2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Викторина «Білім бәйгесі» среди 3-х классов.

Викторина «Білім бәйгесі» среди 3-х классов.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту. Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға үйрету.Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға үйрету.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Область Жетысу, город Талдыкорган

КГУ «Средняя школа-гимназия № 10 им. Ч. Валиханова»

Учитель начальных классов: Сапиева Гульшат Токтасыновна


Сайыстың тақырыбы: «Білім бәйгесі»

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту. Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға үйрету.Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға үйрету.
Түрі: Сайыс сабақ

Сайыстың барысы


Жүргізүші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі  біздің 3 сынып оқушылары арасында «Білім бәйгесі» сайысымызға  қош келдіңіздер!

Ведущий:

Уважаемые учителя, учащиеся, добро пожаловать на викторину «Білім бәйгесі»

среди 3-х классов.

Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Сайысқа қатысатын топтардың таныстырылуы: топтың атауы, ұраны

Приглашаем команды для знакомства с их названиями и девизом.

Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.

1 кезең  «Кім жылдам?» ( пәндер бойынша сұрақтар)

2 кезең   «Жүйелі сөз, жүйрік ой» ( мақалдардың жалғасын табу)

3 кезең  «Ұйқасын тап» (өлеңнің соңғы жолы беріледі, соған өлең ұйқастырып құрастыру)

4 кезең     «Тіл өнері» ( дұрыс жауапты 2 тілде айту)


Знакомство с турами викторины.

1 тур «Кто быстрей?"(вопросы по предметам)

2 тур "Доскажи пословицу" (продолжение пословиц)

3 тур "Рифма и поэт" (дается последняя строка стихотворения, к которой следует составить стихотворение)

4 тур "Полиглот" (произношение правильного ответа на 2 языках)

 Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік болса сол алда


Пусть каждый смело вступит в бой,

В азарт соревнования.

Успех придет не сам собой

Помогут ваши знания.

Желаю вам победы!


1 кезең  «Кім білімді?» (сұрақ қойылады, қай топ жылдам жауап береді – 1 ұпай)

  1. Қыс айларын ата./желтоқсан,қаңтар, ақпан/

  2. Зат есім дегеніміз не?/заттың атын білдіретін сөзді/

  3. Табиғат нешеге бөлінеді? /2/

  4. Шаршы дегеніміз не?/барлық қабырғалары бірдей геометриялық фигура/

  5. Үй жануарларын ата. (сиыр, қой, жылқы, түйе т.б)

  6. Жүз жасаған ақын? / Ж.Жабаев/

  7. Бір тәулікте неше сағат бар?/24 сағат/

  8. Жүздіктен 5 ондықтан 6 бірліктен тұратын сан. (756)

  9. Отанды сүю неден басталады? /Отбасынан басталады/

  10. Дарынды суретші кім? Әбілхан Қастеев

  11. Көктем айларын ата? /наурыз,сәуір,мамыр/

  12. Сан есім дегеніміз не? /заттың санын білдіретін сөздерді/

  13. Тірі табиғатқа нелер жатады? /өсімдік, адам,жануар/

  14. Қазақтың ұлы ақыны кім? А.Құнанбаев

  15. Фигураның ауданын қалай табады? /ұзын*еніне көбейтеміз/

  16. 8 ондықтан 6 бірліктен тұратын сан. 86

  17. Дауыссыз дыбыстар  нешеге бөлінеді? /3/

  18. 1 сағатта неше минут бар? (60 мин)

  19. Білім ұясы не? Мектеп

  20. Қазақстан қай жылы Тәуелсіздік алды? 1991 ж 16 желтоқсан

1 тур «Кто быстрей?"(вопросы по предметам)

  1. - Когда все ученики идут в школу после летних каникул? ( 1 сентября)

  2. - Приставка стоит перед корнем или после него? ( перед корнем)

  3. - Когда мы говорим или рассказываем – это речь письменная или устная? ( устная)

  4. - Какое число стоит перед числом 100? ( 99)

  5. - Глагол – это часть слова или часть речи? ( часть речи)

  6. - Фигура, у которой все стороны равны и все углы прямые, называется ….( квадрат)

  7. - А.С.Пушкин – это поэт или композитор? ( поэт)

  8. - За какими цветами ходила девочка в сказке «12 месяцев»? ( за подснежниками)

  9. - Сколько сантиметров в  1 метре? (100)

  10. - Сколько будет 9 умножить на 3?

  11. - На какие вопросы отвечает имя существительное? (Кто? Что?)

  12. - Какого числа наступает Новый год? (1 января)

  13. - Вода в твердом состоянии – это пар или лед? (лед)

  14. - Сложение проверяют умножением или вычитанием? ( вычитанием)

  15. - Линия, ограниченная с двух сторон точками – это отрезок или ломаная? ( отрезок)

  16. - Сколько будет 7 умножить на 10? (70)

  17. - «Дюймовочка» - это зарубежная сказка или русская народная? ( зарубежная)

  18. - ЖИ, ШИ пишется с буквой?...(И)

  19. -То, что находится у цветка в земле, - это корень или стебель? ( корень)

  20. - Сколько будет 6 умножить на 1? (6)



2 кезең «Жүйелі сөз, жүйрік ой» (әр топқа екі мақалдан беріледі)

  1. Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

  1. Кітап- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

  1. Отансыз адам-

Ормансыз бұлбүл.

  1. Аз сөз-алтын,

Көп сөз – көмір

  1. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

  1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

  1. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  1. Батырды намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

  1. Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

  1. Жаңбыр жауса –жер ырысы

Батыр туса ел ырысы.


2 тур "Доскажи пословицу" (каждой команде по две пословицы)


  1. Терпение и труд ... (все перетрут).

  2. Кто много читает ... (тот много знает)

  3. Нет друга ищи, ... (а нашёл береги).

  4. Кончил дело ... (гуляй смело).


3 кезең  «Ұйқасын тап» Өлеңнің соңғы жолы беріледі, соған өлең ұйқастырып құрастыру.

......... баламыз,

......... саламыз.

......... ойнаймыз,

.......... тойлаймыз.

3 тур "Рифма и поэт" (дается последняя строка стихотворения, к которой следует составить стихотворение)

........... ребята

........... живём

............ поём

……… идём



4 кезең     «Тіл өнері»

  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі / көктем-весна/

  2. Мұрты бар иегінде сақалы жоқ, Тоны бар киеріне шапаны жоқ. /мысық-кошка/

  3. Жүз теңгең болғанша, жүз … болсын   /дос-друг/

  4. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.   /кітап-книга/

  5. Көру мүщесі ( көз-глаза)

  6. Балды қай аң жақсы көреді. (аю – медведь)

  7. Футболшының  алаңдағы ойын заты / Доп-мяч/

  8. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы /ит- собака/

  9. Әр адамның шағын отаны / Отбасы-семья/

  10. Жесең ащы, көзіңнен шығарар жасты. ( пияз – лук)

  11. Есту мүшесі... ( құлақ-ухо)

  12. Қанаты бар ұша алмас, Құрлықта қаша алмас. ( балық – рыба)


4 тур "Полиглот" (произношение правильного ответа на 2 языках)


Ночью он совсем не спит,

Дом от мышек сторожит,

Молоко из миски пьет,

Ну конечно это ….? (кот-мысық)

Каждый вечер так легко

Она дает нам молоко,

Говорит она два слова,

Как зовут ее? (корова-сиыр)


Он зимой в берлоге спит,

Потихонечку храпит,

А проснется — ну реветь,

Как зовут его? (медведь-аю)


Рано встаю,

Громко пою,

Деткам спать не даю:

Ку-ка-ре-ку! (петух-әтеш)


Может курочек ловить,

На луну так громко выть,

Зубами делает он «щелк»,

Ну конечно, это — …? (волк-қасқыр)


После ванны обнимает,

Всех сухими оставляет. (полотенце-орамал)


Его ждут не дождутся,

Когда увидят — разбегутся. (дождь-жаңбыр)


Загляни в осенний сад:

Чудо-мячики висят.

Красноватый, спелый бок

Ребятишкам на зубок. (яблоко-алма)


Қорытынды.

Жүргізүші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.

(МАРАПАТТАУ)

Жүргізүші:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Жеткізер сіздердей өренді,

Жеңістің биік шыңына.


Ведущий:

Закончился конкурс, закончилась встреча,

Настал расставания час…

Но вы не грустите, вы к нам приходите,

Мы встретимся с вами не раз!

10 Сәуір 2025
85
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі