Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ветеринарияның маңызы. Ауру туралы жалпы ілім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ветеринария саласы сау жəне ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау əдістерін, аурудың алдын алу жəне күтіп-бағу, азықтандыру, жұмысқа пайдалану жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешенін құрайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ветеринарияның маңызы. Ауру туралы жалпы ілім.


Ветеринария саласы сау жəне ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау əдістерін, аурудың алдын алу жəне күтіп-бағу, азықтандыру, жұмысқа пайдалану жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешенін құрайды. Ветеринария нысандарына жануар мен құс жəне олардан алынатын өнімдер мен шикізаттар жатады.

Ветеринариялық істі басқаратын жəне ветеринариялық қызмет көрсетудің ретін анықтайтын, оның мақсаттарын айқындайтын «Ветеринария туралы заң» негізінде ветеринариялық қызмет жүргізіледі.

Ветеринария саласындағы негізгі міндеттер мыналар: жануарларды аурулардан қорғау жəне емдеу;

  • халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қазақстан республикасын басқа мемлекеттерден келетін жануарлардың жұқпалы жəне экзоотикалық ауруларының енуі мен таралуынан қорғау;

  • ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау; жануарлар ауруларына қарсы күресу əдістерін анықтау жəне қолдану, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың сапасын ветеринариялықсанитариялық бақылауды қамтамасыз ету;

  • жеке жəне заңды тұлғалар атқаратын ветеринария саласындағы қызметті жүргізу кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жəне оны жою;

  • ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жатады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринария туралы заң» негізінде жəне оны дамыту үшін кəсіпорындардың барлық меншіктілік түрлеріне бірдей міндетті нұсқаулар мен міндеттемелерді шығарады.

Ветеринария саласындағы заң мыналарды:

  • ветеринариялық істің құқықтық негіздерін; ветеринариялық қызметті ұйымдастыру құрылымын;

  • Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының əкелінуі мен таралуынан қорғауды; мемлекеттік қадағалаудың жəне олардың ұйымдарының ретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау жүргізуші құзіретті тұлғаның қызметтерінің ережесін;

  • жануарларды карантиндеудің ретін жəне шарттарын; шаруашылықтарға, тұрған бекеттеріне жəне түрлі нысаналарға жұқпалы ауру қоздырушыларының таралуынан қорғауды; жануарларды көбейту жəне өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кəсіпорындары орындауға міндетті ветеринариялық шараларды;

  • жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сату кезінде ветеринариялық талаптарды;

  • ветеринариялықсанитариялық сараптау ережелерін ветеринария саласындағы қызметті лицензиялауды;

  • ветеринарлық химиотерапевтік, дезинфекциялық 7 препараттарды қолданудың тəсілдері мен шарттарын, жұқпалы, инвазиялық ауруларға диагностикалық зерттеулер жүргізудің əдістемелерін жəне түрлі арнайы шараларды жүргізуді;

  • ветеринариялық шараларды жабдықтандырудың нормаларын;

  • ветеринарлық тауарларды жəне мал өнімдерін тасымалдау кезінде зоогигиеналық жəне ветеринариялық (ветеринариялықсанитариялық) талаптарды сақтауға;

  • ветеринариялық шараларды жүргізуге мамандардың жұмсалатын еңбек нормаларын;

Ветеринариялық қызметті қаржыландыру ретін жəне жүйесін реттеп қарастырады. «Ветеринария туралы заңға» сəйкес жеке жəне заңды тұлғалар: -Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгіленген жануарлар ауруларының алдын алуды жəне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық жəне əкімшілік-шаруашылық ісшараларды жүзеге асыруға; -зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдердегі жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялықсанитариялық) ережелер мен нормативтерге сəйкес ұсталуын, өсірілуін жəне пайдалануын жүзеге асыруға; -аумақты, мал шаруашылығы қоражайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға жəне өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерге сəйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге; -мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау нысандарын орналастыру, салу, қайта жаңғырту жəне пайдалануға беруге; - барлық шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жəне олардың ветеринариялық төлқұжаттарын рəсімдеуді қамтамасыз етуге; - кенеттен бірнеше жануардың өлім-жітімге ұшырауы, олардың бір мезгілде ауруы немесе əдеттен тыс мінез көрсету жағдайлары туралы, ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру белгісі жөнінен күдікті жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қолдануға; - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға; -ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ветеринариялық тексеру үшін кедергісіз беруге; - жануарлардың жəне адамның денсаулығына қауіп төндіретін мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауындағы жүктерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөніндегі ветеринариялық инспекторлардың талаптарын орындауға; 8 - союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізуге, союға жəне сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге; - ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жəрдем көрсетуге; - жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға жасалған ғылымитехникалық құжаттаманы ветеринария саласының уəкілетті мемлекеттік органымен келісуге міндетті.

Ветеринариялық іс-шаралар:

1) жануар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жем-шөптік қоспалардың ұсталуының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сəйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткізілетін іс-шаралар;

2) шектеу іс-шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларын жою жəне олардың таралуының алдын алу мақсатымен індет ошағында жəне қолайсыз бекеттерде жүргізілетін іс-шаралар болып бөлінеді. Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру тəртібін ветеринария саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді, жеке жəне заңды тұлғалардың оны орындауы міндетті болып табылады. Шектеу немесе карантиндік іс-шаралары жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша, жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі. Сондықтан да, шаруашылық мамандарының ауру туралы, жануарлар ауруын зерттеу əдістері, оның алдын-алу жəне шектеу іс-шаралары жүйесі жөніндегі білімділігінің маңызы жоғары деңгейде болуы қажет. Ауру жұқпалы емес жəне жұқпалы болып екі түрге бөлінеді. Жұқпалы аурулар өз кезегінде, қоздырушылары өсімдік тұқымдасты (бактериялар, бациллалар, фильтрленуші вирустар) зардапты организмдер болып табылатын індетті жəне жануар тұқымдасты (бірторшалылар-қарапайымдылар, паразиттік құрттар-гельминттер, өрмекші тəріздестер жəне жəндіктер) паразиттерден пайда болатын инвазиялық болып бөлінеді. Ауру – организмнің зардапты агентке жауап беруін қалыптастыруға бағытталған күрделі реакциясы, организм мен сыртқы ортаның қарымқатынасының бұзылуының нəтижесінде туындайды жəне жануарлардың өнімділігі мен экономикалық тиімділігін төмендетеді.

Аурудың төрт кезеңін ажыратады:

1) жасырын;

2) бастапқы немесе клиника алдындағы (продромальдік);

3) клиникалық айқын;

4) ақырғы.

Жасырын кезең микробтың енген кезінен бастап, аурудың алғашқы белгілері басталғанға дейін созылады. Бұл кезең бірнеше минуттан бастап жылға созылады жəне зардапты микробтың əсер ететін уақытына, уыттылығына, организмнің төзімділігіне байланысты болады. Мысалы, күйген кезде жасырын кезең бірнеше минут, тұмауда - бірнеше сағат, туберкулезде - бірнеше ай. Бұл кезеңнің уақыт аралығында организм ауру агентімен белсенді күреседі, ал қоздырушыны жойған кезде ауру білінбеуі мүмкін. Клиника алдындағы немесе продромальдік кезең аурудың бірінші белгілерінен бастап, оның толық клиникалық белгілері білінген кезі. Бұл кезеңде көптеген ауруларға ортақ клиникалық белгілер айқындалады: дене ыстығы көтеріледі, жүрек жұмысы жəне тыныс алу жиілейді, тəбеті төмендейді, жүйке жүйесі бұзылады. Зардапты қоздырушыны жойғаннан кейін организмнің қалыптасу функциялары белсенділік көрсетіп, жазылып кетеді. Бұл кезеңде осы ауруға тəн белгілері байқалмайды, сондықтан да диагноз қою өте қиын болады.

Аурудың толық клиникалық белгілері байқалған кезде осы ауруға тəн негізгі клиникалық сипаттары айқындалады (мысалы теріде дақтың болуы – тілмеде, жөтелдің -бронхопневмонияда, іші тоқтамай өту - диспепсияда). Бұл клиникалық белгілері қаншама өзіне тəн сипаттау болғанымен, аурудың клиникалық түрлері сан алуан жəне оның ұзақтығы əр түрлі болады. Клиникалық кезеңнің ұзақтығы қоздырушының уыттылығына жəне организмнің қорғаныс күштеріне де байланысты (аусыл, тілмеде – бірнеше күн, бруцеллез бен туберкулездерде – бірнеше ай). Аурудың ақыры жайлы болып, малдың жазылуымен (толық, толық емес) немесе жайсыз болғанда өліммен аяқталады. Мал толық жазылғанда организмде жəне оның ағзаларында морфологиялық немесе функциялық қалпына қайта келу жүреді. Бірақ, бұл жағдайда организм бастапқы қалпына келмеуі де мүмкін, организмде иммунитет пайда болады немесе керісінше сезміталдығы күшейеді (аллергия). Мал толық сауықпаған кезеңде денеде əр түрлі бұзылған функциялар мен құрылымдық ақаулар қалады, олар организмнің қоры есебінен қалыптасуы мүмкін. Кейде организмде патологиялық жағдай дамиды (бүйректің қатаюы, миокардтың зақымдануы), бұл кезеңде жануар жеңіл түрде қайталап ауырады. Организм өзгерген ортаның жағдайына қалыптаса алмаған кезінде өліммен аяқталады.

Өлімнің негізгі себептері:

-жүрек жұмысының тоқталуы (жүректің немес мидағы жүйке орталығының зақымдануы); -тыныс алудың тоқталуы (мидағы тыныс алу орталығының зақымдануы).

Өлім бірден немесе біртіндеп, ал екінші жағдайда жанталасу жəне клиникалық өліммен аяқталады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2023
248
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12