400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ұзындыққа секіру негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұзындыққа секіру негіздері тақырыбына сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дуйсенбаев Бакытбек Еркинулы

Әйтеке би ауданы

Белқопа жалпы орта білім беретін мектебі

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Ұзындыққа секіру негіздері

Оқу мақсаты: 4.3.3.1 Дене қимылдарын орындау кезінде немесе орындағаннан кейін белгілі бір физикалық өзгерістерді көру үшін бірқатар бақылау стратегияларын қолдану.

Бағалау критерийі: Жеңіл атлетикалық секіру жаттығуларының денсаулыққа тигізетін маңыздылығын түсінеді және стратегияларды қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну, қолдану

Дескриптор:

  • түрлі әдістер анықтайды;

  • секіру түрлерін ұстанады;

  • үйлесімді секірудің қозғалыстарын көрсетеді;

  • сүрінбей секіру талаптарын орындайды.


Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Сапта тұру сәлемдесу;

  • Кезекшінің баянаты, қауіпсіздік ережесі мен сабаққа дайындығын ескеру;

  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қауіпсіздік ережесімен танысу

Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері: Спорттық аяқ киіммен секіру, секіріп жерге түсу барысында гимнастикалық төсеніштерге, спорт алаңында құм төселген жерге түсу; Ұзындыққа, биіктікке секіру барысында бірінен соң бірі секіруге рұқсат етілмейді. 

Саптық жаттығулары: түзулен, тіктен, оң-ға, сол-ға, ай-нал, адым-да, т.с.с. Арнайы жүру, жүгіру жаттығулары.

Жалпы денені дамытуға арналған жаттығуларын орындату.

ІІ.Негізгі бөлім

Белсенді оқу әдістер бойынша Жарыс сабағы Ұзындыққа секіру тәсілімен таныстырылады.

Ұзындыққа секіру жайлы сұрақтар қою осы сұрақтар арқылы жарыс ұйымдастыру.

Диалог сабағы бойынша:

  • Ұзындыққа секірудің пайдасы неде?

  • Ұзындыққа секіру басқа ойындардан айырмашылығы неде?

Жаңа сабақты түсіндіру

Ұзындыққа секіру негіздері

  1. Орында тұрып алға секіру

  2. Орнында ұзындыққа секіріп жаттығу

  3. Орнынан ұзындыққа секіру.



Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады.

ҚБ арналған тапсырмалар: .

Ұзындыққа секіру негіздері атаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- қозғалыс түрін (секіру) анықтайды;

- секіру (жүгіру, серпілу, ұшу, қону) техникасын орындайды;

- секіру кезіндегі (екпінмен жүгіру, тізесін ішке алмауы,жарақат алып қалуы т.б) тәуекелдерді анықтайды.


ІІІ. Сабақты бекіту

Кері байланыс: Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді смайлик арқылы бағалаймын.

Рефлексия: БББ кестесін пайдаланамын

Білемін .Білдім. Білгім келеді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.03.2025
169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12