Материалдар / Вариациялық қатар 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Вариациялық қатар 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Вариациялық қатар 7 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
1000
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының математика пәні мұғалімі

ҰМЖ тарауы: 7.2В Статистика элементтері

Сынып:

Сабақтың тақырыбы

§ 28 Вариациялық қатар

Осы сaбaқтa қол жеткізілетін оқу мaқсaттaры (оқу бaғдaрлaмaсынa сілтеме)

7.3.3.1 - басты жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру, есептеуде қолдану

Сaбaқтың мaқсaты

Бaрлық оқушылaр орындaй aлaды:

Бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар ұғымдарын біледі, сәйкестікті таба алады;

Оқушылaрдың көпшілігі орындaй aлaды:

Бас жиынтықты анықтайды, вариациялық қатар құра алады

Кейбір оқушылaр орындaй aлaды:

Бас жиынтық обьектілеріне мысал келтіре отырып ең үлкен, ең кіші мәндерін табады, кездейсоқ таңдама жасайды кезейсоқ шаманы табады;

Бaғaлaу критерийі

  1. Бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар ұғымдарын біледі, сәйкестікті таба алады;

  2. Бас жиынтықты анықтайды, вариациялық қатар құрады;

  1. Бас жиынтық обьектілеріне өмірден мысал келтіреді, ең үлкен, ең кіші мәндерін табады, кездейсоқ таңдама жасайды кезейсоқ шаманы табады;

Тілдік мaқсaттaры

Тілдік мaқсaт

Бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, варианта анықтамаларын біледі

Пәнге тән лексикa мен терминология:

Бас жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, варианта

Диaлог пен жaзу үшін пaйдaлы сөздер мен тіркестер:

  • Бас жиынтыққа мысал келтір

  • Вариациялық қатар өспелі бола ма?

  • Варианта дегеніміз не?

  • Кездейсоқ таңдама қалай алынады?

Aлдыңғы білім

y=k/x (k0) функциясы, оның қасиеттері және графигі

Сабақтың барысы

Сaбaқтың жоспaрлaнғaн кезеңдері

Сaбaқтaғы жоспaрлaнғaн жaттығу түрлері

Ресурстaр

Сабақтың басы

5 мин






Сабақтың ортасы


25 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен амандасу;

-жоқ оқушыларды белгілеу;

- сабақтың мақсатын хабарлау;

- бағалау критерийлерімен таныстыру;

Үй тапсырмасын тексеру: Өзіңді тексер /165 бет/.



  1. Жаңа сабақты меңгерту

Жаңа сабақ меңгерту барысында қойылатын сұрақтар

  1. Бас жиынтық қандай обьектілерден тұруы мүмкін?

  2. Варациялық қатар өспелі немесе кемімелі болуы мүмкін бе?

  3. Вариациялық қатардан тағы нені анықтауға болады?

  4. Кездейсоқ таңдаманы қайдан таңдап аламыз?



  1. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалры

Жұптық жұмыс «Сәйкестікті тап»

1 тапсырма



-2;-2;-1;-1;0;0;0;

Вариациялық қатар

Вариациялық қатардың әр мүшесі

Варианта

0; -2; -1;

Кездейсоқ таңдама

Обьектілермен құбылыстар жиыны

Бас жиынтық


Дескриптор: Білім алушы

  • Берілген ұғымдарды анықтай отырып сәйкестікті табады;

2 тапсырма

  1. Таңдаманың бас жиынтығын жаз:

  2. Аңдар массаларының вариациялық қатарын жаз:


Аю

Қасқыр

Түлкі

Қоян

Елік

Бұлан

Қабан

60 кг

50 кг

5 кг

3,5 кг

25 кг

45 кг

36 кг


Дескриптор: Білім алушы

  • - Таңдаманың бас жиынтығын табады;

  • Вариациялық қатар жазады;

3 тапсырма

  1. Бас жиынтықты таңдап алып вариациялық қатар құрыңыз

  2. Вариациялық қатардан ең үлкен және ең кіші мәнді, жиі қайталанатын мәнді табыңыз.

  3. Бас жиынтықтан кездейсоқ таңдама жасаңыз.


Дескриптор: білім алушы

  • Бас жиынтық таңдап алып вариациялық қатар құрады;

  • Ең үлкен, ең кіші және көп қайталанатын мәнді табады;

  • Бас жиынтықтан кездейсоқ таңдама жасайды;

Сабақты бекіту

  1. Бас жиынтық қандай обьектілерден тұруы мүмкін?

  2. Вариациялық қатар өспелі немесе кемімелі болуы мүмкін бе?

  3. Вариациялық қатардан тағы нені анықтауға болады?

  4. Кездейсоқ таңдаманы қайдан таңдап аламыз?


Бағалау критерийі жазылған плакат





Интерактивті тақта
















Үлестірмелі материалдар


Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау /Бағалау критерийі бойынша өз-өздерін

бағалайды/




Қорытындылау

5 минут

Рефлексия

  • Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттікпе?

  • Қалай жеттік?

  • Неден қиналдың?

  • Өзіңді не үшін мақтар едің?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!