Вариатив жоспар балабақшаға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Вариатив жоспар балабақшаға

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне Шығармашылық, сурет салудан вариатив жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

07.09.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Түрлі – түсті орамалдар

Мақсаты: Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді қылқаламмен бояу арқылы эстетикалық талғамының дамуына мүмкіндік туғызу. Бояудың түсін таңдай білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: демонстрациялық материалдар,орамал.

Сөздік жұмыс: шашақтар, орамал.

Билингвальды компонент: орамал- платок


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Психологиялық сәт: «Күн сыйлаймыз»

Балаларға бір-біріне жылы сөздер айтқызу.


Балалар шаттық шеңберін құрып, қолдарына күнді ұстап бір-біріне жылы сөздер айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Тәрбиеші орамалды иығына жауып, балалардан нені жамылып тұрғаны жайлы сұрайды:

-Балалар, бұл не?

-Түсі қандай?

-Қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

-Орамал әдемі ме?

-Неге орамал дейміз?

әрбиеші балаларға ұсыныс жасайды:

-Сендер маған осындай әдемі орамалдың суретін салып беріңіздерші. Өйткені біздің аналарымыз, әжеміз оны тағады. Өз аналарыңа ,әжелеріңе арнап орамалдың суретін салуға болады.

Орамалдың салыну жолдарын түсіндіреді.

Балаларға қиылған шаршы ақ қағаз ұсынылады, тәрбиеші оның шеттеріне түзу сызықтар жүргізу үшін нүктелер белгілеп қояды, балалар сол нүктелерді қарындашпен жоғары бөлігін екі сызықпен жоғарыдан төмен қарай сызып қосып алады. Енді ортасына қылқаламмен дөңгелек салып, оны бірден бояйды. Балалар қалаған түстерін таңдайды.

Билингвальды компонент: орамал- платок


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Қылқаламды қоямыз.

Бір отырып, бір тұрып

Біз серігіп аламыз.

Балалар орамалды салып беруге келіседі. Қалай салу жолдарын көреді, берілген суреттің үстінен жүргізіп, салу жолдарын қайталайды.


-Орамал

-Сары

-Шаршыға

-Иә, әдемі

-Өйткені басымызға ораймыз.

Орамалдың шеттеріндегі шашақтарын қысқа сызықтармен салады.

Ортасына кішкене дөңгелектерді қылқаламмен сол жақтан оң жаққа қарай сақтай отырып салады.

Қарындаштарын орнына қойып, өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.


Жаңа сөздерді қайталайды


Сергіту сәтін іс-қимылмен жасады


Рефлексиялық-түзетушілік

Керемет қандай әдемі орамалдарды салдыңдар!

-Түстері қандай?

Балалардың суреттерін мақтау.


Түстері қызыл, сары екендігін қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі : орамалдың не үшін қажет екенін

Игереді : шаршы пішінді орамалды әшекейлеуді

Меңгереді: бояуды біркелкі тегіс жағуды






































21.09.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Бұлт күнді жапты

Мақсаты: Балаларды күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету. Күннің бетін аспанда қалқып жүрген бұлттардың қалқалаған суретін дөңгелек және српақша пішінде сала білуге дағдыландыру. Табиғатты сүйе білуге, қастерлеуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қостілділік компонент:

Сөздік жұмыс: сұр бұлт, қаптайды.


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші «Күз» туралы өлең шумақтарын оқиды. Өлең шумақтары не жайлы, қандай бұлттар туралы екенін сұрайды.

Күзде күннің жиі бұлттанатынына балалардың назарын аударады.


Сөздік жұмыс.

Көркемделген суреттерді көрсетіп, күз мезгілінде табиғатта болатын ерекшеліктер туралы әңгімелеседі.

-Күз мезгілінде аспанда бұлт қаптайды, осы бұлттардың суретін салыңдар.

Балалар өлең шумақтарды тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.



«Сұр бұлт»,

«ақша бұлт» деген сөздерді бірнеше рет қайталап жаттығады.


Суреттерді көріп, күзде ағаштардың жапырақтары түсіп, айнала сары алтындай болып жататынын, аспанда көп бұлттар болатындығын айтады. Бұлттар жаз мезгіліндегідей көгілдір түсті емес, сұр, көк түсті болатындығын айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Суретті көріп болғаннан кейін болғаннан кейін барлығы бірге сергіту сәтін жасайды.

«Қуырмаш»

Бас-бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдар шүмек, кішкене бөбек.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


Балаларға алдарындағы қағазда күннің суреті салынғандығын, бүгін осы күннің бетін бұлт жауып тұрған сюжетті сурет салу керектігін айтып түсіндіреді.


Сұр және көгілдір түсті гуашьтар езіліп дайындалып қояды. Соны қылқаламмен мол қылып алып, тамшылату әдісімен бұлттарды салу әдісін айтады. Сурет салғанда бояуды тамызып, бұлтқа ұқсатып салғаннан кейін қыылқаламды жуып отыруды түсіндіреді.

Суретті салып болғаннан кейін тыныс алу жаттығуын жасайды.

Сергіту сәтін жасайды.

(өлең жолдарын қимылмен қайталап көрсетеді).







Балалар қылқаламды оң қолдарына ұстап қағаздың кез келген жеріне қою етіп алынған гуашьты мол тамшылатады.


Тамған тамшыны дереу айландырып бояу барысында үстінен басып дөңгелек немесе сопақша бұлттарға ұқсатып салады. Түстерді пайдаланған сайын, қылқаламды сумен жуып, шүберекке сүртіп отырады.



Мұрнымен терең дем алып, жаңбырдың иісін иіскеп, аузымен ақырындап шығарады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Бүгін сендер нағыз сұр бұлтты немесе түсті суық бұлтты салдық деп ойлайсыңдар ма?

Тәрбиеші балаларды әдемі, таза салғандары үшін мадақтайды.

Балалар кім қандай суретті салғаны жайлы өз ойларын айтады.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:күзгі табиғаттағы ерекшеліктерді;

Түсінеді: күн де,бұлт та сапанда болатындығын;

Қолданады: тамшыны дөңгелекке, сопақшаға ұқсатып, айландырып бояуды.






























05.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: Күз жайында балалардың білімдерін кеңейту.
Міндеттері:

1)Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.
2) Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға тәрбиелеу.
3) Балалардың қызығушылығын арттыру. Байқампаздығын, ойлау қабілеттерің, тілдерің дамыту. 
Құрал - жабдықтар: үлгі сурет, қылқалам, су бояу, қол сүртетін сүлгі, қылқалам, су бояу.
Сөздік жұмыс: жомарт күз

Үштілділік компонент: күз-осень-autum 


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біздің күлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш, мейірім, бақытты.


Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Тәрбиеші: балалар сендерді шын көңілмен қуаныш шеңберіне шақырамын.
Біздің жасап тұрған шеңберіміз неге ұқсайды?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, керегесі кең, босағасы берік, үлкен киіз үйдің шаңырағына ұқсайды екен. Демек бұл біздің балабақша. Мұнда біз ынтымақты өмір сүріп, тәлім - тәрбие алып жүрміз. Енді бір - бірімізбен дос, бауыр тату ойнайтынымызды дәлелдеп, алақандарымызды беттестірейікші. Алақандарыңызды түйістіргенде нені сезінеміз?
Тәрбиеші: Жылылық қай жерімізден шығады?
Тәрбиеші: Ендеше жүрегімізден шыққан жылылықтың қуатымен: «Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Мен бастайын, сендер жалғастырыңдар.
Бәріміз күндей жарқырайық.
Мен табиғатты сүйемін.
Аспанымыз ашық болсын.
Тату дос болайық.
Тәрбиеші: Өте жақсы, қандай әдемі тамаша тілектер айттыңдар. Адамдар бір - біріне жылы сөздер айтқанда айналаның ерекше жарқырай түседі.
Енді орынымызға отырайық.
Балалар, мен жұмбақ - өлең оқимын мұқият тыңдап не туралы екенін айтып беріңдер:

Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бай жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл, кім айтады?
- Дұрыс айтасыңдар, рахмет.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады.
Неліктен «Алтын күз» дейміз.
Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап - сары болып, сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
Күздің басқа жыл мезгілімен қандай ерекшелігі бар?
Тәрбиеші: Күзде неше ай бар?
Тәрбиеші: Енді балалар тыныштық сақтап 1, 2, 3 дегенде көзді жұмып күзгі орманға қиялмен серуендеп қайтайық.
Тәрбиеші: Орман іші қандай тып - тыныш.
Жапырақтан айырылған ағаштар сынғандай. Аяқ асты сары жапыраққа толы. Ауасы қандай керемет. 1, 2, 3 көзімізді аштық та қайтіп балабақшамызға оралдық.

Енді кім мааған мына мнемокесте бойынша күз мезгілінде болатын ерекшгеліктерді айтып береді.

Күзде ағаштар сары түске боялады.

Күннің көзі аз шығады. Күн суытады.

Жаңбыр жауады.

Жапырақтар түседі.

Адамдар жылы киімдерін киеді.

Есік қағып, Күз ханшайымы қонаққа келеді.
Тәрбиеші: бізге қонақ келіп қалыпты.
-Сәлеметсің ба күз ханшайымы!

Балалар күз ханшайымының көңіл күйі жоқ секілді. Не себепті жабырқаулы күйде екен өзінен сұрап көрейік. Күз ханшайымы сен неге көңілсізсің?
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер білімдеріңді көрсетіп белсенділік таныттыңдар.

Енді орындарымыздан тұрып сергіту жаттығу жасайық
Қане қанат жазайық.
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Тәрбиеші: рахмет балалар енді орындарымызға жайғасайық та Күз
ханшайымының талдарына Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп, содан соң, жұмысқа кірісу.
жапырақтар жасайық.

-шаңыраққа ұқсайды










-Жылылықты


-Жүрегімізден






Тәрбиешімен бірге жылы сөздерді қайталайды.


















-Күз мезглі









- Күн қысқа, түн ұзақ. Жаңбыр жиі жауады. Күзде астық жиналады.
-Үш ай бар




Балалар көздерін жұмып көз алдарына күзгі табиғатты елестетеді.








Мнемокесте арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.



















Сергіту сәтін қимылдармен орыдайды.














Дайын үлгі ағашқа жапырақтарды салады.




Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші: Аяқтаған жұмыстарды арнайы тақтаға іліп, қояды.

Ақын М. Айтовтың «Алтын күзде»

шығармасынан үзінді оқиды.
Күзде дала жаурайды.
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды.

Соңынан тәрбиеші сабақты қорытындылап, жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.
Сендерді жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын.


Ақын М. Айтовтың «Алтын күзде»

Шығармасынан үзіндіні жаттайды.


Күтілетін нәтиже:
Біледі: Мнемокесте арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін білді;

Игереді: Дайын үлгі ағаштарға арнап күзгі жапырақтарды салды;
Меңгереді: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауды меңгерді.
















18.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қуыршаққа арналған сақина

Мақсаты:Балаларды сақинаның дөнгелекке ұқсастығын тауып,соны сала білуге жаттықтыру. Сақинаны салуда бояуды сызықтың шеттеріне шығармай бояуды үйрету.

Міндеті: Балаларды сурет салуға қызығушылықтарын арттыру..

Сөздік жұмыс: Сырға,білезік, сақина

Құрал-жабдықтар: Сақиналар түрлері

Қостілділік компонент: Сырға-серьги , білезік- браслет, сақина – кольцо


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбер

Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Түндігін

Айқара ашты күн бүгін.

-Балалар, бізге қонаққа қуыршақ Сәуле келді.

- Балалар қуыршақтың қолдарыңда не бар?

Д/О «Домалақ заттарды ата»

Балалар бір-біріне мейірімді күлкі сыйлайды.


-сақиналар

Балалар тәрбиешіні тыңдап,

ойынға қатысады.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар,сақинаның пішіні қандай?

-Түсі қандай?

Сақинаны кімдер тағады? Не үшін?

Сақиналар қандай болады?

Тәрбиеші балаларға домалақ заттарды көрсетіп,оларды салыстырады.

Сергіту сәті:

Сыңғыр-сыңғыр сырғалар,

Құлағымда ырғалар.

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік,

Саусақтарда сақина

Сана ,салып ақылға.


Тәрбиеші балаларға үлестірмелі материал таратылып беріледі.

Сақина салудың үлгісін көрсетеді.

Суреттерін салып болған соң бояу түрін ұсынады.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Домалақ заттарды атайды,оларды салыстырады.


Өлен жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.



Балалар оң қолдарына қылқалам алып, ауада дөңгелектер мен сақиналарды салып жаттығады.

Таңдаған бояуларымен суретті бояуға кіріседі.


Рефлексиялық-түзетушілік

-Қонаққа кім келді?

-Не білдік?

-Қандай домалақ заттарды білесіңдер?

-Оқу қызметі ұнады ма?

Сұрақтарға жауап береді.


Салған суреттерін салыстырып, талдайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: өз айналасында көптеген дөнгелек заттардың барлығын.

Қандай түсініктерді игерді: сақинаны әдемілік үшін тағатынын.

Менгерген дағдылармен іскерліктері: дөңгелек пішінді сақинаны салуды, оны жылы түспен бояуды.

07.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Әдемі көйлек

Мақсаты: Көйлек үлгісін әшекейлейге үйрету.

Саусақпен сурет салу дағдысын арттыру

Үш тілділік Көйлек-платье-shirt

Көрнекі құралдар: көйлектің сұлбасы.бояу


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.

Шаттық шеңберге тұрып, өлең сөзіне сәйкес қимыл жасайды

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Қуыршақ Айсананың жылап отырғанын айтады,

Қуыршақтан кім ренжіткенін сұрайды.Айсана

-Маған ешкім тиіскен жоқ.Бірақ күшік досым қонаққа шақырған еді,енді киетін көйлегім жоқ деп жылап отырм.

-Балалар Айсанаға көмектесеміз бе?

Топтағы қыздардың көйлегі қандай екенін сұрап.әдеміліктерін айтамыз.

Алдымыздағы койлектің сұлбасын алдымыздағы бояулармен әшекейлеп бояйық.

Сұқ саусағымызды бояуға батырып саламыз

.

Үш тілділік Көйлек-платье-shirt

Сергіту сәті

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.

Тыныс алу жаттығуын жалғастырады.

иа

Өздері таңдаған бояумен жасайды.

Сергіту сәтін балалар қимылмен жасайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

«Әдемі көйлек салғандарына мәз боп.Айсана қоштасады

Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтетін нәтиже :

- Көйлектер Әртүрлі болатындығын

Игереді Адамдарға көмектесуді

Меңгереді:

- Саусақтың көмегімен салуды.











15.10.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Кесені әшекейлеу

Мақсаты: Балаларды кеселер суретіне салуға, түс үйлесімділігін бере білуге үйрету. Ұлттық ою-өрнегі жайлы түсін кеңейту.

Көрнекілігі: Қарындаш, альбом парағы, субояу. Кеселер суреті.

Методикалық әдіс-тәсіл:


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойына жинап, сұрақ-жауап арқылы кесе үлгісін бірлесе талдау жасайды. (көлемі, пішіні, ою-өрнек атаулары).

Бүгінігі оқу қызметінде ою-өрнекпен әшекейленген кеселердің суретінін салатынын айтады.


Балалар үйлеріндегі кеселерінің түрін-түсін айтады.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

Жұмыс барысы:

-Қағаз бетіндегі кеңістікте дұрыс бағдарлай отырып, үлкен және кіші кеселер суретін салады.

-Кеселерді өздеріне ұнамды түспен ақшыл етіп бояп алады.

-Қылқалам ұшымен жиектерін жіңішкерек етіп осы түспен қоюлау бояп, түбін жиектеріне қарағанда жалпағырақ көлемде бояп, сәл кептіреді.

-жиектеріне ирек, су, ортасына қызғалдақ.

.


Балалар тәрбиешісімен бірге аяқталған жұмыстарды талдап, салыстырады

Рефлексиялық-түзетушілік

Өрнегін картоап бастрымасы арқылы түсіреді.

Сергіту сәті «Ұшты, ұшты» торғай ұшты, «Ұшты, ұшты» кесе ұшты.

Белсенді қатысқан балаларды мадақтап, «Қуанышты хабарлама» таратады.

Ойын: «Су бояулар базары»


Балалар қимылмен көрсетеді. Ұшпайтын затты айтқанда отырады.

Балалар сергіту сәтін жасайды.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Білуі: Балалар кеселер суретін сала білуі.

Меңгеруі: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері жайлы меңгереді.

Үйренуі: Әшекейлеу іскерліктерін дамыту, бояуға машықтандыру.








07.11.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қуыршақтың мойынорағышы

Мақсаты:Білімділігі:балалардың мойынорағыш туралы түсініктерін қалыптастыру.Мойынорағыштың суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу, ұқыпты бояй білуге үйрету және дәстүрден тыс сурет салу әдісін пайдалана отырып мойынорағышты әсемдеуге үйрету. Дамытушылығы:қысқы киім түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбиелігі: жұмыс кезінде ұқыпты бояуға және әдемділікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекті құралдар:қуыршақ Айгерім,қуыршақтың киімдері, мойынорағыштың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар:түрлі түсті карындаштар,қағаздар,су бояқтар, мақталы таяқша,орамал,теледидар,мақта таяқша.

Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасыру.

Жұмбақ.

Аяғы бар жүрмейді,

Ауызы бар күлмейді.

Айнымайды бөпемнен

Тек -тек сөйлеуді білмейді.

(Қуыршақ)


-Балалар біздің тобымызға Айгерім

деген қуыршақ қонаққа келіпті.

Кәне,қонағымызбен амандасып,

оның бізге қандай өтініші бар

екенін тындайық.

Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.







Балалар қуыршақпен сәлемдесіп,

оның өтінішің тыңдайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Қуыршақ Айгерім балаларға:

Сендермен бірге ойнап,серуенге мен де барсам,-дейді.


-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа райы қандай?

Қыста далада аяз болады.

Сөздік жұмыс:аяз.

-Адамдар қыста қалай киінеді?

-Ал Айгерім қалай киініп алыпты?


-Айгерім нені тағуды ұмытыпты?


-Қысты күні далағы мойынорағыш тақпай шығуға болама?



Айгерім бізбен бірге серуенге шыға ала ма?

-Дұрыс айтасындар,себебі оның мойынорағышы жоқ екен.


Билингвалды

Комплемент:баскиім-головной убор,мойынорағыш-шарф.

Балалар қуыршақ Айгерим көңілсіз, біз оның көнілің көтеріп ойын ойнайық,ол үшін қуыршақ Айгеріммен бірге теледидар тамашалайық.

Балалар қараңдаршы теледидарда Айгерім сиақты әп-әдемі киінген қуыршақ бар екен,қуыршақтың киімдерін атап айтайық.Кеудеше,баскиім, көкірекше,көйлек,етек,аяқкиім,тон,жеңсіз көйлек,тоқыма кеуде,жылы етік.


Ойын:”Қуыршақты киіндіру”

Мақсаты:киімдерді ретімен киіндіру.

Ал, балалар тақтадағы суретке қарайықшы. Ұл бала мен қыз баланың киімдерің тауып сызық арқылы бағыттап қосқызу.

Балалар бұл қуыршақтыңда мойынорағышы жоқ екен,олай болса мойынорағыштың суретін

салып берейік.

Мойынорағыштың жұқа,қалың түрлері болатыны мойынорағышты салыстыру арқылы көрейікші,мынау қысқа.

Мойынорағыштың түсі қандай?


Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп түсіндіру.

Жұмысты балаларды 3 топқа бөлу арқылы орындату.

Бірінші топтың балаларына дайын үлгіні түзу сызықтармен бояту арқылы орындату.

Суреттің дайын үлгісіне назарларын аудартып,мойынорағыштың әр түсті жолақтардан тұратынын атайды.

Жолақтардың түсін атайды.Содан соң үлестірмелі материалдың сурет салатын беті таратылып беріледі. Алдымен қағазға берілген тік төртбұрышты үзік сызықтарды бастырып сызады.Тәрбиеші тік төртбұрыштың ішіне түрлі түсті қарындаштармен бояйды.

Тегіс бояуларына назар аудару керек.

Екінші топтың балаларына мақталы таяқшалар арқылы салғызу. Мақталы таяқшаны пайдану арқылы мойынорағышқа әдемі кішкене дөңгелекшелер саламыз,салып көрсету.

Үшінші топтың балаларына монотопия (бастыру) арқылы орындату.

Мойынорағышыты жартылай бояп сурет салган қағазымызды бірдей етіп бүктейміз,екінші жағына бейне қағаз бетіне түсіп қалады,салып көрсету.

Мойынорағышты әдемілеп салуды және ұқыптылық ережелерін сақтауды үйрету.

Балаларды алдарындағы үлгі суретке қарап сурет салуға шақыру.


Сергіту сәті:

Басымызда малақай,

Қолымызда биялай,

Бөкебайым мойнымда,

Етігімді киіп-ап,

Серуенге шығамын,

Алақай алақай


Балалар орындарына отырып сурет салуды жалғастырады.


Балалар суретімізді салып болдық па,тағы бір ойын ойнағыларын келеме.


Ойын «Сыңарың тап»


Мақсаты түстерді ажырата білуге үйрету,балаларға аяқкиімдері мен қолғаптардың сыңарые тапқызу.


Қуыршақ Айгеріммен бірге ойнап серуенге бірге шығамыз



-Қыс.


-Суық,салқын.


Аяз сөзін қайталайды.

Жылы киінеді

Үстіне тон,аяғына жылы етік қолына қолғап,бас киім киген.

Мойынорағышты


Ол мойынорағыш тақпасақ,тамағымызға салқын тиіп жөтеліп ауырып қалуымыз мүмкін.

-Шыға алмайды.






Баскиім-головной убор,мойынорағыш-шарф-сөздерін қайталайды.




Балалар теледидар тамашалайды.






Балалар қуыршақтың киімдерін атап айтады.





Ойынға балалар қызығушылықпен қатысады.


Тақтаға шығып,киімдерін тауып сызық арқылы қосады.














Мойынорағыштың жұқа қалың ұзын қысқа,түстерін айырып атап айтады.

Түсін айтады.



Сурет дәптеріндегі солдан онға қарай түзу үзік сызықтарды қосып сызады,тік төртбұрыштың ішіне әртүсті қарындаштармен параллель сызықтар жүргізеді.

Жолақтардың ішіне үлгіде берілген суретке қарап отырып түрлі түсті қарындаштармен бояйды.


Мақталы таяқшаларды алып кішкене дөнгелекшелерді қағаз бетіне тегіс түсіреді.


Мойынорағышты жартылай қағаз бетіне түсіріп,қағазды бүктеу арқылы қағаз бетіне түседі.


Бастарын оңға,солға қозғалтады.

Екі қолдың басын айналдыру.


Қолдарын мойнынан айналдыру.

Аяқтарын топылдату.

Жай жүру

Алақандарын шапалақтау.


Аяқкиімдерің,қолғаптардың, екінші сыңарын тауып, түсін ажыратады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар,сендер салған мойынорағыштарыңды қуыршақ Айгерімге көрсетейік,өзіне ұнағанын тандасын.Ол үшін балалардың салған мойынорағыштарыңнан көрме ұйымдастырады.Балаларға өз суреттері туралы айтқызу.

Ең әдемі мойынорағышты қуыршақ Айгерімге табыстау.

Балалар не салғандарын, оны қалай бояғандарын айтады.


Ең әдемі суретті таңдайды.

Өздері салған суреттерің бағасын естиді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:Қуыршақ киімдерінің атауларын

Игереді:Мойынорағыш салуды.

Меңгереді:Бояу қарандашпен,субояқпен,мақталы таяқшамен біркелкі бояуды.







20.11.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Мерекелік отшашу

Мақсаты: Қоғамдық оқиғалардың (отшату жарығы) айқын бейнелерін құру үшін түстерді үйлестіріп қолдануға үйрету

Міндеті: а)ойлау қабілеттерін дамыту.

б)үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету түсіндіру.

Көрнекіліктер:үлгі суреттер,қылқалам,ақ қағаз,бояулар,су,сүлгі

Сөздік жұмыс:отшашу.


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Қайырлы таң ,балалар.


Шеңбер бойынша тұрып,өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

1.Сиқырлы дорбаша.

(дорбаша ішінде сурет).

Мына суретке қараңдаршы бұл суретте не салынған?

2.Әңгімелесу.

-Отшашуды біз қай кезде қолданамыз.

-Ал бізге қандай мереке жақындап келе жатыр?-

-Отшашу қандай болады екен?

-Отшашу болғанда аспан қандай түстерге боялады екен?

3.Сөздік жұмыс: отшашу,жаңа жыл.

Билингвальдық кмпанент:


4.Сергіту сәті.

-Ал ендешеосы Жаңа жыл мерекесіне байланысты отшашудың суретін саламыз.

5.Сурет салу жолдары:

1.Қалың қылқаламмен парақты сулап аламыз.

2.Бояуға жіңішке қылқалам ұшын тигізіп,ақ парақтын жоғары жағына нүкте түсіріп алып,жан-жағына үзік сызықтар арқылы түрлі-түсті сызықтар түрлі түсті отшашуды саламыз.


Балалар толық жауап береді.

-Бұл суретте отшашу салынған.


-Мереке болған кезде.

-Жаңа жыл мерекесі.

-отшашу үлкен,әдемі.

-қызыл,сары,жасыл әр түрлі түстерге боялады .




-Балалар сергіту сәтін орындайды.

-Баяу әнді тыңдай отырып балалар қылқаламмен жұмыс істейді.






Рефлексиялық-түзетушілік

6.ДО: «Түстерді ата» қоржын ішінен алып шыққан фигурулардың түстерін атау.

М:түстерді ажырата білуге дағдыландыру.

7.Қорытындылау

-Бүгінгі оқу қызметінде біз ненің суретін салдық?

-Отшашу қай кезде болады екен?

- Отшашу болғанда аспан қандай түстерге боялады екен?


Балалар ойын ойнауға белсене қатысады.

-Бүгін біз отшашу суретін салдық.

-Отшашу мереке кезінде болады.

-қызыл,сары,жасыл әр түрлі түстерге боялады


Күтілетін нәтиже :

Білу керек :түстерді ажырата білуді

Игеру керек: отшашу суретін салуды.

Меңгеру керек: қылқаламның толық ұшымен,жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай қылқаламды алмай сызуды бояуды.









































04.01.2018ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қысқы шыршалар

Мақсаты: Балаларды қыс мезгіліңерекшіліктермен таныстыру . Дәстүрлі емес әдісті пайдаланып отырып ,шыршаларды бенелеуге үйрету .Ақ түсті бекіту. Ұсақ қол маторикасын дамыту .Сурет салуға жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Суреттер, шырша ,магнитофон,теледидар


Сөздік жұмыс: Шырша,қыс,қар,ақ,суық


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Таңғы шеңбер:

Сәлеметсің бе,алтын күн

Сәлеметсің бе, көк аспан Сәлеметсің бе, жер ана Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Балаларға сұрақ қояды:

-Балалар қандай жыл мезгілі екенін кім айтады?

-Далада жерде не жатады?

-Қардың түсі қандай?

-Ал ,ауа райы қандай?

-Далада суық болғанда біз жылыну үшін не ішеміз?

Балаларды мадақтайды


Балалар таңғы шеңберге қатысады




Дәрігер, құрылысшы, мұғалім,тәрбиеші, сатушысы.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар бізге бүгін Аяз ата келді.

Амандасады балалармен

-Ол бүгін бізге шыршаны салуға үйретеді

Алдымен қыс табиғаттымен танысайық

Балаларды тақтаның алдында қыс табиғаттымен танысады,сөздік жұмыс жүргізеді

Әр түрімен ,түсімен таныстырады

Аяз ата балаларды шыршаны бенелеуге шақырады


Саусақ жаттығу

Ал санайық санамақ

Саусақтарға қарап ап

Біреу, екеу,ұшеу,төрт, бесеу

Саусақ бізде нешеу?(бесеу)


Балалар мақта таяқшаларымен шыршаны бейнелейді Геометрикалық пішіндерді қайталайды Суретті салған сон кейін бір бірімізді

Мадақтаймыз


Сергіту сәт

Аяқтармен топ-топ –топ

Ал қолдармен хлоп-хлоп-хлоп

Бір онға ,бір солға айналаеқ қел мында


Балалар Аяз ата амандасады




Балалар суреттерді қарастырады

Жаңа сөздерді қайталайды




Балалар шыршаны бенелеуге келеседі




Саусақ жаттығу

қайталайды




Қонақтарды шыршаны бейнелеуге шақырады






Сергіту сәтіне қатысып,

қимылдарды қайталайды


Рефлексиялық-түзетушілік

Аяз ата балаларды шеңберге жинайды

Қорытынды жасайды

-Біз бүгін не істедік ?

-Суретті қандай затпен садық?

-Сендерге ұнады ма?

Аяз ата барлық балаларды мақтайды


Балалар шеңберге отырады


Сұрақтарға жауап беруге тырысады


Аяз ата қоштасады


Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: Жаңа сөздерді қайталайды

Түсінеді: Мақта таяқшаларымен сурет салу әдісін түсінеді

Қолдана алады: Мақта таяқшаларымен шыршаны бейнелеуге үйрету





































18.01.2018ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Аққала

Мақсаты: Аққала суретін салу үшін суық түстерді – көгілдір,қара көкті таңдап алу қажеттілігін үйрету.Қылқаламды әр –түрлі – қатты,ақырын басып,жуан,жіңішке із түсіру,дөңгелекті үзіліссіз салуға жаттықтыру,балалардың көзбен мөлшерлеуін,байқампаздығын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Аққала суреті.

Қажетті құрал –жабдықтар: сурет дәптері,гуаш бояулары,қылқалам,су,сүлгі.

Сөздік жұмыс: Аққала,шырша.


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог «Аққаланы құрастыр!»ойынын ұйымдастырады.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Педагог «Қыс мезгілі» туралы әңгіме жүргізеді.Балалардан толық жауап алуды,сөйлем құрап сөйлеуді,дыбыстарды анық айтуларын қадағалау.Дұрыс айтпаса педагог өзі айтып,балаға қайталатады.

Сергіту сәті: Домалатып ақ қарды, Ұлпа қарлар жинаймыз, Үлкен,кіші,орташа, Дөңгелектеп құраймыз. Мұнын жасап сәбізден, Бас киімін – шелектен. Көңілденіп,секіріп, Аққаланы жасаймыз.

Педагог балаларға осы аққаланың суретін әдемі етіп салуды ұсынады.

-Ол үшін бізге ақ немесе көгілдір түсті бояулар керек.

Аққаланың үш бөліктен тұратынын,бірінен – бірі үлкен дөңгелек пішінді жұмыр қарлардан болатынын көрсетеді.Суретін салғанда шеткі сызықтарын анық басып,сызып салу керектігін көрсетеді.Бояуды дөңгелектің бойымен домалата бояуға үйретеді.Аққаланың бейнесі жақсы көрінуі үшін басына шелек суретін салуды,мұрны сәбізден бола алатынын ескертеді.Соңынан қарды көгілдір қарындашпен сызып салуға болады. «Тура және кері сана» дидактикалық ойыны.

Айналаны,шыршаларды аппақ қар басқан,далада қар жауып тұр.Балалар аққала жасап жүр.







Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.













Дөңгелекті үзіксіз сызып салады.Үлкен, орташа,кішкентай дөңгелектерді бірінің үстіне бірін ұқыпты орналастырады.Қылқаламды әртүрлі басып:қатты,ақырын,жуан,жіңішке із түсіреді,мұрнын үшбұрыш,шелегін төртбұрыш етіп жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар,Жаңа жыл мерекесі қай жыл мезгілінде болады?

-Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?Педагог оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытады,белсенді қатысқан балаларды мақтап,мадақтайды.Педагог далаға қарап «Аққала жасау» ойынын ойнауды ұсынады.

Жақсы жасалған Аққалаларды балалар өздері атап айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: суық түстерді ажырата білуді.

Игереді: Аққаланың суретін салуды.

Меңгереді: қылқаламның толық ұшымен,жеңіл сүйкей жағу тәсілімен,оңнан солға қарай қылқаламды алмай сызуды,бояуды.










































01.02.2018ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Тікенекті кірпі

Мақсаты:

а)Балаларға кірпі туралы мағлұмат беру; қағазға шырша қылқандарын пайдаланып, кірпі

пішінін жасап суретін бояуға меңгерту;

ә)Сурет салу тәсілін үйретуді жалғастыру, тілдерін дамыту. Ұсақ моторикаларының

қозғалысын жетілдіру.

б)Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал жабдықтар:

кірпінің суреттері, шырша қылқандары, сулық, үлестірмелі материал, ойыншық қоян.

Алдын ала орындалатын жұмыс: кірпінің күзгі тіршілігі туралы әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: Ғажайып.

Қос тілдік: жол-дорога, кірпі-ежик.


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт

Тәрбиеші балаларға орманнан ақылды ақ қоян келгендігін,ол өзінің досы туралы балаларға жұмбақ жасырғысы келіп тұрғанын айтады:

Бір мақұлық бар екен төрт аяқта,

Доп домалақ,арқасы мың тікенді.

Ашуланса аяғын көрсетпейді,

Көресің көз салсаң бір ғажайыпты.

Балалар қоянмен сәлемдеседі.

Балалар да өздерінің достары жайлы әңгімелейді.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.


Жауабы:кірпі.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Сөздік жұмыс: ғажайып..

Қоян шынымен кірпімен дос екенін айтады.

Тәрбиеші балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып,кірпі туралы мағлумат береді.

Кірпі-жабайы ,ол орманда өмір сүреді.

Қыс бойы жерге түскен қалың жапырақ астында ұйықтап жатады.Кірпінің денесі тікенекті болады.төрт аяғы,екі көзі мен құлағы бар.Жауын көрсе ,аяқ қолын жинап,домалана қалады.Кірпі денесінің сипатына талдау жасалынады.

-Балалар,кірпіні суретін салсақ қайтеді?

-Кірпіні суретін салу үшін ермексаздың қандай түсін аламыз?

Сергіту сәті:

Ал,балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

жоғары-төмен қарайық,

орнымызды табайық.

-Алдымен қара қарандашпен алып,оны домалақтаймыз.Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз. тұмсығын қара түспен шығарамыз.Кішкентай дөңгелектер жасап,тұмсығының үстіне,көзінің орнына жапсырамыз.

Тікенектерін шырша қылқанынан жасаймыз.Тікенектер бояаймыз оңай қадалады.

-Шырша қылқандарымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?

-Кірпі көбіне қай жерлерде болады?

Балалардың назарларын қолдарына үлестіріп берген сюжетті суретке аударады.

-Суретте не бейнеленген?

-Орманның ішіндегі жолды көрдіңдер ме?

Жасаған кірпілеріңді осы жолға орналастырыңдар.Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Қос тілдік: жол-дорога,кірпі-ежик.

Қайталайды:

ғажайып.

Балалар кірпі суреттерін тамашалап,ол туралы өздерінің білгендерін баяндап береді.

Тәрбиешіні тыңдайды,жауап береді.

-Кірпінің денесі сопақша болады.

Денесінен кішкентай тұмсығы шығып тұрады.Аяқтары кішкентай.

Қалың тікенінен аяқтары көрінбейді.

Мүсіндеуге ынта білдіреді.

-Сұр немесе қара түсті бояуды аламыз.

Балалар тәрбиешімен бірге іс қимылды қайталайды.

Тәрбиешінің көрсеткенін қайталай отырып,кірпіні жасау жұмысына кіріседі.

-Үшкір затты өзінің ,басқа да адамдардың көзіне жақындатуға болмайды.

-Орманда болады.

Үлестірмелі материалға қарап,жауап береді:

-Орман көрінісі бейнеленген.

Балалар жасаған кірпілерін жолдың үстіне қояды.

Қайталайды:жол-дорога,кірпі-ежик.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар,кірпі бұл жолмен қайда бара жатыр деп ойлайсындар?

-Ормандағы кірпі туралы өздерің шағын әңгіме құрастырып көріңдер.




Қоян балаларға ризашылығын білдіріп,балалармен қоштасады.

-Кірпі орманға бара жатыр.

Балалар өздері құрастырған әңгімелерді айтады.

Қуаныштарын білдіреді.

Қоянмен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қарындашпен салып домалақтайды, сопақша пішінге келтіреді,созып тұмсығын шығару арқылы кірпіні суретін салады .

Игереді: қауіпсіз жұмыс істеуді,кірпінің тіршілігі туралы мәліметті.

Меңгереді: оқу қызметі барысында алынған дағдыларды.










15.02.2018ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қоянға арналған әшекей

Мақсаты:Балалардыңқылқаламмен бояу дағдыларын қалыптастыру, қызығушылықтарын арттыру. Сопақ және дөңгелек заттардың суретін салуға, олардың көркемдік сипатын бейнелеуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, мнемокесте,сұрақ-жауап, ӨТШТ технологиясы, саусақ жаттығуы, СТО технологиясы,құрастыру.

Көрнекіліктер: дем-қ материалдар, сәбіз,алма, қоянның суреттері

Сөздік жұмыс: сәбіз

Қос тілділік: сәбіз-марковь


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалардан апта күні, жыл мезгілі, ауа райындағы өзгешеліктер туралы сұралады.

Мнемокесте арқылы жұмбақ жасыру.

?

Ұзын құлақты,жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін ол не?


Жұма

Қыс мезгілі

Күн салқын,қар т.б

Қоян


Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Қоянның түсі қандай?

Кіріспе әңгіме

Қоянның терісі жұқа, жүні жұмсақ мамықтай болады.Ал,енді құлағына қарайықшы, қоянның құлағы тік ұзынша болып келеді. Ол қорыққан кезде құлақтарын төмен қарай салбыратып, бүрісіп отыра қалады. Қоян қорқақ, өте үркек жануар. Сондықтан көбіне ертегілерде қоянды қорқақ,ұзынқұлақ деп атайды.Қоянның терісі пайдалы. Одан бас киім тігеді. Еті адал жеуге жарамды.

-Қоян нені жақсы көреді?

Сонымен бірге түрлі шөптермен, ағаштың қабығымен қоректенеді.Қояндардың терісі жыл мезгіліне сәйкес өзгеріп тұрады. Өзіңің жауынан қорғануы үшін.

Қыс мезгілінде қар сияқты аппақ болады екен.Жыл мезгілінің басқа кезеңдерінде сұр немесе ала түрге енеді екен.Қоянның баласын көжек деп атаймыз.

Балалардың назарын көңілсіз отырған қояндардың суретіне аудару.

Олардың қарындары ашқанын , сәбіз жегісі келіп отырғанын түсіндіріледі.

Сәбіздің пішінінің ерекшелігіне назар аударылады.

Балаларға қоянға арналған әшекейлерді салып беруді ұсынылады. Олардың әшекейлері сәбіз бен алмалардан тұратындығын сурет арқылы көрсетіледі.

Сәбіздің пішіні сопақша, ал алманың пішіні қандай?

Оларды дайын бастырмалды бастырып сызу арқылы қай жерінен бастау керектігі, қолды қалай ұстау керектігі түсіндіріледі. Балалар алдымен

бір қатарға сәбізді,екінші қатарға алманы салып шығады. Олардың түстері анықталады. Сыртына шығармай қылқаламмен бояйды

«Саусақ жаттығуы» орындалады

Кең даланың жолы еді

Қоян мен кірпі келеді

Бетпе-бет олар жолықты

Бір-бірінен қорықты

Кері қашты екеуі

Ал кім қуып жетеді

Қызғылт сары түсті жіптен сәбіздің бейнесін құрастыру.

Галлерияны шарлау

Салған суреттерін қалаған жерлеріне іледі.Суреттерін талдап, қорғайды

Салыстыру

Алма мен сәбізді пішіні мен көлемі, көп,аз, жеміс пе көкөніс пе, дәмі,түстері,қайда өседі,пайдасы?


Қоянның

Ақ

Суретті қарайды

Сәбізді

Пішіні сопақша

дөңгелек

Суреттерді тізіп салады.

Қызғылт сары, қызыл

Өлең жолдарына сай қимылдар жасайды

Жіптен бейнені құрастырады

Сәтті шыққан суреттерді талдайды

Сипаттайды


Рефлексиялық-түзетушілік

Кубизм әдісі арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті қорытындылау.

-Қоянға қандай әшекей салдыңдар?

-Түстері қандай

Белсенді қатынасқан балаларды мадақтау.


Сәбіз бен алма

Қызғылт сары,

қызыл


Күтілетін нәтиже:

Біледі:қоянның сәбізді жақсы көретіндігін

Игередіалма мен сәбіздің суретін салуды

Меңгереді: бояуды біркелкі түсіруді










01.03.2018ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Анама араналған моншақтар

Мақсаты:

БМ: Балаларға дөгелек болып сызылған жіпке гуашь бояуымен бірдей көлемде дөгелек моншақтардың суретін салуды үйрету.

ДМ: Моншақтың сәндік бұйым екендігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамын дамыту.

ТМ: Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап,көрсету,түсіндіру,салдыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: моншақ туралы сергіту сәтін жаттату.

Көрнекілігі: Моншақ суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:Қағаздың түрлері,сурет дәптері,бояулар,қылқалам,сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: Моншақ.

Билингвальді компонент: ана-мама -mother.


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме,балалар?

Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Кәне барлығымыз шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтайық.

Балалар Айсұлу қуыршақ қонаққа келді.

-Қуыршақ Айсұлудың көйлегі қандай әдемі. Айсұлу өздігіне әдемі моншақ сатып алыпты, ал енді анасына да осындай әдемі моншақтар сыйлағысы келеді.Моншақ түрлері, түстері, пішіні қандай болатынын түсіндіреді.


Балалар амандасады.

Балалар шеңбер болып өлең жолдарын айтады.

Жақсылық көрсең біреуден ,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Балалар қуыршақ Айсұлудың киімдерінің әдемі екендігін айтады.

Моншақтардың түстеріне, пішіндеріне қарап өз ойларын айтады.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар үлгіге қарап отырып жұмыс жүргізеді.

Моншақтардың реті мен отырып тізілгенін көрсетеді.

Балаларға үлестірмелі материалдағы салынған дөңгелек сызықты «моншақтын жібі» деп түсіндіріп, оған әдемі моншақтарды тізуді ұсынады. Оң қолдарына қылқаламды ұстатып, ауада шеңбер салу тәсілін орындатып жаттықтырады.

Содан соң дәптерлеріне қарындашпен біркелкі дөгелектерді салып сыртына шығармай бояйды.

Сергіту сәті:

Сыңғыр-сыңғыр моншақтар,

Құлағында сырғалар,

Оң қолында білезік.

Сол қолында білезік

Саусақтарда сақина,

Санап көрші, кәнеки

1,2,3.....1,2,3,


Сызыққа қарындашпен бірікелкі көлемде дөңгелектер салып алады.

Содан соң қолдарына қылқаамды алып, мооншақтарды алып, моншақтарды бояйды, ішін дөңгелете отырып, сыртын шығармай бояйды.



Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балаларға салған суреттерін көріп шығуды ұсынады. Қуыршақ Айсұлуға балалардың салған суреттері ұнағандығы, анасына қалған моншақтарды алатындығын айтып, рахмет айтып қайтады.


Балалар салған суреттерін қарап, қандай моншақтар салғанын, қандай түспен бояғандарын айтуға тырысады.

Қуыршақ Айсұлумен қоштасып, жұмыс орындарын жинастырады.



Күтілетін нәтиже:


Біледі: Моншақтардың әртүрлі болатынын.

Игереді: Дөңгелек пішіндерді сыза білуді

Меңгереді: Қылқаламмен шетіне шығармай бояуды.
































15.03.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Күн жарқырап шөп өсті

Мақсат-міндеттері: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтарын үйлестіріп салу біліктіліктерін бекіту. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ –жауап, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, ойын.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Көктем мезгілі туралы тақпақтар, табиғаттың суреттері

Қажетті көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, қылқалам, бояулар, сүрткіштер

Үштілдік копонент: күн – солнце - the sun, шөп – трава - grass


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер
Армысың көк аспан,

Армысың жер ана,
Армысың атын күн,
Армысың балабақша,дос-жаран!

Шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтады.

Армысың көк аспан,

Армысың жер ана,
Армысың атын күн,
Армысың балабақша, дос- жаран!

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-дұрыс айтасыңдар.

-Балалар, ауа райын бақылау үшін терезенің алдына шақырамын.

Күн жарқырап тұрғанын, шөптердің өскенін айтамын.

Балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсетіп, көктемде табиғатта болатын ерекшеліктерді айтқызамын.

Көктемде күн жарқырап шығатынын, айналаның бәрі біртіңдеп жап-жасыл түске енетінін, құстар келіп, жан-жануарлар ұйқысынан оянатынын айтып түсіндіремін.

-Балаларға демонстрациялық материалдағы көктемгі күннің аспанда жарқырап шығып тұрған көрінісін көрсетіп, әңгіме жүргізіп, толық талдау жасаймын.

-Балалар мына суретке қараңдаршы жарқыраған күн, ұшып жүрген көбелектер мен ара бейнеленген.

-Балалар мына суретте не жетпей тұр?

- Жасыл шөп

Дұрыс айтасыңдар балалар

Балалар барлығымыз күн, шөп сөзін үш тілде қайталайықшы

күн- солнце-the sun, шөп-трава- grass

Содаң соң сурет салуға арналған үлестірмелі материалдарды таратып беремін. Балалар суретімізді салмас бұрын барлығымыз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз, (қолдарымен өзін көрсетеді)

Өсіп - өніп, толамыз. (қолдарын екі жаққа созады)

Күнге қарай талпынып, (алға бір қадам жасайды)

Көкке қолды созамыз. (барлығы қолдарын жоғары қарай созады)

Жарайсыңдар, рахмет балалар. Орнымызға отырайық. Алдымыздағы суретте бейнеленген жасыл шөпті қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып алып, оны төменнен жоғары қарай сүйкей жағу тәсілін көрсетемін.

Шөптің ұшына қарай жіңішкере беретініне балалардың назарын аудартамын. Түп жағын салғанда қылқаламды батырыңқырап, ал шөптің басына қарай қылқаламның ұшымен ғана бояу жағу тәсілін орындап көрсетемін. Шөптерді көбірек салсаңдар суреттегі аралар, көбелектер бізге де қонаққа келеді деп қызықтырып қоямын.

қ/о: «аралар мен гүлдер» 
шарты: барлығы орындарында отырады. Аралар деген кезде орнымыздан тұрып екі қолымызды жайып бір орында ұшамыз. Ал гүлдер деген кезде барлық балалар аралар сияқты гүлге қонып орындарына отырады.

-көктем мезгілі

Күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаш бүршік жарады т.б.





Терезе алдына жақындап күннің жарқырап тұрғанын айтады.








Жарқыраған күн, көбелектер мен ара ұшып жүр





Жасыл шөп

күн- солнце-the sun,

шөп-трава- grass







Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз, (қолдарымен өзін көрсетеді)

Өсіп - өніп, толамыз. (қолдарын екі жаққа созады)

Күнге қарай талпынып, (алға бір қадам жасайды)

Көкке қолды созамыз. (барлығы қолдарын жоғары қарай созады)


Қолдарына таратылып берген суретте шөптің ұзындығы-қысқалы екеніне көңіл бөледі.

Түп жағы жуандау, ұшына қарай жіңішкере беретінін түсінеді.

Шөптің салу тәсілімен танысқаннан кейін қолдарына қылқаламды алып, бояуға батырып алып, төменен жоғары қарай салады





Ойынды шарты бойынша қызығушылықпен ойнайды

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар бүгін біздер ненің сурет салдық?

-Немен салдық?

-Сендерге ұнады ма?
Балалардың суреттерін тақтаға іліп, жақсы салғандарын мақтап, оқу
қызметін қорытындылаймын.

Жасыл шөптің


қылқаламмен

Иә,ұнады.
Жақсы салынған суреттерді тамашалап, қол соғады


Күтілетін нәтиже:
Біледі:  Көктем мезгілі басталғанын, күннің жылығанын.
Игереді: Көктемде күн көзі жарқырап, шөп өсетінін.
Жасай алады: Бояуға батырылған қылқаламмен сүйкей жағу арқылы шөптерді салуды.



05.04.2017ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы:Құстар

Мақсаты: көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстардың пайдасын түсіндіру. Балаларға құстар туралы, олардың өмір сүру ортасы, құстардың жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөніндегі  ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру.               

 Керекті құралдар:Құстардың суреттері,қылқалам, желім,гуашь,ермексаз.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жаттау.

Қостілдік компонент: құстар- птицы, торғай-воробей, сауысқан-сорока.

Аймақтық компонет: Біздің ауламызда құстар тіршілік етеді.


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Қайырлы күн, көк аспан,

Қайырлы күн,жер ана

Қайырлы күн, қонақтар

Қайырлы күн, достарым


Балалар шеңберде тұрып қайталайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Педагог бірнеше құстардың суретін көрсетіп, олармен жақынырақ таныстырады (көкек, бұлбұл, кептер, бозторғай т.б.).

Балаларға үнтаспаға жазылған құстар үнін тыңдатады.

- Құстардың сайрағаны сендерге ұнай ма? Әнші құс деп қай құстарды айтамыз?

Педагог міндетті түрде балалардың ойларын тыңдайды.

-Құстарда қандай дене мүшелері бар?

- Балалар, құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?

- Көрдіңдер ме, балалар жер шарында қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды екен.

-Енді біз бүгін сурет салу барысында құстардың сайрағанын бейнелеп көрейік. Сендердің алдарыңдағы суретте торғайлар сайрағысы келіп тұмсықтарын ашып тұр, бірақ олардың дыбысы бізге естілмейді. Ол естілу үшін дыбыстарды мына түрде бейнелейміз.

Тақтаға балапанның тұмсығынан бастап үзік сызықтарды солдан оңға қарай тарата сызады. Бұл шиқылдаған дыбыстар екенін түсіндіреді.

Балалар педагогпен бірге ауада үзік сызықтар салып жаттығады.

Балаларға өздерінің алдарындағы суреттегі құстарды сайратуды ұсынады.

Педагог балалар жұмысқа кірскен кезде үнтаспадағы құстар үнін қосады.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Сурет салып болған соң балалардың жұмыстарын жинап алып талдау жасайды.

«Ненің даусы?» музыкалық дидактикалық ойыны.

Ескерту: егер үнтаспа немесе күйтабақ болмаса, шиқылдайтын ойыншық құстарды және су құйып үрлегенде дыбыс шығаратын ойыншық құстарды пайдалануға болады.

«Ұшты-ұшты» ойыны.


Балалар үнтаспадағы жазылған құстардың үнін тыңдайды, өз ойларын айтады.



























Балалар

педагогпен бірге сызықтар жүргізеді.





Балалар ауада сызықтарды дұрыс түсіре білуге тырысады. Балалар құстардың сайрағанын естігендей сезінеді.












Музыка мен құстар даусының жоғары-төмен немесе санына байланысты басқыштарға шығып, түседі. Қимыл-қозғалыс жасайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог бүгінгі оқу қызметі барысы туралы балалардан сұрайды. Жасаған жұмыстары туралы айтады және сәтті шыққан суреттерді атап көрсетеді.

Балалар педагогтің қойған сұрақтарына жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстар үнін тыңдау арқылы туындаған қуанышты көңіл күйді өз іс-әрекетінде бере білуді.

Игереді: құстар жайындағы қарапайым түсініктерді.

Меңгереді: кеңістікті бағдарлай отырып, үзік сызықтар салуды.



















19.04.2018ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Бақбақ

Мақсаты: Қысқа қисық сызықтармен шөптің суретін салып, кепкен соң үстіне сары гуашьпен қылқаламды тура қойып айналдыру әдісі арқылы, бақбақ гүлін салуға үйрету. Балалардың суретке деген қызығушылығын арттыру, қылқаламмен сурет салу әдісін түрлендіру.

Үштілділік: Көктем-весна-spring, Бақбақ-одуванчик-dandelion, Гүл-цветок-flower.

Сөздік жұмыс: Көктем, бақбақ, гүл

Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тосын сый: балалар бүгін сендерге қонаққа Буратино келіпті

Оның қолында гүлдер бар екен

Гүлдер қай мезгілде шығады?

Үштілділік, полиязичие:


Балалар келген қонаққа назар аударады

Буратинамен амандасады.


-Гүлдер көктемде шығады.

Көктем-весна-spring, Бақбақ-одуванчик-dandelion, Гүл-цветок-flower.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар буратиноның қолындағы гүлді тақтадан қарайық.

Балалар тақтадағы суретке назар аударады

Сонымен бұл қандай гүл екен?

Түсі қандай?

Шөптің түсі қандай?

Алина айта қойшы бақбақ гүлі қайда өседі екен?

Қалима саған бақбақ гүлі ұнай ма?


Балалар Буратинаның қолындағы гүлді салып берейік.

Тәрбиеші жұмыс ретін түсіндіруі-көрсетуі.

Қарындашты ұстау ережесін еске түсіру.

Балалардың өздік жұмыстары.


Сергіту сәтін ұйымдастыру


Қиналған балаларға көмек ұсыну.

Жеке жұмыс: Линарамен


Балалар сендердің салған суреттеріңе Буратино риза болды

Енді үйне қайтамын дейді

Сау болыңдар балалар


Тақтадағы суретті тамашалайды



-бұл бақбақ гүлі


-Сары түсті

-шөптің түсі жасыл


Алина: Бақбақ гүлі жер тандамай өсе береді


Қалима: ия маған ұнайды, өте әдемі гүл


Балалар тәрбиешіні мұқият тындайды


Қарындашты ұстау ережесін еске түсіреді.


Балалар берілген тапсырманы жақсы орындауға тырысады

"Саусақ " жаттығулары

Бала,бала балақан

Кәне қайсы алақан

Саусақтары әйбат

Былый -былай ойнат.

Қиналған балалар көмек сұрайды

Көк-тем, бақ-бақ, гүл-дер сөздерін екі-үш рет қайталау.



-Сау бол Буратино

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар қонаққа кім келді?


Қолында не болды?

Ол гүлдердің аты қалай?

Балалар сендер жақсы жұмыс атқардыңдар

жарайсындар

-қонаққа Буратино келді

-қолында гүлі болды

-Бақбақ гүлі

Күтілетін нәтиже,

Гүлдердің қай уақытта өсетінін ұғынады,

Гүл туралы түсінеді

Қылқаламмен жұмыс қолданады




































03.05.2018ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Машина

Мақсаты: Балалардың көлік түрлері туралы білімдерін байыту.Машинаның пайдасын атай білуге үйрету.Балалардың көліктер туралы білімдерін жүйелеуді жалғастыру.Ұқыптылыққа,әсемдікке баулу

Құрал-жабдықтар:әр түрлі машина суреттері

Сөздік жұмыс:Транспорт-көлік,колесо-дөңгелек


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Шаттық шеңбері»

Амансың ба көк аспан,

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба Жер-Ана,

Амансың ба достарым,

Амансыз ба мұғалім!


Балалар ұйымдасқан түрде шеңбер құрып,берілген өлең жолдарын қайталайды.


Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Сұрақ-жауап

4. бейнеленген көрнекіліктерді көрсетіп, көліктер деп аталатынын айту.

Оның түр сипатына, әсемдігіне назар аударту.

5.Қандай бөлшектерден тұратынын айту

-Олардың аттарын атап түсіндіру

6.Суретпен жұмыс

-Машиналар бейнеленген суреттермен жұмыс

7.Билингвальды компонент

8.Дидактикалық ойын

«Дөңгелектерді орналастыр»

9.Шығармашылық жұмыс

Сурет салу


Берілген сұрақтарға жауап береді


Берілген түстерді атайды


Танымдық жұмыс жасайды


Балалар өз қиялдарын дамыта отырып орындайды

Берілген сөздерді қайталайды.



Ойын ережесін бұзбай ойнайды

Шығармашылық жұмыс жасайды


Рефлексиялық-түзетушілік

Сергіту сәті

1,2,3

Бойға жинап күш

Шынығамыз күнде біз,

Отырамыз енді біз!

7.Балалар жұмысын мадақтау


Балалар берілген сергіту сәтін қимыл – қозғалыс арқылы жасап көрсетеді.


Болжамды нәтиже:

Білу керек: Көлік түрлерін

Қалыптасқан әдет: Шеңбер құрып тұру

Істей біледі:Шығармашылық жұмыс жасай алады.



17.05.2018ж

Білім облысы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Балапандар көк шалғында

Мақсаты: Көк шалғындағы балапандар жайлы түсініктерін жетілдіру, қаламды пайдаланып, үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.

Көрнекіліктер: балапанның көк шалғындағы суреттері, сурет дәптер, бояу қарындаштары.


Қызмет кезеңі


Тәрбиешілердің іс - әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Табиғатты қолдай біл,

Аң, құсын да қорғай жүр.

Білуіміз керек мұны біз,

Бізде табиғаттың ұлымыз.

Табиғат бөлек демеңіз,

Сол үшін жауап береміз.



Балалар шаттық шеңберін жасайды.




Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалар мына суретте не бейнеленген? Балапандардың

түстері қандай болады? Өздері содай сүйкімді иә? Балапандар нені жарып шығады? Тәрбиеші балалрға балапандар жайлы толық түсіндіреді. Ал енді балалар, барлығымыз бірге «Шөжелерім» деген өлеңді айтайықшы.

Шөп – шөп, шөп – шөп шөжелерім,

Сары алтындай балапаным.

Тез жетіңдер, жем беремін, Дәнге толы алақаным.

Тәрбиеші балаларға дайын сурет салынған дәптерлерді береді, балаларға балапанның салу бояу жолдарын түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Біз қандаймыз қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз

Дидактикалық ойын:

«Суреттерді топтастыр»

Мақсаты: Бірнеше карточкалар арасынан құстарды бір бөлек топтайды. Ойлауға, жылдамдыққа баулу.

-балапандар

-сары

-иә

-жұмыртқаны





тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.



тәрбиешінің көмегімен жұмыстарына кіріседі.


Тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.


Ойын барысында жылдамдық танытып, ойынға белсене қатысады

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ жауап арқылы қрытындылау.

Балалардың жасаған жұмыстарын мақтап мадақтау

Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады:Үй құстарының, олардың балапандарының атауларын атай білуді.

Түсінеді: бояуды пайдаланып үзік сызықтарды қосу арқылы сурет салуды.

Қолданады: үй құстарының, балапандардың қалай қоректенетінін, олардың пайдасын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
7236
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі