Білім беру саласы: Таным
Бөлім: «Математика негіздері», «Қоршаған ортамен таныстыру»
Дағды: «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту», «Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру»
|
Қатысушының аты-жөні: Қатысушының нөмері: |
Маханбет Әдемі Муханқызы 7 |
|
Топ: |
Мектепалды даярлық тобы |
|
Баланың жасы: |
5 |
|
Тақырып: |
«Шама. Ұзындықты өлшеу. Өсімдіктер әлеміне саяхат» |
|
Мақсаты: Міндеттері: |
Балаларды өсімдіктер әлемімен таныстыра отырып, заттардың шамасын, ұзындығын салыстыруды үйрету, практикалық әрекеттер арқылы өлшеу ұғымын түсіндіру және табиғатты аялауға тәрбиелеу. |
|
Білімдік: Дамытушылық:
Тәрбиелік: |
-Ұзын-қысқа, биік-аласа ұғымдарын меңгерту; -Заттардың ұзындығын салыстыру тәсілдерімен таныстыру; -Өсімдіктердің бөліктерін (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл) және олардың өсу, дамуын түсіндіру. -Логикалық ойлау мен талдау қабілетін дамыту; -Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сұрақтарға нақты жауап беру дағдыларын қалыптастыру; -Қол еңбегі және ұсақ моторикасын дамыту; -Табиғатты қорғауға, өсімдікке қамқорлықпен қарауға баулу; -Еңбекқорлыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
|
Әдіс-тәсілдер: |
Көрнекілік (көрсету, сурет, бейнебаян),сұрақ-жауап, әңгімелеу, тәжірибелік әрекет (өлшеу, салыстыру, бақылау), дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындары |
|
Балалармен жұмыс түрлері: |
Топтық, жұптық. |
|
Материалдар мен жабдықтар: |
АКТ, таратпа материалдар, музыкалық сүйемелдеу, бейнежазба, түрлі-түсті таспалар. |
|
Іс-әрекеттің барысы: |
|
|
І.Кіріспе бөлім: Шаттық шеңбері: Ал балалар, келіңдер! Дөңгеленіп тұрайық! Қол ұстасып бәріміз, Шаттық шеңбер құрайық! Күн жылытып шуақты, Жер анамыз қуатты, Ағаш, шөппен, гүлдерге, Жылу сыйлап жүр бірге. ІІ.Негізгі бөлім. -Балалар, менің қолымда 4 түрлі түсті шар бар. Осы түстерді жыл мезгіліне теңейікші балалар. жасыл түс-көктем, қызыл түс-жаз, сары түс-күз, ақ түс-қыс мезгілі. Ал енді, осы шарлардың ішінен қазіргі жыл мезгіліне сәйкес келетін түсті таңдаңдар балалар. -Не үшін ақ түсті таңдадыңдар балалар? -Ақ түс- қыс мезгілі, қыс мезгілінде айнала аппақ болады, күн суық болады, сол себепті ақ түсті таңдадық. -Жарайсыңдар балалар, қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді біледі екенсіңдер. Ғажайып сәт: Тәрбиеші: - Балалар бізге досымыз зерттеуші Зерек хабарласып жатқан секілді. Сәлеметсіңбе, зерттеуші Зерек! Неге көңіл-күйің жоқ? - Сәлем балалар, ия менің көңіл-күйім жоқ. Мен өсімдіктер әлемін зерттегенді ұнатамын. Енді жапырақтарды, гүлдерді зерттегім келді, бірақ мен жапырақты да, гүлді де таппай жатырмын. Соған көңіл-күйім жоқ. Тәрбиеші: - Зерттеуші Зерек, сен мұңайма, қазір қыс мезгілі болғандықтан жапырақта, гүлдерде болмайды. Оны көру үшін біз сиқырлы баққа саяхатқа барамыз. Ол жақта барлығы жасыл түсте, гүлдер, ағаштар, бұталар барлығы бар. Сондықтанда сиқырлы бақ деп аталады. Зерттеуші Зерек жүр бізбен бірге сиқырлы баққа барайық. - Ия, меніңде барғым келеді. Мен сендермен бірге барайын. Тәрбиеші: -Балалар, саяхат барысында артық затты ұстамай және қауіпсіздік ережелерін сақтап жүрейік! -Ал балалар келіңдер автобусқа менің артыма жайғасыңдар. Бип, бип биптейміз, Жолдан былай кет дейміз, Автобусқа мінеміз, Саяхатқа кетеміз. -Балалар біз сиқырлы баққа келдік. Сиқырлы бақтағы бейнежазбаны көрейік. Бейнежазба көрсету. 1-тапсырма. Топтық тапсырма «Өсімдіктерді құрастыр да салыстыр!» Тәрбиеші: - Балалар, біз өсімдік бөліктерімен таныстық. Ендеше, өсімдіктер қандай бөліктерден тұрады екен? Экранға назар аударайық, мұнда өсімдік бөліктері араласып тұр. Мен сендерге түрлі-түсті 3 түтікше беремін.
Балалар, енді осы түтікшелер арқылы ағаш бөліктерін құрастырайық:
Қараңдаршы, балалар:
Енді мен сендерге тағы бір тапсырма ұсынамын.
Менің қолымда түрлі түсті таспалар бар.
Жасыл түсті таспаны ортаға
қояйық.
– Жарайсыңдар, балалар! Біз сиқырлы бақтағы өсімдіктердің биіктігін анықтап, олардың ұзын-қысқасын салыстыруды үйрендік. Зерттеуші Зерекпен саяхат қызықты болып жатыр ма? Саяхатымызды одан әрі қызықты ету үшін көңілді үзіліс жасап, бой сергітіп алайық. Көңілді үзіліс Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі, Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен болып өседі. 2-тапсырма. Жұптық тапсырма. «Табиғатты аялайық». Интерактивті сәйкестендіру: LearningApps платформасы Тәрбиеші: Ал балалар, бейнетақтаға қарайықшы, мына гүлдер неге көңілсіз? (Балалар өз ойларын айтады) Тәрбиеші: - Біз гүлдерге қалай көмектесе аламыз? Балалар: - Қоқыстарды алып тастау қажет. Тәрбиеші: -Ал балалар, ендеше гүлдерге көмек беру үшін, экранда қоқыстарды қоқыс жәшігіне салып, пайдалы құбылыстарды және пайдалы заттарды реттеп орналастырайық! (Leаrning apps платформасында тапсырманы орындайды) - Жарайсыңдар балалар, сендердің тапқырлықтарыңның арқасында сиқырлы бақта гүлдеріміз қоқыстан тазарып, түбі қопсытылып, су беріліп, жайқалып өсіп шықты. Гүлдеріміз де көңілді күйге енді. -Ал балалар, зерттеуші Зерекпен бірге сиқырлы баққа көмек беріп, тапсырманы жақсы орындадық. Енді өз бақшамызға қайтайық. Келіңдер автобусқа менің артыма жайғасыңдар. Бип, бип биптейміз, Жолдан былай кет дейміз, Автобусқа мінеміз, Бақшамызға қайтамыз. ІІІ. Қорытынды Тәрбиеші: - Балалар, түрлі түсті жіптер арқылы сиқырлы бақты бейнелейік. Мен сендерге арнайы ұзын, қысқа, түрлі-түсті жіптерді ала келдім. Суретті толықтырайық. -Жарайсыңдар балалар, керемет жасадыңдар. Біздің жасаған сиқырлы бағымыз зерттеуші Зерекке де ұнапты. Балалар сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма? -Балалар бүгінгі сиқырлы баққа саяхат кезінде өздеріңнің ізденпаздықтарыңды көрсеткендерің үшін сендерге «Зейінді бағбан», «Табиғат досы», «Ұқыпты өлшеуші», «Шығармашыл зерттеуші» деп марапаттаймын. Жасыл түсті шана – Бүгінгі саяхат толық ұнады. Сары түсті шана – Бүгінгі саяхат толық ұнамады Қызыл түсті шана- бүгінгі саяхат ұнамады Сау болыңдар! |
|
Күтілетін нәтиже:
Балалар:
-
«Ұзын-қысқа», «биік-аласа» ұғымдарын қолданады;
-
Салыстыруды қарапайым құралдармен орындайды;
-
Өсімдік құрылымы мен оның өсуі туралы біледі;
-
Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұзындық

шағым қалдыра аласыз