жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Вариативтік бөлік
Бекітемін
Күні
Білім саласы: Вариативтік бөлік
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Қағаздан не құрастырылады?»
Мақсаты: Балаларды қағаз түрлерімен, қасиетімен, олардан не жасауға болатынымен таныстыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаздан қиылған жолақтар (ені 5см),ақ қағаз (А4),желім,қайшы,қолорамал,қылқаламдар.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Шаттық шенбері» ойыны Шеңберге тұрып,бір-біріне жылы сөздер айтуды ұсынады. |
Шеңберге тұрып,бір –біріне жылы лебіздер айтады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
«Кім шапшаң?» ойыны Тақтайшаның үстіне геометриялық пішіндерден бүтін бейне құрастыруды (түлкі,пирамида,кітап) ұсынады. «Сүйікті ойыншығым» тақырыбында балалармен әңгімелеседі. Үлгі суретпен жұмыс Жапсыру арқылы әртүрлі ойыншықтардың (арасында пирамида) үлгі суреттерін көрсетіп,балаларға сипаттатады. Пирамида ойыншығын жапсыруды ұсынады. Жапсыру жолын көрсетеді: ● қайшыны дұрыс ұстап ,қағаздан түрлі көлемдегі сопақшалар қию; ● үлкенінен бастап,реттілікті сақтай отырып,сопақшаларға желім жаққызып,қағаз бетінің ортасына жапсырту; Сергіту сәті Қане,кімнің бойы ұзын? Паравозы ол пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық. ● дайын бейнені сүлгімен басу. |
Ойынға қызыға қатысады. Сүйікті ойыншықтарын атап,сипаттайды. Үлгі суретті қызыға тамашалайды. Қағаздан түрлі көлемдегі сопақшаларды қияды. Сопақшаларға желім жағып,үлкенінен бастап,реттілікті сатай отырып,қағаздың ортасына жапсырады. Пойыз болып,топты айналып,дыбыстап жүреді. Дайын бейнені сүлгімен басады. |
Рефлексивті түзетушілік |
Бүгінгі сабақта не туралы білгендерін,ненің ерекше естерінде қалғанын сұрап,жақсы қатысқандары үшін мадақтап,оқу іс-әрекетін аяқтайды. |
Сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек? Қағаздың қасиетін.
Нені игереді? Түрлі көлемдегі сопақшалардан пирамида жапсыруды.
Нені біледі? Таңдаған жұмыстарын толық аяқтап,оны беруді.
Бекітемін
Күні
Білім саласы: Вариативтік бөлік
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Мысық пен тышқан»
Мақсаты: Балаларды кепкен жапырақтармен ұқыпты, таза жұмыс жасауға жаттықтыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, кепкен жапырақтар,кілей.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Шаттық шенбері» ойыны Шеңберге тұрып,бір-біріне жылы сөздер айтуды ұсынады. |
Шеңберге тұрып,бір –біріне жылы лебіздер айтады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
Жұмбақ Ортасында қазығы, Бұтағында азығы. (Алма ағашы) «Мен мықтымын!» ойыны Бөлшектерден мысықты құрастыруды ұсынады. Үлгі суретпен жұмыс Алма, ақ қайың,терек,жүзім ағаштарының суретіне қарап әңімелеу. Күз айында жапырақтар сарғаятынын.жерге түсетіні жайлы мағлұмат беру. Кепкен жапырақтардан «Мысық пен тышқанды» жасау. Жасалу реті: ● бірінші кепкен жапырақтардан керегін таңдап алу. ●жапырақтардан мысық пен тышқанның бейнесін жасау. ●бейнені таза ұқыпты етіп желімдеу. Сергіту сәті Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Барлық саусақ бірікті, Жұмысымыз тез бітті. ●дайын бейнені сүлгімен басу.
|
Балалар жұмбақты шешеді. Ойынды қызыға ойнайды. Суретке қарап әңгілеседі. Мұқият тыңдап, жұмыстың жасалу ретімен танысады. Мысық пен тышқанның бейнесін жасайды. Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Бүгінгі сабақта не туралы білгендерін,ненің ерекше естерінде қалғанын сұрап,жақсы қатысқандары үшін мадақтап,оқу іс-әрекетін аяқтайды. |
Сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек? Ағаш түрлерін.
Нені игереді? Кепкен жапырақтардан мысық пен тышқан жасауды.
Нені біледі? Таңдаған жұмыстарын толық аяқтап,оны беруді.
Бекітемін:
Күні:
Бөлімі: Вариативтік
Тақырыбы: «Саңырауқұлақ» оригами
Мақсаты: Қағаз, оның пайдалануы туралы түсінік беру.Шаршыны тең екіге және қиғашынан бүктеуге үйрету.Баланың ой-қиялын ,кеңістікте орналастыра білу дағдысын дамыту.
Көрнекі құралдар:Қағаз түрлері,желім,қайшы.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері
Амансыз ба, күн!
Амансыз ба,дос!
Амансыз ба,шеңбер!
Әнге қос!
Амансыз ба ,ғасыр!
Балалармен мақал- мәтел айту.
-
Қыз өссе – елдің көркі.
Гүл өссе – жердің көркі.
-
Атадан мал қалғанша,тал қалсын.
-
Бұл мақалды не жайында айтылған.
Бүгінгі оқу іс – әрекетімізде – саңырауқұлақпен танысамыз.
Саңырауқұлақ орманда өседі.Саңырауқұлақтың көптеген түрлері бар.Саңырауқұлақтың адам жеуге болтын және болмайтын улы түрлері бар.
Белсенділік орталықтарымен жұмыс:
Саңырауқұлықты жасап үйренеміз.
Шаршыны тең екіге және қиғашынан бүктеу арқылы саңырауқұлық жасау.
Қиып дайындаған жұмысты жапсыру.
Сергіту сәті
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»
Мақсаты:Балаларды гүл түрлерін ажырата білуге үйрету.
Шарты: Тақтада жартылай тұрған гүлдердің қалған бөлшегін партадан табу арқылы гүлдерді сәйкестендіріп құрастыру.
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
-
гүл
Қағаздан саңырауқұлақ жасайды.
Дидактикалық ойынды қызыға ойнайды.
-
Күтілетін нәтиже
Не білді: Гүл түрлерін білді.
Не меңгерді: Саңырауқұлақ туралы мәліметті меңгерді.
Не істей алады: Қағаздан саңырауқұлақ жасай алады.
Бекітемін
Күні
Бөлімі:Вариативтік бөлім
Тақырыбы: «Шебер қолдар».«Тасбақа»
Мақсаты:Балаларды пайдалануға жарамсыз заттармен: жаңғақ қабығы мен ермексазды біріктіре отырып жұмыс жасауға жаттықтыру.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.
Көрнекілігі: жаңғақтан , ермексаздан жасалған тасбақа.
Билингвизм: тасбақа – черепаха.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері
Балалар жарты шеңберге тұрып, бір –біріне жылы лебіз білдіреді.
Балаларға теледидардан тасбақа жайында деректі фильм көрсетемін.
Балаларға тасбақа қосмекенділер тұқымына жататынын ,оның суда да, құрлықта да тіршілік ететінін әңгімелеп,түсіндіремін.
Тасбақа – жұмыртқа арқылы көбейеді. Тасбақаның сауыты болтынын ,қауіп туғанда сауытына жасырынады.
Балаларға ермексаз жаңғақ қодану арқылы тасбақаны мүсіндейтінімізді айтамын.
Мүсіндеудің әдіс-тәсілін көрсетемін.
Балалар жұмыс жасайды.
Қорытындылау.
Балаларды мадақтау.
Жылы лебіз білдірді.
Мұқият тыңдайды.
Қызыға тамашалады.
Күтілетін нәтиже
Балалар ұқыпты жұмыс жасай білді.
Бекітемін
Күні
Бөлімі:Вариативтік бөлім.
Тақырыбы: Пайдалануға жарамсыз материалдармен өз бетінше жұмыс.
Мақсаты: Қалдық заттардан ойыншықтар (тышқан) жасауды үйрету.Баланың ой қиялын дамыту.Шығармашылықпен әрекет етуге баулу.Бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері:
Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
-
Балалар менің қолымда ненің суреті бар
-
Дұрыс айтасыңдар.Бірінші оқу іс-әрекетінде біз қалдық материалдардан тышқанды жасаймыз.
Тәрбиеші оңай салынатын тышқан үлгісін көрсетіп ,талдау жасайды.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Балалар жылулық шеңберіне жиналады.
Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Тышқанды жасайды.
Тәрбиешімен бірге талдау жасайды.
Сергіту сәтін бірге жасайды.
-
Не білді: Пайдалануға жарамсыз заттардың пайдасы тиетінін.
Не меңгерді: Қалдық заттардан тышқан жасауды.
Не істей алады: Тышқан жасай алады.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Досыма арналған альбом»
Мақсаты: Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.Тіктөртбұрышты қағазды тең екіге бүктеу және бір-біріне желімдеу тәсілдерін меңгерту.Альбомды әшекейлету арқылы көркемдік талғамдарын дамыту.Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Альбом түрлері.Үлгі.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Әр балаға бірнеше ақ парақ қағаз ,түрлі-түсті қағаз,жіңішке лента,қайшы.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар Қайырлы таң апайлар!
|
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
-
Балалар қағазды бір –біріне желімдей білуге үйренеді.
-
Балалар шыдамдылыққа,еңбексүйгіштікке үйренеді.
Бекітемін
Күні
Бөлімі: Вариативтік
Тақырыбы: «Гүлдер.Қағаздан біріктіру»
Мақсаты: Өз қолдарымен қағаздан әр түрлі гүлдер жасауға үйрету.Шаршы қағазды теңестіре, тігінен, көлденеңнен бүктеу дағдыларын жетілдіру.
Көрнекілігі:Дайын үлгідегі күнбағыс,жіптер.
Көрнекі құралдар:Қағаз түрлері,жіптер.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері
Амансыз ба, күн!
Амансыз ба,дос!
Амансыз ба,шеңбер!
Әнге қос!
Амансыз ба ,ғасыр!
Балалармен мақал- мәтел айту.
-
Қыз өссе – елдің көркі.
Гүл өссе – жердің көркі.
-
Атадан мал қалғанша,тал қалсын.
-
Бұл мақалды не жайында айтылған.
Бүгінгі оқу іс – әрекетімізде – күнбағыс гүлімен танысамыз.
Күнбағыс күнді өте сүйеді және өскенде күн шығатын жаққа бетін бұрып тұрады.Ол өскенде бетіне шемішке өседі.Ол басқа гүлдерден ірі болады.
Белсенділік орталықтарымен жұмыс:
Өнер орталығы:Түрлі-түсті қағазды қиып,желімдеу арқылы үлгідегі суретке қарап күнбағыс жасау.
Мақсаты:Шығармашылық қабілеттерін арттыру,ұқыптылыққа үйрету.
Сергіту сәті
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»
Мақсаты:Балаларды гүл түрлерін ажырата білуге үйрету.
Шарты: Тақтада жартылай тұрған гүлдердің қалған бөлшегін партадан табу арқылы гүлдерді сәйкестендіріп құрастыру.
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
-
гүл
Қағаздан күнбағыс жасайды.
Дидактикалық ойынды қызыға ойнайды.
-
Күтілетін нәтиже
Не білді: Гүл түрлерін білді.
Не меңгерді: Күнбағыс туралы мәліметті меңгерді.
Не істей алады: Қағаздан күнбағыс жасай алады.
Бекітемін
Күні
Бөлімі: Вариативтік
Тақырыбы: Ит (Табиғи материалдармен жұмыс)
Мақсаты: Жануарлардың бейнесіне сәйкес табиғи материалдар таңдай алуға үйрену.Бастаған істерін аяқтауға дағдыландыру.
Керекті құралдар:Әртүрлі табиғи материалдар,желім ,қайшы,жіп,түрлі-түсті қағаз,қылқалам.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Ұйымдастыру- шылық-ізденушілік |
Шаттық шеңбер: «Жылы сөздер» Шарты:Балалар шеңбер бойымен тұрып,өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру Қарға баласын «аппағым», Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісіндегі кейіпкерлерді естеріне түсіреді. Балаларды екі-үш баладан шағын топқа бөліп әр топтың балаларынан не жасағысы келетінін сұраймын. Жануарларды жасау үшін үлгі суретті пайдаланамын. Әтеш пен тауықты талшық, сіріңке қорбы,таяқшалар,қауырсын,үйіңкінің жапырағы,буркерден жасауға болады.Балалар қолында бар табиғи иатериалдардан басқада жануар түрлерін жасайды. Салбалшық,ермексаз,тұзды қамырданда жануарлар жасалады. Еңбек іс-әрекеті кезінде тәрбиеші әр балаға жекелей еөмек көрсетеді, (бізбен) қауіпті заттармен жасалатын жұмыстарды өзім атқарам. Сергіту сәті Жаңылтпаш жаңылмай айтамыз.
Қара тай ақ па? 2. Қай тай сақтай, Қай лақ маймақтай. |
Жаңылтпашты жылдам айтуға тырысады. |
Күтілетін нәтиже
Не білді: Иттің қасиетін.
Не меңгерді: Табиғи материалдармен жұмыс жасауды.
Не істей алады: Жыл басына таласқан жануарларды жасай алады.
Бекітемін
Күні
Бөлімі: Вариативтік
Тақырыбы: «Күзгі өнімді жинауға арналған себет» Оригами
Мақсаты:Өз қолдарымен қағаздан ір-түрлі бұйымдар жасауға үйрету.Шаршы қағазды теңестіре,тігінен, көлденеңнен бүктеу дағдыларын жетілдіру.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:Себет,слайд.
Көрнекі құралдар:ермексаз,тұзды қамыр,сазбалшық,себет.
Билингвизм:Себет-корзина.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Ізденуші-ұйымдастырушы Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Балалар жылы лебіз білдіреді. Әңгімелесу.
Мақал-мәтел 1.Еңбек түбі зейнет. 2.Еңбекпен тапқан нан тәтті. Қорытындылау. Балаларды мақтау. |
Балалар мұқият тыңдайды. Жұмыс жасайды. Мақалды жаттау. |
Күтілетін нәтиже
Не білді: Күз мезгілінің ерекшеліктерін.
Не меңгерді: Күзгі өнімдерді.
Не істей алады: Қағаздан себет жасауды.
Бекітемін
Күні
Бөлімі: Вариативтік. «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Жұлдызқұрт»
Мақсаты: Балаларға жер жаңғақты, ағаш жапырағын,бояуларды пайдаланып, жұмыс жасауға үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: жер жаңғақ,ағаш жапырақтары, бояулар.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері:
Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
-
Балалар менің қолымда ненің суреті бар
-
Дұрыс айтасыңдар.
Балалар біз жұлдызқұрт жасап үйренеміз.
● Алдымен өзімізге қажетті ағаш жапырағын аламыз.
● жапырақ бетіне жер жаңғақты қойып құртты жасаймыз.
● бояумен көзін салу.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
-
Күтілетін нәтиже
Не білді: Жұлдызқұртты жасауды.
Не меңгерді: Жер жаңғақты ағаш жапырақтарын пайдалану арқылы жұлдызқұрт жасауды.
Не істей алады: Бастаған істерін аяқтауды.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Кірпі»
Мақсаты: Балаларды пайдалануға жарамсыз заттармен: шишкалар мен ермексазды біріктіре отырып жұмыс жасауға жаттықтыру.
Көрнекі құралдар мен материалдар: шишкалар, ермексаз.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар Қайырлы таң апайлар!
Шишка мен ермексазды біріктіре отырып кірпі жасайды. Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақыланады. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап ,жасаған жұмыстарын көрмеге қою ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Не білді: Пайдалуға жарамсыз заттарды қолдануды.
Не меңгерді: Шишкалар мен ермексазды біріктіре отырып жұмыс жасауды.
Не істей алады: Пайдалуға жарамсыз жаттардан кірпі жасай алады.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Балық»
Мақсаты: Балаларды қағазды екі бүктеп, арнайы сызылған жолдармен пішінді қиып алуға үйрету.
Көрнекі құралдар мен материалдар: Түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар Қайырлы таң апайлар!
Суда өмір сүретін жануарлармен соның ішінде балықпен таныстырады.Балықтың түрлері өте көп екенін және олардың немен қоректенетінін түсіндіріп өтеді. Суретпен жұмыс. Көлдің, теңіздің суреттері.Онда өмір сүретін балықтар, ерекше балықтардың суреттерін көрсетеді. - Қағазды екі бүктеп, арнайы сызылған жолдармен пішіндерді қиып алу арқылы балықты жасау. Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақыланады. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап ,жасаған жұмыстарын көрмеге қою ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар суретке қарап әңгіме құрайды. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Не білді: Бүктеу тәсілін.
Не меңгерді: Бүктеу тәсілі арқылы балық жасау.
Не істей алады: Бастаған жұмыстарын тыянақты аяқтау.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Шырпы қораптарынан машина жасау»
Мақсаты: Пайдалануға жарамсыз заттардан машина жасауды үйрету.Баланың ой-қиялын дамыту, шығармашылықпен әрекет етуге баулу, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар мен материалдар: шырпы қораптары,желім,қайшы.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Амансыз ба, күн! Амансыз ба,дос! Амансыз ба,шеңбер! Әнге қос! Амансыз ба ,ғасыр! Машина түрлерімен танысу.Су көліктері, әуе көліктері,құрлық көліктерімен танысу.
Шырпы қораптарынан машина жасауды үйрену. Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақыланады. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап ,жасаған жұмыстарын көрмеге қою ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Көлік түрлерімен танысады. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Не білді: Көлік түрлерін.
Не меңгерді:Пайдалануға жарамсыз заттардан машина жасауды.
Не істей алады: Бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдылану.
Бекітемін
Күні
Білім саласы: Вариативтік бөлік
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Сандықша»
Мақсаты: Пайдалануға жарамсыз заттардан,қорапшалардан сандықша жасап, әшекейлеуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, қорапша,кілей,қайшы.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Шаттық шенбері» ойыны Шеңберге тұрып,бір-біріне жылы сөздер айтуды ұсынады. |
Шеңберге тұрып,бір –біріне жылы лебіздер айтады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
«Мен мықтымын!» ойыны Бөлшектерден сандықша құрастыруды ұсынады. Үлгі суретпен жұмыс Балаларға бұймдарды қайда салатыны жайлы әңгіме қозғау.Әжелеріміздің сандық түрлерімен танысу. Қыз баланың бұймдары сырға, білезік, алқа,шашбау, сағат сияқты бұйымдарын сақтау үшін кішкене сандықша керектігін айту. Сол себепті қыз балаларға, мамамызға арнап сандықша дайындайық. Қорапшалардан сандықша дайындау. Жасалу реті: ● дайын қорапшаларды пайдаланып сандықша жасау. Сергіту сәті Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Барлық саусақ бірікті, Жұмысымыз тез бітті. ●дайын сандықшаны әшекейлеу.
|
Ойынды қызыға ойнайды. Суретке қарап әңгілеседі. Мұқият тыңдап, жұмыстың жасалу ретімен танысады. Сандықша жасауға кіріседі. Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды. Сандықшаны әшекейлейді.
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Бүгінгі сабақта не туралы білгендерін,ненің ерекше естерінде қалғанын сұрап,жақсы қатысқандары үшін мадақтап,оқу іс-әрекетін аяқтайды. |
Сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек? Бұйымдарды.
Нені игереді? Қорапшалардан сандықша жасауды.
Нені біледі? Таңдаған жұмыстарын толық аяқтап,оны беруді
Бекітемін
Күні
Білім саласы: Вариативтік бөлік
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Жол белгілері» .Пайдалануға жарамсыз заттармен жұмыс
Мақсаты: Балалардың құрастыруға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой-қиялдары мен шығармашылықтарын дамыту және алдарына мақсат қоя білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, қорапша,кілей,қайшы.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Шаттық шенбері» ойыны Шеңберге тұрып,бір-біріне жылы сөздер айтуды ұсынады. |
Шеңберге тұрып,бір –біріне жылы лебіздер айтады. |
Ұйымдастыру-іздестіру |
«Пойыз ойыны Балаларды пойыздың басы етіп бір баланы алып, вагондары етіп қалған балаларды тіркеп кедергілерден жүргізу.Кім үзіліп қалса сол ойыннан шығады. Балаларға жол белгілерінің суреттерін көрсетіп балаларға таныстыру. Жол белгілерін жасау реттілігі. Жарамсыз заттарды пайдаланып жол белгілерін жасау. ●Алдымен түрлі-түсті қағазды қию арқылы бағдаршамның қызыл,жасыл, сары түстерін дөңгелек етіп қиып алу. ● қиылған дөңгелектерді қорапшаға жапсыру. |
|
Рефлексивті-түзетушілік |
Бүгінгі сабақта не туралы білгендерін,ненің ерекше естерінде қалғанын сұрап,жақсы қатысқандары үшін мадақтап,оқу іс-әрекетін аяқтайды. |
Сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек? Жол белгілерін.
Нені игереді? Бағдаршам жасау.
Нені біледі? Таңдаған жұмыстарын толық аяқтап,оны беруді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Рамкалар жасау»
Мақсаты: Балаларға жарамсыз заттарды,дәндерді рамаға ұқыпты жапсыра білуге жаттықтыру.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер, дәндер,рама.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Жарамсыз заттарды пайдалану.
Нені игереді? Дәндерді рамаға ұқыпты жапсыруды.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Шырша»
Мақсаты: Пайдалануға жарамсыз заттардан шырша жасауға үйрету.Балаланың ой-қиялын дамыту, шығармашылықпен әрекет етуге баулу, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер, шырша үлгісі,қалдық материалдар.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Қыс мезгілінің ерекшеліктері,қыстағы мейрамдар.Жаңа жыл мейрамы шырша жайлы мағлұмат беру.Балалармен қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы,қар туралы сұрақ-жауап алу. Жаңа жыл мейрамының басты нысаны шыршаны жасау.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.Және қыс мезгілінің ерекшеліктерін атайды. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Жарамсыз заттарды пайдалану.
Нені игереді? Шырша жасауды.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Жаңа жылдық безендіру» (Түрлі-түсті қағаздармен жұмыс)
Мақсаты: Қағаз,желім,қайшымен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.Қиылған дайын үлгі қалыптар бойынша пішінді қиып, бір-біріне таза,ұқыпты желімдеуге үйрету.Бір-біріне қуаныш сыйлауға жұмылдыру.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер, түрл-түсті қағаздар,желім, қайшы.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Қағаз,желім, қайшымен жұмыс істеу.
Нені игереді? Қиылған дайын үлгі бойынша пішінді қию.
Нені біледі? Бір-біріне қуаныш сайлауға жұмылдару.
Бекітемін:
Күні:
Бөлімі: Вариативтік
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балаларға қағазды умаждау арқылы домалатып, бір-біріне желімдеп, аққала жасату.
Көрнекі құралдар:Қағаз түрлері,желім,қайшы.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері
Амансыз ба, күн!
Амансыз ба,дос!
Амансыз ба,шеңбер!
Әнге қос!
Амансыз ба ,ғасыр!
Бүгінгі оқу іс – әрекетімізде – қыс мезгілімен танысамыз.
Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы балалармен әңгімелесу.
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Қыста не жауады?
- Қардан не жасаймыз?
Белсенділік орталықтарымен жұмыс:
Аққала жасап үйренеміз.
Қағазды умаждау арқылы домалатып,бір –біріне желімдеп, аққала жасай.
Сергіту сәті
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Мақсаты: Сұрақтарға тез, әрі дұрыс жаауап беру.
Шарты: Суреттерге қарап Мезгілдерді ажырату.
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
Үш айдан тұрады.
Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
- Қар.
- Аққала.
Қағаздан аққала жасайды.
Дидактикалық ойынды қызыға ойнайды.
Күтілетін нәтиже
Не білді: Қыс айларын.
Не меңгерді: Қағаздан аққала жасауды.
Не істей алады: Жұмысты толық аяқтап үйренеді.
Бекітемін:
Күні:
Бөлімі: Вариативтік
Тақырыбы: «Қуыршақ» театры (Қолтырауын Гена, Чебурашка)
Мақсаты: Пайдалануға жарамсыз заттардан ойыншықтар жасауды үйрету.Баланың ой-қиялын дамыту,шығармашылықпен әрекет етуге баулу, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар:Қағаз түрлері,пайдалануға жарамсыз заттар,желім,қайшы.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері
Амансыз ба, күн!
Амансыз ба,дос!
Амансыз ба,шеңбер!
Әнге қос!
Амансыз ба ,ғасыр!
Балалар біз қуыршақты білемізба?
Қандай мултьфильм кейіпкерлерін білеміз?
Қолтырауын Гена,Чебурашка білемізба?
Олай болса пайдалануға жарамсыз заттардан қуыршақ театрына қажетті кейіпкерлер жасайық.
Қолтырауын Гена,Чебурашка жасау реттілігі.
Пайдалануға жарамсыз заттарды пайдаланып қуыршақ жасау. Сергіту сәті
Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»
Мақсаты:Балаларды гүл түрлерін ажырата білуге үйрету.
Шарты: Тақтада жартылай тұрған гүлдердің қалған бөлшегін партадан табу арқылы гүлдерді сәйкестендіріп құрастыру.
Күтілетін нәтиже
Не білді: Қуыршақ театры жайлы.
Не меңгерді: Қолтырауын Гена мен Чебурашки жасауды.
Не істей алады: Бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуді.
Бекітемін
Күні
Бөлімі:Вариативтік бөлім
Тақырыбы: «Шебер қолдар».«Пингвин»
Мақсаты:Балаларға пластикалық бөтелке мен ермексаздан пингвин жасауды үйрету.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.
Қажетті-құрал жабдықтар: пластикалық бөтелке , ермексаз.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері
Балалар жарты шеңберге тұрып, бір –біріне жылы лебіз білдіреді.
Балаларға теледидардан пингвин жайында деректі фильм көрсетемін.
Балаларға пингвин бірмекенді тұқымына жататынын ,оның суда да тіршілік ететінін әңгімелеп,түсіндіремін.
Пингвин-антарктидада өмір сүреді.Ақ қара аралас түсті болады.
Балаларға пластикалық бөтелке мен ермексаздан пингвин жасауды үйренеміз.
Мүсіндеудің әдіс-тәсілін көрсетемін.
Балалар жұмыс жасайды.
Қорытындылау.
Балаларды мадақтау.
Жылы лебіз білдірді.
Мұқият тыңдайды.
Қызыға тамашалады.
Күтілетін нәтиже
Балалар ұқыпты жұмыс жасай білді.
Бекітемін
Күні
Бөлімі:Вариативтік бөлім
Тақырыбы: «Шебер қолдар».«Өз бетінше жұмыс»
Мақсаты:Балалардың өз қалауы бойынша жұмыс жасау.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.
Қажетті-құрал жабдықтар: түрлі түсті қағаз,желім,пластикалық бөтелкелер,ермексаз.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері
Балалар жарты шеңберге тұрып, бір –біріне жылы лебіз білдіреді.
Балалармен әңгемелесу арқылы не ұнайтынын, қандай зат жасағысы келетінін сұрау.
Балалар өз ойларында жүрген жұмыстарын айтып жасату.
Мысалы:қорапша,ойыншық салатын қалта, доп.
Балалар жұмыс жасайды.
Сергіту сәті
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Барлық саусақ бірікті,
Жұмысымыз тез бітті.
Балалардың жұмысын бақылап, жсасй алмаған жерлерін айтып түсіндіру.Қорытындылау.
Балаларды мадақтау.
Жылы лебіз білдірді.
Мұқият тыңдайды.
Қызыға тамашалады.
Күтілетін нәтиже
Балалар ұқыпты жұмыс жасай білді.
Бекітемін
Күні
Бөлімі:Вариативтік бөлім
Тақырыбы: «Шебер қолдар».«Үй»
Мақсаты: Балаларға пластикалық ыдыстардан,пенопластан әр түрлі заттар жасауға үйрету.
Қажетті-құрал жабдықтар: пластикалық ыдыстар , пенопласт.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері
Балалар жарты шеңберге тұрып, бір –біріне жылы лебіз білдіреді.
Балаларға әр түрлі үйрлерді көрсету.Мысалы адамның үйі, күшіктің үйі, мысықтың үйі.
Балаларға өз үйлерін жасауды
үйрету.
Пластикалық ыдыстарды , пенопласты пайдалану арқылы үй жасауды үйрету.
Қауіпсіздігіне баса назар аудару.
Дидактикалық ойын:
«Тышқан мен мысық»
Шарты: Мысық өз үйінде ұйықтап жатады.Оны пайдаланған тышқандар мысықтың үйін шашуға шығады.
Мысық оянып, тышқандарды қуғанда олар өз індеріне кіріп кетеді.
Жасаған жұмыстарын көрмеге қою.
Балалар жұмыс жасайды.
Қорытындылау.
Балаларды мадақтау.
Жылы лебіз білдірді.
Мұқият тыңдайды.
Қызыға тамашалады.
Күтілетін нәтиже
Балалар ұқыпты жұмыс жасай білді.
Бекітемін
Күні
Бөлімі:Вариативтік бөлім
Тақырыбы: «Шебер қолдар».«Көңілді шеберхана»
Мақсаты:Қағаздан әр түрлі ойыншық жасау тәсілдерін үйретуді жалғастыру.Дөңгелектеу арқылы конус жасауға үйрету.Дайын жұмыстарды өздері бағалай алуға үйрену.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.
Қажетті-құрал жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, желім,қайшы.
-
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы күш
Ізденуші-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
Жылулық шеңбері
Балалар жарты шеңберге тұрып, бір –біріне жылы лебіз білдіреді.
Балалармен ойын ұйымдастыру арқылы көңілді шеберхана жасау.
Балаларға қажетті құрал-жабдықтарды беріп қағаздан әр түрлі ойыншық жасауға үйрету.
Дөңгелектеу арқылы конус жасауға үйрету.
Сергіту сәті
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Барлық саусақ бірікті,
Жұмысымыз тез бітті.
Балалар жұмыс жасайды.
Қорытындылау.
Балаларды мадақтау.
Жылы лебіз білдірді.
Мұқият тыңдайды.
Қызыға тамашалады.
Күтілетін нәтиже
Балалар ұқыпты жұмыс жасай білді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Аналарға сыйлық (Құттықтау ашық хат)
Мақсаты: Қалың қағаз бетіне жұмсақ мочалканы (губка) алма пішініне ұқсатып киып, желімдеп,бетіне ине қадағыш жасау.
Көрнекі құралдар мен материалдар:мочалка (губка),желім, қайшы.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балаларға аналары жайлы айтуын ұсынады. - Аналарымызды жақсы көремізба? - Аналарымызға көмектесемізба? - Олай болса анамызға сыйлық жасайық.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.Және Аналарын өте жақсы көретінін,оларға үнемі қолғабыс ететінін айтады. Сыйлық жасауға қуана келіседі. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Аналарға қолғабыс етуді.
Нені игереді? Ине қадағыш жасауды.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Көбелек» (Табиғи материалмен жұмыс)
Мақсаты: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру.Жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру.Ойыншық жасау барысында дене бөліктерін салыстыра білуге үйрету.Әдемілікке баулу.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Табиғи материалдар,қайшы,желім.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балаларға түрлі гүлдер, оларға қонатын көбелектер жайлы суреттер көрсету.Және сурет бойынша әңгімелесу.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.Көбелек түрлерімен танысу. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? табиғи заттарды пайдалану.
Нені игереді? Ойыншық жасау барысында дене бөліктерін салыстыра білуді.
Нені біледі? Әдемілікке баулу.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Қамшы өру»
Мақсаты: Әр түсті үш жіпті өруді және оның ұштарын бекітіп, таяқшаға байлауды үйрету.Өз қолдарымен бұйым жасауға деген қызығушылықтарын арттыру.Еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Түрлі түсті жіптер.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балаларға қамшының түрлерін сурет арқылы көрсету.Қамшыны атқа мінерде қолданатынын түсіндіру.Ата-бабаларымыз ертеде атты көлік қылған ,ал қамшы көмекші құрал екенін түсіндіру. Балаларға қамшы өруді үйрету. - әр түсті үш жіпті өру және оның ұштарын бекіту. - және оны таяқшаға байлауды үйрету.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Әр түсті үш жіпті өруді үйрену.
Нені игереді? Өз қолдарымен бұйым жасауды.
Нені біледі? Еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Құстар ұясы»
Мақсаты: Балаларға пластикалық ыдыстан ұя жасауды үйрету.
Көрнекі құралдар мен материалдар:пластикалық ыдыс.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балаларға құстар туралы түсінік беру.Теледидардан құстар туралы деректи фильм көрсету.Құсардың мекен ету ортасы жайлы түсінік беру.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.Құстар туралы қызықты мәлімет алады. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Құстар туралы толық мағлұмат.
Нені игереді? Пластикалық ыдыстан ұя жасауды.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күн
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Желкенді қайық»
Мақсаты: Жаңғақ қабығына ермексазды толтыра отырып, дайын таяқша жапырақты қадап бекіту.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер, жаңғақ қабығы, ермексаз.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Тәрбиеші балаларға су көліктері туралы мәлімет беру.Кеме, қайық,желкенді қайық суреттерін көрсетіп әңгімелесу.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.Қайық туралы қызыға тыңдайды. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Қайық туралы.
Нені игереді? Жаңғақ қабығынан желкенді қайық жасау.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Ұшақ»
Мақсаты: Балаларды қағазды бекітудің қарапайым әдістермен таныстыруды жалғастыру.Бүктеу кезінде қарама-қарсы қабырғалары мен бұрыштарынаң сәйкес келуін қадағалап отыруға үйрету.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Түрлі-түсті қағаз,желім, қайшы.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Тәрбиеші балаларға әуе көліктері жайлы наутбуктан слайд көрсетеді.Әуе көліктері жайлы толық мағлұмат беру.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Ұшақ туралы толық мағлұмат.
Нені игереді? Қағазды бекітудің қарапайым әдістерімен танысады.
Нені біледі? Бүктеу кезінде қарама-қарсы қабырғалары мен бұрыштарынаң сәйкес келуін қадағалап отырады.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Табиғи материалдармен жұмыс»
Мақсаты: Балалардың өз қалаулары бойынша жұмыс жасау.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер, табиғи материалдар,жүн,желім ,қайшы.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Табиғи материалдар туралы жалпы түсінік беру.Ағаштан алынатын қағаз, қойдан алынатын жүн туралы түсініктерін қалыптастыру. Олай болса балалар біз табиғи матеиал жүннен қой жасап үйренеміз.
- Қойдың бейнесін қағазға салып алу. - қойдың денесіне жүнді жапсыру. - басын,көзін карандашпен салу.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Табиғи материал туралы толық мағлұмат.
Нені игереді? Табиғи жүннен қой жасауды.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Үйрек» (Оригами)
Мақсаты: Саусақ бұлшық еттерін және баланың ой-қиялын дамыту;Қағазды әр түрлі әдіспен бүктеуге жаттықтыру.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Үйрек суреттері,қағаз,желім ,қайшы.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балаларға құстар туралы түсінік беру.Теледидардан құстар туралы деректи фильм көрсету.Құсардың мекен ету ортасы жайлы түсінік беру.Құстардың ішінде үйрек туралы толық мағлұмат беру.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.Құстар туралы қызықты мәлімет алады. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Құстар туралы толық мағлұмат.
Нені игереді? Бүктеу әдісі арқылы үйрек жасау.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Көгершін» (Оригами)
Мақсаты: Қағазбен жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін үйретуді жалғастыру;Саусақ бұлшық еттерін жетілдіру.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер, құстардың макеті.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балаларға құстар туралы түсінік беру.Теледидардан құстар туралы деректи фильм көрсету.Құсардың мекен ету ортасы жайлы түсінік беру.Көгершін туралы мағлұмат беру. «Ақ көгершін» әнін айту.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.Құстар туралы қызықты мәлімет алады. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Құстар туралы толық мағлұмат.
Нені игереді? Қағаздан көгершін жасау.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Мимоза тармақшалары»
Мақсаты: Дөңгелек түрдегі заттарды қия білуге, бөліктерден құрастыра ьілуге үйрету.Саусақтарының бұлшық еттерін жетілдіру.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер,дөңгелек заттар.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Тәрбиеші балаларға түрлі гүлдердің суреттерін көрсетеді.Гүлдердің қасиеттері,қайда өсетіні жайлы мағлұмат беру. Мимоза гүлімен танысу.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Гүлдер туралы толық мағлұмат.
Нені игереді? Мимоза таяқшаларын жасауды.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Кеме» (Оригами)
Мақсаты: Балаларды қағаздан бұйымдар жасауға үйретуді жаластыру.Қағазды бүктеу, жазу арқылы саусақтарды әр түрлі ұсақ қимылдарды жасауға үйрету.Балалардың байқағыштығын, зейінін дамыту.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер, қағаз,желім,қайшы.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Тәрбиеші балаларға кеме түрлерін слайд арқылы көрсету.Су көліктері жайлы толық мәлімет беру.
Балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп ,жұмысты ұқыпты жасауы бақылыанды. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап,жетістіктерін атап , ,түрлі-түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұсынылады. |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалар жұмысты мұғалімнің көмегімен орындайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Кеме туралы толық мағлұмат.
Нені игереді? Саусақтарды ұсақ қимылдарды жасауға үйрету.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.
Бекітемін
Күні
Білім беру саласы: «Вариативтік бөлімі»
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Шебер қолдар»
Тақырыбы: «Шығармашылық көрме ұйымдастыру»
Мақсаты: Балалардың жыл бойы жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Көрнекі құралдар мен материалдар:Суреттер, жасаған жұмыстар.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап,әңгімелесу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы күш Рефлексивті-түзетуші |
Жылулық шеңбері Арайлып таң атты, Алтын сәуле таратты, Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң балалар.
Балалар біз жыл бойғы жасаған жұмыстарымыздан көрме жасадық. Жануарлар ит жасадық. Қысқы көрініс аққала, жаңа жылдық безендіру. Құстардың көптеген түрлері үйрек, көгершін, пингвин жасауды үйрендік. Досымызға арнап альбом жасадық.Мамаларымызға арнап ине қадағыш жасадық. - Балалар, жасаған жұмыстарын өте керемет біз жыл бойы көптеген заттарды жасауды үйрендік. - Ата-аналарымызға да ұнады.
|
Балалар жылулық шеңберіне тұрып сәлемдеседі. Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек? Өздері жасаған жұмыстарын көрмеге қою.
Нені игереді? Өз-өздерін мадақтауды.
Нені біледі? Алдарына мақсат қоя білуді.

