Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Виртуалды және кеңейтілген шынайылық. 11 сынып
Бөлім |
3D модельдеу |
|
Педагогтың аты-жөні |
|
|
Күні |
|
|
Сынып |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы: |
2.1 Виртуалды және кеңейтілген шынайылық |
|
Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары |
11.2.4.1 - виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың мақсатын түсіндіру |
|
Сабақтың мақсаты: |
|
|
ЕБҚ бар балалар үшін |
|
|
-Қарым-қатынас деңгейінде сөздік қорын, сипап сезу дағдыларын дамыту -Көруінде кемістігі бар балаларды ауызша жауап беруге деген ынтасын ескеру ( практика түрінде жауап беруге жағдай жасау) |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Баға-лау |
Ресурс-тар |
Сабақтың басы |
1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. |
Мұғаліммен амандасады. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Сабақтың мақсаттарымен танысады. Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. Бағалайды. |
Жұлдыз 2 балл |
Жұмыс дәптері |
Сабақтың ортасы |
«Ой тұжырымдау»
әдісі
Негізгімақсаттар:
Жұптық жұмыс: №1 тапсырма: Қалып қойған сөздерді жаз. Р.Милгрэм ______________шынайылық моделін ұсынды. Бұл шынайы және виртуалды әлемнің ______________ өмір сүретін және виртуалды тұтас өмір аясында ____________ әлемде өзара әрекеттесе өмір сүретін жүйе. Оның аралық байланыстары – ______________ шынайылық пен _________________ шынайылық. №2 тапсырма: Кестені толтыр. Деңгейлік тапсырмалар: А деңгейі. Кестені толтыр.
С деңгейі. Венн диаграммасын қолданып, виртуалды және кеңейтілген шынайылықты салыстыр. (http://www.classtools.net/education-games-php/venn_intro интернет-ресурсын1. Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату |
Оқушылар оқулықтан тақырыпты оқиды. Виртуалды және кеңейтілген шынайылық жайлы түсінеді . Талдайды, талқылайды. Әр топ өз тұжырымды ойды айтады. Слайд көреді. Тағы топта ойларын ортаға салады, пікірлерін зерділіеді. Топтан бір оқушы топтың ойын жеткізеді. Талдау жасайды, зерттейді. Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтардан қандай өзгешелігі бар? Ойларын дәлелдейді. Топтық жұмыс (талқылап, дәлелдеу): 1. Қай салада виртуалды шынайылықты, ал қай салада кеңейтілгеншынайылықты көп қолданады? 2. Аралас шынайылықты қолданатын саланы атаңдар. 1-тапсырманы орындайды ЕБҚ оқушыға сурет қиындылары беріледі. Болжам жасау арқылы қай түрі екенін сезу арқылы біледі. Сол т.ріне талдау жасауға ұмтылады. Сөйлемге қай сөзді қою керек айтады. Мұғалім сүйемелдеу арқылы ойын толықтырады. Бұл әдіс баланың сипап сезу, ойлау дағдыларын қалыптастырады. Дескриптор:
КЕстені толықтырумен айналысады. 2- тапсырманы орындайды Өз ойыңды ортаға сал. - Адам қызметінің қандай да бір саласын таңдап алып, сол салада виртуалды шынайылықты пайдаланудың артықшылықтарын көрсет. ВЕНН диаграммасын сызады , түсіндіреді 1. Виртуалды шынайылықтың болашағы неліктен зор деп ойлайсың? 2. Виртуалды шынайылық неліктен болашағы бар технология болмақ? Топтық жұмыс Топта талқылап, дәлелдеңдер: |
Дұрыс пікір 1 балмен бағаланады Дұрыс пікір 1 балмен бағаланады 1 балл |
Презентация Жұмыс дәптері Компью-тер Таратпа-лар |
Сабақтың соңы |
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Смайлик»
|
Оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша бағаланады. |
|
Оқулық |
Үй тапсырмасы |
«Виртуалды және кеңейтілген шынайылық эволюциясы» хронологиялық тізімін жасаңдар. 2. Кеңейтілген шынайылықтың санаттары, яғни ойын-сауық, тұрмыста қолдану бойынша қосымша таңда. Оның белгіленуін, артықшылығы мен кемшілігін сипатта. 3. «Виртуалды және кеңейтілген шынайылық» тақырыбы бойынша терминдер мен анықтамалардың сәйкестігіне тапсырма жасаңдар. |
Осы тақырыпқа жоба дайындау |
|
Оқулық |
Қысқа мерзімді жоспары |
|
|||||
Бөлім |
3D модельдеу |
|
||||
Педагогтың аты-жөні |
|
|
||||
Күні |
|
|
||||
Сынып |
Қатысушылар саны |
|
Қатыспағандар саны |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Виртуалды шынайылықтағы адам |
|
||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.2.4.2 - виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы айту |
|
||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: |
|
||||
Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың адам денсаулығына әсері туралы біледі; |
|
|||||
Көптеген оқушылар: |
|
|||||
Виртуалды шынайылықтың адам денсаулығына тигізетін оң және теріс әсерін санамалап көрсете алады; |
|
|||||
Кейбір оқушылар: |
|
|||||
виртуалды және кеңейтілген шынайылыққа әсер ету салдары туралы пайымдай алады. |
|
|||||
ЕБҚ бар балалар үшін |
|
|
|
|
|
|
-Қарым-қатынас деңгейінде сөздік қорын, сипап сезу дағдыларын дамыту -Көруінде кемістігі бар балаларды ауызша жауап беруге деген ынтасын ескеру ( практика түрінде жауап беруге жағдай жасау) |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. ҚБ: жұлдыз / 2 балл/ |
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. 5.Бағалайды. |
Жұлдыз 2 балл |
Жұмыс дәптері |
Сабақтың ортасы |
Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады: виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың адамның психикалық және физикалық денсаулығына ықпалын; виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларының даму болашағын білетін боласыңдар. Оқулықпен жұмыс – Бұқаралық ақпарат құралдарынан, көркем әдебиетте және түрлі интернет ресурстарда иммерсивтілік деген ұғымды естіген шығарсың. Көптеген сарапшылар: «Иммерсивті есептеулердің жаңа дәуірі басталды» деген пікірде. Соңғы 30 жылда технологиялар керемет дамыды. Біз қаншама жыл компьютерді басқару үшін пернетақтамен тінтуір қолдандық. Смартфондар дәуірінде «сырт еткізіп басуға», «саусақпен жұмыс істеуге» және «сөйлесуге» болатын «ақылды» экрандардың пайда болды. Педагог мәтінді бөліктерге бөліп оқытып, әр бөлікке түсіндіру жұмысын жүргізеді: Білу және түсіну Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады: + - мұны білемін; – - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе; ? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет. Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді. Жұптық жұмыс: №1 тапсырма: Ұсынылған нұсқалардың қайсысы виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың негізгі бағытына жатпайды? Мобильді ойындар, нұсқаулыұтар; «Сатып алмас бұрын зерделе», қызметтер жайлы ақпарат. Навигация, қосылған орам. Шынайылық – нақтылық құрылымдарын түсіну, мәліметтерді өңдеу. Геолокациолық білім, аударма. №2 тапсырма: Виртуалды шынайылықтың пайдалы және пайдасыз жақтарын Белгіле Деңгейлік тапсырмаларды орындайды: А деңгейі. Виртуалды «өмірдің» оң және теріс жақтарын салыстыр. В деңгейі. Елордамыздың көрнекті жерлері бойынша виртуалды тур жаса және алған әсеріңді жол жазбасы ретінде жаз. Мына интернет-ресурсын қолдануға болады: http://city3d.kz/nash-gorod/ С деңгейі. «Виртуалды ойынға деген тәуелділіктің алдын алу» тақырыбына буклет жаса. ДК-мен практикалық жұмыс. Топтық жұмыс Оқулықтан алынған материалды оқу, ДК-мен мұғалім дайындаған қосымша материалды қарау, топтың атынан бір адам сөйлеуге (постер немесе слайдтар) дайындалады: 1. Күнделікті өмірге виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды ендірудің қауіп- қатерлерінің қаншалықты екенін талқылаңдар. 2. «Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтардың бағыттары» бойынша 2-суретіне өз пікіріңді білдір. Оған тағы не қосу керектігін айт, сонан соң оны топта талқылаңдар. Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату 1. Зерттеу және ойын-сауық салаларында виртуалды технологияларды қолдануды дамытуға не кедергі болып тұр? 2. Білім беруде виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды қолданудың тиімділігі туралы өз ойыңды айт. Оқу үдерісін қызықты, тартымды ету үшін виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды қалай қолдануға болатындығына ұсынысыңды білдір. 3. Ұсынылған сызбаны қарастырып, өзара әрекеттесу технологияларын дамытудың келесі кезеңін болжа. |
Мұғалімді тыңдайды 1-тапсырманы орындайды 2- тапсырманы орындайды 3-тапсырманы орындайды |
|
Презентация |
Сабақтың соңы |
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Смайлик»
|
Өзін-өзі бағалау. |
|
Плакат /слайд/ |
Үй тапсырмасы |
Виртуалды шынайылықтағы адам |
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспары |
||||||
Бөлім |
3D модельдеу |
|||||
Педагогтың аты-жөні |
|
|||||
Күні |
|
|||||
Сынып |
Қатысушылар саны |
|
Қатыспағандар саны |
|
||
Сабақтың тақырыбы: |
3D панорама және виртуалды тур |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.2.4.3 - бірінші тұлға көрінісі бар 3D панорама жасау (виртуалды тур) |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: |
|||||
Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі; |
||||||
Көптеген оқушылар: |
||||||
Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімді таңдай алады; |
||||||
Кейбір оқушылар: |
||||||
Виртуалды тур және 3D панораманы жасай алады. |
||||||
ЕБҚ бар балалар үшін |
|
|
|
|
|
|
-Қарым-қатынас деңгейінде сөздік қорын, сипап сезу дағдыларын дамыту -Көруінде кемістігі бар балаларды ауызша жауап беруге деген ынтасын ескеру ( практика түрінде жауап беруге жағдай жасау) |
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы |
1Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: «Арқаға сурет салу» ойыны. Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш, автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады. /Бұл ойын оқушыларға псиологиялық жағымды көтеріңкі көңіл күй орнатады/. Топтастыру: «Төрттік» әдіс. Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «ата» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, ата туралы әннің бір шумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды. Мақсаты: Оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру. Тиімділігі: Оқушының бір-біріне деген бауырмалдығы оянады, ынтымақтасады. (Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі. Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интербелсенді тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді 1. 3D панорама деген не? 2. «Виртуалды тур» деген терминге анықтама бер. 3. 3D панораманы жасау кезеңдерін ата. 4. Виртуалды тур мен 3D панорама өзара қалай байланысқан? 5. Сфералық 3D панораманың артықшылықтарын ата. 6. Виртуалды турлардың артықшылықтары неде? – Бүгінгі сабақтың тақырыбы не? - Панорама 360 деген не |
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. 5.Бағалайды. |
Жұлдыз 2 балл |
Жұмыс дәптері |
Сабақтың ортасы |
Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады: виртуалды тур; 3D панорама дегенді; виртуалды тур және 3D панорама жасау үшін қандай программа таңдауды; виртуалды тур және 3D панораманы қалай жасау керек екенін білетін боласыңдар. Оқулықпен жұмыс – Технологиялардың дамуына байланысты үйден шықпай, компьютерді қосып немесе смартфонды ұстап отырып, дүниежүзінің кез келген жеріне бару, музей мен көрме залдарын аралау мүмкіндігі пайда болды. Виртуалды турлар – ақпаратты ұсынудың ең тиімді және сенімді тәсілдерінің бірі. Олар қызықты виртуалды экскурсияларды жасауға мүмкіндік береді. Адам соның ішінде жүргендей сезімге бөленеді. Педагог мәтінді бөліктерге бөліп оқытып, әр бөлікке түсіндіру жұмысын жүргізеді: Білу және түсіну Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі қойып отырады: + - мұны білемін; – - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты; v – мен үшін бұл жаңа нәрсе; ? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет. Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді. Жұптық жұмыс №1 тапсырма: Мәтіндегі бос орындарға керекті сөздерді жазып, толықтыр. 3D – панораманың көру бұрышы 900 С-тан аспайды. 3D – панораманың негізінде ____________ немесе __________проекциядағы кескін жатыр. 3D – панорамаға сфералық проекция жасау үшін қоршаған кеңістікті 0000 суретке түсіріп, оны арнайы программалық қамтамасыз етуге ____________ керек. Кубтық проекцияны сфералық ___________ арқылы алу мүмкін емес. Сфералық проекцияда тұтас көрініс болмайды, онда бір суреттің екіншісіне ______________ нүктелері немесе ________________ ғана көрінеді. ____________ сфераның немесе кубтың сыртынан қарауға болады. №2 тапсырма: Берілгендердің қайсысы 3D панорамасын жасау кезеңіне жатпайды? Камераның әр бұрышынан бірнеше кадр жасау. Графикалық редакторда қосымша өңдеу. 3D панорама жасау үшін кодты жазу. 3D панорамада графикалық файлдарды түрлендіру. Арнайы құжат тігу программасында кескіндерді тігу. №3 тапсырма: Сфералық панорама қандай артықшылықтарға ие? Интербелсенділік, көріністің сұлулығы; Виртуалды шынайылық көзілдірігіне бағдарлану; Табиғи әдемілікті бере білу; Толықтық, өзектілік; Интербелсенділік, ақпараттылық. ДК-мен практикалық жұмыс. Топтық жұмыс Практикалық тапсырма: ДК-де орындалатын тапсырма FreeDEXpano программасын қолдана отырып, оқу кабинетінің панорамасын жасайды: 1-ҚАДАМ. Кез келген өздеріңе ыңғайлы жерден (программаның жүк- телген нұсқасы бар бумадан) жаңа бума аш. Кабинеттің сол, оң, алдыңғы және артқы жақтарын, төбесі мен еденін фотоға (2-сурет) түсіру қажет. Ол бумаға freedexpano.swf бумасына *.jpg форматын- дағы панорама суретін көшір. 2-ҚАДАМ. freedexpano.swf деген файлдың атауын өздеріңе ыңғайлы кез келген атауға өзгерт, мысалы, klass.swf. Панорама суретінің атауын өзгерт, ол «klass.swf» деген файл атауынан басталып, «_» белгісі арқылы шеттің атауымен аяқталуы керек. Панораманың алдыңғы жағы үшін файлдың атауы «klass«+»_front» → «tklass_front.jpg» болады. Суреттерді автоматты түрде анықтауға арналған шеттердің атауы бекітілген: «_front» – куб панорамасының алдыңғы жағына арналған; «_left» – сол жаққа арналған; «_right» – оң жаққа арналған; «_back» – артқы жаққа арналған; «_top» – жоғарғы жаққа арналған; «_bottom» – төменгі жаққа арналған. 3-ҚАДАМ. klass.swf файлын іске қос, өзің жасаған панорама көрініп тұратын Adobe Flash Player терезесі ашылады. Дайын панорама- ны мұғалімге және сыныптастарыңа көрсет (егер қателесіп, файл- дарды қате атасаң, freeDEXpano-ны іске қосқан кезде «Images loading error» деген хабарламаны көресің. Файлдардың атауын тағы тексер). Фотопанорамаларды жасауға арналған онлайн-құралдарды таңдап, оларды қолдана отырып, Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінің фотопанорамасын жаса. Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату Тапсырмалар ретімен орындатылады. Тапсырмалар мен сұрақтар оқулықта берілген. |
Мұғалімді тыңдайды 1-тапсырманы орындайды 2- тапсырманы орындайды 3-тапсырманы орындайды |
|
Презентация |
Сабақтың соңы |
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Смайлик»
|
Өзін-өзі бағалау. |
|
Плакат /слайд/ |
Үй тапсырмасы |
Виртуалды турлар жасауға арналған программалық қосымшалар жарнамасының буклетін жаса. 2. Өз мектебіңнің панорамасын жаса. 3. "3D панорама және виртуалды турлар» тақырыбы бойынша терминдер мен анықтамалардың сәйкестігі бойынша тапсырма әзірле |
|
|
|

