Материалдар / Волейбол ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Волейбол ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Волейбол — спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұлойынды он жасарбаладанбастапқайжастаболмасын, бәріойнайбереді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде еңтиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
528
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 5.11.2018 жыл

Мұғалім: Дуйсембаева Айгуль

Мектеп: С. Сейфуллин атындағы «№7 мектеп гимназиясы» КММ

Сыныбы: 9 ә

Сабақтың тақырыбы: Волейбол ойыны.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға волейбол ойынының ережелерін, ең негізгі әдістерін үйрету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын құралдар: Волейбол доптары, ысқырық, волейбол торы, диапроектор т.б.

Пәнаралық байланыс: Математика

 

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 -3 мин

Сапқа тұрғызып мәлімдеме беру;

Оқушыларды түгелдеу;

Сабақ мақсатын түсіндіру.

ІІ. Дайындық бөлімі: 10 – 12 мин

Саптағы бұрылу жаттығулары:

«оңға бұрыл!», «солға бұрыл!», «кері бұрыл!», «сол иықпен алаңды айналып алға қадам бас!»

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:

—          қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру;

—          қол белде, өкшемен жүру;

—          қол желкеде, жартылай отырып жүру;

—          қолымызды иыққа қойып алға, артқа айналдыру.

 

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:

—          тізені жоғары көтеріп жүгіру;

—          өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;

—          артпен жүгіру;

—          жай жүгіру;

—          тыныс алу жаттығулары

ІІІ. Негізгі бөлім: 20 – 25 мин    

 (Волейбол ережесін меңгерту: 10 – 12 мин)

Волейбол — спорттың кең тараған ойындардың бір түрі. Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар өткізіледі.

Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті арттырады.

 

Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту

 

* Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру.

* Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.

* Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді.

Допты төменнен қабылдауды меңгерту

 

*  Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.

*  Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.

*  Арақашықтық 8-10 м оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

 

Үйретілген әдістер бойынша жаттығу ойыны:  10 – 12 мин

  • допты төменнен  беру тәсілі

  • допты жоғарыдан беру тәсілі

  • допты шабуылдап соғу тәсілі

 

 



ІҮ. Қорытынды бөлім: 1 – 2 мин

Оқушыларды тынықтыру;

Сапқа тұрғызу;

Қателіктерін айту, мадақтау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма беру: 1 – 2 мин

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!