Материалдар / Виртуалды тур, 3Д тур
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Виртуалды тур, 3Д тур

Материал туралы қысқаша түсінік
Туризм, география, өлкетану саласына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
858
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: 3D-панорама және виртуалды тур

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  

- виртуалды тур, 3D панорама туралы ұғымдарын қалыптастыру;

- виртуалды тур және 3D панорама қасиеттері, ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы мәліметтермен жан - жақты таныстыру;

- виртуалды тур және 3D панораманы қалай жасауды үйрету.

Дамытушылық: 

-студенттердың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту;

- логикалық , виртуалдық сауаттылығын, компьютерлік іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: 

- студенттерге виртуалды тур, 3D панораманы тек пайдалы жағынан күнделікті өмірде тиімді пайдалануға баулу;

- студенттердің адам ретінде жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамда өз орнын табуға ықпал ету; - болашақ ұрпақты заманауи технологияның беретін мүмкіндіктерін қолданып заман талабына сай өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы 
Сабақ типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақ әдістері: түсіндіру, баяндау, «Ғажайып дорба», «Виртуалды шың» ойындары, «Аялы алақан» жаттығуы, Блум кестесі

Көрнекі құралдар: компьютер, проектор

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, сызу, геометрия

Сабақтың жоспары:

Теориялық сабақ

90 минут

I

Ұйымдастыру кезеңі


5 минут

II

Білімді тиянақтау


12 минут

III

Жаңа білімді қалыптастыру


25 минут


Сергіту жаттығуы

2 минут

IV

Алғашқы түсініктерін негіздеу


15 минут

V

Жаңа білімді пысықтау


20 минут

VI

Сабақты қорытындылау


6 минут

VII

Оқушыларды бағалау


3 минут

VIII

Үй тапсырмасын беру


2 минут


Сабақ барысы: 

1.Ұйымдастыру кезеңі

1. «Аялы алақан» жаттығуы:

Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

2. Сабақтың тақырыбы: 3D-панорама және виртуалды тур

Мақсаты: 3D-панорама және виртуалды тур туралы ұғымдарын қалыпастырып, онлайн және оффлайн өмірдегі ерекшеліктеріне тоқтала отырып пайдалану жолдарын қарастыру.

Өзектілігі: Адам баласының бүгінгі онлайн және оффлайн өмірі жасанды интеллектке, виртуалды шындыққа тікелей байланысты. Сондықтан болашақта оған сұраныс әлі артпақ.

2.Білімді тиянақтау:

«Виртуалды шың» ойыны, оқушылар қатар бойынша ауызша сұраққа карточкалар арқылы жауап береді.

  1. Жасанды интеллект

  2. Жасанды интеллект бағыттары

  3. Жасанды интеллектіні қолданатын салалар

  4. Жасанды интеллект жүйелері дегеніміз не?

  5. Виртуалды шынайылық

  6. Қосымша шынайылық

  7. Қосымша виртуалдық

  8. Толық шынайылық

  9. Виртуалды шындық

  10. Шынайылық құрылғыларының компоненттері

  11. Қосымша шынайылық технологиялары

  12. Виртуалды шынайылық құрылғылары

3. Жаңа сабақты түсіндіру: а) интерактивті презентация арқылы жаңа сабақ түсіндіру

Технологиялардың дамуына байланысты үйден шықпай, компьютерді қосып немесе смартфонды ұстап отырып, жершарының кез келген жеріне бару, музей мен көрме залдарын аралау мүмкіндігі пайда болды. 3D-тур шеберханаларға кіруге, егжей-тегжейлі қарауға және тиісті көңіл күйге бөленуге мүмкіндік береді.
 Сфералық панорама - арнайы бағдарламалық құралын пайдаланып компьютерде көрсетуге арналған фотография түрі болып табылады.

Панорамалы фотосурет – бұл шолу жасау ауқымы үлкен фотосурет.
​Суретке түсіру кезінде бірнеше түсірілім жасалады да, фотоаппарат немесе оған қоса берілген бағдарламалық қамтамасыз етілім оларды бірыңғай панорамаға біріктіреді.

Панорама- грек тілінен ПАН –барлық; яғни толық қамту құбылыстар, РАМА – түрі, сурет » – сурет ірі шолу, яғни иллюзиялы нақты кеңістік деген мағынаны білдіреді.

Сфералық панораманың негізін сфералық немесе текше проекциясындағы көптеген жекелеген кадрлардан жиналған сурет құрайды. Сфералық панорамаларға тән ерекшелік – қоршаған кеңістікті толығымен көрсетуге мүмкіндік беретін барынша мүмкін қамту аумағы


3D-панорама – бұл сфераға немесе текшеге проекцияланған панорамалы фотосурет, оны шолу нүктесін қозғалту арқылы қарауға болады.

3D-панораманы жасау кезеңдері


1. 3D-панорамаға фототүсірілім жасау. Бір виртуалды панорама жасау үшін камераның әртүрлі көлбеу бұрышында түсірілім серия­сын жасайды. Түсіру арнайы панорамалы бастиекпен жүргізіледі, ол фотоаппаратты тармақ (нодальді) нүктесінің айналасына айналдырады. Бұл 3D-панораманы біріктіру үшін жасалады.
2. 3D-панораманы біріктіру. Біріктіру арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілімде жүргізіледі. Мұндай біріктіргіш бағдарламалар бүгінде өте көп, әрбір бағдарламада бейнелерді біріктірудің ерекше технологиясы және жасалатын бағдарламалардың өзіндік форматы пайдаланылады, ал біріктіру автоматты түрде, қолмен немесе аралас режимде жүргізілуі мүмкін. 
Барлық фотосуреттерді біріктіргеннен кейін,​ бағдарлама эквидистанттық проекцияда бір графикалық файлды жасайды. Оны JPG, PNG, TIFF, BMP, т.б. пішімінде сақтауға болады.
3. Фотосуреттерді өңдеу. Сапалы түсірілген және біріктірілген 3D-панорама қосымша өңдеуді қажет етпейді. Ал қажет болған жағдайда оны кез келген графикалық редактормен жасауға болады.
4. Графикалық файлды 3D-панорамаға түрлендіру. Бұл мақсатта әртүрлі бағдарламалар пайдаланылады.
Сфералық 3D-панорамалардың артықшылықтары

3Д панораманың екі маңызды қасиеті бар: интербелсенділік және ақпараттық.

Бұл дәстүрлі фотосуреттер мен бейнелерде болмайды, ерекше қасиет, оған тек фотограф немесе оператор ғана назар аударады.
Ақпараттылық. Өзіңе ыңғайлы қарқынмен барлық үй-жайды егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді.

Интербелсенділік. Дәстүрлі фото немесе бейнеге қарағанда, 3D панораманы көрген кезде суретті тікелей көре аласың. Тышқанмен, пернетақтамен, ал ұялы құрылғылар болған жағдайда саусақпен 3D панораманы кез келген бағытта бұруға болады. 

Виртуалды тур

Виртуалды тур - бұл бір панорамадан екіншісіне өту бейнелерде тікелей орналастырылған белсенді аймақтар арқылы (оларды байлау нүктелері немесе өту нүктелері деп атайды) орындалатын панорамалық фотосуреттердің (сфералық немесе цилиндрлік) комбинациясы.


Виртуалды тур алдыңғы жоспарды дыбыстаумен және фондық музыкамен, қажет болған жағдайда әдеттегі фотосуреттермен, бейнероликтермен, flash-роликтермен, турлардың жоспарымен, түсіндірмелермен, байланыс ақпаратымен, т.б. толықтырылуы мүмкін.
Виртуалды турларда кәдімгі фотосуреттерді интербелсенді қарау сипатымен ерекшеленетін фотопанорамалар негізге алынған. Бұл панорамалық фотосуретті көргенде, пайдаланушы сол сәтте өзін қызықтырған суреттің бір бөлігін ғана көреді және қалаған жағдайда жан-жағына қарап, жоғары-төмен жақтарын көре алады, сондай-ақ суреттің жеке бөлшектерін жақындата немесе алыстата алады дегенді білдіреді. Кәдімгі фотосуретке қараған адам онда бейнеленген нәрсені ғана көре алады және көру процесін басқара алмайды. Виртуалды турды пайдаланушы белсенді аймақтар арқылы немесе тур картасын басшылыққа ала отырып, панорамалар арасында қозғала алса, тіпті қызықты болады.

Виртуалды турдың басты ерекшелігі:

-қатысу әсері. Виртуалдық панорама қоршаған ортаны, керекті объекттіні, қажетті бұрыштан немесе оны жақындатып, алыстатып көруге мүмкіндік береді;

-есте қалу әсері. Еліктіргіш саяхат және 360 бұрыштағы әсерлі сурет, ғимараттың ішкі көрінісінің қажеттісін белгілеп, қажетті аудиторияға есте қалады;

-ақпараттылығы. Барлық ғимаратты, нысандарды бір суреттен көруге қарағанда, барлығын бірақ көру әсерлірек;

мбебап және қарапайым. Виртуалдық тур және панорама сайтқа жеңіл ықпалданады және оларды электрондық тасымалдаушыда сақтау ыңғайлы.

Виртуалды турдың маңыздылығы: көретін аймақтардың, нысанның нақты міндеттерін, олардың тарихын зерттеуге мүмкіндік береді. Виртуалды тур пайдаланушылардың ақпаратты аз уақытта қабылдау мүмкіндігін дамытады. Виртуалды турларды сабақта қолдану барысында пайдаланушылардың білімдерін оны ары қарай жетілдіруге үлкен ықпалын тигізеді.

Виртуалды турды жасаудың үрдісі негізгі үш кезеңнен тұрады:

1. Нысанды суретке түсіру (фотосьемка)

2. Алынған суреттерді өңдеу (монтаж)

3. Виртуалды турды түпкілікті құрастыру (программалау)

Бірінші кезеңде кеңауқымды обьективті фотокамерамен объект суретке түсіріледі. Камера штативте орнатылады және 180 градусқа айналады.

Екінші кезеңде барлық суреттер панорамаға біріктіріледі. Содан соң дайын панорамадан бағдарламалық құралдармен Flash технологиясымен жасалынатын кубтық суреттер құрылады. 3D-турға суреттермен қатар музыкалық, мәтіндік, фотогалерея енгізуге болады.

Соңғы кезеңде қолданушы объект бойымен сырттай жүре алады. Яғни, тышқан көмегімен кажет бағытты таңдап, объект ішінде орын ауыстыра алады. Қорытындылайтын болсақ, бір 3D-тур жасау үшін фотограф, монтаждау маманы, программист және дизайнер қажет.

3D-тур барлық мекемелерге пайдасы зор. Виртуалды 3D-турды мекеменің веб-сайтына шығаруға, CD/DVD-дискілерге жазып презентация кезінде қолдануға да болады.

б) 1. 3D-панорама мен виртуалды турды іс жүзінде қолданылуы (прези көрсетемін)


4. Алғашқы түсініктерін негіздеу

«Ғажайып дорба» ойыны, анықтамалық сұрақтарға жауап береді

Сұрақтар:

  1. Сфералы панорама дегеніміз не? (Компьютерде көрсетуге арналған фотосурет)

  2. Панорамалы фотосурет деген не? (Шолу жасау ауқымы кең фотосурет)

  3. Сфералық панораманың негізгі ерекшелігі? (Қоршаған кеңістікті толығымен көрсететін үлкен қамту аймағы)

  4. 3D-панорама ұғымы қандай мағына береді? (Бұл сфераға немесе текшеге проекцияланған панорамалы фотосурет, оны шолу нүктесін қозғалту арқылы қарауға болады)

  5. 3D-панораманы жасау кезеңдерін атап шық

(1.Суретке түсіру 2.3D-панораманы біріктіру 3.Фотосуреттерді өңдеу

4. Графикалық файлдарды түрлендіру)

  1. Виртуалды турға анықтама беріңіз? (Панорамалық фотосуреттердің сфералық немесе цилиндрлік комбинациясы)

  2. Виртуалды турлардың артықшылықтары неде? (Дыбыстаумен және фондық музыкамен, фотосуреттермен, бейнероликтермен, flash-роликтермен, турлардың жоспарымен, түсіндірмелермен, байланыс ақпаратымен толықтырылды)

  3. Виртуалды турларды жасау қандай кезеңдерден тұрады? (1. нысанды суретке түсіру

2. алынған суреттерді өңдеу 3. виртуалды турды түпкілікті құрастыру)

  1. Сфералық 3D-панорамалардың қасиеттері? (Интербелсенділік және ақпараттық)

  2. Экскурсия мен виртуалды турдың айырмашылығы (Экскурсияны адам өзі аралайды, ал

виртуалды турды көріп отырған адам соның ішінде жүргендей сезімге бөленеді)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!