Волейбол ойын ережесі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Волейбол ойын ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Волейбол ойын ережесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 сыныптар

Сабақ

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

 Волейбол ойын ережесі.

Оқу бағдарламасына сілтеме жасау

8.2.8.1 - түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы. Волейбол ойындарының ережелерін үйренеді

Оқушылардың көпшілігі. Волейбол ойындарын үйрету барысында оқушыларды икемділікке,ептілікке, шапшаңдық секілді дене сапаларын дамытады

Оқушылардың кейбірі. Ойын кезіндегі қозғалыс үйлесімділігін дамытуға талпынады

           Негізгі мақсаттар

Қозғалмалы ойындарда волейбол элементтерін жетілдіру

Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу.

         Жетістік критерийлері

 1. Волейбол сөзінің мағынасын түсінеді.
 2. Допты қабылдай алады.
 3. Қарсыласқа допты бере алады.

           Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады:

 - Волейбол добы

 - Ойыншылар

         Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта өзін-өзі тану пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады.

         АКТ пайдалану дағдылары

Интербелсенді тақтада презентация көрсету

          Бастапқы білім

 Оқушылар волейбол ойыны туралы біледі және допты қарсылас ойыншыға бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезендері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар:

Сабақтың басы

            10 мин.

Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.

Саптық жаттығулар:

 1. Оңға бұрыл!
 2. Солға бұрыл!
 3. Кері айнал!
 4. Секіріспен кері айнал!
 5. Оңға!

Бағыттаушының соңынан оң иық алда, жай жүріспен бас!

Жүру  жаттығулары:

 а) қол жоғары, аяқтың ұшымен жүріп бас!
 ә) қол желкеде, өкшемен жүріп бас!
 б) қол белде, табанның сыртымен және ішкі жағымен бас!
 в) қол алда, жартылай отырып бас!
 г) қол еркін, толық отырып бас!
 ғ) Ысқырық бойынша жоғарыға секіріп, қолды соғу.

Тапсырмасыз! Жай жүгіріске көш

. Жүгіру жаттығулары:

1. Оң қапталмен қолды алдыға айналдырып бас.
2. Сол қапталмен қолды артқа айналдырып бас.
3. Оң (сол) қапталға қайшылап бас!
4. Алға (артқа) қайшылап бас!
5. Аяқты ашып, алға секіріп бас!
6. Екі адым жасап, жоғары секіріп бас!
7. Тізені кеудеге тартып,секіріспен бас!

Класс! Залдың ортасына екі қатар сап түзе!

Жүріс кезінде орындалатын Ж.Д.Ж

1. Қол жанда, 4-сан білектен, 4-сан шынтақтан, 4-сан толық қолды йықтан алға айналдыру
(артқа)
2. Оң қол жоғары, артқа қол ауыстырып сермеу
3. Қол басы құлыпта, 1-4сан білезікті оңға (солға) айналдыру.
4. Қол йықта, йықты алға артқа айналдыру
5. Қол кеудеде, шынтақтан бүгулі, қолды жазып, жазбай сермеу.
6. Қол жанда, сол (оң) жаққа бұрылу.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.

 

 

 

Сабақтың ортасы

25 мин.

 

Үш ойыншының іс–әрекетін жетілдіру.

  1. Үш ойыншы допты бір–біріне жоғарыдан беру.

Shape1                  Shape2

Жоғарыдан қабылдаған кездегі ойыншының тұрысы.

 А) Көрсету, түсіндіру.

Shape3  

   Кездесетін қателіктер.
   1. Аяқ бүкпесек.

   2. Допты алақанмен қабылдасақ.

   3. Қозғалмай бір орында тұрсақ.

   2. Допты бір–біріне жоғарыдан беру.

        

ІІ. Ойын кезіндегі, шабуылшының іс-әрекеті.

3. Шабуылдаушы соққысына секіру.

4. Шабуылдаушы соққысына секіріп, қарсылас алаңға допты лақтыру. (Теннистің добы)

5. Секіріп, допты шабуылдаушы соққымен беру.

6. Секіріп шабуылдаушы соққымен допты қарсылас алаңға бағыттау.

Кездесетін қателіктер.

1. Қолды шынтақтан бүксе

2. Доптың астына секірсе

3. Қол торға тисе

Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары, фишкалар мен конустар, ысқырық

 

         Сабақтың соңы

5 мин.

 

Сабақты қорытындылау:  сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады. Сабақ рефлексиясы "тегтер" бұлты түрінде жүргізіледі, оларды толықтыру қажет. Мысалы, келесі сөйлемдердің нұсқалары жазылған қағаз жолақтарын үлестіру.

   Бүгін мен ......................... таныстым.
   Маған..................... қиын болды.
   Мен ............................ түсіндім.
   Мен ........................... үйрендім.
   Мен...................... жасай алдым.
   Мен үшін ............................. қызықты болды.
   Мені .......................... таңғалдырды.
   Менің ................................ білгім келді.

Әр оқушы 1-2 сөйлемнен таңдап, оларды толықтырады.

Киім ауыстыру орнына кету.

Маркерлер мен фломастерлер

 

 

Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.

Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін:  оң қолмен допты алып жүруді қайталау

Қабілетті оқушыларға: допты екі қолмен алып жүру

Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?

Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады:

 Бағдаршам

Қабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру.

Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

 

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты)?

1:2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)?

1: 2:

Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.03.2024
292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі