Ветеринар мамандығының
қажеттілігі.
Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық
колледжі
«Ветеринария» кафедрасының аға
оқытушысы
Камардинұлы
Азамат
Халқымыз ата - баба дәстүрімен өмір тіршілігін мал
шаруашылығымен жалғастырып мал жанымыздың амандығына үлкен көңіл
бөлініп дәстүрлік жалғасын тапқандығын тарихтан жақсы білеміз. Мал
шаруашылығын дамыту және оны сақтау үшін алдымен оның жайылымын
және жай күтіміне баса назар аударылған. Жылдың төрт мезгілінде
өрісін ауыстырып мал саулығы арқылы адамдардың амандығын
сақтағандығын білеміз. Яғни біздің ата-бабаларымыз бәрін де жүйелі
ақылмен шешім қабылдап отырғандығын түсінуіміз керек. Қаншама
ғасырлар үздіксіз дамып келе жатқан мал шаруашылығы бүгінгі күні
ғылыми техникалық жүйемен жан-жақты дамып отырғандығын білеміз.
Амандасқанда алдымен «Мал - жаның аман ба» деп сұрайтын халқымыз
үшін төрт түліктің орны бөлек. Қазіргі таңда өзектілігін жоймай
келе жатқан «Медицина адамды, ветеринария адамзатты
емдейді» деген нақылдың орны бөлек деп айтар едім. Еліміз
тәуелсіздік алып атадан балаға мұра болып қалған мал шаруашылығы
жеке кәсіпкерлік жүйесімен байланысты дамып келеді. Сонымен қатар
ауыл тұрғындарының барлығы дерлік мал ұстап өз қажеттілігін
қамтамасыз ету дәстүрге айналған. Мал саулығын қамтамасыз ету үшін
білікті маман қажеттілігі туындап отыр. Мал ауруларының алдын алу
және оларды қорғау үшін ветеринария қызметі қарқынды дамуды қажет
етеді. Мал ауруларының түрі көбейгендіктен ветеринар мамандарда
үздіксіз ізденісте болуы керек. Ауылшаруашылық саласының күрделі
салаларының бірі мал шаруашылығын одан әрі дамыту және жетілдіру
мақсатында кәсіби білім беретін Түркістан жоғары көпсалалы,
аграрлық колледжінде
1513000 - «Ветеринария»
мамандығы оқытылып 151308 3 «Ветеринарлық фельдшер инспектор»,
151306 3 «Ветеринарлық техник» мамандықтары
дайындалады.
Сапалы маман даярлау
ұстаздардың басты мақсаты. Бүгінгі таңда колледжде ветеринар
мамандарын даярлау үшін жоғары деңгейде оқу вазасы қамтамасыз
етілген. Жаңа үлгідегі ветеринарлық медицинаға арналған құрал
жабдықтар мен лобаратория және кабинеттер жабдықталған. Сонымен
қатар облыс көлеміндегі мал шаруашылығымен айналысатын мекемелермен
серіктестік келісім шарттар жасалған. Кәсіби білім саласын дамыту
оның ішінде ветеринария саласында білім беріп келе жатқан
ұстаздардың біліктілігін дамыту әдістемелік орталықтың жоспарлы
жүйесімен жүзеге асып келеді. Шәкірт тәрбиелеу оны кәсіби маман ету
барысында атқарылып жатқан өнегелі істермен жалғасын табуда. Білім
алушылармен жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары, өндіріс
орындарындағы тәжірибелік сабақтардың негізінде тікелей
қарым-қатынас орнату, мал шарушылығында қызмет атқарып келе жатқан
мамандармен кездесу олармен пікір - талас жүргізу үлкен ықпалын
тигізіп келеді. Пікір талас барысында мамандар болашақ мамандарға
жұмыс барысы мен оның атқарылу жолдарын үйретіп тәжірибе бөліседі.
Бүгінгі таңда мал халықтың
жекеменшігінде екендігін өздерің жақсы білесіңдер. Ауыл адамдарының
немесе үлкен шаруашылқтардан ауру мал шықса, бақылауға алынып, өзге
өңірге тарап кетпеуі үшін ветеринарлық жұмыстар жүргізілді деп
айтып, мал басын сақтаудың басты мәселесі маусымдық белгілі
ауруларға вакцина егу өте жауапты екендігін айтып түсіндіріп
тәжірибеде көрсетіп береді. Мал басын аман сақтауда вакцина салу
жұмыстары жеке кәсіпкерлердің және халықтың қолындағы малдарына
ақылы негізде салынады. Әрбір тұрғын өз мал басының аман саулығы
үшін маусымдық вакцина салдыруға жауапкершілікпен қарауы керектігі
үшін ескерту жұмыстары жиі жүргізілетіндігін айтты. Мамандар білім
алушыларға бұрын аурулардың ішінде
жиі кездесетіні тек бруцеллез ауру еді. Қазір аусыл, сібір жарасы
секілді небір аурулардың легі шықты. Шаруа қожалығы иесі малын
күтіп ұстағысы келетін қожалық иелері қарайтын білікті мал
дәрігерін ұстап келеді. Ал бір өкініштісі кейбір қожалықтар
ветеринар мамандарды ұстаудың тиімсіздігін айтып бас тартады. Бұл
дегеніміз әрине жеке шаруашылықтардың мал күтіміне және олардың
ауруларының асқынуына алып келеді. Сондықтан алдағы уақытта мал
шаруашылығымен айналысатын мекемелерге мемлекет тарапынан ветеринар
мамандарды ұстауды заңмен талап ету қажеттілігі туындап отыр. Ол
болашақтың еншісінде.
Малдәрігерлік қызмет саласы
салғырттықты көтермейтіндігін білуіміз керек. Бұл бағыттағы
іс-қимыл, атқарылған шаралардың барлығы бірінші кезекте азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты жолы
болмақ. Ветеринариялық қызметтің негізгі мақсаты шаруашылықтарда
ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақтылы жүргізіп, қауіпті
індеттерден адамдарды сақтандыру, инфекциялық, инвазиялық мал
ауруларына кедергі қою, мал шығындарын азайту арқылы
шаруашылықтарға келетін зиянды барынша азайту, жануар өнімдерінің
өнімділігін арттыру және саулығын сақтау. Сонымен қатар
ветеринария саласының рөлі тек
қана ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен қоса экономикалық,
биологиялық, медициналық тұрғыдан да маңыздылығы жоғары екенін
білім алушылардың ойына үнемі салып
отырамын.
Қауіпсіздік кепілі ретінде, адам баласының
денсаулығы үшін ветеринария ісін сауатты білікті жолмен дамытуды
бүгінгі білім алып жатқан боашақ жас мамандардың санасына сіңіре
білуіміз керек. Осы орайда
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықына
Жолдауында елді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл
шаруашылығы саласын, оның ішінде, мал шаруашылығын дамыта отырып,
олардан алынатын өнімдерін көбейтуге баса назар бөліп отыр. Ауыл
шаруашылығы саласын дамытуда түрлі бағдарламалар қабылданып, осы
бағдарламаларда ветеринарияны дамыту, жоғaры сапа стaндарттарына
қол жеткізу, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері ерекше
орын алады деп атап көрсеткендей сапа үшін халықты сақтау үшін іс
істейтін уaқыт жетті деп айтaр
едім. Қажырлы еңбекті талап ететін мал шаруашылығы саласын
тұрақты дамытудың шешуші факторлары – шаруашылықтарды білікті
ветеринaриялық мамандармен қамтамасыз ету және аса қауіпті
індеттердің алдын алу болып табылады, бұл жағдайға біздер болашақ
ветеринар мамандарды даярлап жатқан ұстаздарда жауапты дер
едім.
Бұл мәселеде біздің
колледжмізде білікті, тәжірибелі мамандар дәріс жүргізіп келеді.
Атaп айтар болсам: А. Асқар, Б.Божбанов, М.Толыбай, О Хожамжаров,
Н.Алышев, М. Аууталипов, Н.Мырзақұлов атауға
болады.
Қорыта айтқанда ата - бабаларымыздан мұра
болып келе жатқан мал шаруашылық саласының дамуына оның қадір
қасиетін біле отырып сақтауға тәрбиелеу, бүгінгі ұстаздардың
міндеті деп білім алып отырған жас мамандардың білікті маман болуы
үшін ізденіс пен тәжірибенің алар орны жоғары деп айтар
едім.