Материалдар / Вариативтік компонент "Қызықты логика әлемі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Вариативтік компонент "Қызықты логика әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекеме педагогтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
25565
385 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін

ЖШС «Ай-Іскер» мектепке дейінгі

шағын орталығының директоры

____________ Молдагалиева Л.Ж.






«Қызықты логика әлемі»

Вариативтік компонент

«Ақ-бота» мектепалды даярлық тобы

2018-2019 оқу жылы









Семей қаласы

КІРІСПЕ

Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып, олардың ой-өрісін, білім дағдысы деңгейін кеңейту, сана-сезім, таным,қабылдау әркетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып,баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет.

«Сиқырлы логика әлемі» арқылы айналадағы қоршаған ортамен таныстыра отырып, балалардың логикалық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту. Ойынның шарттары қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға бірте-бірте ауыстыру ұстанымдарын басшылыққа алады. "Сиқырлы логика әлемі» вариативтік компонент мектепке дейінгі (6-7 жас) жастағы балаларға ҚР МЖМБС- ның мектепке дейінгі мекеменің оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларының талаптарына сәйкес вариативтік бөлімде тәрбиеленушілердің танымдық талғамдарын ой өрісін арттыруға және балаларды мектепке даярлауға бағытталған көмекші құрал.

Ұсынылып отырған «Қызықты логика әлемі» вариативтік компонент 6 - 7 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың міндеттерін жүзеге асырады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында балалар заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындайды, қатынас, жүйелеу, салыстыру, талдау, сараптау жайлы түсініктерді меңгертеді. Бағдарламадағы ойындар мен тапсырмалар , қолмен пішіндерді құрастыруға, талдауға, жинақтауға, әсемдікті түсінуге, салыстыруға, үйлестіруге, есте сақтауға көп көмегін тигізеді. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама балалардың математикадан алған білім , білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және ойын - жаттығуларға деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында жұмбақтар, санамақтар, логикалық тапсырмалар, сөзжұмбақтар кіріктірілген. Материалдар ҰОІӘ негізгі тақырыптарын жинақтап, қорытындылауды талап ететіндей, «Кім тапқыр, «Ойнайық та ойлайық!», «Кішкентай математиктер», «Ғажайып тапсырмалар», «Үздік логиктер» тақырыбы бойынша балалардың білімдерін тереңдетіп, кеңейтетіндей етіп іріктелген. Сондай-ақ, балалардың вариативті бөлімнен алған әсерлерін , көңілді бейнелермен рефлексия жасауға үйретеміз.

Қазіргі дамытушы ойындар «Игровизор», «Танграм», «Коломбовое яицо»,«Монгол» ойындары арқылы әртүрлі нәрселердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын табады, ортақ белгілеріне қарай заттарды топтарға дұрыс топтастырады, тапсырманы орындау барысында, дидактикалық ойындарды қызығушылықпен қабылдап, ойларын дәйектей алады. Балалардың тапсырмаларға деген қызығушылығын әрі қарай өрбіту үшін, «Күлдірген», «Дымбілмес», «Буратино», «Алдаркөсе», «Құрбақа» сияқты тосын сәттер кіргізілген. Ең бастысы берілген тапсырманы сәтті орындаған сайын мадақтап, баланың қызығушылығын тудыра білу.

Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына:

-Бағдарлама;

-күнтізбелік жоспар 32 сағатқа бағытталған;

-ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары;

-қосымша материал: логикалық тапсырмалар, «Танграм» ойыны, «Коломбовое яйцо» ойыны, «Монгол» ойыны сөзжұмбақтар, жұмбақтар, санамақтар.


Бағдарламаның мақсаты:

Жас ерекшелігіне сай танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге, ақпаратты күнделікті өмірлік мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • ақыл-ой әрекетінің дамуын, логикалық ойлау, салыстыру, талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.;

  • талдап-ойлауға, есте сақтауға, ой-өрісті дамытуға, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дағдыландыру;

  • зейінін , қиялын, танымдық процестерін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту,

Нәтижесінде:

  • Балалардың мектепке даярлығына, заттардың қасиетін аша отырып мұқият тыңдауға және жеңіл тапсырмаларды шешуге;

  • Балалар заттарды қасиеттеріне қарап жалпылауға (бір, екі, үш), заттардың ұқсастығын және айырмашылығын түсіндіре алады, өздерінің ойларын дәйектей алады

  • Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, білімге деген қызығушылығын арттыру

«Қызықты логика әлемі» вариативтік компонентің

күнтізбелік жоспары:


Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты


Қолданатын дидактикалық

материал

ҰОІӘ

саны

1

«Кәне, кім тапқыр!»





Қызықты тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, математикадан алған білімдерін пысықтау ,ой-өрісін кеңейтіп,

логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру.

Логикалық тапсырмалар, үлестірмелі суреттер, сызба карточкалар, санағыш таяқшалар,үн таспа, «Монгол» ойыны, «Игровизор», кейіпкер

1

2


«Хайуанаттар бағындағы қызықтар»

Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

аңдардың карточкалары, үн таспа, логикалық тапсырма, сызба тапсырмалар, «Игравизор», «Танграм» ойыны, хайуанаттар бағы

1

3

«Кішкентай математиктер»




Балаларды жіктеу, орналастыру сияқты логикалық амалдарды ғана емес,ойнату пайымдауды қажет ететін логикалық тапсырмаларды орындату: заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру дағдыларын жетілдіру.

ойынға қажетті карточкалар, сандар, сызба тапсырма, логикалық тапсырма, «Игровизор»,кейіпер

1

4

«Ойнайық,та ойлайық»

Тапсырмалар арқылы логикалық ойлау қабілеттеін арттыру,

ынтамен дұрыс орындауға үйрету,ой-өрісін кеңейту.

сандар,үлестірмелі аңдар суреттері, сызба тапсырма, логикалық тапсырма«Игровизор»

ертегі кейіпкерлері

1

5

«Үздік логиктар»

Геометриялық пішіндерді ажырата отырып,логикалық ойлау қабілетін

дамыту, қызықты тапсырмаларға деген қызығушылықтарын арттыру.

түрлі-түсті шарлар, үлестірмелі карточкалар,сандар,сызба тапсырмалар, логикалық тапсырма, «Игровизор»,тосын сәт,

1

6

«Пішіндер сыры»

Балалардың зиінін ойлау қабілеттерін

сандардың таңбаларын танып ажыратуды, геометриялық денелерді, олардың түстерін ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу.Тапқырлыққа, ептілікке,жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу.

түрлі түсті пішіндер, (гүл,орамал,бантик,көзілдірік),сызба тапсырма, логикалық тапсырма, «Танграмм» ойыны, «Игровизор»

1

7

«Ғажайып тапсырмаларға саяхат»

Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Ойлау, көріп - тану, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу.

логикалық тапсырмалар,жұмбақтар, сандар,

үлестірмелікарточка,сызба тапсырма, «Танграм»ойыны, «Игровизор»,кейіпкер

1

8

«Ғажайып тапсырма әлемі»





Танымдық қызығушылықтарын арттыру. Пішіндерден бейне құрастыруды одан әрі жалғастыру. Көп білуге , ізденуге ұмтылдыру , білімдерін жан жақты дамыту ,ұшқыр ойлауға баулу .

үлгі карточкалар, сызба тапсырмалар, логикалық тапсырма,

«Коломбовое яицо», «Танграм» ойыны, «Игровизор»,

кейіпкер,

1

9

«Тапқыр болсаң, тауып көр»

Мақсаты: Ойлай отырып, санауды үйретуді жалғастыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.


с ызба тапсырма, логикалық тапсырма, «Коломбовое яицо» , «Танграм» ойыны, «Игровизор»

кейіпкелер

1

10

«Логика сыры»

санау ұғымдарын одан әрі жалғастыру, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау,белеснділікке баулу.

ойынға қажетті заттар,сандар,санағыш, сызба тапсырма, логикалық тапсырма, «Коломбовое яицо», «Игравизор»,кейіпкер

1

11

Ойна да ойлан!


Балаларды есте сақтау қабілеттерін қызықты жаттығулар арқылы арттыру. Логикалық есептер шығару арқылы ойлау қабілетін, ұзын,қысқа,биік,аласа ұғымдарын бекіту,

байқампаздығын сабаққа қызығушылығын дамыту.

ойынға қажетті сурет,сандар, сызба тапсырма, логикалық тапсырма, «Танграм» ойыны, «Игровизор»,

кейіпкер,

1

12

Ойна,ойла,жікте!










Логикалық ойлау қабілеттерін, білім-білік дағдыларын,ойнай отырып ойлауға бағыт беру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.


ойынға қажетті сурет тер,сандар, сызба тапсырма,логикалық тапсырма, «Монгол» ойыны, «Игровизор»



1

13

Зейінді бол




Балалардың зейінін шоғырландыру,ой-өрісін , танымдық белсенділіктерін арттыру. Балалардың логикалық қабілетін, пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту. жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету

ойынға қажетті суреттер, сиқырлы қапшық сызба тапсырмалар, «Танграм» ойыны, «Игровизор»кейіпкері,

1

14

«Жүзден жүйрік»

сандар туралы өткенді пысықтау, ойындар арқылы ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. логикалық тапсырмаларды шешу арқылы ойлау қабілеттерін, зиінін тұрақтандыру.

сызба карточкалар, сандар, санамақ,

логикалық тапсырмалар,

«Коломбовое яицо», «Игровизор»,кейіпкер

1

15

«Сиқырлы қораптың қызықтары»

заттың қасиеттерін, геометрикалық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау, сандар құрамын бекіту, саусақ қимылын дамыту, логикалық тапсырмалар арқылы ақыл-ойын, зиінін дамыту.

сиқырлы қарындаш, логикалық тапсырмалар, «Монгол» ойыны, «Игровизор»,тосын сәт,

1

16

«Кішкентай тапқырлар»


Ойлау, көріп тану, есте

сақтау қабілеттерін арттыру.Белсенділікке шапшаңдыққа,кеңестікті бағдарлай білуге үйрету

логикалық тапсырмалар, «Танграм», «Игровизор»,кейіпкер,

1

17




«Логиктарға тапсырма»

Балалардың

логикалық тапсырмалар арқылы білімін бекітіп, сезімталдық , есте сақтау қабілеттерін дамыту, ойыншықтардың түр-түсін,пішінін,сипаттап айтып бере білуге дағдыландыру.

логикалық

тапсырмалар, сызба тапсырмалар, «Танграм» ойыны, «Игровизор».

1

18

«Көңілді логиктар»

Балалардың ойлау қабілеттерін, зеиінін тапсырмалар арқылы тұрақтандыру, байқампаздыққа баулу.

Сызба тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, «Монгол»ойыны, «Игровизор»,кейіпкер

1

19

« Бақаның қызықты тапсырмалар»


Балалардың заттардың белгілеріне қарай салыстыру,кеңістікте орналасу қалпын анықтау.Топтастырыл-ған бейнені таба білуге машықтандыру.

бөлме сызбасы, асықтар,ребустар, логикалық тапсырмалар, «Монгол» ойыны, «Игровизор», кейіпкер

1

20

Логика сыры

Балалардың ақыл-ой қабілеттерін тапсырмалар арқылы арттыру. Логикалық тапсырмалар арқылы зейінін дамыту.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!