Материалдар / Вариантов ойындарв
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Вариантов ойындарв

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын орталық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Тамыз 2020
326
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

«Театр» ойыны
Мақсаты: балаларды театрмен таныстыру. Ойынға қызығушылығын арттыру. Балалар
арасында жағымды қатынас орнату.
Ойын материалы: ойыншық, ойын атрибуттары: ақша, билет, «театр», «касса»
табличкасы
Ойынға дайындық: қуыршақ спектаклі. Театр жайлы өлең оқу. Ересек балалармен
біріккен ойын. Балаларды театрға дайындау. Театр жайлы фильм көру.
Ойынға қатысушы ролдер: кассир, бақылаушы, автобус жүргізушісі, әртістер.
Ойын барысы: таңғы жаттығу. Таңертең балаларға қуыршақ спектаклін көрсетуден
басталады. Бұдан алған әсерлерімен тәрбиешімен бөліседі, картина қарап, оның мазмұны
жайлы әңгімелеседі. Топқа бір-екі қуыршақ қосылады. Ойынды қызықты ету үшін, тәрбиеші
балаларға қуыршақты қалай қолдану керектігіне, олардың көмегімен ойынның бөліктерін
ойнауға үйретеді. Қуыршақ амандаса алады, қолын бұлғайды, атқа мінеді, балалардың басынан
сипайды және т.б. Балалар өздеріне көрсетілген іс әрекет бойынша қимылдайды.
Келесі этапқа дайындық кезінде ойын атрибуттарын қолданады. Тәрбиеші әдемі билеттер
мен ақша жасауды ұсынады. Өздері «Театр», «Касса» сөздері бар үлкен табличкалар
дайындайды. Ойын алдында тәрбиеші балаларға ақшасы бар әмиян таратады, киімдерінің
дұрыстығына мән береді, театрға баратын уақыт келді. Балалар балабақшадан шығып
(тобымен) аялдамаға барады. Автобусқа мінеді. Автобусқа балалар жол ақысын төлеп,
билеттерін алып, «Театр» аялдамасына дейін барады. Театрға жақындағасын кассаны тауып,
билет алып, бақылаушы арқылы белгіленген орынға жайғасуы керек. Тәрбиеші сахнада
қуыршақта басқарады, ал балалар қойылым қарайды. Сахна қойылымы қарапайым болуы тиіс.
Балаларға ертегіден жақсы таныс кейіпкерді алып, қуыршақ арқылы ойнатады. Балаларға
жақын басқа да кейіпкерлерді ойнатады. Қойылымнан кейін балалар қол соғады, әртістерге
алғыс айтады, театрдан шығып қайтадан балабақшаға барады. Балалар театрға барып келуді,
керекті атрибуттарды өздері дайындауды үйренеді. Негізгі ролдерді өздері ойнайды: кондуктор,
жүргізуші, кассир, бақылаушы.
«Шаштараз» ойыны
Мақсаты. Шаштараз кәсібінің қыр – сырларын ашу. Ойын сюжетін өз бетімен дамыта алу
қабілетін қалыптастыру. Шаштараз кәсібіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Ойын материалы. Қолдан жасалған заттар, алмастырушы заттар (шартты рөлге
құрылыс жиынтығынан түрлі бөлшектері: тарақ есебінде қайрақ, шишалардың есебінде
цилиндр, жазық пластинка, айнаның орнына призмаға тірелген, машинканың орнына
призма, ұстара есебінде жіңішке қайрақ), кейбір шын заттар (жайма, айна, қылқалам,
шишалар, тарақ), «Балалар шаштаразы» арнайы ойыншық жиынтығы.
Ойынға дайындық. Шаштаразға саяхат.
Шаштараз қызметкерлерімен әңгімелесу. Шаштараз кәсібі туралы шығармаларды оқу.
«Шаш сәндері» суреттер жинағын дайындау. Тақырыпқа сай құрылыс материалдарын
қарау. Ойын атрибуттарын дайындау. Ойынға қатысушы
рөлдер. Шаштаразшы (шебер), тұтынушы, кассир, тазалықшы. Ойын


Page 2

барысы. Алдын ала сюжетті – рөлдік ойынды кеңейту үшін тәрбиеші шаштаразға
саяхаттан бастауына болады. Оған алдын ала ата – аналарынан 2 – 3 баланың шашын
қидыртуға рұқсат алу қажет. Сосын тәрбиеші балалардығ назарын Сережа, Аня, Оля
ұқыпты, әдемі қиылып, сәнделгеніне аударып, Лера мен Сашаның шаштары өсіп кеткенін,
олар ұқыпсыз, жақсы көрінбейтінін, сондықтан олардың шштаразға барып, қидыру керек
екендіктерін айту қажет. Мұнан соң тәрбиеші балаларға қазір шаштаразға
баратындықтарын, онда Ербол мен Асан шаштарын алғызатынын, ал қалған балалар
шаштараздың қалай шаш алатынын бірге тамашалайтындарын айтады. Шаштаразға
жақындай келіп тәрбиеші балалардың назарын маңдайша жазуға аударады. Шаштаразда
балаларға шебер жұмыс жасайтын құрал – жабдықтарды көрсетуі қажет, балаларды оның
аттарымен, пайдалану тәсілімен таныстырады. Балалардың шаштаразшының жұмысын
бақылай алулары үшін тәрбиеші бірнеше баланың шашын қидыртуды өтінеді, осы арқылы
шебермен қарым – қатынасқа түседі, оның әрекеттеріне тұтынушы ретінде қатынасады.
Осымен бірге тәрбиешіге балалардың назарын шебер, кассир, тұтынушы,
тазалықшылардың өзара қарым – қатынастарына аудартады. Балалар өз жолдастарының
шашын қалай алып жатқандарын, шеберге қалай алғыс білдіріп жатқандарын, кассаға
өздері қалай төлеп, шеберге чек қайтарғандарын, және т.б. бақылайды. Істің барысында
тәрбиеші балаларға өздері көріп тұрғандарының бәрін түсіндіріп беріп, шебердің
сыпайылығын, оның тұтынушыға әдемі, ұқыпты етіп қалай қызмет көрсетіп жатқандарын
анықтап айтып; балалардың назарын басқа да шаштараз қызметкерлерінің бір – бірімен
қарым – қатынасына аударады. Топта тәрбиеші балалардың алған білімдері мен әңгіме
барысындағы әсерлерін жүйелеп, шаштараз бен шаштараз қызметкерлері бейнеленген
суреттері бар құрастырушы материалдарды көрсетеді. Тәрбиеші балаларға саяхат кезінде
алған өз тәжірибелеріне көңіл аударта алатындай етіп жауап берулері үшін түрлі сұрақтар
қояды.
«Емхана» ойыны
Мақсаты. Медицина қызметкерлері қызметінің мәнін ашу. Ойын сюжетін өз бетімен
дамыта алу қабілетін қалыптастыру. Дәрігер мамандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Ойын материалы. «Қуыршақ дәрігер» ойын жинағы: термомтер, шприц, бір қорап қыша
қағазы, қалақша, стетоскоп, кішкене балға, тамшуыр, йодпен және жақпа маймен майлауға
арналған таяқша, мақта, жара таңғыш, жұтқыншақ пен құлақты қаруаға арналған айна, егілген
жерді сүртуге арналған спирт, жараны күйдіру үшін йод, тамшылар, микстура (сұйық дәрі),
егуге арналған дәрілер, ұнтақтар, дәрілер, жақпа май, қатырма қағаздан дайындалған
ойыншықтар, алмастырушы құралдар, кейбір шын құралдар.
Ойынға дайындық. Емханаға саяхат. Емхананың медицина қызметкерлерімен
әңгімелесу. Балабақшаның дәрігер бөлмесіне бару., К. И. Чуковскийдің «Дәрігер Айболит»
ертегілерін оқу. «Дәрігер Айболит» туралы фильмдер мен муьтфильмдерді тамашалау.
Тақырыпқа сай құрастыру материалдарын қарау. Ойын атрибуттарын даярлау.

Ойынға қатысушы рөлдер. Әр мамандықтың дәрігерлері, медбике, емделушілер.
Ойын барысы. Ойынға дайындықты тәрбиеші емханаға саяхаттан және медицина
қызметкерлерімен әңгімеден бастайды. Емханада балаларға әр түрлі кабинеттерді көрсету:
рентгенге арналған, тіс дәрігері кабинеті және т.б. балаларға барлық көрсетілген нәрселерді


Page 3

түсіндіру қажет. Мұнымен бірге тәрбиешіге барлық уақытта бір ғана ой салу қажет: дәрігер
бәрінің дені сау болғандығын, ешкім ауырмағанын қалайды, егер біреу ауыра қалса, ол емдейді,
балалардың құлақтары, тістері ауырмауы үшін, қыдыру, ойнау, шұғылданулары үшін емдеуге
тырысады. Емхананы аралағаннан соң балалармен жаңадан білгендері мен өздерінің бұрынғы
қаралғандарын естеріне түсіріп, міндетті түрде қорытындылау қажет. Мұның себебі болып
ашық хаттарды, дәрігердің әр түрлі қызмет үстіндегі суреттерін қарау жатады. Тәрбиеші
суреттердің мазмұнына байланысты балаларға әр түрлі сұрақтар қояды, олардың назарын
маңызды нәрселерге аударып, сұрастыруға ынталандырады, суретте бейнеленген нәрселердің
бәрін түсіндіреді. Содан соң балалар барлығын өздері қараулары үшін барлық суреттерді топ
ішіне іліп қояды.
«Кітапхана» ойыны
Мақсаты. Балаларды ойын сюжетін дамытып, құрастыруға үйрету. Кітапхана жұмысына
қызығушылық туғызу. Кітапты дұрыс қолдану ережелерімен танысу. Балаларды кітапқа
қызығушылық танытып, жақсы көруге шақыру.
Ойын материалы. Кітаптар, формулярлар.
Ойынға дайындық. Кітапхана ішіне саяхат жасау, әңгімелесу. «Кім болу керек?»
суреттер топтамасынан «Кітапханашы» суретін қарау. Кітапхана туралы фильм немесе
мультфильмдер қарау. «Кітап шеберханасының» ашылуы. Кітаптар мен формулярларға
қалталар дайындау. Оқылған кітаптардың мазмұнына сай суреттер көрмесі.
Ойынға қатысушы рөлдер. Кітапханашы, оқырмандар.
Ойын барысы. Тәрбиеші ойынға дайындықты кітапхананы аралаудан бастайды.
Кітапхана ішінде жүргенде балаларға кітапхана ішінде кітаптардың көп екенін, қалай жиналып
тұрғанын, тазалығын, кітаптардың бүлінбеуі үшін қаптаулы тұрғанын көрсетеді. Сонымен қатар
тәрбиеші қалай қолдануға болатынын айтуы керек. Яғни, кітапты бүлдіруге, лақтыруға
болмайтынын, тек таза қолмен ұстау керек екенін айтып түсіндіруі керек. Сонымен бірге ол
кітапты әуелі бір бала ұстап бүлдіретін болса, кейін тағы біреу, кітап тез жыртылып, оны басқа
балалар оқып, суреттерін қарап, қолдана алмай қалатынын айтуы керек.
Тәрбиеші балаларға кітапханашының жұмысын айтып қана қоймай, көрсетуі де керек:
кітапханашы кітапты береді, өз журналына берілген кітапты белгілеп отырады, кітаптарды
қабылдап алады, оладың сақталуын қадағалайды, т.с.с. Сонымен қатар, балалар оқу залын да
көрулері керек және ол залдан газет – журналдарды, кітаптарды оқуға болатынын айтып
көрсетеді.
Балалардың алған білімдерін бекіту мақсатында, кітапханада көргендерін суретті
кітапшалар арқылы, сұрақ – жауап арқылы қорытындылауға болады.
«Балықшылар» ойыны
Мақсаты: балалар деңгейіне сай сюжеттік ойын барысында ойынға қызығушылығын
ояту. Балықшылар еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.
Ойын материалы: қармақ, ойыншық балықтар, өзен


Page 4

Ойынға дайындық: өзенге саяхат жасау, балықшымен кездесу ұйымдастыру.
Балықшымен әңгімелесу. Үлкен топтағы балалармен ойынды бірге ойнау. Құрылыс
материалдарынан қайық жасап, қармақ алу.
Ойынға қатысушы ролдер: балықшылар
Ойын барысы: Тәрбиеші ойын басталмас бұрын, балаларды өзенге саяхатқа шығарып,
олармен бірге балықтарды қарап, балалардың сұрқтарына жауап береді. Тәрбиеші де балаларға
жауап бере отырып, балалармен сұрақ арқылы әңгімелеседі. Біз өзеннен не көрдік? Өзенде
немен жүздік? Тәрбиеші ата-аналарға өзенге балыққа барған кезде балаларын да алып барып
көрсетуін өтінеді. Тәрбиеші балаларды «балықшылар» ойынына дайындап, оларды өз
еріктермен ойнауға мүмкіндік береді. Балаларға ойын кезінде керекті құралдарды таратып
береді. Ойын кезінде тәрбиеші «балықшылар» ойыны қызықты болу үшін сұрақтар қойып,
сюжеттік ойынды түрлендіріп өткізеді. Мысалы: «Балықты не үшін аулап отырсың?»,
«Қайықпен қайда барасың?» т.б.
«Дүкен» ойыны
Мақсаты. Балаларды ойын сюжетін дамытып, құрастыруға үйрету. Дүкеннің қызметі
туралы білімді бекіту. Қоғамдық орындарда мәдени мінез – құлықтар көрсетуді қалыптастыру.
Ойын материалы. «Дүкен» плакаты, сауда орындары, кассалар, қағаз, қарындаштар,
бірнеше ойыншық таразылар, шоттар, 0,5 л, 1 л, 2 л сыйымдылықтағы банкалар, ермексаз,
табиғи материал, алмастырушы заттар, сатушыларға арналған киімдер, сөмкелер, әмияндар.
Ойынға дайындық. Қоғамдық орындарда, оның ішінде дүкенде өзін дұрыс ұстау туралы
этикалық әңгіме жүргізу. Дүкенге саяхат. Дүкен әкімшісімен әңгімелесу. Сауда орындары мен
кассаны салу. Ойынатрибуттарын даярлау.
Ойынға қатысушы рөлдер. Дүкен басқарушысы, сатушылар, кассирлер, сатып
алушылар, фабрика жұмысшылары, көлік жүргізушілер.
Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға дүкенге саяхатқа баратындары туралы айтады,
осыдан кейін қоғамдық орындар мен дүкенде өзін дұрыс ұстау мәдениеті туралы этикалық
әңгіме жүргізеді. Саяхат барысында балалр дүкен әкімшісімен кездесіп, әңгімелеседі, өздері
сауда жасайды. Топқа келіп, саяхатты талқылаған соң, тәрбиеші бірнеше фабриканың жұмысын
ұйымдастырады: тігін, ойыншық, жазу құралдары, сонымен бірге нан – тоқаш комбинаты.
Балалар тәрбиешінің жетекшілігімен қуыршаққа арналған киімді қағаздан қиып, бояп,
кішкентай дәптер тігеді, ермексаз бен табиғи материалдан ойыншықтар, әр түрлі ұсақ –
түйектер жасайды, нан, бөлке нан, тәтті тоқаш, торт және т.б. пісіреді. Ойын алдында рөлдерді
бөліп, ойын жоспарын құрып болған соң, тәрбиеші тағы да тұтынушы сатушымен, сатушы
тұтынушымен қалай сөйлесу керектігін естеріне салып, ойынның негізгі бір шартын ұсынады:
«рақым етіңіз», «өтінемін», «рахмет» сөздерінсіз тауарлар сатылмайды. Әрі қарай ойын
басталады. Басқарушы жаңа дүкеннің ашылғаны туралы хабарлап, сатып алушыларды
ілтипатпен қарсы алады. Мұнан соң тұтынушылар дүкеннің бөлімдеріне қарай тарайды:
біреулері киім сатып алса, екіншілері – азық – түліктер, үшіншілері – кеңсе тауарларын сатып
алады. Қызу сауда жүріп жатыр. Барлық тауарлардың бағалары бар, бірақ балабақшадағыларға
оңай болу үшін балабақшада өткізілетін бағарлама материалы шеңберінде бағалары
дөңгелектенген. Ойынға тауарларды өлшеу үшін (құм, ұсақ тастар, басқа табиғи материал)
кішкентай таразыларды қосудың зияны жоқ. Балалар 0,5 л, 1 л, 2 л сыйымдылықтарын білуі


Page 5

үшін сүт сатудың пайдасы бар. Шамамен жарты сағат тәрбиеші балаларға рөлдерімен
алмасуды ұсынады. «Дүкен» ойынына басқа да ойындарды байланыстыруға болады: «Отбасы»,
«Жүргізушілер» және т.б.
«Жүргізушілер» ойыны
Мақсаты: Балаларды жол жүру ережесіне үйрету, реттеуші – жаңа ролімен таныстыру,
шыдамдылыққа, төзімділікке, жолға назар аударуға тәрбиелеу.
Ойын материалы: ойыншық машиналар, реттеуші жалауы- қызыл, жасыл.
Ойынға дайындық: машиналардың түрлерімен танысу, әңгімелесу. «Кім болу керек?»
суреттер топтамасынан «жүргізушілер» суретін қарау. Машиналар көрмесінің ашылуы.
Машиналардың атқаратын қызметтерін айту.
Ойынға қатысушы ролдер: жүргізушілер, жолаушылар
Ойын барысы: тәрбиеші ойынға дайындықты бағдаршамды таныстырудан бастайды.
Бағдаршамдардың жолдағы көліктерді реттеуші екендігін, олардың түстерін айыра білуін,
сары түс жанса дайындалып, жасыл түс жанса жүріп, қызыл түс жанса тоқтау керектігін
түсіндіреді. Жол реттеуші бағдаршам болмаса машиналар бір біріне соқтығысып қалатыны
туралытүсіндіру керек. Жүргізушілерді жолаушылар алаңдатпауы туралы тәрбиешілер
балаларға айтады. Бұл шаруаны жүргізуші арқылы реттеуге болады. Балалар машинаны
алады да құрлыс материалын алуға барады. Бірақ сәтсіздік – ең басты жолдағы бағдаршам
жұмыс істемей тұр. Жолда көлік апаты болмас үшін, реттеуші көлік қозғалысын басқаруы
керек. Реттеушіні таңдаймыз. Ол шеңберге тұрады. Оның қолында қызыл және жасыл жалау
бар. Қызыл жалау –«тоқта», жасыл жалау –«жүр» деген мағынаны білдіреді. Енді бәрі дұрыс
болады. Реттеуші қозғалысты басқарады. Келесі ойында жүргізуші ролін басқа бала алады.
Сонымен бірге тәрбиеші тақырыбы жағынан бір біріне ұқсас ойындарды ұжымдық ойынның
ұзаққа созылуына мүмкіндік жасау арқылы біріктіруіне де болады. Мысалы: «Отбасы»,
«Саяхат»
«Отбасы» ойыны
Мақсаты. Балаларды ойын барысында өз беттерімен отбасы болып ойнауға итермелеу.
Ойлап табылған сюжетке өз бетімен ойын жағдайын құру қабілетін жетілдіру. Құнды
адамгершілік сезімдерін (ізгілік, махаббат, жанашырлық) қалыптастыру.
Ойын материалы. Қуыршақтар, ойыншық ыдыс, жиһаз, ойын атрибуттары (алжапқыш,
орамал), музыка аспаптары, алмастырушы құралдар.
Ойынға дайындық. Ойын – сабақтар «Біздің үйде сәби пайда болғандай», «Үйде әкем
мен атам ғана қалғандай, ал анамыз үйде жоқ», «Анамның мерекесі», «Отбасындағы мереке»,
«Қуыршақтың туған күні». Отбасындағы қарым – қатынас жөнінде әңгімелесу.
Ойынға қатысушы рөлдер. Атасы, әжесі, немересі, қыз немересі, анасы, әкесі, ағасы,
апасы.
Ойын барысы. Ойынды дамыту мақсатында тәрбиеші, әуелі, балалармен «Ата – анамыз
қайда жұмыс жасайды?» тақырыбында әңгімелесуіне болады. Ересектердің қызметінде


Page 6

адамгершілік болмыстарын ашу: өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау, бір – біріне көмек
көрсету және еңбектің ұжымдық сипаты. Тәрбиеші әрі қарай балалалардың ойын барысында
отбасы болуды өз беттерімен көрсетуге, ойнауға итермелейді. Балаларға өз көзқарастары
бойынша құрылыс материалдарын пайдалана отырып, үйдің құрылысын салуды ұсынады. Үйді
салу барысында оларды өзара келісім арқылы әрекет жасауға, алдын ала құрылыстың жоспарын
құруға, жұмысты соңына дейін аяқтауға үйретеді. Содан соң үйге ойыншықтарды (қуыршақтар,
жиһаздар, ыдыс – аяқтарды т.б.), ойын атрибуттарын (алжапқыш, орамал) кіргізеді. Мұнан соң
тәрбиеші балалармен ақылдаса отырып келесі ойын жағдайын анықтайды: «Үйде анамыз
жоқта», «Біздің үйге қонақтар келді», «Мен анама көмектесемін», «Отбасылық мереке» және
т.б.
«Қонақжайлық» ойыны
Мақсаты. Мәдени мінез – құлықтарды меңгертіп, үй шаруашылығына байланысты кейбір
білімдерді (бөлме тазалау, үстелді жабдықтау) үйрету.
Ойын материалы. Қуыршақ ыдыс – аяқтары, ойдағы азық – түліктер, алмастырушы
заттар; дастарған жайылған үстел, шай құралдары, вазалар, шай, бәліштер.
Ойынға дайындық. Әдептік (этикалық) әңгімелесулер: «Қонаққа күтеміз» және
«Қонаққа барамыз». «Бізге қонақтар келді» әнін үйрену. Ойын жоспарын құру.
Ойынға қатысушы рөлдер. Үй иелері және қонақтар.
Ойын барысы. Тәрбиеші ойынды әр түрлі нұсқаларда өткізе алады. Балалар ойдағы
жағдай бойынша өз топтарында ойнай алады, я басқа топтан қонақ шақыра алады. Ойынға
дайындықты тәрбиеші ойын тәртібі үй иелерінің қонақтармен сыпайы болуды, алдын ала
«рақым етіңіз», «өтінемін», «рахмет», «ас болсын» және т.с.с. әдеп сөздерін қолдануды талап
ететіні туралы әңгімелесуден бастайды. Мұнан соң барлық ойын әрекеттері қонақтарды күту
мен олардың жағдайын жасауға дайындық төңірегінде өрбиді. Тәрбиеші балаларға қонақтар
келер алдында үй иелері пәтерді жиыстырып, гүлдермен безендіріп, үстел үстін даярлап,
аспаптарды дұрыс орналастыру қажет екендерін айтады. Содан кейін тәрбиеші балалардың
қонақтарды қалай қарсы алып, қалай күтетіндері туралы келісіп алуларын ұсынады. Содан соң
тәрбиеші балаларға ойынды нені, қалай жасау керектігі жөніндегі ойын жоспарын өздері
құруларына тапсырма береді. Ол сюжеттің анағұрлым қызықты дамуы үшін кейбір пікірлерін
білдіре алады, бірақ негізгі мазмұнын балалардың өздері ойлап табуы қажет. Ойынның бір
нұсқасы мынадай болуы мүмкін. «Қонақтар» келгенде «үй иелері» оларды жайғастырып; ең
қолайлы орындарды ұсынады. Шай үстінде қонақтарға қызықты әңгімелер айтып, оларға
ілтипатпен тамақ ұсынады: «Астан алыңыздар», «Мына бәліштің дәмін көріңіздер», «Тағы шай
немесе сок ішкілеріңіз келе ме?». Шай ішіп болған соң «үй иелері» тәрбиешінің көмегімен топ
болып ән айтып, жұмбақтар жасырып, қимылды не ауызша ойындар ойнатып, қонақтардың
көңілдерін көтереді.Ойын соңында тәрбиешіге міндетті түрде топ болып үй иелері мен
қонақтардан кеткен қателіктерді талқылаулары қажет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!