеріміз ежелден-ақ: «Шаштың киесі бар», – деп айтып кеткен. Олардың ақыл-кеңесі бойынша, шашыңның бір талын да кез келген жерге тастауыңа болмайды, оны құс ұясына салуға алып кетсе, бас ауруына тап боласың. Қазір ғалымдар бұл сөздің астарында ақиқаттың жатқанын анықтап отыр. Олардың пайымдауынша, адам шашы ғарыш энергиясын қабылдайтын антенна. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.

Яғни, шаш өзін қоршаған ортамен хабар алмасып тұрады. Ғалымдардың сөзіне назар аударсақ, антеннаға шаштың сыртқы ғана емес, ішкі құрылысы да ұқсас.

Соңғы жылдары ғалымдар ашқан тағы бір жаңалық: Адам шашының Ян қуатына бағынатындығы. Ғарыштық сәуле әсерінен пайда болатын бұл қуат ерік-күшті, дұрыс шешім қабылдауды, тереңнен ойлауды дарытатын көрінеді[ 4]. Осы орайда зерттеушілер Шәкәрім, Төле би тәрізді ұлыларымыз бен ақылман аталарымыз шаш, сақал, мұртын әдемі қоя білгендігімен олардың бойындағы көптеген ізгі қасиеттердің арасында байланыс барын айтады. Бәрі мүмкін. Себебі өмір бойы қырынбаған Бетховенге замандастарының бірі ескерту жасағанында ол: «Егер қырынсам, шығармашылық шабытым жоғалады», – деп жауап қайтарған ғой. Иә, қазіргі ғылым адам шашы мен денсаулығының арасында тығыз байланыс барын растайды. Ғалымдар шашы жоқтардың шашы қалыңдарға қарағанда аз жасайтынын баяғыда-ақ дәлелдеген. Сірә, шашы жоқтар ғарыш қуатын өз «антеннасы» (шашы) арқылы ала алмай, аз мөлшерде қабылдайтын болғандықтан, көп ғұмыр кешпейтін шығар. Ал мұны біздің ата-бабаларымыз тым ерте түсініп, білген тәрізді. Оған нақты дәлел: халқымыздың эпостық жыр-дастандарына, өлең-жырларында қалың, қайратты адам шашы айрықша аталып, батырлық, даналық сипат ретінде дәріптеледі. Мұнан кейін қазақты дана емес деп көріңіз...

Ғалымдар әйелдердің шашы Инь қуатына бағынады дейді. Бұл қуаттың қыз-ке-ліншектердің бойына дарытатын қасиеттері: жұмсақтық, мейірімділік, байыптылық, кешірімділік. Олай болса, біздің аталарымыз бен әжелеріміздің қыз-келіншектерге жалаңбас жүрмеуді, Мешітке орамал тартып кіруді талап етуі тегін емес. Мешіт төбесі, оның айналасындағы кеңістік ерлер шашы бағынатын Ян қуатына тұнып тұр. Сондықтан да әйел шашы ашық болса, өзіне керағар осы қуаттарды тез қабылдап алады. Бұрындары біздің аталарымыз да өз ұл-қыздары қырқынан шығып, 3 жасқа толғанша, олардың шашын тақырлап алып отырған ғой. Әрине, мұның бір себебі шаш жақсы өссін дегендік болғанымен, басты сырының бала санасына шашы арқылы жағымсыз жағдайлар әсер етпесін дегендік екені ақиқат.Шаш туралы ғалымдардың кеңесі: Егерде адамдар үлкен қиындықтарға

тап болып, ұзақ уақыт стрестік жағдайды басынан өткерсе, шашын қидырып, алдырып тастағаны жөн. Себебі шаштың «есте сақтау» қасиеті бар. Ол жүйкені, миды мазалап, көңіл-күйді, денсаулықты бұзады. Әсіресе, шаш ұштары өте сезімтал болғандықтан, стрестен соң оны кесіп тастаса, өте пайдалы. Бұл – ғалымдардың ақыл-кеңесі.

Бұрым – сұлулықтың сәні .Әйелдердің өрілген ұзын ша- шын бұрым деп атайды. Қа-зақтардың дәстүрлі дүниетаны-мы бойынша бұрым – сұлулық-тың сәні, қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы. Осыған орай қыздардың жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, оны ұзын етіп өсіруге түрлі 
шөп тұнбаларын, халық ре- цептерін пайдаланған. Бұрым – жалғыз өрім, қос өрім болып бөлінеді. Қазақ халқы қыздың шашын қырқып кеспеген, керісінше, оны бойжеткеннің то-бығына дейін жеткізе өсіруге айрықша мән берген. Ал енді бұрым шаштың қоюлығы мен сұйықтығына қарай
үлкен бұ-рым, кіші бұрым болып есептеледі. Жуан бұрымды жеңді білектей деп, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеу – қазақтардың ежел- гі салты. Қыз баланың бұры-мын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, тәтесі, әжесі, құрбыла-ры көмектескен. Қазақта Қос- бұрым деген де қыздың аты бар.Кекіл, айдар қою Қазақтың дәстүрлі қоғамын-да ер балаға кекіл, шаш қою- дың, қыз баланың шашын өсірудің өзіндік қағидалары қалыптасқан. Тек кеңестік дә-уірде айдар қою, тұлым өсіру тәрізді әдет-ғұрыптар жоғалып кетті. Құдайға шүкір, қазір ол қайтадан өмірге келе бастады. Бұрым – сұлулықтың сәні. Әйелдердің өрілген ұзын шашын бұрым деп атайды. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы бойынша бұрым – сұлулықтың сәні, қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы. Осыған орай қыздардың жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, оны ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған. Бұрым – жалғыз өрім, қос өрім болып бөлінеді. Қазақ халқы қыздың шашын қырқып кеспеген, керісінше, оны бойжеткеннің тобығына дейін жеткізе өсіруге айрықша мән берген. Ал енді бұрым шаштың қоюлығы мен сұйықтығына қарай үлкен бұрым, кіші бұрым болып есептеледі. Жуан бұрымды жеңді білектей деп, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеу – қазақтардың ежелгі салты. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, тәтесі, әжесі, құрбылары көмектескен. Қазақта Қос-бұрым деген де қыздың аты бар.[1]
Бұрым — бірнеше бұрым шашты бірге өретін шаш үлгісі. Қарапайым бұрым жасағанда шаш бірдей үш бұрымға бөлінеді. Сыртқы бұрым (оң жән сол бұрым алма-кезек) ортаңғы бұрыммен бір реттілікпен өріліп, ұшы резеңкемен немесе шаш тұтқышпен бекітіледі. (С. И. Ожегов «Толковый словарь русского языка» 299б.)

Шаш үлгісі киімненде ерте пайда болды, ол көп нәрсені білдіреді — мінезін, мүддесін, т.б. Ең ыңғайлы шаш – бұрым. Африкада бұрымдарын ұсақ-ұсақ етіп өрген, кей үнді тайпасы да бұрым жасаған. Египеттіктерде өрілген бұрымнан жасанды шаш болған.

Орыс халқы байырғы заманнан бері қыз баланың сұлулық бұрым болып есептелді. Бұл шаш үлгісі монғолдарға дейінгі кезеңде таралған. Ежелгі Ресей мен Мәскеу мемлекеті әйелдерінің шаш үлгісі көп уақытқа дейін ұлттық калоритті сақтаған. Қыздар және әйелдер бұрымы болып бөлінді. барлық қауым және барлық жастағылардың бұрымы үшін. Женские прически

Дегенмен неге бұрын Ресейде бұрымды қатты бағалаған? Әйел адамдарға бұрымды, ал ер адамдарға сақалын қыстап қидыру барлық руға қарсы ауыр қылмыс болған


Біздің ата-бабамыз ежелден өмір күшінің басты көзі деп адамның шашын есептеген екен.

16 жастан асқан қыздарға шаштары жақсы өсу үшін кейде 1см–ге шаштарының ұшын қиюға рұқсат берілген, бірақ жаңа Ай туғанда ғана қиған.

Күші әрі өзіне және әрі болашақ баласына жету үшін, тұрмысқа шыққанда қыздар шаштарын екі бұрым етіп өрген. Шашты тарау қасиетті салт жорасы болған. Шаштарын өздері немесе жақын туыстары тараған, бала кездерінде ата-анасы тараған.

Қыздар бұрымының ұшына лента тағып, безендірген. Шаштарын жаппаған, бастарына венок таққан. Той күні құрбылары сыңсу айтып қыздың шашын екіге бөліп өру және тәжді кигізу үшін бұрымын тарқатқан, шаш үлгісін оның шашын көрмеу үшін кішкентай кенеп телпекпен жапқан. Ең қарапайым және кеңінен таралған «орыс бұрымы» - шашты үшке бөліп өру. Бірақ көлемді әрі жұқа масақ тәрізді бұрым, бірнеше рет өрілген жалпақ әрі тегіс бұрымды да өрген.

Тұрмысқа шыыққаннан кейін шашын тек күйеуі ғана тарай алған. «Кешкі шыққа дейін бұрымыңды тарқатпа – күйеуің келіп, өзі тарқатады» делінген. 4 саусаққа арналған саңылауы бар арнайы тарақ болған. Жігіт ұзын әдемі шаш тарақпен әрі саусақпен де таралатындай етіп тарақты саусақтарына киген.

1917 жылдан кейін Ресейде шаш үлгісінің сәні өзгерді. Жұмыс істейтін әйелдердің шашы қысқа болды. Ал ұзын шаштарынан айырылғысы келмейтіндер дәстүрлі бұрыммен жүрді.

Сән және стиль дизайнерлері мезгіл-мезгіл бұрымға бұрынғы танымалдылығын қайтаруға тырысты, бірақ оны ұзақ уақыт бойы адамдар түсінген жоқ. Бірақ бұрым күтпеген жерден қайтып келді.

2.2.Шаш құрылысы,түрі,түсі,формасы,қазақтың шаш өсірудегі өзіндік қағаидалары

-Шаштың құрылысы

Шаштың түбі тері қабатында шаш ұясында болады ,шаштың құрылысы өте күрделі ,олар өте нәзік және оңай жарақаттанады.Шаштың қандай түріне жататынын анықтап , соған сай жүйелі ,дұрыс ,күтім жасасақ , шашымыз әдемі көрінеді. Шаш – түк тері жамылғысының бір бөлігі . Олар алақан мен табан және кілегейлі қабықшадан басқа , адамның денесінің барлық бөлігін жауып тұрады. Шаш пен түк терінің бетіне көлбеу орналасады . Әрбір шаш пен түктің түбірі мен өзегі болады. Түбір шаш қалтасында орналасады. . Әр шаш қалтасында бір бұлшық ет талшығы жалғасады , оған май бездері нерв талшықтары және және қан тамырлары жалғасқан , ол арқылы шаш қоректенеді. Май бездері шашқа серпімділік , жылтыр түс береді. Ал бұлшық еттері адам шашын қозғайды . Адам қорыққанда ренжігенде шаш шаш тікірейіп тұады оны «Шаш тік тұрады » дейді. Шаш үнемі өсіп тұрады. Шаштың тіршілігінің ұзақтығы 2-4 жылдың арасы . Түскен шаштың орнына байқалмастан , жаңасы шығып отырыды. . Шаш айына 1 см-дей өседі , күніне 30-40 шаш түседі. Бұл қалыпты физиологияық процесс. Дегенмен , шаштың шамадан көп түсуі адамның денсаулық жағдайына байланысты болады.

- Шаштың түрлері.

Қалыпты шаш-қайызғағы жоқ, майысқақ, жылтыр болады. Мұндай шаштар ерекше күтімді қажет етпейді.

Құрғақ шаш-жеңіл және жұмсақ, тез сынғыш келкді, майысқақтығы мен түсінтез жоғалтады. Мұндай шаштарға алдымен дымқыл су жетіспейді.

Майлы шаш- жуғаннан кейін қалыпты әдемі шаш болады, бірақ ертеңіне өзінің әдемілігінен айырылып, майланып кетеді. Бұл артық май безінің қызметіне байланысты.

- Шаштың түсі.

Шаштың түсі оның түбіндегі бояғыш кератиннің комбинациясына байланысты.

-Шаштың формасы.

Жіңішке шаштың диаметрі-0,05мм-ден кем болады, өте сезімтал, тез жарақаттанады, ерекше күтімді қажет етеді.

Орташа шаш-0,05мм. Қалың шаш-0,07мм.

- Қазақтың шаш өсірудегі өзіндік қағидалары Қазақтың дәстүрлі қоғамында ер балаға кекіл, шаш қоюдың, қыз баланың шашын өсірудің өзіндік қағидалары қалыптасқан. Тек кеңестік дәуірде айдар қою, тұлым өсіру тәрізді әдет-ғұрыптар жоғалып кетті. Құдайға шүкір, қазір ол қайтадан өмірге келе бастады.

 Біздің ата-бабаларымыз: «Айдарлы бала –айбарлы бала», – деп айтып кеткен-ді. Ойлап отырсаң, бұл сөзде үлкен маңыз-мағына бар. Әжелеріміздің түсіндіруінше, айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайды. (1-сурет) Сол себепті ата-анасы бауыр еті – баласы бір жасқа толғанында оның қарын шашын алып, төбесінде бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіреді де, оған көзі бар маржан, қаратас тағып, өріп тастайды. Және де айдар қойған баласына арнап мал сойып, үлкендердің батасын алады. Сол елдегі атақты адамдардың орнына баласын аунатып, «баламыз осы атасындай елге сыйлы болып өссін», –деп Жаратқан Иемізге жалбарынады. 

Айдарға байланысты әр түрлі пікірлер бар. Солардың бірінде «Қазақтар

әбден зарығып көрген ұлына ғана айдар қойған. Хандар, үлкен шонжарлар өздерінің орнын басатын, ең жақсы көретін баласына ғана айдар қойып, одан үлкен үміт күткен», – деп айтылады. Тек талас туғызбайтын бір ақиқат: айдар қойған бала он екі жасқа толып, өзінің алғашқы мүшеліне аяқ басқанында айдарын алып, оны мүшел жасының құрбандығы ретінде жиналған жұртқа көрсетіп, мал сойған, қонақасында дуалы ауыз ақсақалдардан бата алған. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген де адам аты бар. «Қобыланды батыр» жырында айтылмайды ма: «Тұлымдыны тұл қылды, Айдарлысын құл қылды», – деп.



 Қазақтың бір халық өлеңінде:

«Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,

Көгілдірі аққудың секілдім-ай», –

деп жырланатынын кім білмейді. Балаға кекіл қойған да өте жарасымды. Ол үшін баланың шашын ұстарамен тақырлап тұрып алады да маңдайына таяу жерде бір шөкім шаш қалдырып, кекіл қояды. Кекілді бала өте сүйкімді болып көрінеді. Қариялар бала кекілінде ата-анасының мейірімі мен сүйіспеншілігі, арман-тілегі, ақ батасы тұнып тұр дейді. Сәбидің кекіліне періште ұялайды деп сенеді. Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір кекіл, айдар қойған балаларды жиі көретін болдық. Негізінен, кекіл жылқыда да болады.Мысалы, халық өлеңінде: «Кекілін кескен кер атым-ай, Титтейден өскен бекзатым-ай»,–деген сөздер бар.( 2 сурет)

Қ ыз бала бір жасқа толғаннан кейін оның да қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырып, оны өсіреді. Ол – «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп аталады. Тұлымды «көз тимесін, қызымыз көрікті болып өссін», – деп қояды. Қыз балаға тұлым қойғаннан кейін шашын алмай, шашы жетіліп өскенінде 3-сурет

тұлымын соған қосып өріп, әсемдейді. Тұлым, тұлымшақ қыз баланың көркіне көрік қосып, оны сұлуландырып жібереді. Тұлымды қыз бала өте сүйкімді болып келеді.(3-сурет)

2.3. Шашты күту ережесі

Шашты қалай күту керек ?Шаштың майлығына байланысты жуып ,сүлгімен жақсылап сүртіп ,массаж жасап (маңдайдан желкеге қарай)кептірген жөн .Егер шашыңыздың жағдайы көңіліңізді толтырмай жүрсе ,массажды күніне 2 рет ,тамақтанып болған соң 1-2 сағаттан кейін жасаған дұрыс . Өйткені бұл кезде қан құрамында қоректік заттар көп, болады, шаш жақсы қоректенеді.

Күніне 2-3 рет тарақ пен не массаж щеткамен шашты тараған пайдалы .Шашты дұрыс күте білсек ,оны үстемелеп коректендірудің қажеттілігі жоқ .Адам бойындағы ең жақсы қасиет-оның жеке басының ерекшелігі. Ал , шаш осы қасиетті сырттай бейнелейтін бір белгі екендігін жас кезіңнен есіңе ұстаған жөн.Шашты жуар алдында шашқа аздап май жағу керек. Аз ғана жақсаңыз жеткілікті, шаштың ұштарына дейін әбден ысқылап жағыңыз да, тарақпен тарап, буып - түйіп қойыңыз. Ертеңгісіне дейін жумаңыз. Кейбір шаш типтеріне май өте қажет, құрғақ әрі зақымдалған шаштарды қалпына келтіру өте қиын, бұл тәсіл құрғаудан алдын ала сақтау болып табылады.
Егер, сіз шашыңызды жуып шыққаннан кейін қатты әрі құрғақ болып тұрғанын байқасаңыз осы пайдалы кеңесті қолданып көріңіз. Негізі май кез келген сусабындармен жуылған шашты жұмсартады.

Шашты жууда басты қателік.
Халықтың басым көпшілігі шашты жуарда сусабынды тым көп пайдаланады. Сусабынды шамадан тыс пайдаланғанда оны жуып-шаю қиынырақ болады да, сусабынның көпіршіктері қалып қояды, кеуіп қалған көбіктен жұқа қабық пайда болады. Пайда болған жұқа қабық шаш фолликулдарына зиянды, ол оттегі ағынының келуіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде – шаш өте нәзік, сынғыш болады да әдеттегі сусылдап, жылтырап тұратын қасиетінен айырылады. Бұл қателікті түзету қажет: ол үшін сусабынды аз қолданып, шаш тазарғанша сумен әбден шаю қажет.
Бұл кеңесті есте ұстасаңыз ең бастысы шашыңызды құрғап, бүлінуден сақтайсыз және сусабынды үнемдейсіз.

Шаш фолликулдарына саусақтың әсері.
Көпшіліктің арасында «шашты су кезінде тарақпен тарауға болмайды», - деген түсінік қалыптасқан, алайда олай емес. Шаштың шатасқанын жазу үшін, шаш құрғақ па, су ма, ол маңызды емес. Шашты жуарда міндетті түрде тарақпен мұқият тарап алу қажет, шаш шатасып тұрмауы керек. Сонда шашты жуу анағұрлым оңай болады.
Шашыңызды жуу кезінде саусақтың ұшымен шаштың түбін уқалап жуған дұрыс, бұл қан айналым жүйесін жақсартып, әрі сусабынның да білкелкі жағылуына септігін тигізеді. Шашыңызды шаю кезінде де, бас терісін уқалап (массаж жасап) жуған дұрыс.

Шаш жуғанда судың маңызы.
Шаш жуғанда судың көлемі де маңызды. Сусабынды шашыңызға жақпас бұрын шашыңыз өте дымқыл болуы қажет. Шаштың түбінен бастап ұшына дейін түгел су тигені жөн. Сусабынды шашыңызға жаққаннан соң аздап су қосқан дұрыс, себебі қарапайым субабындар әдетте көпіре қоймайды, ал аздап су қосып көпіртсеңіз түбін уқалап жууға ыңғайлы болады, шаш жақсы жуылады.

Шашқа арналған сусабындар
Егер шаш кемшіліксіз таза жуылса, сусылдап әрі жылтырап тұрады. Шаштың жылтырап, яғни ешбір кемшіліксіз әдемі болып тұруы сусабынның құрамына да байланысты болады. Сусабынның құрамында силикон бар болса, жоғарыда айтқандай нәтижеге жету қиын. Себебі бұл сусабынмен жуғаннан соң шаштың бетінде жұқа қабықша (микропленка) пайда болады. Негізінен кез келген сусабынның құрамында силикон болады, силикон болмаса оны алмастырарлық басқа зат болуы мүмкін. Сол себепті шашты тазалап шаю өте қажет.
Шашты төмендегідей тәртіп бойынша жуу.
Барлығы өте қарапайым: сусабынды пайдаланғанда шаштың түбіне жағамыз, ал маскі, бальзам, кондиционерлерді пайдаланғанда шаштың орта белінен ұш жағына жағамыз. Шашқа күтім жасау үшін жасалатын сусабын, маскілер т. б. қолданғаннан кейін жақсылап жуып - шайып тастау қажет. Шашта қалып қоймауын қадағалаңыз.
Салондағы күтім жасау мен үй жағдайындағы күтім жасаудың айырмашылығы екі түрлі болады. Салонда пайдаланған құрал мен үйдегі пайдаланған құралдың екеуі бірдей болғанымен нәтижесі бірдей емес. Мұның себебі, салонда шашыңызға жағатын құралдарды дұрыс пайдаланады, яғни маскіні не болмаса сондай құралдарды асықпай массаж жасап отырып біртегіс жағады. Үйде асығыс жасалып, дұрыс жағылмауынан ондай нәтиже болмайды.
Шашқа арналған маскіні қолыңызға жағып шашыңызға мұқият сипалап жағып, содан соң тісі ірі тарақпен жайлап тараңыз. Жоғарыда айтқандай тарақпен тарау шашыңызға зиян келтірмейді. Содан соң массаж жасай отырып шашқа біртегіс етіп жағыңыз, маскінің немесе бальзамның шашқа тимей қалған жері қалмасын.Шашты жылы суменен 3 минуттай жуу керек. Судың температурасы өзіңізге жағымды болуы қажет, аса қатты ыстық болмау керек. Шашты шаю кезінде судың салқындау болғаны жөн яғни, қанжылы сумен шайған дұрыс, сонда шаш жылтырын жоғалтпайды.

Шашқа байланысты кеңестер :

* Шаштың әдемі көрінуі үшін әртүрлі маска бальзамдар пайдаланамыз . Бірақ олар не шашты жұқартып жібереді , не табиғи жылтырлығын құртады . Тіпті шашымызға қайызғақтың түскенін де байқамай қаламыз . Сондайда қолдан дайындалатын шайқурай (зыеробой )тұнбасын пайдалану керек. Тұнбаны пайдалану үшін 10 грамм кепкен шайқурай шөбін ұсақтап ,оның үстіне 1 стакан қайнаған су құйып , бетін жауып ,тұндырып ,баяу оттн 10-15 минуттай қайнату қажет. Дайын болғаннан кейін сүзіп , алып ,шашымызды жуатын суға араластырамыз . Осы шайқурай тұнбасын аптасына екі рет пайдалансаңыз ,шашыңыздың түсуін тоқтатып ,қайызғақтың кетуіне көмектеседі .

* Қайызғақтан құтылудың тағы бір жолы – қарабас шөбінен дайындалатын тұнбаға ( черноголовка ) .Ол үшін қарабас шөбін суға қайнатып ,жылы күйінде жуу керек. Бірақ қатты құрғатпай ,біраз уақыт дымқыл күйінде ұстағаныңыз жөн.

*Ошаған шөбінің тамырын әбден тазалап , ыстық суға 10 минуттай қайнатып ,сутып,сүзгіден өткіземіз. Дайын болған тұнбаны шаштың түбіне жағып, жылы сумен шайса, шашты жұмсартады.

*Бір асқасық календула гүлімен құлмақ тұқымын (хмельді) 1 литр ыстық суға салып әбден тұндырып алып ,шашыңызды шайыңыз. Ол – шаштың тез өсуне септігін тигізеді.

* Күнделікті асмәзәріне қолданылатын пияздың да шашты өсіруге көмегі зор. Пиязды ұсақтап тұрап , сөлін дымқыл шаштың түбіне жағыныз . Кейін шашқа араналған сұйықтықпен шайып тастаңыз .

*Шашыңыз жиі түсетін болса , оның түсуін едәуір тежейтін үпілмәлік ( ксторка ) майын пайдаланыңыз. Ол үшін ыстық суға үпілмәләктің кішкене бөлігін қыздырып алыныз. Кәдімгі тіс щеткасын пайдаланып , шаштың түбіне тегіс жағып шығыныз. Басты жылы шүберекпен орап ,бірнеше сағаттай ұстап, шаш жуатын суйықтықпен шайып тастаңыз.Осылый жиі қайталайтын болсаңыз шашыңыздың түсуі тоқтайды .

* Шаштың жылтыр және жібектей жібектей жумсақ болу үшін түймедақтың , 3 асқасық кепен гүлінің үстіне 1литр ыстық су құйып, баяу отқа 10-15 минут қояды. 30-40 минуттан кейін сүзіп ,сумен шашты шаяды.

* Қырмызы гүл шаш түскенде қолданылатын су сабындар құрамына енеді. Оның тұндармасымен 1-2 күн сайын шашты шайып ,тұрса , шаштың табиғи түсі кіріп , әр жуған сайын жақсара түседі . Бастың терісі майлы , қайызғақ болғанда да қырмызы гүл тұндырмасын пайдаланса , керемет нәтиже береді .

* Шашты қалақай шөбінің тұндырмасын пайдалану арқылы күтімге алуға болады. Қалақайдың ұнтақталған бір ас қасық кепкен жапырағының үстіне 1 стақан қайнап тұрған суды құйып , 1 сағат бойына қараңғы жерге қояды. Сүзіп алғаннан кейін шашқа немесе оның түбіне жағады . Аталмыш тұндырма шаштың түбін нығайтады және оның өсуін жақсартып , қайызғақты кетіреді .

* Зәйтүн майының да (оливковое масло )шашқа пайдасы зор. Бірақ оған ошаған ( репейник )өсімдігін араластырып , қолданған тиімдірек .Мұны жасау алдында100 грамм жас ошаған өсімдігінің түбірін ұсақтап турайды да 200 мл зәйтүн майына салып , біртәулік ұстайды . Сонсоң мұны баяу отқа 15 минут қайнатып ,салқындатады. Дайын болған қоспаны басқа жағып, 2 сағатқа жоғарғыдай етіп орапқояды .Соңынан жақсылап жуады .

2.4. Шашқа арналған әшекейлер

Әшекейлер туралы мәліметте іздеуде мектеп кітапханашысы М.Мусақызының көмегі зор болды.

Шаш – әйелдерге Хауа Анамыз бен Бибі Фатима анамыздан берілген Аллах Тағаланың ғажайып сыйы, құрметі, сәні, еншісі, сұлулығы. Шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап.жемелек – әйелдің әсем табиғатына сай шаштың сәні. Ол халқымыздың ұлттық сый-сипатына тұнып тұр.Енді соларға қысқаша тоқталып кетсек:

Шашбау.

Ол-қыз,келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылып,. қыздардың шашының әр-ажарын ашады. Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу, әшекейлену әдістері әртүрлі.Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді:

1. Шашақты шашбау;

2. Үзбелі шашбау.

Қазақтарда шашбаудың;сөлкебай шашбау, теңге шашбау, шаштеңге, үкі аяқты шашбау, шаш –түлек (лентадан жасалады), шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар. Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді.

Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады,оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды.Шашбауды бұрымға қоса өриді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп,бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбауы қарапайым болады. Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп,денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным-сенімі бойынша,шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады.

Шолпы.

Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққаны белгілі. Халқымызда қалыптасқан сенім бойынша, неше түрлі асыл тастан жасалған сылдырмақ, салпыншақтан тұратын салмағы ауырлау шолпының әсерінен шаш ұзын болып өседі. Сондай-ақ ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды деп есептелген.

Қазақтың қыз-келіншектерінің шаштарына сылдырмақты шолпы тағуына «адам жанына зиян келтіретін бәле-жалалар жоламасын» деген сенім-түсінік те өз әсерін тигізбей қоймаған[4, 106-б.].

Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан.Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде,жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңын қойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып,жүгіріп,секіруін тиған.

«Шолпы» деген ұғым балықтың cудағы секіріп,ойнағанынан шыққан сияқты.

Жас қыздар мынандай шолпы таққан:

1.Үзбелі шолпы;

2.Қос үзбелі шолпы;

3.Маржанды шолпы;

4.Меруертті шолпы;

5.Ақық шолпы;

6.Қоңыраулы шолпы;

7.Тізбелі шолпы;

8.Сағат баулы шолпы;

9.Қозалы шолпы;

10.Сылдырмақ шолпы;

11.Көзді шолпы;

12.Алтын шолпы;

13.Күміс шолпы.

Шашқап.Қазақтың ескі салтында бойжеткен қыздар мен жас келіншектер шаштарына шашқап киетін болған. Шашқапты қыз-келіншектер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, жүк арту, үй тігу, мал сауу жұмыстарына араласқан кезде киген.Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан,күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал,шұға,барқыт,мауыты тәрізді көк,қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп,тігеді. Шашқаптың жоғарғы, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді, зер, оқа моншақтарымен сәндейді,кейде оған маржан, меруерт,күміс шеттіктер тағады.

Шаштеңге. Шолпының күміс,алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінін хабар беріп, «айтып»қояды.Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты-әшекейлі арқалық, шүйдеге тағылған әшекейдің аты-жетерлік.

«Шекеде кәмшат бөрік, киген асыл,

Сылдырлап алтын шолпы,иықта шаш».

Жемелек. Шашқа тағылатын бұйымның тағы бір түрі – жемелек. Аталған сөзге «өрілген бұрым ұшын бекітетін жіп, лента»,«шашбау, әйелдердің шашына тағатын бау»[ҚТТС; 4-т.] деген түсініктер берілген. Ертеде Маңғыстау қазақтары өз салттары бойынша әйелдердің шашына түйенің қара шудасын қосып өрген. Осылай өрілген шаштың атауы – жемелек (жебелек).  «Жемелек» сөзін көбінесе Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары қолданады. Аталған сөзге тек диалект ретінде қарау теріс сияқты, байқағанымыздай, жоғарыдағы сөздердің үшеуі де өрілген бұрым тарқатылып кетпеу үшін шаштың ұшына байланатын, бекітілетін бұйым; айырмасы – шолпы, шашбауға алтын, күміс тиындар қадалатын болса, жемелек – ондай қымбат әшекейі жоқ қарапайым ғана жіп, бау. Түркімен тілінде желемек – шашқа тағылатын күміс әшекей. Өзбекстандағы қазақтардың тілінде желемек – өрілген шаштың ұшына тарқатылып кетпеу үшін жалғанатын жіптен ширатылған әшекейлі шашбау.

2.5.Шаш туралы қызықты деректер

Әйелдер үшін шаш бұл – ерекше тотем. Шашты қию өзінің өмірін ауыстыру дегенді білдіреді, ерте кезде де бұған күмән келтірмеген. Шашты қиюмен көптеген ескі ырымдар байланысты.

Бұрынғы кезде шашта адамның өмірлік күші жасырынады деп есептелген. Шашқа қатысты көп тыйымдар жасалған: шашты желге лақтыруға болмайды, шашты тек нақты бір күні ғана қиған, жуған және тараған. Шашты қию өмірін қысқартуға өз күшін азайту, ауқаттан айыру дегенді білдірген.

- Аяғы ауыр кезде шаш қиюға болмайды. Ерте кезде адамның оны шашы суықтан қорғаған.

- Сәбидің шашын жасқа толмай қимау керек. Ерте заманда шашы бар адамдар бай, бақытты және өзгелерден мықты деп есептелген. Адамдар сәбидің «бақытын кеспеу» және «ақылын қырықпау» үшін шашын тіпті тарамауға тырысқан.

- Шаш қиғызғанда шаштаразшы шаш қиятын адамның жынысына үйлес болу керек. Ерте заманда өз отбасын бұзбау үшін ер адамдар әйелінен басқа ешкімге шаш қиғызбаған. Басқа адамға шаш қиғызса, биоөрісі өзгеріп, нәтижесінде өзгенің ықпалы тез әсер етеді деп есептеген.

- Өз шашыңды кез келген адамға қидыруға болмайды. Сіздің шашыңызды кім қиса. Сол адам сіздің биоөрісіңізді өзгертеді. Сондықтан шаш қиғызған жарқын және де жігерлі адамға қиғызыңыз. Сонда сіздің өміріңізде жақсарады.

- Егер сіз сырқаттанып қалсаңыз, міндетті түрде шашыңыздың шетін қиыңыз. Себебі сырқаттың барлық негативті энергиясы қиылған шашпен кетеді.

- Сіз әйел адамның орташа шашының ұзындығы бөксеге дейін, ал қалыптысы, оны энергияның қажетті қорымен қамтамасыз етуге қабілеттісі тізеге дейін екендігін білесіз бе?

- Ұзын шашты әйел адамдардың энергиясы соншалықты күшті, олар өздерінің энергетикасымен сүйікті күйеулерін барлық бәледен қорғай алады.

- Қиылған шашты лақтыруға болмайды, оларды жинап, жағып жіберу керек.

- Шаштың түсі «меланин» деп аталатын пигментке байланысты, қаншалықты меланин көп болса, соншалықты шаш қара болады.

- Орта есеппен адамда 100000 шаш болады.

- Көптеген адамдарда күніне 50-ден 100-ге дейін шаш түседі, бірақ оның орнына жаңа шаш өседі.

- Айына шаш 1.5 см-ге ұзарса, жылына - 12-15 см-ге дейін өседі.

- Түнгі уақытқа қарағанда, күндіз шаш тез өседі.

- Шаштың өсу жылдамыдғы адамның жынысына және жасына байланысты.

- Ер адамдарға қарағанда, әйел адамдардың шашы тез өседі. Әсіресе 15-тен 30 дасқа дейін шаш тез өседі. 50 және 60 жас аралығында жынысқа қарамастан шаштың өсуі саябырлайды.

- 14жастан 17 жасқа дейін ең ұзын шаштар өседі, содан кейін әр шаштың ауысуны байланысты, шаш қысқарады және жұқарады.

- Ең ұзын шашты қыз Ресейдің Волгоград қаласындағы Татьяна Письменнаяда. Шашының ұзындығы 2 метр 50 сантиметр.

Мінекей шаш туралы қаншама қызықты мәлімет алдық!

2.6.Шашқа байланысты ырымдар

  • *Қазақ халқында екі-қабат кезінде әйелдер шашын кеспейді.Олай жасаса,іштегі бала кемтар болып туады.

  • *Әйелдер тектен –текке шашын жайып жіберіп жыламайды,дауыс қылмайды.Бұрындары күйеуі өлген әйелдер ғана солай істейтін.

  • *Қыз-келіншекті шашын жұлып,сабамайды.Бұл олардың басынан бағын тайдырып, шаңырақтың ырыс-құтын қашырады.

  • Бұрымды кеспе бойжеткен.*Халқымызда: «Бұрымыңды кескенің-ақылыңды кескенің», «Бұрымыңды кескенің-өмір жолынды кескенің»деген ғибратты сөздер бар.

  • Қазақтар ұстарамен алынған, қайшымен қиылған, түсіп қалған шашты жинап алғанымен, далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса, бас ауруға шалдығады, бас айналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдығады.

  • Тырнақ пен шаш бейсенбі, жұма күндері алынуға тиісті. Түнде де тырнақ пен шашты алмайды. Себебі, адамның жаны түнде тырнаққа ілініп тұрады екен. Ал түнде шаш алу бас алумен бірдей деп жорылады.

  • Қазақ әйелдері өздерінің шашын жауып, басына салып жүрген арнаулы жаулығын басқаларға бермейді. Олай істесе, басындағы бағы басқаға көшеді.

  • Қазақта балаға кекіл қояды. Шашын тегіс ұстарамен қырып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Жиегін тегістеп қояды. Ол кекіл деп аталады. Кекіл баланы ажарландырады. Соған орай баланы еркелетеді. Аттың да маңдайындағы бір шоқ түгін кекіл деп атайды. Кекіл баланы тіл-көзден, сұқтан қорғайды, пәле-жаладан қағады.

  • Баланың төбе шашын ұзын өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Бұл «Айдар» деп аталады. Айдарлы адам айбарлы көрінеді, оған тіл-көз тимейді деп саналады.

  • Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас отырып баласын емізбейді, орамал тартады. Жалаңбас емізсе, шашының қайызғағын шайтан баласының аузына салып жібереді, бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, басына шығып, аяқ асты етеді деп ырымдайды.

  • Баланың қарын шашын алған соң тастай салмай, сақтап қояды. Бала қырқынан шыққанша, жеті ай толғанша әлсіз болады. Сондықтан бір тал шашын тастамай, сақтаукерек.

Ақ шашты әжелеріміздің айтуынша, бойжеткен кімге бұрымын кестірсе,соның тағдырын басында қайталап өткізеді. Егерде бұрымын кесе қалса,оны таза шүберекке орап,адам баласының табаны тимейтін жерге апарып көмуге тиісті.Өйткені,бұрым-бойжеткеннің ана құрсағынан өзімен бірге келе жатқан жолдасы, қарын-шашы.

2.7..Шаш туралы әпсаналар



Әпсана – Бұл терминді орыс, Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан "легенда" (лат. legenda) - ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С.Қасқабасов енгізген. Халықтың наным-сенімінен, арман-қиялынан туған прозалық жанрдың бірі, шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер.
Халқымызда шаш туралы эфсаналар көп. Өзге ұлттарда да шашқа қатысты болжамдар аз емес. Әсіресе, шаштың түсіне байланысты пікірлер, тұжырымдар өте қызықты. Шашының түсі қандай болса, иесі қандай адам, біз енді сол жөніндегі зерттеушілерің пайымдауларына тоқталсақ. 

Мектеп педагог-психологі Г.Мақсотқызымен бірге шаш туралы психологиялық мінездемемен таныстым.

1. Қара шаштылар – қызу қандылар, қайратты адамдар.
2. Қоңыр шаштылар – елгезек, әсершіл, өз ойы мен эмоциясын жасыра алмайтындар.
3.
Қызыл, алтын сары шаштылар – ақылды, мәдениетті, көпшіл, айлакер, кекшіл адамдар.

  • Ел ауызында бұрымын кескісі келген бойжеткенге байланысты талай-талай аңыз-әңгіме бар:

  • Бір қыз бала тобығына дейін түскен қолаң шашын кеспекші болып қолына қайшы -сын алғанында мынадай оқиғаларды ап-анық көреді:

  • Бұрымын кескен күні әкесінің бұл өмірмен қоштасатынын;

  • Бұрымын кескен күні өмір жолының кілең сәтсіздіктен басталатынын;

  • Бұрымын кескен күні ешкімнің оған алғыс айтпайтынын,одан түңіліп теріс айналатынын;

  • Бұрымын кескен күні жігіттердің одан безіп,онымен ешқайсының таныспайтынын, жапанда өскен жалғыз ағаш сияқты сыңарсыз қалатынын...

  • Осы көріністер оған аян бергендіктен,бойжеткен бұрымын кесуден бас тартады. Сол сәттен бастап оның өмірі қуаныш-қызыққа толып, бақытты тұрмыс құрады,үбірлі-шүбірлі, дәулетті отбасының анасы болып,қосағымен қоса ағарады.

  • Аңыз-әңгіме болса да, оның негізі-ақиқат екеніне күмәніміз жоқ.

2.8. «Сыңғыр шолпы шашбаулым»шаш туралы әндер

Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын шашты қызы елестейді:

«Сыңғыр шолпы шашбаулым,

Жарасады таққаның.

Осы сәнің тұрғанда ,

Қаламаймын басқаны.

Қүйіншілер жеңгелер ,

Шашбаулы қыз келді деп»

Сол сияқты «Арна»тобының орындауында жүрген «Сенің қою қара шашың»әні сағындырған қыздың бет бейнесін береді. Әнші-сазгер Марат Омаров пен Құдайберген Қазыбаевтің «Қыз сыны»,Р.Тайманов пен Ысрайл Сапарбаевтің «Қазақ қызы»әндері сұлулық,нәзіктік символы ретінде бұрымды қыздарды үлгі еткен.

ІІІ.Зерттеу бөлім «Біздің зерттеулер»

3.1.Шашым – менің мақтанышым

Мен шашымды өте кішкентай кезден бастап өсіріп келемін. Анам менің шашымды күтіп кішкене кезімнен бастап өсіріп келеді. .Тек 1-2 айда шашымның ұшын ғана сәл қиып отырамын.Ол шаштың дұрыс бұзылмай өсуіне жақсы әсер береді.

Шашты қалай дұрыс жуу керек?Ең алдымен әрі-бері тарау керек,сол кезде шаш қатыруға арналған лактар мен гельдер түседі.Шаштың типіне байланысты сусабындарды дұрыс таңдай білу керек.

Шашымды аптасына екі рет жуамын.Тек қана балаларға арналған сусабынмен жуынамын.Ол «Мои кудряшки»деп аталады.Сол сусабын шашты ұйыстырмай тарауға көмектеседі.

Шашты жуғаннан соң 3 есе артық сумен шаю керек.Жақсы шайылған шаш кепкеннен кейін жылтырап тұрады.Дұрыс шайылмаған шаштағы сусабын оның түрін бұзады.

Шашымды жуып болған соң, бос жіберіп еркін кептіремін.Фен қолданбаймын,себебі ол шашты шамадан тыс кептіріп,шашқа зиянын тигізеді.

Күнде мектептен келген соң ,шашаымды бос жіберемін.Себебі шаш арасына ауа кіру керек.Шашымды әр түрлі бағытта тараймын.Сол кезде бастың қан айналымы жақсарады.Өзімде жақсы әсер аламын.Мен ағаштан жасалған тарақтарды пайдаланамын.

Ұйықтар алдында шашымды тарап,бос өріп жатамын.

Ұзын шаш өзіме өте ұнайды ,себебі неше түрлі етіп өруге,жинап түюге,шашқа арналған әшекей –бұйымдарды тағуға болады.

Өзім жиі қолданатын шаш үлгілері







Shape1 Анамның сыйлығы

Ұзын шашты қыздар арасында өткізілген сән үлгілері.

Сонымен қатар осы ғылыми жұмыс төңірегінде мектебімізде 8-наурыз қарсаңында ғылыми жетекшіммен бірге «Иықтан шашы төгілген» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: қазіргі жастар арасында ұзын шаштың көркін насихаттау. Келесі зерттеу жұмысымды мектептің ұзын шашты қыздар арасында өткіздім.Бұл зерттеу жұмысымның мақсаты:Ұзын шашқа қандай сән үлгілерін жасауға болады? Осы орайда ұзын шашқа неше түрлі сән үлгісін жасауға болатынын және осы сән үлгілері қыздарға ерекше сән беретіні анықталды.



Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім.

3.2.. Сауалнама.............

Сонымен қатар,мектептегі қыздар арасында ұзын шашты қыздарды санап, мынандай кесте құрдым:

Сынып

барлығы

Ұзын шашты қыздар

Қысқа шашты қыздар

1 -4-сн

15

11

4

6-9 -сн

14

10

4

Барлығы:

29

21

8






Мектептегі ұзын шашты қыздарға арналған сауалнама

1. Сіздің шашыңыз ұзын болды ма,әлде қазіргі уақытта ұзын ба?

2. «Шаш-адамның ажары» деген мақалдың мағынасын білесіз бе?

3.Сізге бұрым қылып өрген, қысқа шаш әлде шашты жинап алған хвост ұнайды ма?

4.Бұрым сәнді ме?

5. Сіздің ойыңызша сабақ кезінде шаштың қандай сән үлгісі ыңғайлы деп ойлайсыз?

Зерттеуге біздің мектептің 14қыз баласы қатысты.

2.2. Сауалнаманың қорытындысы.

Сұрақ 1:

  • 64%- ұзын шаштың иегерлері.

  • 36%-қысқа шашпен жүреді.

Сұрақ 2:

  • 71% «Шаш-адамның ажары» мақалының мағынасын біледі

  • 29% «Шаш-адамның ажары» мақалының мағынасын білмейді

Сұрақ 3:

  • 50% -бұрым ұнайды.

  • 36% Жай жинау ұнайды.

  • 14% -қысқа шаш ұнайды.

Сұрақ 4:

  • 86% - ұзын шаштан сәндеп жасалған шаш әдемі, оны сәнді деп есептейді.

  • 14% -бұрым сәнді емес деп есептейді.

Сұрақ 5:

  • 86% бұрымды сабақта ыңғайлы деп есептейді.

  • 7% жай жинау сабақта ыңғайлы деп есептейді.

  • 7% қысқа шашты сабақта ыңғайлы деп есептейді..

Өз зерттеу жұмысымды бөліскім келді.Осы мақсатта ұстазым екеуіміз мектептегі 2-4-сыныпта оқитын ұл балалардан жабық анкета алдық.Ұл балалар жауаптарын сараптап мынандай кесте құрдық.

Сұрақ

Ер балалар саны -10ұл


«иа»

«Жоқ»

«білмеймін»

Ұзын шашты қыздар ұнай ма ?

7

1

2


70℅

10℅

20℅

Жалпы сауалнамаға 10ұл қатысты. «Ұзын шашты қыздар ұнай ма?»-деген сұрақты 2-4-сынып ұлдарынан сұрағанда: 7ұл –«иа»,1 ұл- «жоқ»,2ұл-«білмеймін»деп жауап берген. Яғни, ұзын шашты қыздарды ұлдар да ұнататыны белгілі болды.

2.3 Өз тәжірибеммен бөлісу.

Анам менің шашымды күтуде осы екі тәсілді көп қолданады.Соның нәтижесінде қазіргі таңда менің шашым тез өсуде.Оны сіздермен бөліспекшімін.

1.Шашты сіркесуы қосылған сумен шаю. Шашты шайқарда шайқайтын суға бір ас қасық уксус құйса шаш жылтырап тұрады.

2. Айына бір майонезбен жуу. 2асқасық майонезді шаштың түбіне жағып 30 минуттай орап қоясызда,тазалап жуу керек.Нәтижесінде шашқа сірке түспейді және шашты қоректендіреді.

3.3. Шаштаразбен сұхбат

Шаштараз Ақбөбек Дидарқызымен сұхбат:

Шаштараз апаймен сұхбатты карантинге байланысты онлайын алдым.

-Шашты қанда сусабынмен жуу керек?

Шаштараз. Шашты жуатын су жұмсақ ,жылы болу керек. Жаңбырдың суы шашқа өте жағымды. Кермек су шашты құрғатады. Шашты жуу техникасы да өте үлкен қызмет атқарады. Егер шашыңыз әдемі болсын десеңіз, шаштың түбін , терісін жақсылап жуып, шаштың шатасып қаламуын қадағалаңыз. Шаш шатасып қалса, оны тарағанда шаштың түбіне зақым келеді. Шашты таза сумен шаю да маңызды.

- Шашты қалай кептіру қажет?

Шаштараз. Шашты құрғақ орамалмен жеңіл сүртіп, бөлме температурасында кептіру керек,ал күннің көзіне немесе фен арқфылы кептісек шаш құрғап, өзіне тән жылтырынан айырылады.

-Шашты жиі тарау керек деген түсінік бар, қалай ойлайсыз , шашты қалай тарау керек ,қандай тарақты қолданған дұрыс?

Шаштараз. Тарақпен шашты күнделікті тарау бас терісінің қан айналымын жақсартады. Тарау да шаш күтімінің бір түрі. Ал тарау үшін тісі орташа сүйектен жасалған тарақ пайдалану керек. Жұмсақ щеткада ыңғайлы , шашты күніне екі рет тараса болады. Темірден жасалған тарақ бас терісін жарақаттауы мүмкін.

3.4. Дәрігер кеңесі

Ауылымыздың фельдшері Г.Батырхановамен сұхбат:.

1.Шашты қаншалықты жиі жуу керек?

Дәрігер:Егер шаш кірлесе, майланса жуамыз. Ал құрғақ шаштарды жуу керек. Жатар алдында шашты жумаған дұрыс, себебі дымқыл шаш денсаулыққы зиян.Кір шаш адамға бірқатар қолайсыздық әкелуімен қатар, бірнеше аурудың себебі де болады.

2. Кейбір қыздардың шаштары жуғаннан кейін қобырап,құрғап , тез сынғыш келеді, мұнда йжағымсыз жайттардан қалай сақтануға болды?

Дәрігер: Сұйық сабынмен жуғаннан кейін кейбір шаштар құрғап, қобырапкетеді,сондықтан, бүгінгі күнде неше түрлі бальзамдар барсоны пайдалансаңыздар,ол шашты жылтыратып иілгіш етеді. Бальзамды да әр шаштың түріне қарай таңдауды умытпаңыздар.

3. Дәріні ұзақ уақыт қабылдаудың шаштың сапасына , өсуіне әсер ете ме?

Дәрігер:. Шаштың жағдайы ағзаның жалпы жағдайымен тығыз байланысты. Эмоционалды күйзеліс ,ауыр сырқат, ағзаға түскен ауыр салмақтың әсерінен шаш өңсізденеді және түседі.

4.Соңғы кездерісуық мезгілде бас киімсіз жүру сәнге айналды, бұл шашқа қалай әсер етеді?

Дәрігер:Қай мезгілде болмасын бас киімсіз жүру өте зиян.Суық ауа бас терісінің қанайналымын нашарлатады, шаш табиғи түсінен айырылады, тез сынғыш болдаы,ал ыстықта май бөліну жылдамдап , шаш тез кірлейді. Қыс мезгілінде жылы шапка, жазда жеңіл қалпақ немесе орамал тартқан дұрыс.

5. Кейбір шаштар баяу өседі, шаш қаншалықты жылдам өседі?

Дәрігер :Адамның жас кезінде шаш жылдам өседі-тәулігіне 0,3мм.

Өсу уазықтығы бірнеше айдан 4 жылға дейін созылады . Одан кейін шаш түсіп ,жаңа шаш шығады. Күніне 75- 150 шаш түседі ,орта есеппен шаштыңтіршілігі 4жылдан7жылға дейін .Бастағы шаштың түсуне байланысты ,ақ ақ сары түстерді есептегенде 140 мың тал , қара торлыларда 110 мың , сары түстілерден 90 мың тал шаш бар .

6.Шаш бояу шашқа зиян емес пе ?

Дәрігер: Шаштың түсін өзгерту , бояу мен шашты өңсіздендіру арқылы іске асады.Шашты бояудың бір себебі шаштың бояғыш заттары жоғалғаннан шаштың ағаруы .Ақ шаштар 40 жастан кейін пайда болады ,бұл қалыпты физологиялық өзгеріс . Кей жағдайда жастардың да шаштарына ақ ерте түседі .Бұған себеп көбіне ауыр сырқат ,жүйке жүйесінің күйзелісі ,түрлі витаминдердің жетіспеуі . Әйтсе де химиялық бояғыш заттар шашты бұзатынын да ұмытпау керек.

Шашты қалай күту керек ?

Дәрігер:Шаштың майлығына байланысты жуып ,сүлгімен жақсылап сүртіп ,массаж жасап (маңдайдан желкеге қарай)кептірген жөн . Күніне 2-3 рет тарақ пен не массаж щеткамен шашты тараған пайдалы .Шашты дұрыс күте білсек ,оны үстемелеп коректендірудің қажеттілігі жоқ .

Дәрігермен сұхбаттасқаннан кейін жұмысымды тиянақтауға бел будым. Өйткені маман сөзі, әрқашан шындықты талап етеді.

V.Қорытынды.......................................................................................

4.1. Өз түйгенім

Қорыта айтатын болсам  бұл жұмысты жазу барысында  маған  адам шашы туралы мағлұматтар мен қызықты деректерді жинап, өз ойымды жазған ұнады. Сол себептен  мен  ғылыми жұмысымды бастаған едім.  Зерттеу жұмысымда  қыздың көркі – шаш жайлы жаздым. 

Бұл тақырып қазақ халқының тарихымен байланысты. Жобада салт-дәстүрлерден мысалдар келтіре отыра, өзім де бұл дәстүрлерді біліп алдым. Мен үшін бұл мол тәжірибе болды. Ал қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды. Қыздың көркі ұзын шаш екендігіне дәлелдермен, шаш туралы жиналған материалдар мен ақын-жазушылардың шығармаларын мысалға келтіріп, шаш туралы ой-пікірлерді жинақтадым.Қазақтың шашқа арналған ұлттық әшекейлері мен салт-дәстүріне қызығушылықты арттыру мақсаты орындалды.

Зерттеу бөлімінде мен өз мектебіміздің мақтанышы болатындай бұрымды қыздардың фотосуреттері мен аздаған мәліметтерін келтірдім. Бұл жастар арасында шаш сәнін насихаттау деп ойлаймын. Сонымен қатар, осы тақырып төңірегінде мектебімізде сауалнама жүргізіліп, мектепішілік шара өткізілді. Бұл тақырыптың қызық болғанынан ба, оқушылар арасында мәселе қызығушылық танытты. Алынған мәліметтер жобаның негізгі бөлігінде берілген. Жалпы айтқанда бұл тақырып бойынша жұмыс жасау маған қиын болмады. Себебі жан-жақты іздену барысында мен өзіме қажетті мәліметтер көп жинадым. Жоба барысы мен үшін тез өтті. Сондықтан оны жазу үрдісі маған қиындық тудырмады. Алған қойылған міндеттер орындалып, мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Зерттеу жұмысымды қорытындай келе шаштың қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретініне көзім жетті.

  1. Шашқа тағатын ұлттық әшекейлермен танысып, олардың жинағы жасалады.

  2. Халқымыздың шашқа байланысты туған ырымдарымен таныса отырып, өзімізге келешекте есте ұстайтын салт- дәстүр түрін жинадым.

  3. Шаш күтіміне байланысты өзімнің тәжрибеммен бөлістім.

4.Сыныптастарымның пікірлерін тыңдадым,өзіндік сараптама жасадым

4.3.Ұсыныс

1.Қыздарға ұсыныс:Барлық қыздарға айтар ұсынысым: ұзын шаштың адам көркі екенін біле тұра, шаштарыңызды ешқашан қимаңыздар, өйткені шаш ешқашан сәннен қалмайды! Бұрымды қыз әрқашан сұлу!

2.Мектебіміздегі «Инабат»қыздар ұйымының жетекшісі Г.Замирқызы мен ұйым мүшелеріне ұсынамын: Алда шаш өру түрлері мен шаш күтіміне байланысты қыздарға арналған ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАР ұйымдастырылса;

V.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

.Кенжеахметұлы«Жеті қазына» Алматы: «Ана тілі» ЖШС

  1. Д.Қанатбаев «Бұрым» өлеңі «Қазақ әдебиеті»газеті

  2. Б.Әлімқұлов,Е.Әдіроманов «Әдеби этнографиялық таным» Алматы «Санат»

  3. Толыбаев Қ. Бабадан қалған бар байлық. – Алматы: «Қазақстан» баспа үйі – 2000. – 256 б.

  4. М.Сүлеймен«Астана айнасы» газеті 2009 ж.

  5. Қазақ тілінің терминологиялық сөздігі 4 том

  6. «Әндер жинағы» Алматы «Аруана»

  7. Интернет желісі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!