«Ұлттық ойын» авторлық
бағдарламасының
(вариативтік)
тақырыптық-күнтізбелік
жоспары
Тәрбиеші: Жумагулова Сару
Асемтаевна
2014-2015 оқу
жылы
Түсінік
хат
Ойын –
мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын –
баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады.
Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін
таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып
табылады.
Алғы
сөз
Мектеп
жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек
адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын
болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл
аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз
байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз
балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп
нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана
қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене
қатысады.
Аса
көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп
толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бал организмінің қажеті. Ойында
баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі
қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі.
Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады».
Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем
де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп
кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын
дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға
болады.
Балаларды
қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты
тәрбиелейміз.
«Ұлттық ойын» вариативті
сабағының тақырыптық жоспары
Аптасына 1 сағаттан,
барлығы 32 сағат
№
|
Тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Мерзімі
|
Ескерту
|
1
|
Күш сынаспақ
|
1
|
|
|
2
|
Тауық күрес
|
1
|
|
|
3
|
Арқан тарту
|
1
|
|
|
4
|
Хан «алшы»
|
1
|
|
|
5
|
Көтермек
|
1
|
|
|
6-7
|
Орамал
тастамақ
|
1
|
|
|
8
|
Ақсерек-көксерек
|
1
|
|
|
9
|
Қыз қуу. Асау
мәстек
|
1
|
|
|
10
|
Түйілген
орамал
|
1
|
|
|
11
|
Соқыр теке
|
1
|
|
|
12
|
Әуе таяқ
|
1
|
|
|
13
|
Қара құлақ
|
1
|
|
|
14
|
Алақан
соқпақ
|
1
|
|
|
15
|
Атқаума
|
1
|
|
|
16
|
Сақина
жасыру
|
1
|
|
|
17
|
Белбеу соқ
|
1
|
|
|
18
|
Арқан түю
|
1
|
|
|
19
|
Допты қуып
жет
|
1
|
|
|
20
|
Тышқан мен
мысық
|
1
|
|
|
22
|
Түлкі мен
балалпандар
|
1
|
|
|
23
|
Боран. Ұйқыдағы
аю
|
1
|
|
|
24
|
Ат жарыс
|
1
|
|
|
25
|
Қуыр-қуыр
қуырмаш
|
1
|
|
|
26
|
Үш табан. Хан
талапай
|
1
|
|
|
27
|
Аударыспақ. Теңге
ілу
|
1
|
|
|
28
|
Санамақ.
Тасымақ
|
1
|
|
|
29
|
Тасымалдау.
Қарамырза
|
1
|
|
|
30
|
Айдапсал.
Шертпек.
|
1
|
|
|
31
|
Белбеу соқ. Бөрік
жасырмақ.
|
1
|
|
|
32
|
Асау көк. Орын
тап.
|
1
|
|
|
Күш
сынаспақ
Бұл ойын
стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала
шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады. Кім білекті
столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың
басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.
Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Тауық
күрес.
Балалар
екі топқа бөлінеді. Осы екі топтан екі бала шығып, кәдімгідей
күреседі. Оның ең қызығыда, басқаша күрестен айырмасы да – тек
жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарын қағып күресуінде. Бұл күрес
балалардың нық басып, орнықты жүруін жетілдіреді. Күресушінің 1
аяғын тізесін бүгіп, мата белбеуін байлап тастайды. Қайсысы сүрініп
жығылса, сол ұтылады.
Арқан
тарту.
Бұл екі
топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі
жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар
тартысады.
Қай топ
арқанды өз жағына тартып алып, кетсе сол топ жеңіске
жетеді.
Екі бала
тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы
құлатса , құламаған бала жеңіске жетеді.
Хан
«алшы»
Бұл
ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады. Көп асықтың ең ірісін қызыл
түске бояп қояды. Бұл асық «хан» асығы.
Асықтар
тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.
Құлаған асықтарды жинап алады. Егер хан асығы бүк, шік,
тайқы-қалыптарымен түссе, бастаушы жақын құлаған асықтарды ата
береді.
Егер
бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен
атса, онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең соңында хан асығы
кімнің қасында қалса, сол бала жеңіске жетеді. Келесі ойынды
жеңіске жеткен бала жалғастырады.
Көтермек
Ортаға
екі ойыншы бала шығады. Бір-біріне арқаларын беріп
тұрады.
Белгі
бойынша кім бірінші бірін- бірі арқада көтеріп алса, сол бала
жеңіске жетеді.
Жеңіске
жеткен бала ойында қала береді де, басқа балалармен бірге күш
сынасады.
Орамал тастамақ
Балалар
шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір
баланың артына орамал тастап каетеді. Артына орамалды тастағанын
сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың
тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі
керек.
Балалар
шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса
береді.
Ақсерек-көксерек.
Бұл
ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап
тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.
-
ші топ.
Ойынды бастайды
Ақсерек-ау ақ серек
Бізден сізге кім керек.
2-ші Ақсерек –ау ақ серек
Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп
барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп
кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол
топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Қыз –қуу
Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды (ағаш
атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.
Кейде қызды 2 бала да қуады, қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса
сол бала жеңіске жетеді.
Асау мәстек
Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік
етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға
Былай
дейді.
Ер екеніңді білейін
Ешкі сойып берейін
Тақия алсаң еңкейіп
Құламасаң теңкейіп
Ерлігіңе сенейін
Ойын шартын қабылдап , ортаға шыққан
бала:
Асау мәстек бұл болса
Үйретейін көріңіз
Маған таяқ беріңіз!- дейді де, таяқпен арқаннан
асылып жердегі тақияны іліп алуы керек. Ойынды келесі бала осылай
жалғастырады.
Түйілген орамал
Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен
балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы
кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында
түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге
лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын
жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы
көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын
жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап
тұралы.
Соқыр теке.
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі
байланып қойылады.
Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтайды.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы)
балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.
Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке»
ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.
Әуе таяқ
Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта 5-тен 10
–ға дейін ойыншы болады. Екі топқа екі таяқша (жұмсақ) беріледі,
жерге түзу сызық сызылады. Ойыншының біреуі ортаға шығады да, бір
алақанына зат жасырып, екінші қолының жұдырығын бірдей
жұмады.
Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса, ойынды
бастаушы сол болады. Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады. Осы
кезде қасындағы таяғын лақтырады да, қасындағы баланың таяғын қағып
түсіруі шарт. Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай
әкеледі.
Қара құлақ
Ойынға 5-10 бала қатысады. Олар оңаша жерге
топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді. Қазық
тұрған жерінде қозғалмай тұрады. Басқалары әрі кетеді. Содан кейін
ойынға қатысушылар қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай
түседі. Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады. Біреуі
ойбай бұл қарақұлақ қой!- деп қаша жөнеледі. Қалғандары да
–қарақұлақ, қара құлақ!-деп бытырай қашады. Қарақұлақ біреуін ұстау
үшін тұра қуады. Ұсталған бала қарақұлақ болып, ойын әрі қарай
жалғасады.
Алақан соқпақ
Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге
жиналады да, дөңгелене отырады. Орталарынан бастаушы белгілейді.
Оған сүлгі (орамал) беріледі. Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп
біреуге –Алақанды тос!-дейді. Ол тосқан кезде бастаушы оның
алақанына сүлгіні тигізіп -Сүлгі қайда?- деп сұрайды. Сонда ойыншы
«анада» -деп бір баланың атын атайды. Аты аталған ойыншы орнынан
тұрып алақанын тосады. Бастаушы-сүлгі қайда?- деп атын айтады. Ойын
осы ретпен жалғаса береді. Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай
жинайды.
Атқаума
Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды. Бір бала
сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды. Содан
кейінгілері де солай істейді де, бір-бірімен қолдарын айқастырады.
Үшінші бала көзі таңулы күйде екінші баланың айқасқан қолына
отырады. Қолдасып тұрған балалар: -Атқаума, атқаума –деп қаумалай
көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді. Бірінші бала ақ сандық,
көк сандық десе, көзі таңулы бала -көк сандық , көк сандық деп
жауап береді. Қаумалап келе жатақан балалар :
Бақа,бақа балпақ
басың неге жалпақ?
Бұтың неге талтақ
Көзің неге тостақ
Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап
береді.:-
Темір терсек көп киіп
Басым содан жалпақ
Теуіп , теуіп қашырды
Бұтым содан тостақ!
Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап
түссе, айып тартады. Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп
жүре береді.
Сақина жасыру
Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала
белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне
алақандарын жаяды. Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына
салысымен, ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың
алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен «Сақина
кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен
орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы
ойынды осылай жалғастыра береді.
Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады. Бір
белбеуді алып екіншісін қууға тиіс. Қашып жүрген бала шеңбердегі
жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады. Артық қалған
үшінші бала қаша жөнеледі. Ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады
да, өзі де бір жұптың алдына тұра қалады. Оның орнына келесі ойыншы
шығып, ойынды жалғастыра береді. Белбеу ең соңында кімде қалса сол
ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді.
Арқан түю.
Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар
жүргізуші топ арасынан шығады да: ойын басталды –деп дауыстайды.
Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстап шеңбер бойымен айналады,
арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді. Балалар арқан
үстімен секіріп тұрады. Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп, секіре
алмай қалса, ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді, тақпақ, өлең
айтады немесе билеп береді. Ойын осылай жалғаса береді.
Допты қуып жет
Ойын ма