Материалдар / Web - технологиялар негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Web - технологиялар негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
барлығына болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2018
1333
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Дәріс 1.
Web - технологиялар негіздері.
"Желі" терминінің түсінігі. Клиент-сервер архитектурасы. Провайдерлер және
олардың желілері.
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан желілер) терминінен шыққан,
яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында
- бұл бір бірімен мәліметтер алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер
арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің ақпараттық
құрамын түсінеді. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған
технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың
сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық
түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.
Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс.
Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез
келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай «Желі» сөзін қолданғанда Интернет сөзіне
синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін
және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір
компьютер – бұл Желінің бір бөлігі.
Компьютерлер-серверлер және компьютерлер-клиенттер
Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар :серверлер және
клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша
қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған
қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс
жасауға болады.
Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл.,
to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер.
Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге
мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше,
компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы
Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.
Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер
Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды
бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн.
Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын
қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.
Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр
кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.
Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір
сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде
болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар
жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін
компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып,
оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол
арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше
серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша
орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде
де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт
бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.
Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай,
Web-клиент Web-серверге, почталық клиент – почталық серверге хабар береді және т.б.
Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан
да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне


Page 2

байланысты жоғары шарттар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының
тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне
байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне
байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда
көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютердің қолданушысына
өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына
қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Провайдерлер және олардың желілері
Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және
ISP(Internet Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік
желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны
қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз
ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-
провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP - Point of
Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын
қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі
қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда
орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар
провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен
байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады және модем
жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул
деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір
бөлігі болып табылады. Провайдер өзінің серверінде клиенттерге әртүрлі қызмет көрсете
алады: электрондық почта (e-mail), желілер жаңалықтары (Usenet) және т. б. Провайдердің
магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоундеп атайды (ағыл. Backbone —
қырат). Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның жоғары
жылдамдықты желісі болуы және жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен
берілетін мәліметтер көлемі). Өзінің барлық орналасу нүктелерін біріктіру үшін,
провайдер ірі коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға
ала алады, сонымен қатар, өзінің арналарын тарта алады. Ірі коммуникациялық
компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты каналдары бар.
Провайдерлердің желілерін біріктіру
Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің жеке
желілері арқылы өзара байланысады, ал басқа ISP-В компаниясының клиенттері өздерінің,
бірақ егер ISP-A және ISP-B желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А
компаниясының клиенттері және В компаниясының клиенттері бір бірімен байланыса
алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В әр қалада
желілік кіруді (NAP - Network Access Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз
араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, басқа провайдерлердің
магистральды желілеріне қосылу құрылады, нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген
желілердің бірігуі болады.
Интернетте жүздеген ірі интернет-провайдерлер орналасады және олардың
магистральды желілері NAP арқылы әр түрлі қалаларда жасалады, және мәліметтердің
үлкен ағыны NAP-түйіннің әр түрлі желілері арқылы таралады.
Үлкен және кіші желілердің бірігуі (Интернетті құрайтын) негізінде шартты
келісімдер жатады. Әрбір клиенттің белгілі бір ISP пен өзінің компьютерін немесе
жергілікті желісін провайдер желісіне қосу туралы келісім шарты бар. Кейбір ISP-A
провайдерлердің клиенттері ISP-A желісіне қосылу туралы келісім құрайды, өз кезегінде
ISP-A ISP-B мен желілерін біріктіру туралы келіседі және солай жалғаса береді..
Провайдерлер желілерінің иерархиясы
Әр түрлі елдерде халықаралық, ұлттық және аймақтық болып бөлінетін жүздеген
провайдерлер бар.


Page 3

Аймақтық провайдерлердің желілері (екіншілік) ұлттық провайдерлердің
желілерімен (біріншілік) жоғары жылдамдықты каналдар арқылы байланысады. Мысалы,
АҚШ-та Т1стандартты мәліметтерді беру жылдамдығы 1,544 Мбит/с арна немесе
жылдамдығы 44,74 Мбит/с жететін ТЗ арнасы.
Бақылау сұрақтары:
1. Клиент-серверлік архитектураны құрайтын негізгі желілерді қандай?
2. Желіні бағдарламалық қамсыздандыру қандай принциппен жүргізіледі?
3. Провайдердің магистральды желі термині нені білдіреді?
4. Провайдерлер желілерінің бірігуі қалай орындалады?
5. Интернетті түзетін желілер иерархиясы қалай аталады?

Дәріс 2.
Интернет коммуникациясының моделі.
Коммуникацияның Pull- және Push-моделі. Интернет сервисінің коммуникациялық
мінездемелері (сипаттамалары).
Интернет коммуникациялық сипаттамаларын қарастырайық. Дәстүрлі
коммуникациялық модель негізінде "бірге бір" ережесі жүреді. Коммуникациялық
құрылымға байланысты ақпарат статикалық (мәтін, графика) және/немесе динамикалық
(аудио, бейне, анимация) күйінде көрсетіледі.
Бұл модельден ерекше Интернет негізінде екі басқа принциптер жатыр. Біріншіден,
Байланысқа өз үлесін қосатын Интернетке коммуникация кезінде оның арнасы арқылы
өтеді. Бұл модель бастапқы байланыс жіберуші мен қабылдаушы арасында емес, негізінде
қолданушы мен коммуникациялық ортадағы бір кеңістік арасында болатынын көрсетеді,
сонымен байланыстың екі қатысушысы да жіберуші де, қабылдаушы да болып табылады.
Интернет өзімен әрбір желі абоненті басқа абоненттерге немесе топтармен топ
атымен немесе өз атымен хабарласа алтын «көпке көп» көп бағыттылы коммуникациялық
модельді көрсетеді. Бұл модельде коммуникация құралы болып таратылған компьютерлік
желі айтылады, ал ақпарат гипермедиялық түрде көрсетілуі мүмкін. Бұл модель
интерактивті байланыс Интернеттің басқа қолданушыларымен қатар ортаның өзімен де
бола алатынын, тіпті соңғы байланыстың соңғы түрі басымдылық көрсететінін
білдіреді.Осындай байланыстың бар болуынан ақпарат жіберуші құралы кейде оның
қолданушысы да бола алады. Бұндай модельде ақпарат және мазмұн жіберушіден
қабылдаушыға беріліп қана қоймай, ортаның өзі де оның қатысушыларымен де құрылады.
Интернет ортасының моделі ашық көрсетілген кері байланыстарды көрсеткенде,
жалпы коммуникацияның дәстүрлі әдістері үшін коммуникациялық модельде кері
байланыс контуры болмайды. Тұтұнушымен кері байланысты жүзеге асыруға мысал
ретінде электронды почтаны, қолданушылар тіркеу туралы мәліметтер, "cookie"
файлдары, Web-серверлерде жазылу немесе тіркелу. Кері байланыстың болуы өзара
байланыстың коммуникациялық әдістерін қолдану тиімділігін және ішкі және сыртқы
ортада болатын оқиғаны қалыпты қабылдауды жоғарылатады.
Интернет коммуникациясының Pull- және Push-модельдері
Жалпыға бірдей қызмет көрсетудің дәстүрлі әдістері тұтұнушыларға ақпаратты жеткізуші
push-модельді жүзеге асырады, бұнда тұтұнушылар пассивті роль атқарады және
ақпараттың каналдарын таңдаудың шектеулі мүмкіндіктерінің болуы.
Ақпаратты жеткізудің дәстүрлі push-моделіне қарсы Интернет негізінде, ақпаратты
сұраныс бойынша жеткізетін (demand pull) pull-моделі жатыр. Бұл Интернет ортасының
ерекшелігі ақпаратты іздеуде бақылаумен негізделген және іздеу механизмін қолдануда
навигация бейнесі немесе басқа да URL (uniform resource locator) бастауларына
байланысты тұтұнушылардың тікелей қатысуымен байланысты. Интернетте сонымен
қатар push-моделін іске асыру мүмкіндігі бар. Интернет бұл модельмен push -
технологиясы арқылы жүре алады, соған байланысты қолданушыларға Интернетте
ақпаратты іздеп жатудың қажеті жоқ, ол тек керекті тақырып бойынша қажетті каналға


Page 4

жазылса болғаны, кейін ақпарат канал жазылушыларының компьютерлеріне автоматты
түрде жемкізіліп тұрады.
Интернет ортасының технологиялары push- және pull-модельдерінің тығыз
байланысы бағытында дамиды. Интернеттің жоғары функционалдылығына байланысты
керекті ақпаратты немесе басқа да қорларды табу мақсатында қолданушының навигация
мүмкіндіктері әрқашан да болады. Басқа жағынан, қолданушылардың әрқашан ақпаратты
жеткізушіні және қабылданатын push-каналдар тематикасын таңдауға мүмкіндіктері бар.
Интерактивтілік.
Internet ортасының басты сипаттамасы оның интерактивтілігі болып табылады.
Интерактивтілік – бұл коммуникациялық хабарламалардың бір біріне қатысты
орналасуын білдіретін, коммуникация процесінің жүзеге асуын көрсететін сипаттама.
Интерактивтік өзара байланыс үшін ақпараттың немесе хабарламаның келуіне жауапты
ісәрекеттің болуы тән, сонымен қатар, жауап алдындағы хабарламаның контекстінде
болуы қажет.
Жоғарыда айтылғанға орай, Интернет ортасы үшін интерактивтілікті қолданушыға
жауап қайтару мүмкіншілігі есебінде түсінуге болады. Осайша, интерактивтілік
компьютердің қолданушының қимылын бағалап және осы бағаға байланысты жауап бере
алатын мүмкіндігі бар, диалогқа қатысушы есебінде функциялық көрінісін кеңейтеді және
толықтырады. Компьютерлік гиперортаны қолдану арқылы өзара байланысу процесінде
клиентпен хабарласу қатынасты орнатудың ең бастапқы кезеңінде сол компьютерлік
гиперортамен, клиенттің алдыңғы ісәрекетке қалай қарағандығына байланысты жасалуы
мүмкін. Internet негізінде жатқан құрамдық модельді қайта қарау барысында, Internet
ортасындағы интерактивтілік енді орта арқылы жеке қатынас деңгейінде жүзеге аспай,
нақты ортаның өзімен өзара байланысу деңгейінде жасалатынын көруге болады.
Өзара байланыстың интерактивті сипаты коммуникация мүшелерінің өзара
байланысу әсерін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл, мысалы тәжірибе жүзінде, келісім
немесе сатып алу үшін қажетті ақпаратты алу үшін кететін уақытты қысқартуға керек.
Сонымен қатар, ортаның интерактивті сипаты жеке клиенттің ерешеліктеріне қатысты
байланыстың қалыптасу мүмкіндігін ұсынады.
Гипермәтін
Internet ортасының гипермәтіндік табиғатының ерекшелігі аз емес. Гипермәтінге
негіздерген дүние жүзіндегі ең алғашқы жүйені  жылдан астам уақыт бұрын ЭЕМнің
алғаш құрушыларының бірі (Ванневар Буш) ұсынған. Бұл жүйе Метех деп аталады, ол
қолданушының жеке кітаптарын, жазбалар мен коммуникацияларын сақтайтын құрылғы,
оған жүктелу тез және оңай. 1967 жылы Нельсон (Nelson) гипертексті жүйелер
көрсеткіштері мен ассоцация ретінде бейнелеп, адам ойындағы жеке мәліметтер
бөліктерін ұйымдастыру және байланыстыру мүмкіндіктеріне теңеді. 1993 жылы Бомман
(Bomman) гипертекстке мынандай анықтама берді: " Гипертекст концепцияның ретсіз
жазба мәліметтерін құрайды, осыған орай қолданушы мәліметтер бөліктерін бір-бірімен
көрсеткіштер мен байланыстар көмегімен байланыстырады. Гипертекстік жүйеде мәлімет
түйін және байланыс түрінде беріледі."
Гипертекст ұйымдстыру құралының бөліктерге бөлінген сызықты емес желілер
формасымен сипатталады. Мұнда әр бөлік (фрагмент) келесі бөлікке белгілі бір байланыс
типі арқылы көшеді.
Гипертекст мәліметтерді ғана емес, сонымен бірге қолайлы іздеу қондырғысын
құрайды. Сонымен, гипертекстік көрініс мәліметтері қарапайым әдіске қарағанда,
мәліметтерді қорытады.
Мультимедиа
Мультимедияның пайда болуына байланысты динамикалық (аудио, видео,
анимация) және статикалық (текст, графикалар, суреттер) құрамы бар кмпьютерлік
интеграция мүмкіндігі туды. Түйіндер мен байланыстар комбинациясы гипертекстік жүйе
мультимедиасында жңа ортаны құруға мүмкіндік берді.


Page 5

Гипермедиа – бұл мәліметтер көрінісі және оған кіру әдісі. Оның концепциясы граф
түрінде берілген мәліметтер кеңістігінің моделінде орналасады, түйіндерінде мәліметтер,
ал семантикалық байланыс граф доғасында қамтылады. Ақиқатты гипермедия
жүйесіндегі сақталатын мәлімет осы заманғы компьютер шығара алатын барлық мүмкін
формалармен көрсетіледі. Сонымен қатар, гипермедиа өзінде радио (аудио), теледидар
(динамикалық бейне), пресса (текст, суреттер, фотосуреттер) және компьютер
(видеотерминал) компьютерлік гиперортада құрамында жататын гипертекстік
байланыстарды орнатады.
Болу эффектісі
Интернеттің коммуникациялық моделінің басты мәселесі "болу эффектісі" болып
табылады, қоршаған ортамен клиенттің араласу процесі: жағдай, бөлме, компьютерлік
жұмыс орын және т.б., компьютерлік гиперәдіспен құралатын орта құрамына кіреді.
Дәреже қатынасы мен клиентке әсер ету "болу эффектінің" дәрежесін анықтайды. Айта
кеткен жөн ,"болу эффектісі" өзінің табиғатына сай, интерактивтік араласу мен
компьютерлік гиперортамен тығыз байланысты.
Желілік навигация
Желілік навигация компьютерлік гиперортада өзіндік қозғалыс процесі болып
табылады. Сызықты емес іздеуді және мәліметтерді талап ету құрамындағы әдісті
клиентке еркін түрде береді.
Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы
Интернет комплексті сервис болғандықтан, оның жеке сипаттамаларын таңдап
және қолдану кезінде көрсету керек. Кестеде коммуникация түріндегі Internet
коммуникациялық сервис анализінің нәтижесі, коммуникация моделінің құрамында
жатқан, көрсетілген мәліметтер түріне ,симметриялық кері байланыс және интерактивті
қарым-қатынасы көрсетілген.

Кесте 2.1 - Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы
Сервис
Аралық
қарым-
қатынас
Машинал
ық
қарым-
қатынас
Коммуник
ация
моделі
Мәліметтер
түрінің
көрінісі
Кері
байланыс
симметрия
сы
Интерактивті
қарым-қатынас
мүмкіндігі
Электрондық
пошта
Иә Иә
Бірге-бір
Бірден-
көпке
Мәтін,
графика,
дыбыс
Иә Жоқ
Жіберу тізбегі Иә Иә Көпке-көп Мәтін Иә Жоқ
Конференциялар Иә Иә Көпке-көп Мәтін Иә Жоқ
Сөйлесу
бөлмелері
Иә Иә Көпке-көп Мәтін Иә Иә
WWW Иә Иә Көпке-көп
Мәтін,
графика,
дыбыс, видео
Жоқ Иә
Дауыс
байланысының
программалары
Иә Иә Бірге-бір Дыбыс Иә Иә
Аудио- және
видео-
конференциялар
ы
Иә Жоқ Көпке-көп Дыбыс, бейне Иә Иә
Көрсетілген мәліметтер Интернет ортасының қолдану әдістерінің
коммуникациялық кең диапазонды түрлері көрсетілген. Нақты есептерді шығару кезінде
әрбір Интернет сервисінің жеке анализдері қажет.


Page 6

Бақылау сұрақтары:
1. Қандай коммуникативті модельдер Интернетте шығарылады?
2. Гипертекст ұғымы нені білдіреді?
3. Internet ортасындағы интерактивтік ұғымы нені білдіреді?
4.Pull- және Push-моделдерінің Internet коммуникациясының ерекшеліктері қандай?
5."Болу эффектісі" термині Internet ортасында нені білдіреді?


Дәріс 3.
Қолданушының Интернетке кіруі. «Соңғы миля».
Коммутация каналының желісі. Модем.
Қолданушылардың көп бөлігі жоғарғы жылдамдықпен желіге кіру мүмкіндіктері
провайдерге қарағанда жоқ. Абонентпен провайдердің болу нүктесі арасындағы болатын
байланыс технологиясы технологияның соңғы милясы деп аталады. Бұл атау шартты
түрде, ал практика жүзінде осы айтылған қашықтық бір миляға сәйкес келу қажет емес.
Көп жағдайларда «соңғы миля» желіден компьютер қолданушысына ақпаратты жіберу
тар жол болады. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы әртүрлі бола алады, бірақ
«кіру жылдамдығы жоғары болған сайын, каналдарды қолдану ақысы жоғары болады»
деген принцип әмбебеапты болып келеді. Бар инфраструктураны қолдануға мүмкіндік
беретін көптеген технологиялар бар, олар - Интернетке кіру мүмкіндігіне арналған
телефонды линиялар, кабельді теледидар желілері және басқалар.
Интернетке кіру әртүрлі технологиялары: телефондық линия арқылы модеммен
қосылу, радиоканал арқылы қосылу,кабельді теледидардың желісімен қосылу, және
де,спутникті канал көмегімен.Интернетке қосылудың әртүрлі әдістеріне
қарамастан,қолданушы үшін тек қосылу тұрақтылығы,мәліметтерді жіберу жылдамдығы
және жауап беру уақытында ерекшеліктер бар.Интернеттің барлық ресурстары кіру
мүмкіншіліктері бар,оның көмегімен ол провайдермен қосылады. Желіге қосылудың
әртүрлі варианттарын қарастырайық.
Интернетке кірудің әртүрлі варианттары
Коммутаторлық телефон линиясы арқылы қосылу. Коммутативті телефонды линияның
модем арқылы қосылуы – бұл әзірше үйдегі Интернет қолданушылардың СНГ-да таралған
қосылу әдісі.
Желінің коммутациялы каналдарымен. Коммутациялы телефонды желінің немесе желінің
коммутациялы каналдарымен жұмыс принципін айтайық.Сіз біреуге қоңырау шалған
кезде,сіздің аралығыңызда белгілі бір физикалық байланыс каналы орналасады,олар
коммутатор арқылы байланысатын жеке учаскелерден тұрады. Абоненттің әрбір учаскесі
бірінші коммутаторға дейін бөлінбейтін болып келеді.Яғни әрбір абонент осы учаскелерді
жеке өзі қолданады.Желіліердің қалған учаскелері коммутатор арасында ажыратылған
болып келеді, дәлірек айтқанда әртүрлі уақытта әртүрлі қолданушылармен қолданылады.
Бірақ, егер қайсыбір участок бір қолданушымен бос емес болса,онда келесі біреу оны осы
уақытта қолдана алмайды.Коммутативті телефонды линиямен қосылу - бұл уақытша
(сеансты) қосылу дейді. Телефонды линия телефонды әңгімемен немесе мәліметтерді
модем арқылы жіберумен бос болмауы мүмкін. «Модем» сөзі «МОДулятор» и
«ДЕМодулятор» деген сөздерден құралады. Модем телефонды линия арқылы
мәліметтерді жіберуде қолданылады. Жалпы жоспарда модем - бұл қондырғы,цифрлық
кодты әртүрлі екі жиелік дыбыстардың ауысу мен кері қайту – дыбыс тербелісін цифрлық
ақпаратқа ауыстырады. Екі модем қосылғаннан кейін модулятор тұрақты тербеліс
периодының басты сигналымен генерацияланады және болып жатқанды өзгертіп екінші
сигналды қосады.Сонымен,жүріп жатқанның бір параметрі жіберу сигналының өзгеруіне
байланысты.Демодулятор анализдайды, түсетін сигнал жүріп жатқан сигналдан қалай
ерекшеленеді де басты сигналды қалыптастырады.Басқаша айтқанда,жіберуші модем
болып жатқан жиелікті пайдалы сигналмен моделдейді және жоғарыжиеліктегі сигналды


Page 7

жібереді, ал модем-адресат сигналды ASCII кодына (American Standard Code for
Information Interchange – ақпараттармен алмасудың стандартты коды – машиналық
көріністегі латын алфавитінің әріптері,сандар мен басқа сисволдардан тұратын 128 код
символ топтамасы, олардың әрбіреуіне 7-биттық екілік сан.Сегізінші бит жіберу кодының
дұрыс контроліне жұмыс жасайды) сәйкес кері цифрлы формаға демодулдейді.
Бірінші модемдер Bell Laboratories зертханалық центрінде өңделген және Bell 103
атауын алды.Бұл қондырғылар екі сыңарлы жиелікті қолданды: сыңарлы жиелік бір
модемге, және сыңар екіншіге.Жіберуші модем 1,07 және 1,27 кГц арасындағы
жиеліктерге ауысуы арқылы, ал жауап беруші модем 2,025 және 2,225 кГц арасындағы
жиелікте мәліметтерді жіберді.
Bell 103 модемдері 300 бит/с жылдамдықпен жұмыс істеді работали со скоростью
300 бит/с,солай минутына 30-ға жуық символ жіберуге болатын болды.Мұндай
жылдамдық тек қана текстік хаттамалармен алмасқасқан кезде қолайлы,себебі бұл
жылдамдық адамның оқу жылдамдығымен салыстырғанда артық. Мәліметтерді 300 бит/с
жіберетін модемдер 1980жылға дейін өмір сүрді.Сөйтсе де, адамдар суреттерді жібере
басталғалы ондай жылдамдық аздау екені айқындалды.
1980 жылдарға қарай 1200 бит/с жылдамдықпен мәліметтерді жіберетін модемдер
пайда болды.1990жылдардың басында жылдамдық 9,6 Кбит/с дейін жетіп,өсе бастады:
19,2; 28,8; 33,6 Кбит. 1998 жылы 56 Кбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін модемдер
шықты.
Осы заманғы модемдер – бұл өте күрделі схемалы модуляцияларды
қолданып,мәліметтерді жіберер кезде қаптайтын күрделі құрылғылар болып келеді.
Клиенттік компьютер коммуникациондық портқа ноль мен бірдің реттелген түрге
келтіріп, әр түрлі командалар мен мәліметтерді жібереді. Модем мәліметтерді
қабылдап,оларды командалар және ақпаратқа ажыратады да, телефон линиясы арқылы
жіберіп жүзеге асырады.
Қолданушы модем арқылы телефондық желіге ортақ қолданумен қосылып, aл ISP,
басқа модеммен, цифрлық сигнал арқылы Интернетпен қосылады.
Бүгінгі күнгі модемдер екі түрлі:ішкі және сыртқы. Ішкі модемдер кеңелмелі плата
арқылы жұмыс істесе, сыртқылары бөлек құрылғы ретінде автономды блоком питаниямен
істейді.
Осындай аналогты телефон каналы бар модемдердің максималды жіберу
жылдамдығы 33 600 бит/с, ал қабылдау - 56 Кбит/с. Bell 103-ке қарағанда 200 есе жылдам.
Бақылау сұрақтары:
1. Интернет технологиясында соңғы миля нені білдіреді?
2. Модем функциясы қандай?
3. ASCII-кодировкасы?
4. Модем жылдамдықтары қандай?


Дәріс 4.
Интернет жүйесіне қатынасу технологиялары.
DSL, ISDN технологиялары.
DSL-технологиялары
Қарапайым телефон тек төменгі жиіліктегі желілерді қолданады. Егер ”телефонды”
жіңішке жолының орнына кеңірек жолды қолданса, телефон сымы едәуір көп ақпарат
жібере алады. Өткізу жолы немесе өткізу жолының ені - өткізу каналы жиіліктерінің
диапазонындағы ең жоғары жиілік пен ең төменгі жиіліктің арасындағы айырымы.
Телефон желісі арқылы сигналды жіберудің аналогты түрі 300 Гц-тен 3,4 кГц-ке дейінгі
диапазонды алады. Цифрлы сигнал үлкендеу диапазонды талап етеді. Жіберу
жылдамдығы өскен сайын, жиіліктер диапазоны да өсу керек. Сондықтан, «өткізу жолы»
терминімен компьютер желісімен мәліметтерді жіберу жылдамдығының жоғары


Page 8

шекарасы белгіленеді. «Кеңжолды қатынас» термині арна ақпарат жіберу үшін
кеңейтілген жиіліктер жолын береді дегенді білдіреді. Ақпаратты жіберудің жоғары
жылдамдығы кең жолды пайдаланған кезде бірнеше сигал бір арнаның бойымен, бірақ
әртүрлі жиіліктерде параллельді жіберілу мүмкіндігіне байланысты. Өйткені, уақыт
бірлігінде ақпараттың мол көлемі жіберіледі. Арнаны бірнеше бөлікке бөліп, сигналдарды
жіберу мультиплексорлау деп аталады.
«Таржолды қатынас» терминімен дауысты жіберуге жеткілікті арна түсіндіріледі.
Кейде «кеңжолды емес қатынас» термині кездеседі. Ол арнамен мәліметтерді жіберу
жылдамдығы 64 Кбит/с-тан кем екендігін білдіреді.
Телефон желісін цифрлы мәліметтерді жоғары жылдамдықта жіберу үшін қолдануға
мүмкіндік беретін технологиялардың бірі DSL. DSL аббревиатурасы - «Digital Subscriber
Line». Бұл технология телефонмен сөйлесуге кедергі жасамай, мәліметтерді жіберуге
жоғары жиіліктерді қолдануға мүмкіндік жасайды.
DSL-технологиясы көмегімен бір уақытта Интернетпен жұмыс істеу және
телефонмен пайдалануға болады. Қарапайым модемге қарағанда, DSL -қосылу
жылдамдығы едәуір жоғары. DSL үшін жаңадан сымдар жүргізу керек емес, өйткені
телефон желісінің құрылғылары пайдаланылады.
Асимметриялы DSL (ADSL)
Интернетпен жұмыс кезінде ақпараттың негізгі ағыны Желіден пайдаланушыға
өтеді. Желіге ақпараттың едәуір аз көлемі жіберіледі. Мысалы, сіз Web-беттерді қараған
кезде, кішігірім запрос жібересіз, ал желіден мәтін ғана емес, сонымен қатар суреттерді де
қабылдайсыз. Яғни, ақпарат алмасу ассиметриялы болып келеді. Бұндай трафикті жіберу
үшін ассиметриялы арна керек.
ADSL (Asymmetrical Digital Subscriber Line) немесе ассиметриялы D SL
пайдаланушыға мәліметтерді жоғары жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді, сондай-
ақ пайдаланушыдан Желіге келген сигнал Желіден пайдаланушыға келген сигналға
қарағанда төменгі жиіліктерде жіберіледі.
Ең жаңа технологияларды пайдалануға байланысты ADSL бойынша ақпаратты
жіберу жылдамдығы басқа қатынас түрлерімен салыстырғанда өте жоғары: 8 Мбит/с
абонентке бағытталғанда, 1 Мбит/с абоненттен желіге бағытталғанда. Жоғары жылдамдық
Web-сайттармен, мультимедиа-ақпаратпен ыңғайлы жұмыс істеуге, үлкен файлдарды
жылдам тасымалдауға және интерактивті қосымшаларды толық пайдалануға мүмкіндік
жасайды.
ADSL артықшылығы болып орнатылуының жеңілдігі табылады: пайдаланушы мен
телефон компаниясын бірімен-бірін қосатын бұрыннан бар телефон кабелінің сымдары
қолданылады. ADSL Интернетке үнемі қатынасты қамтамасыз еткеннің өзінде ADSL
пайдаланушылары өткізу жолын басқа абоненттермен бөліспейді. Бірақ ADSL
кемшіліктері де бар, ең алдыңғысы – алыстықтың шектелуі. ADSL-технологиясын
қолданған кезде кері бағытта ақпаратты жіберу жылдамдығы ара қашықтыққа байланысты
болады. Егер абонентке бағытталған ақпаратты 3 км қашықтықта 8 Мбит/с
жылдамдықпен алуға болса, 5 км қашықтықта – тек 1,5 Мбит/с.
Пайдаланушы ДК-і ADSL-модемге қосылады. ADSL-модемі жұмысының принципі
24 кГц-тен 1100 кГц-ке дейінгі жиіліктер диапазоны әрқайсысына виртуалды модем
бекітілетін 4000-герцтік жолдарға бөлінетіндігіне негізделген. Соған байланысты
виртуалды модемдердің әрқайсысы өз жиідіктер диапазонымен жұмыс істейді.
ADSL-модемі жиілікті айырымға қосылады. Жиілікті айырым (немесе сплиттер)
кәдімгі телефон байланысының төменгіжиілікті сигналы мен жоғарыжиілікті ADSL-
сигналын айыратын төменгі жиіліктердің фильтрі болып табылады.Жиілікті
айырым үш ұяшыққа ие блок түрінде жұмыс істейді: біреуі - ADSL-модем қосылуы
үшін, екіншісі – телефон құрылғылары қосылуы үшін, үшіншісі – ADSL желісінің
қосылуы үшін. Жиілікті айырым бір желіге телефонды да, компьютерді де қосуға


Page 9

мүмкінік береді. Телефон станциясындағы дәл сондай жиілікті айырым абоненттік
сымның басқа жағында жоғары және төменгіжиілікті сигналдарды бөледі.
Дыбысты сигнал телефонды желіге, ал цифрлы сигнал DSLAM (Digital Subscriber
Line Access Multiplexer) қатынас мультиплексоріне бағытталады. Бұдан провайдер желісі
арқылы Интернетке өтеді.
Қатынас мультиплексоры – барлық DSL-абоненттерін бір жоғарыжылдамдықты желіге
қосатын, телефон компаниясының ғимаратында орнатылған механизм.
ADSL – экономды технология. Қарапайым жағдайда аналогты өткізу қабілеті бар бөлінген
арнаға қарағанда, желі пайдаланушығ арзан түседі.
ISDN-технологиясы
Бөлінген телефонды желі – екі абонентті үнемі қосатын телефонды байланыс желісі.
Бөлінген желінің едәуір таралған технологиясы болып ISDN (Integrated Services Digital
Network) табылады. ISDN – ақпаратты жіберудің цифрлы түрінің стандарты. ISDN-
желісінің негізгі компоненті - 64 Кбит/с өткізу қабілеттілігі бар бірбағытталған bearer-
арнасы немесе В-арна. Бұл арнамен цифрлы ақпарат жіберіле алады. Өткізу жолын
кеңейту үшін В-арналар екі-екіден топтасады да, арналар тобына ақпарат алмасуды
басқаратын D-арнасы (16 Кбит/с) қосылады. Ақпарат алмасу кәдімгі мыс сымның
көмегімен атқарылады. Модемнің орнына ISDN-адаптерді орнатқан пайдаланушылар 128
Кбит/с дейін баратын жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізе алады.
ISDN-адаптерлерін кейде ISDN-модемдері деп атайды. Бұл терминді дұрыс деуге
болмайды, өйткені ISDN-адаптерлер модуляция және демодуляция функцияларын
атқармайды, ISDN-желісі алдынан-ақ цифрлы болып табылған. ISDN-арнасын телефон
компаниясы береді. ISDN-желісімен телефонмен сөйлесу және сол уақытта Интернетке
ақпарт жіберуге болады.
Төменде әртүрлі технологиялар бойынша Интернетке қатынасудың максималды
жылдамдықтары келтірілген.
Қатынасу технологиясы Максималды жылдамдық
Коммутируемая телефонная линия 56 Кбит/с
ISDN 128 Кбит/с
Кабельді телевидение 36 Мбит/с
ADSL 2 1 Мбит/с (запрос), 10 Мбит/с (ответ)
2,4 ГГц диапзонындағы радиоарна До 54 Мбит/с
Серікті қатынас Жүйеге байланысты бірнеше Мбит/с
Т1 1,544 Мбит/с
ТЗ 44,74 Мбит/с
GSM-data 9,6 Кбит/с
GPRS 160 Кбит/с (теоретикалық максимум)
UMTS 2,048 Мбит/с

Бақылау сұрақтары:
1. DSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
2. ISDN– технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
3. ADSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
4. ISDN және DSL технологияларын қолдану үшін қандай құрылғы қажет?


Дәріс 5.
Интернеттегі web серверлер. Web – сервер жұмысының механизмі. Статистикалық
және динамикалық беттер.
CGI технологиясы. Скриптер.
Браузердің адрестік жолындағы қажетті URLді теріп болған соң, браузер
пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын алады. Сервер атын IP-


Page 10

адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне- жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде
браузер ізделінді Web- сервермен байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана
отырып ізделінді ресурсты сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін
жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің экранында бет
ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нәтижесін көраласыз. Әдетте қарапайым Web
беттерде тек текст қана емес графиктерден де тұрады, яғни әр түрлі типтегі бірнеше
файлдан тұрады. Браузер ол файлдарды тану үшін, сервер қандай файлды (HTLM
форматындағы текст немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде
мәлемет береді содан соң файл мазмұны жіберіледі. Әдетте, Web беттер көптеген
файлдардан түрғанына қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web сервер тек қана бір
файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан графикалық элементке сілтеме тауып,
браузер серверге жаңа сұраныс жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті
емес). Әрбір жаңа файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа HTTP сұранысын жіберу керек.
Бұнда қазіргі серверлермен браузерлер көп потокты режімде жұмыс істейтіндіктен бір
мезгілде бірнеше сұраныс орындалуы мүмкін. Егер берілген адресте сұранып отырған
ресурс жоқ болса онда Web сервер мұнандай мәлімет береді 404/File not found ( файл
табылмады).
Статистикалық және динамикалық беттер.
Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан файлдардың нақ копиясы
болып табылады және өңдеуші өзі онда бір нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді.
Дегенмен беттер динамикалық түрде қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес,
белгілі бір программада сұраныстың өңделу уақытында. Осындай бе ттердің
қалыптасуының бірнеше әдістері бар.
Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.
Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге асыру үшін серверге
мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар «кәдімгі» болады, ал қандайы оның
программалық өңделуіне нұсқаулары болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі
құрастырады ( арнайы командалар көмегімен немесе ішкі бағдарлама). Беттердің
динамикалық қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрип деп аталады.
Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.
Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын қалыптастыру үшін алдымен
тұтынушының локальдық компьютеріне беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және
өңдеу үшін оған сәкес заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін
бірнеше технологиялар бар.
CGI- технологиясы.
Біздің сұранысымызға сәйкес дайындалған динамикалық беттер «жылдам қалыптасты».
Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір форманы көрсетеді бұнда сіз өз
мәтініңізді қосасыз, келесіде осы бетті ашсаңыз онда жаңа хабарлама тұрады. Web-
парағына динамикалық мазмұнды қосуға мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI
(Comman Gateway Interface) болып табылады. Ол сол немесе басқа URL мен
статистикалық документі емес программаны түсінуге мүмкіндік жасайды нәтижесінде
нақты уақытта мәліметтер қалыптастырады. Мысалы егер сіз белгілі бір районда ауа
райынын дер кезіндегі мәліметінін бергіңіз келсе онда сіз әр бір ретте жаңа бетті
құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Серверде
жұмыс істеу бастағанда CGI программасы қосылады, ол цифрлы өлшеуіш құралына
айналып температура,қысым және т.б мәліметтер береді. Әр кезде осы адрестен мәлімет
алу үшін байланысқаныңызда сіз сол уақыттағы мәліметті аласыз. Басқа мысал: егер сіз
ізденіс жүйесінен белгілі мәлімет алғыңыз келсе онда CGI программасы жұмысының
нәтижесін ізделінді адрестер жыйынтығы түрінде аласыз.
CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде қарастыруға
болады. Сервер тұтынушының сұрағын CGI программасына береді ол оларды өңдеп
жұмыс нәтижесін тұтынушы экранына қайтарып береді. Клиент үшін адресте URL


Page 11

статистикалық құжат па немесе CGI программа ма еш қандай айырмашылығы жоқ. CGI
программалары жұмысының нәтижесі статистикалық құжат сияқты форматта болады. CGI
терминін тек қана программа емес протокол ретін де түсінуге болады. Бұл жағдайда CGI
Web сервер үшін стандартты тәсіл болып табылады– тұтынушы сұранысын бағдарламаға
беру және одан мәлімет алу. Сервер мен оның қосымшасының арасындағы бір біріне
мәлімет жіберу жөніндегі CGI протоколы HTTP протоколының бір бөлігі болып
табылады. CGI программасының үлкен бөлігі CGI скрипталары болып табылады. Скрип
дегеніміз интерпритацияланатын немесе басқа программаларымен жұмыс жасайтын
ережелер жинағы. Perl, JavaScript тілдері тура осы скрипталық тілдер түрінде ойлап
табылған. Олар сценариилер жазу тілдері деп те аталады. Негізінен CGI программасы
скрипталық тілде және де компилирлық тілде жазылуы мүмкін. C,C++,Delphi.
CGI альтернативті техналогиясы Micrоsoft компаниясының технологиясы болып
табылады. Ол былай аталады Active Server Page (ASP) ол да сол принциппен құрылған:
web- серверге қосылған скрипт, парақ тұтынушыға жіберуден бұрын серверде
орындалады. Осы принциппен орындалатын басқа да бір қатар технологиялар бар.
Динамикалық мазмұны сервер жағындағы қалыптасатын схемадан өзгеше динамикалық
мазмұны тұтынушы жағында көрінеді. Соңғы жағдайда активті құжаттар web серверде
және локольдік компьютерде сақталады. Онда белгілі бір есептеулер орындалады жіне
осы есептеулер нәтижесі экранда көрсетіледі. Активті құжаттарды дайындауда түрлі
технологиялар пайдаланады: бұл мәліметтер JavaScript те Java апплеттерде жазылған
қосымша болуы мүмкін және басқару элементі ActiveX болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Web-сервер жұмысының механизімі қандай?
2. Ститистикалық және динамикалық беттердің айырмашылығы?
3. CGI,ASP серверлерінің технологияларының айырмашылығы?
4. «Скрипт программа» ұғымы нені білдіреді?


Дәріс 6.
Web-ресурстарды алу технологиясы.
Web-парақтарды кэштау. Прокси-сервер механизімінің жұмысы.
Web-парақтарды кэштеу.
Егер сервер үлкен жойылуда болса, Интернетке шығу жылдамдығы төмен болса
немесе қайта қосылу режимінде жұмыс істесе, көбнесе ақпарат кешіктіріліп беріледі. Бұл
кезде қосылуды жылдамдату сұрағы туындайды. Осы сұрақты шешудің бір жолы,
мәліметтерді жойылған серверлерден бірнеше рет алуға болмауында. Web навигациясы
кезінде көбінесе кітаптағындай «парақты артқа парақтау» сияқты, яғни параққа қайта
қосылу қажеттілігі туындайды. Браузерде Артқа пернесін басып, алдында көріп өткен
параққа қайта оралғанда, оны серверден қайта алудың мағынасы жоқ екені анық.
Сондықтан көріп өткен құжатты компьютердің дискінің арнайы буферлік аймағында
(кэште) сақтаса, қолданушы ссылкамен қайта оралғысы келген жағдайда тез ашып көруге
мүмкіндігі болады. Қазіргі заманға сай браузерлер дәл осылай істейді. Мәселен сіз
парақтарды 1-2-3 кезегімен қарап, 3-ші парақ 4-ге ссылкасы бар деп ойлайық. Осы
жағдайда 3-ші парақтан 4-ге өтумен (Жүйеден жүктеу) салыстырғанда 2-ге өту тез
(кэштан жүктеу) орындалады.
Қазіргі заманға сай браузерлерде (Internet Explorer және Netscape Navigator)
кэштелген құжаттарды сақтау үшін папканың көлемін өзгерту мүмкіндігі бар.
Прокси-сервер
Кэштеу технологиясында өзінің шектеулері бар. Мысалы, сіз және сіздің әріптесіңіз
Интернетке бір провайдер арқылы қосылған болсаңыз. Бір кезде сіз, алдында сіздің
әріптесіңіз алған құжатты сол провайдердің каналынан сұрайсыз. Жүйеден қайта-қайта бір
құжатты сұрау дұрыс емес. Мәліметтерді сервер провайдер деңгейінде кэштау дұрыс.


Page 12

Бұл мәселені шешу провайдерлер прокси-серверге (ағылшынның proxy-орынбасар
деген сөзінен) жүктейді. Прокси-сервер – бұл қауіпсіздікті, әкімшілік бақылауды және
кэштау функцияларын жоғарылатуға мүмкіндік беретін, қолданушының жұмыс
станциясы мен Интернет арасындағы посредник ролін атқаратын сервер.
Прокси-сервер қолданушыдан қандай да бір интернет-сервисті орындауға сұраныс
алады, мысалы, web-парақты көріп өтуге сұраныс. Егер прокси кэштау функциясын
орындаса, ол сервердің локалді кэшінда сұрап отырған парақтың жоқтығын қарайды. Егер
бұл парақ бар болса, ол қолданушыға сұраныс Интернетке берілмей қайтарылады. Ал,
егер кэшта бұл парақ болмаса, прокси-сервер клиент ролінде қолданушының атынан,
өзінің IP-адресін қолданып, Интернеттен керек параққа сұраныс жібереді. Парақ қайта
оралғанда, прокси-сервер оны қолданушыға жібереді. Прокси -сервердің кэштау
функциясы Интернетпен жұмысты едәуір жылдамдата алады жене жүйелік трафиктің
көлемін азайта алады. Web-парақтарды кэштеу Жүйенің жұмысын жақсартудың бір жолы
болып табылады, себебі ол web-түйіннің уақытты бұзылыстарын компенсирует.
Әдетте, прокси-сервер программасы жұмыс істейтін компьютерде едәуір дисктік
аула бөлінеді. Үлкен провайдерлар құжаттарды кэштеуге ондаған және жүздеген гигабайт
память бөле алады.
Осылайша, үнемі ізделіп отыратын құжат тек құжатты шығарушының серверінде
ғана сақталып қоймай, сонымен қатар «қолданушыға жақынырақ», провайдер прокси-
серверінде немесе қолданушының өз компьютерінде сақтала алатындықтан, іздеген
құжаттарды тез көре алу мүмкіндігі бар.
Біз мыңдаған клиенттері бар провайдерлар жөнінде айтқана, жүйедегі құжаттардың
белгілі бір бөлігін ғана сұрайтынын айтып өткен жөн. Мыңдаған клиенттермен жұмыс
істейтін үлкен ISP-дің прокси-сервері, сұраныстардың 50%-ға жуығын өз дискінен
орындайды. Әдетте ISP сервері регионның басқа интернет провайдерлардың
серверлерімен байланысты. Сондықтан, егер клиентті қызықтырып отырған құжат
провайдердің прокси-сервер кэшінде табылмаса, ол басқа прокси-серверлерде табылуы
мүмкін. Осылайша, кэш-ауласындағы қолданушылардың көлемі көп есе көбейеді.
Кэштейтін прокси-серверлерді тек ISP-провайдерлер ғана емес, сонымен қатар жүйеге
деген нагрузканы азайтқысы келетін және сұраныстарды оптимально обрабатывать үшін
ірі компаниялар орната алады.
Құжаттардың жарамдылық мерзімі.
Ескірген кэштелген файлды алмау үшін, кэштелген құжаттарды қашан сұранысқа
қоюға болады, ал қашан қоюға болмайтығын анықтайтын бірнеше ережелер бар. Бұл
ережелердің бір бөлігі HTTP протоколында жазылып өткен, ал қалғаны браузер
настройкасында және прокси-сервер әкімшілігімен ұсынады. Прокси-серверде кэштеуге
шешім қабылдаудың бірнеше критерилері бар. Мысалы, егер объект жасырын болса, ол
кэштелмейді. Сол сияқты кэштелген құжатты клиенттің сұранысы бойынша жіберіле
алуға шешім қабылданатын критерилер бар. Мысалы, егер құжаттың жарамдылық мерзімі
өткен болса, онда сервер оны клиентке жібермей, сайтты құрастырушының серверінде
жаңалау құжаттың бар, жоқтығын сұрайды. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжат жай
жаңартылмаған, яғни ескірмеген болуы мүмкін және оны клиенттің сұранысына беруге
болады.
WEB-жылдамдатқыштары.
Стандартты браузерлер кэштеу технологиясын Web -парақтарды жүктеуді
жылдамдату үшін қолданатынын айтып кеткен болатынбыз. Бірақ, жүктеу процесін
Internet Explorer-ға қарағанда жақсырық орындайтын арнайы программалар бар.
Жылдамдатуды жүйелік қосылулардың параметрлерін оптимизациялау арқылы,
мәліметтерді кэштеу және «қажеті жоқ» мәліметтерді алып тастау арқылы жүзеге асыруға
болады. Кейбір программаларда жоғарыда айтып өткен механизмдердің бірден бірнешеуі
жүзеге асырылған.
Кэштеу процесін оптимизациялау арқылы жылдамдату.


Page 13

Мәліметтерді кэштеу кезінде Web-парақтарды жүктеуді жылдамдатуды айтқанда 3
бағытты белгілеп өткен жөн:
- IP-адрестерді кэштеу;
- Локалді компьютерде дискті кэшті оптимизациялау;
Әр бағыттың неден құралғанын түсіндіріп өтейік.
Сіз URL браузерге сол немесе басқа ресурсты жібергенде, ол DNS-серверге доменді
атты IP-мекенге жіберуге сұраныс жасайтыны белгілі. Қажетті мәліметтерді табу алдында
қаншама DNS-серверлерді сұрап өтеді. Әдетте, IP-адрес қолданушы компьютерінде
кэштелмейді және сіз бірнеше минут алдын қолданып отырған мекен қайта сұралып
отырады, ол тағы да уақыт алады. Сондықтан, Web-парақтарды көрсетуді жылдамдатудың
бір жолы DNS-серверлерді едәуір оптималды сұрау жүргізетін және IP-мекендерді
кештеуді ұйымдастыратын программаны қолдану болып табылады.
IP-мекенді алып болғаннан кейін, шолушы (обозреватель) компьютердің кэшінде
көрсетілген парақ копиясының сақталғандығын тексеріп, егер кэштегі құжат жарамды
болса, ол қолданушыға жіберіледі. Бұл процесс та уақыт алады және оны жылдамдату –
бөлек мәселе, сондықтан оны басқа программаға жүктеуге болады. Осы мәселемен
айналысатын көптеген программалар көп орын алатын, бірақ жылдам істейтін өз кэшін
құрады. Жылдамдатудың екінші бағыты осыны құрайды.
Үшінші механизмді (упреждающее чтение) түсіндіру үшін, кәдімгі браузердің
жұмысына қайта оралайық. Құжат браузермен көрсетілгеннен кейін, әдетте үзіліс болады.
Қолданушы құжатты оқығанша жүктеу процесі тоқтатылады, яғни система простаивает.
Упреждающее чтение үзіліс кезінде қосылыстарды қолдануға мүмкіндік береді, бұл кезде
осы параққа ссылкасы бар құжаттар жүктеледі. Осы құжаттардың фондық режимде
жүктелуі қолданушы сұраныс жібергенде тез көрсетуге мүмкіндік береді. Үшінші
механизм осы упреждающее чтение немесе префетчингтан (prefetch-ағылшынның
алдан-ала алып келу деген сөзінен) құралады. Кейде осы механизмді упреждающее
загрузкой (ағылшынның pre-loading деген сөзінен) деп те атайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Web-парағын кештеу принципі неде?
2. Прокси-серверінің жұмыс механизмі неде?
3. Web-парағын кештеу оптимизациясының механизмі қандай?
4. Web-парағын кештеудің үш негізгі бағытын атаңыз?


Дәріс 7.
Интернеттің іздеу технологиялары.
Қажетті ақпаратты іздеу принциптері. Іздеу машинасының жұмыс механизмі. Индексті
құру.
Web-тен іздеу
Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса
көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ
демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын
орналастыра алады. Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына,
оның стандартқа сай келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені
белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы
іздей білу керек. Осы бөлімде интернет желісімен жұмыс істейтін іздеу аспаптары
сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі түсіндірілген, іздеу оптимизациясына
практикалық түсініктеме берілген.
Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу машиналары
(поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер, метаіздеуіш
жүйелер және тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен


Page 14

анықтамалар. Осы кезде әр түрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі
категорияларын қолдану тиімді болып келеді. Әр категорияны жеке қарастырайық.
Индекстелген каталогтер
Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым
түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық құрылымның бірінші деңгейіндегі
тематикалық бөлімі «спорт», «демалыс», «ғылым», «дүкендер» сияқты кең тараған
тақырыптардан тұрады. Ал әр бөлімнің бөлімшелері болады. Осылайша, біртіндеп каталог
бұтақтары арқылы саяхат жасап, іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті
облысты дәл анықтай аласыз. Мысалы оқу орындарын іздеу барысында мынадай тізбек
пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу орындары ->Институттар.
Қажетті ішкі катологты тапқаннан кейін, одан сілтемелер жинағын аласыз. Катологтерді
программалар емес, адамдар құрастырғандықтан, катологтегі барлық сілтемелер
профильді болып табылады. Егер сіз ортақ тақырыпта жалпы ақпарат іздесеңіз, онда
каталогке қатынаған дұрыс. Ал егер сізге нақты бір құжатты табу керек болса, онда
каталог тиімсіз іздеу құралы болып табылады.
Желіде ортақ қолданылатын каталогтардан басқа, ерекшеленген каталогтар да бар.
Егер де бір каталогта өте көп қор орналасса, онда оларды кең таралуына байланысты
бірнеше бөліктерге бөлуге (ражнирование) болады. Мысалы, Яндекс каталогында
бөліктеу басқа сайттардың біздің сайттағы сілтемелерінің индексімен жүргізіледі.
Желіде каталогтардан басқа рейтингтер де бар. Каталогтан рейтингтің айырмашылығы,
мұнда қорларды тікелей оның иесі суреттесе, ал каталогта - авторы, демек оның
редакторлары суреттейді.
Сілтемелердің тематикалық жинағы
Сілтемелердің тематикалық жинағы – бұл кәсіби топтармен немесе жеке
жинақтаушылармен құрылған тізімдер. Шектелген кәсіби тақырыпты ірі каталогтің
жұмыскерлер тобына қарағанда сол жұмыстың кәсіби маманы жақсы ашуы мүмкін.
Домендік атты теру
Каталог – бұл ыңғайлы іздеу жүйесі, бірақ егер сізге Intel немесе IBM
компаниясының сервері керек болса, сіз каталогке қатынай алмайсыз. Сәйкес сайттардың
атын табу қиын болмайды: www.intel.com, www.ibm.com.
Сол сияқты, сізге егер ауа райына арналған сайт қажет болса, оны www.weather.com
серверінен іздеген дұрыс болады. Көп жағдайларда кілттік сөз арқылы сайтты табу
мәтінде көп кездесетін сөзден тұратын құжатты тапқаннан ыңғайлы.
Іздеу кезінде танымалы емес компаниялардың адресінің атын интуитивті ойдан тергенде,
бірде-бір іздеу жүйесінде тіркелмеген сервермен байланыс орнатуы мүмкін болғандықтан,
ол іздеудің басқа түрлерімен табысты бәсекелесе алады. Осыған ұқсас іздеулер тиімсіз,
сондықтан ізделінетін сайттың атын таба алмайтын болсаң, іздеу машинасын қолдану
керек.
Іздеу машиналары
Сұранысқа жауап ретінде сіз әдетте құжаттардың ұзын тізімін алаcыз, оның көбі
сіздің сұрағыңызға жауап бермейді және сол тақырыпқа ешқандай қатысы болмайды.
Сондай құжаттар релевантты емес (ағылшын сөзінен шыққан, relevant- лайықты, қатысты)
деп аталады, ізденіс бойынша табылған құжаттар релевантты құжаттар деп аталады.
Табылған сілтемелердің тізіміндегі релевантты құжаттардың проценті сұраныстың дұрыс
қойылуына байланысты болады.
Іздеу машинасы тапқан барлық құжаттардың ішіндегі релевант құжаттардың бөлігін іздеу
дәлдігі деп атайды. Релевантты емес құжаттарды шуы бар құжаттар деп атайды. Егер
табылған құжаттардың барлығы релевантты болып келсе (шуы жоқ құжаттар), іздеу
дәлдігі 100% құрайды. Егер барлық релевантты құжаттар табылса, онда іздеу толымдығы
100% тең.
Сайып келгенде, іздеу сапасы екі өзара тәуелді параметрлермен анықталады: дәлдікпен
және іздеу толықтығымен . Толықтықтың артуы дәлдікті төмендетеді және керісінше.


Page 15

Іздеу машинасының жұмыс механизмі
Іздеу жүйелерін анықтама қызметімен салыстыруға болады, онда агенттер
кәсіпорындарды аралап, мәліметтерді деректер базасына жинайды. Клиент анықтама
қызметіне жолыққанда ақпарат сол деректер базасынан алынады. Мәліметтер базада
ескіріп отырады, сондықтан агенттер оларды оқтын-оқтын жаңартады. Кейбір
кәсіпорындар мәліметтерді өздері жібереді, сондықтан агенттердің оларға барудың қажеті
болмайды. Басқаша айтқанда, анықтама қызметінің екі функциясы болады : жасау және
деректер базасын тұрақты жаңарту және клиент сұранысы бойынша базадан хабар іздеу.
Сол сияқты, іздеу машинасы да екі бөлімнен тұрады: робот - ол берілген серверлерді
аралап деректер базасын қалыптастырады, және іздеу механизмі. Робот терминінің
көптеген синонимдері бар, роботтан басқа оны желілі агент немесе торапта жүргеніне
байланысты құрт немесе өрмекші дейді.
Робот базасы негізі роботтың өзімен (робот өзі жаңа қорларға сілтемелер тауып
алады) және аз дәрежеде өз сайттарын іздеу машиналарында тіркейтін қор иелерімен
қалыптасады. Деректер базасын қалыптастыратын роботтан басқа табылған сілтемелердің
рейтингісін анықтайтын программа бар.
Іздеу машинасының жұмыс принципі пайдаланушы көрсеткен кілттік сөздер арқылы
ішкі каталогтан (деректер базасы) релеванттігі бойынша сұрыпталған сілтемелер тізімін
беру арқылы іске асырылады.
Іздеу жүйесі тек ішкі каталогтармен операциялайтынын атап айтқан жөн. Іздеу
машинасының мәліметтер базасы жүйедегі түйіндік адрестерді сұрау арқылы әрдайым
жаңартылатынына қарамастан, іздеу машинасының ішкі қорларын және желі қорларын
салыстыруға келмейді, сондықтан әрқашан машина ескірген адрес немесе қажетсіз ресурс
табатыны өте ықтимал. Проблема тек қана ішкі қорлардың шектілігінде ғана емес, тағы
роботтың жылдамдығының шектілігінде тұр. Іздеу машинасының ішкі қорларының
көбеюі проблеманы шешпейді, себебі аралау жылдамдығы ақырлы.бірақ іздеу
машинасының ішінде каталогтарға бөлінген Интернеттің кіріс қорларының белгілі
бөлігінің көшірмесі болады деуге болмайды. Толық ақпарат (кіріс құжаттар) бәрі бірдей
сақталмайды, көбіне жиі тек оның бөлігі – индекстенген тізім немесе индекс деп аталатын,
құжат жолынан шағын бөлігі сақталады.
Индекс құрау үшін кіріс мәліметтер қор көлемі минималды, ал іздеу тез әрі
максималды пайдалы ақпарат беретіндей түрлендіріледі. Индекстелген тізімді түсіндіру
үшін оның қағаз аналогы – конкорданс, яғни сөздікті келтіруге болады, онда белгілі
жасушымен қолданылатын сөздер алфавиттік тәртіпте болады, және де жазушы
шығармасында келтірілгеніне сілтеме болады.
Айтпаса да түсінікті, конкорданс (сөздік) шығарма тексінен шағын және одан
керекті сөзді іздеген кітапты түгел парақтағаннан көп жеңіл.
Индексті құру
Желілік агенттер немесе робот-өрмекшілер Желі бойымен «өрмелейді», Web –
беттерді талдайды және не әрі қай парақта табылғаны туралы ақпарат жинайды. Кезекті
HTML-парақтарды табысымен көптеген іздеу машиналары (әр іздеу машиналарында
әртүрлі) сөздерді, суреттерді, сілтемелерді және де басқа да элементтерді белгілейді.
Сөздердің парақта барлығы ғана емес, әрі оның орналасуы, яғни бұл сөздің қайда
орналасқаны: тақырыпта (title), тақырыпшаларда ( subtitles ), метатэгте ( meta tags ) немесе
басқа орындарда. Әдетте негізгі сөз ескеріледі де, шылау мен одағайлар: «ал»,«бірақ»
және «немесе» еленбейді. Метатегтер парақ иелерінің өзіне сол арқылы ізделінетін кілттік
сөздер мен тақырыпты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе кілттік сөздің бірнеше
мағынасы болғанда қажет. Метатегтер іздеу машинасын сөдердің бірнеше мағынасынан
дұрысын таңдауға көмектеседі. Алайда метатегтер адал толтырылғанда ғана сенімді
жұмыс істей алады. Web-парақтардың кейбір иелері өздерінің метатегтеріне Желіде көп
аталатын өз сайт тақырыбына қатысы жоқ сөздермен толтырады, сол арқылы өзінің жаңа
келушілерін тарту әрі қор қатысуы рейтингісін жоғарылату үшін жасайды. Іздеуден осы


Page 16

сияқты сайттарды шығару – жақсы іздеу жүйесінің тағы бір тапсырмасы. әрбір роботтың
өз қараниетті жарнама үшін жазаланған қор тізімі бар.
Тапсырма берілген Web-парақтарда ақпарат жиналғаннан кейін алынған
мәліметтерді индекстеу жүреді. Робот-өрмекшілер Web-парақтардың ақпараттарын
қарастырып, кілттік сөздер арқылы индекстенген іздеу базасын құрады, содан кейін
пайдаланушы сұранысы арқылы жүйе дұрыстығына (релевантты) қарай сайттар тізімін
береді. Айқын, егер сіз сайтты «гүл» деген кілттік сөзбен іздесеңіз, онда іздеу машинасы
сол сөз бар парақтарды тауып қана қоймай, бұл сөздің қай жерде сайт тақырыбына
қатыстылығын анықтай алуы керек. Сөздің Web-парақтың профиліне қатыстығын
анықтау үшін оның парақта қаншалықты жиі ұшырасатынын, берілген сөз туралы
сілтемелердің бар-жоқтығын бағалау керек. Қысқаша айтқанда, парақта табылған сөздерді
маңыздылық дәрежесіне қарай рангілеу керек.
Сөздерге салмақтылық коэфициенттері оның қанша және қайда кездесетініне қарай
(парақ тақырыбында, беттің басы не аяғында, сілтемеде, метатегте және т.б) меншіктеледі.
әрбір іздеу механизмі салмақ коэфициенттерін берудің өз алгоритмдері бар – бұл әртүрлі
іздеу машиналарының бір кілттік сөз арқылы сұрауға әртүрлі қорлар тізімін берудің бір
себебі. Парақтар әрдайым жаңартылып отыратындықтан, онда индекстеу үрдісі де жиі
орындалып отырылуы керек. Робот-өрмекшілер сілтемелерді аралай жүріп, индекстен
тұратын файлды құрады, ол үлкен болуы мүмкін. Оның көлемін азайту үшін ақпарат
көлемін минимизациялау мен файлды сығуға жүгінеді. өңделгеннен кейін мәліметтер
үнемі жанарып отыратын базада сақталады. Бірнеше роботтары бар іздеу машинасы
секундына жүздеген парақтарды өңдей алады. Бүгінде мықты іздеу машиналары жүздеген
миллион парақты сақтайды және күніне ондаған миллион сұранысты қабылдайды.
Индексті құруда көшірмелердің санын азайту тапсырмасы да шешіледі – қатесіз
салыстыру үшін алдымен құжаттың кодировкасын анықтау қажеттігін ескерсек, тапсырма
оңай емес. Бұдан да қиын тапсырмаға өте ұқсас құжаттарды айыру жатады (оларды
«көшірме дерлік» деп атайды), мысалы оларға мазмұны бір ал тақырыбы әртүрлі болып
келеді. Бұл сияқты құжаттар Желіде өте көп – мысалы біреу рефератты көшіріп алып өз
сайтында басқа атпен басып шығаруы мүмкін. Қазіргі заманғы іздеу машиналары барлық
бұл проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Индекс арқылы іздеу
Индекс арқылы іздеу мынадан құралады, яғни пайдаланушы сұраныс құрастырып
оны іздеу машинасына береді. Бірнеше кілттік сөздерді қолдануда сұраныс тілін
пайдаланған пайдалы, оның негізін буль операторлары құрайды.
Ең жиі қолданылатын буль операторлары:
- AND – бұл арқылы біріктірілген барлық терминдер ұсынылған құжатта қатысуы
керек. Кейбір іздеу жүйелері «+» белгісін «AND» орнына қолданады;
- OR – кем дегенде бір кілттік сөз «OR »-мен қатысты, ізделінетін құжатта болуы
керек;
- NOT- «NOT»-тан кейінгі кілттік сөз ізделінетін құжатта кездеспеуі керек. Кейбір
іздеу жүйелері «-» белгісін «NOT» орнына пайдаланады;
- FOLLOWED BY – кілттік сөздер бірінен кейін бірі кезектесіп келуі керек;
- NEAR – сөздердің бірі екінші сөзден белгілі санды сөздерден кейін келуі керек;
- Тырнақшалар – тырнақша ішіндегі сөздер- бұл текст фрагменті құжат немесе файл
ішінде кездесуі тиіс. Айта кетейік, сұраныс тілі семантикасы нақты бір іздеу
машиналарында бір біріне ұқсамауы мүмкін, әдетте ол туралы іздеу машинасының
нұсқауында мәлімет келтіріледі.
Шектерінде логикалық комбинация анықталатын мәтін іздеу бірлігі деп аталады. Бұл
сөйлем, абзац не бүкіл құжат болуы мүмкін. Түрлі іздеу жүйелерінде әртүрлі іздеу
бірліктері қолданылуы мүмкін. Сөйлем шегіндегі іздеу тек индексінде толық мекенжай
(адрес) бар жүйелерде ғана мүмкін.


Page 17

Пайдаланушы іздеу жүйесіне сұраныс жібергеннен кейін, ол сұраныс синтаксисін
өңдейді, кілттік сөздерді индекстегі сөздермен салыстырады. Содан кейін сұранысқа
жауап беретін сайттар тізімі релеванттылығына қарай рангіленіп, пайдаланушыға
берілетіндей іздеу нәтижесі құрастырылады.
Бақылау сұрақтары :
1. Интернетте қажетті ақпаратты іздеудің жалпы принциптері қандай?
2. Іздеу машинасының жұмыс механизмі қандай?
3. Интернетте ақпарат іздеу технологияларында индекс ұғымы нені білдіреді?
4. Индексті құру принциптері қандай?


Дәріс 8.
Интернет сервистері. Электрондық пошта.
E-mail сервисінің жұмыс істеу механизмі.
E-mail-дің екі протоколы. Электрондық поштаның адресі
Интернетке кіру рұқсат етуді регистрациядан өткізу уақытында ISP қолданушыға
пошталық жәшікке дискінің белгілі-бір көлемін, пошталық жәшіктің адресін (E-mail
Account Address), қолданушының атын (E-mail Account Login Name) және поштаға заңсыз
кірудің рұқсатынан арылу үшін парольді (E-mail Account Password) бөліп береді.
Электрондық пошта адресі: қолданушының_аты@домен_аты форматында болады,
мысалы, Sanat@ntu.almaty.kz. «@» таңбасының сол жағындағы бөлік – бұл сервердегі
пошталық жәшіккің аты (Account Namе), мұнан бұл адрестің иесі хаттардың алады
(берілген мысалда Sanat). Ережедегідей, қолданушының аты пошталық жәшіктің атымен
сәйкес келеді. «@» таңбасының оң жағындағы бөлік домен деп аталады және осы
пошталық жәшіктің орналасқан жеріне көрсетеді. Электрондық поштаның адресін
пайдаланушы жеткізудің ақырғы бекеті, яғни поштаны көріп жатқан компьютер болып
саналмайтынын ескере кету жөн. Әр қолданушы бірнеше адрестерді әртүрлі пошталық
серверлерде регистрациядан өткізе алады. Бүгінгі таңда электрондық поштаның қызметін
ақысыз көрсететін жүздеген серверлер бар, сондықтан да кез келген Интернет қолданушы
әлемнің әр бөліктерінде пошталық жәшіктерін емін-еркін регистрациялауы мүмкін.
Сондықтан электрондық пошта адресін сіздің үйіңіздегі компьютердің адресі
айқындамайды, ал Сіз пошта алатын сервердің адресі беріледі.
Белгілі бір қолданушыда екі адрес регистрацияланған деп ойлайық: sasha@ny-
server.com және sasha@almaty-server.ru.
Ол әр жәшігінен өзінің компьютеріне хаттар алады, бірақ біреуін ол Нью-Йорктегі
серверден, ал екіншісін – Алматыдағы серверден көшіреді. Осыған байланысты
электрондық поштаның көрсеткіштік адресациясы жеткізу маршрут ын адрес
анықтайтыны туралы айтады.
Екі сервис – екі протокол
Электрондық пошта клиент-серверлік архитектураның принципімен құрастырылған.
Қолданушы клиенттік программамен араласады, ол программа өз қатарымен пошталық
сервермен араласады. Поштаны жіберу және алу процедурасы әр түрлі дәрежеде жеке
адамның анықталуын (идентификация личности) сұрайтыны айқын, осыдан мұнда кәдімгі
поштадағыдай толық ұқсастық (аналогия) көрінеді: сізге өзіңіздің пошталық жәшіктің
ішінен хатты алу үшін кілт керек. Бұл жағдайда кілт сіздің поштаны алу құқығы бар
екендігін растайтын автоматизация құралы болып табылады. Хатты жіберу кезінде
авторизация міндетті емес. Жіберу және алу әр түрлі дәрежеде жеке адамның анықталуын
сұрайтынына байланысты екі түрлі – хатты жіберуге және алуға арналған протоколдар
бар. Хатты жберу кезінде авторизация міндетті еместігіне қарамастан, бүгінгі таңда
провайдерлердің көпшілігі қауіпсіздік және спаммен күресу ойымен оны енгізу жоғары
қойылады.


Page 18

Хаттарды жөнелту үшін SMTP протоколы (Simple Mail Transfer Protocol – поштаға
сілтеме қарапайым протоколы) және оған сәйкес SMTP-серверлері қолданылады. Көбінесе
поштаны жіберу сіздің пошталық серверіңіздің интернет-провайдерінде болады, бірақта
бұл онша міндетті емсе. Әдетте SMTP-серверлер идентификацияны талап етпейді,
сондықтан сіз хатты басқа да осындай серверден жіберсеңіз де болады. Пошталық
хабарламаны алу үшін қазірі уақытта тек нақты қолданушының поштасын серверден алып
тұратын және сондықтан жәшікке кіруге рұқсат ететін құқықтық авторизацияны сұрайтын
POP3 протоколы (Post Office Protocol – пошталық офис протоколы) көп қолданылады.
Пошталық клиенттің негізгі функциялары
Барлық пошталық клиенттердің негізгі функциялары – хабарламларды алу, оларды
автономды режимде көруді ұйымдастыру, хабарламаларды сорттау, жауап хабарламларын
дайындауды автоматизациялау және адрестік кітапшаны қолдау.
Пошта қалай жұмыс істейді
Хатты жіберу және жеткізу
Интернетке қосылғаннан кейін, клиенттік программа пошталық сервермен
байланысып, оған жіберушінің пошталық адресін және хабарламаның мәтінінің өзін
жібереді. Поштаны жіберу кезінде клиенттік программа шығыс поштаның серверімен,
яғни SMTP-сервермен 25 нөмірлі портқа SMTP протоколы арқылы қосылып, ара
қатынасқа түседі. Пошта жіберілетін SMTP-серверінің аты клиенттік пошталық
программаға оны күйге келтіру кезінде алдын-ала енізілу керек. Осы процессті мұқият
қарастырайық. Хат жіберушінің серверіне жеткізілгеннен кейін, жіберушінің SMTP-
сервері алушының серверімен байланысу керек. Бұл үшін оған алушының SMTP -
серверінің IP-адресін білу қажет. Осы адресті білу үшін, ол DNS-серверге алушының
SMTP-серверінің IP-адресін білуге сұраныс тастайды.
Егер де қайсы-бір себеппен жіберушінің SMTP-сервері алушының SMTP-серверімен
байланысқа түсе алмаса, онда жіберілім жеткізілу үшін кезекке тұрады. Әдетте әр 15
минута сайын кезектегі хатты қайта жөнелту әрекеті өндіріледі. Шамамен 4 сағаттан кейін
жіберушіге проблема туралы хабарлама жіберіледі, ал 5 күн өткен соң серверлердің
көпшілігі әрекеттерін тоқтатып, жіберушіге жіберілменген поштаны қайтарады,
сондықтан хат із-түссіз жоғалып кете алмайды.
Егер пошталық клиент пен SMTP-сервердің қатынас протоколына қарасақ, оның
жетерліктей қарапайым екендігіне көз жеткізуге болады. Мұнда интуитивті түсінікті
командалар қолданылады: мысалы HELO (таныстырыламын), MAIL FROM (жіберушіні
анықтаймын), RCPT TO (алушыны анықтаймын) және т.с.с.
Жіберушінің SMTP-сервері алушының SMTP-серверімен байланысқа түскен сәтте-
ақ, ол жіберілімді жөнелтеді. Алушының сервері адресте көрсетілген атты қолданушының
бар екендігін анықтайды және оның жәшігіне жіберілім жөнелтеді.
Пошта серверде орналасқаннан кейін, алушы оны сол жерден көшіріп алуға
мүмкіндік алады. Пошталық жәшіктен жиналған поштаны алу кезінде, клиенттік
программа POP3-сервермен POP3 протоколы арқылы байланысады. Интернетке кірген
кезде өзіңіздің пароль мен логинді көрсеткендіктен, әдетте поштаны алу кезінде осы
мәліметтерді қайта енгізу керек емес. Сіздің пошталық клиентіңіз POP3-сервермен
байланысып, локальді машинаға электронық пошта жіберілімдерінің копияларының
жөнелтуін анықтайтын бұйрықтарды жібереді.
Әдетте, пошта алынғаннан кейін пошталық клиентте керісінше көрсетілмесе,
сервердегі хабарламалар өшіріледі. SMTP-сервер секілді, POP3-сервер алушының
пошталық клиентпен «сөйлесу» кезінде интуитивті түсінікті командалар жиынтығын
қолданады: USER (қолданушының ID енгізіңіз), PASS (пароль енгізіңіз), QUIT (POP3-
серверден шығыңыз), DELE (хабарламаны өшіріңіз).
Егер SMTP-протокол қарапайым және тек қана серверге алушының адресі бар
хаттардың мазмұнын жіберетін болса, онда POP3-сервермен жұмыс әлдеқайда күрделірек


Page 19

болатынын ескеру жөн, ол хаттарды бөлектеліп көшіруді іске асырады, үлкен хаттардан
бас тартуға жол береді және т.б.
Поштаны қабылдау үшін пошталық серверден хаттарды таңдамалы түрде
компьютерге көшіріп алуға, папкалармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндік беретін
әлдеқайда жаңартылған IMAP-протокол қолданылуы мүмкін.
Электрондық хат адресатқа жетпеген кезде, бірнеше себептермен болуы мүмкін.
Мүмкін, алушының сервері берілген жіберушінен хаттар алмаған жағдайда. Мұнан басқа,
егер сервер жұмысы аса көп болса және сұранысты қарастыралмаса, жіберілім кері
қайтарылады. Егер хат алушы серверімен жоқталмаса да, ол қайта оралуы мүмкін,
мысалы, алушы атын жазу кезінде қателессеңіз – жүйе мұндай атты алушының жоқтығы
туралы хабарлайды. Және, соңғысы, көрсетілген атты алушы бар болса да, оның
пошталық жәшігі толып кеткен кездегі жағдай туындауы мүмкін.
Арнаулы таңбаларды және толтырма хабарламаларды жөнелту
SMTP-протокол ASCII-дың барлық символдарын жіберуді рұқсат етпейді, ал
олардың ішінен ағылшын алфавитіне сәйкес келетін және ASCII кодтаудың негізгі
кестесімен айқындалады. ASCII кодтаудың екі кестесін анықтайтыны белгілі: базалық
жетібиттік (0-127 нөмерлі символдар) және кеңейтілген сегізбиттік (128-255).
Кириллица символдары кодтаудың кеңейтілген кестесіне жатады, және SMTP-
протоколы үшін олар арнаулы символдар болып келеді. Арнаулы символдарды жіберу
кезінде әдетте MIME стандарты (Multipurpose Internet Mail Extensions – Интернеттің
көпмақсаттың кеңейтілулерлі пошталық стандарты) қолданылады, ол арнаулы
символдарды жіберу және мәтіндік емес ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберу
үшін кодтауды рұқсат етеді, мысалы хатқа қосымшада орналастырылған графикалық
файлдар.
Бастапқыда электрондық пошта файлдарды жіберу үшін арналмаған етін, сондықтан
қайсыбір файлды жіберу үшін оның мәтіндік хабарламаға сәйкес қайта кодировкасы
керек. MIME стандарты файлдың тақырыбы арқылы оның қандай типті мәлімет (мәтін,
графика, әуен және т.б.) қамтитынын анықтай алады және қосарланған файлдарды
кодтаудың біртұтас әдісін ұсынады. MIME стандарттары қолданған кезде, кириллицаны
кодтау проблемалары туындамайды.
Бақылау сұрақтары:
1. E-mail клиентін ISP регистрациясы қалай өткізіледі?
2. Электрондық поштаның жіберу және жеткізу механизмі қандай?
3. E-mail сервисінде қандай протоколдар қолданылады?
4. Арнаулы таңбаларды және толтырма хабарламаларды жөнелтудің ерекшеліктері?



Дәріс 9.
Интернет сервисі. Файлдармен алмасу.
FTP сервисінің жұмыс механизмі. FTP – клиенттер.
FTP файлдарын жіберу протоколы(FILE TRANSFER PROTOCOL).
FTP (File Transfer Protocol – файлдарды жіберу протоколы) 1971 жылы
ұйымдастырылды және қазіргі уақытқа дейін жақсы қолданылуда. FTP TCP/IP базалық
деңгейіндегі протолдарымен базаланады және өз алдына Интернетте компьютерлер
арасындағы файлдар алмасуын көрсетеді.
FTP негізгі тағайындалуы – Интернеттегі файлдарды жойылған компьютерден
локальдіге (Download) және локальді компьютерден жойылғанға (Upload) қайта жіберу
(көшіру, қайта беру). FTP протоколының көмегімен сондай-ақ өз файлдарынды жойылған
компьютерден жоюға және атын өзгертуге болады. Айта кететін жайт, ақпаратты тек
оқуға арналған WWW-серверлеріне қарағанда, FTP серверлері ақпартты жүктеуге және де
ақпаратты серверге енгәзудә қамтамасыз етеді. Жекешеде, Web -беттерден


Page 20

конструкцияланатын файлдарды жіберу үшін, көбінесе FTP-протоколдары қолданылады.
Әрине, серверде ақпаратты өзгерту қамтамасы, тек осы ақпарттың иесіне берілу қажет.
FTP-серверіне қолданушының жолығу кезінде рұқсаты логинмен және парольмен
жарияланады, бірақ ол үлкен дәрістерге арналған желіде сервер жоқ дегенді білдірмейді.
Көптеген серверлерге уақытша атпен кіруге болады(мысалы, anonymous немесе guest),
және бұл кезде сізге, тек оқу үшін арналған файлдардың шектеулі жиынтығы беріле
алады.

РТР-ресурсының адрес форматы
Жалпы жағдайда РТР-ресурсының URL форматы мынадай түрге ие:
ftp://<user>:<password>@<host>:<port>/<url-path>,
мұнда:
- user – қолданушы аты (логин);
- password - пароль;
- host – домендік ат немесе сервердің IP-адресі;
- url-path – файлға жол.
Әдетте портты көрсетпейді, бірақ бұл жағдайда 21-стандарты қолданылады.
Жалпы рұқсаты бар серверге жолығу кезінде, қолданушының аты ретінде anonymous
қолданып, ал пролі ретінде - өзінің почталық адресін қолданамыз. URL-дағы анонимдік
FTP үшін қысқартылған синтаксис қабылданған: ftp: //<host>/<url-path>, яғни аты жоқ
болған кезде, автоматты түрде anonymous аты қолданылады.
FTP-клиенттері
FTP қызметі клиент-сервер архитектурасына негізделген. Клиенттік компьютерде
программалық-клиент жіберіледі, ол сервермен байланысады және жібереді немесе
файлдарды қабылдайды. FTP -серверге рұқсат алу FTP-клиенттерінің әртүрлі
класстарының көмегімен жүзеге асады, атап айтқанда: - консольдік клиент - бұл ftp.exe
программасы, ол Windows операциялық жүйесімен бірге беріледі,
- FTP-клиент, браузерге енгізілген (мысалы, Internet Explorer немесе Netscape
Navigator);
- FTP-клиент, файлдық менеджерге енгізілген (FAR немесе Windows Commander);
- FTP-клиент, HTML-редакторға енгізілген (HomeSite, Dreamweaver немесе
FrontPage);
- Негізделген программалар (мысалы, CuteFTP немесе WS FTP).
ftp.exe көмегімен рұқсат беру
Ftp.exe – бұл консольдік клиент, оның графикалық интерфейсі жоқ және өте
ыңғайлы. Біз мұны «бұл қалай жұмыс істейді» деген сұраққа жауап беру үшін мысалға
алдық.
ftp.exe жүктеуі интерактивті сеансты шақырады: программа сізге командалық жолды
қамтамасыз етеді және сауалдарды күтіп отырады. Диалог жүргізу үшін оншақты
командалар қолданылады, олардың кейбіреуі төменде көрсетілген:
- cd [жойылған_директория] - каталогты ауыстыру;
- mkdir [директории_аты] - каталогты жойылған машинада құру;
- get [жойылған_файл] [локальдік_файл] – жойылған файлдың көшірмесін сіздің
компьютерге беру. Егер локальдік файл аты берілмесе, ол жойылған файлдың атымен
сәйкес келеді;
- reget [жойылған_файл] [локальдік_файл] – жойылған файлды ары қарай енгізу, егер
оның жарты бөлігі локальді машинада болса. Бұл команда көбінесе біріктірудің мүмкін
болған бөлінулерінде үлкен файлдарды алу үшін пайдалы;
- put [локальдік_файл] [удаленный_файл] - переслать файл на удаленную систему.
Если имя удаленного файла не указано, то оно совпадает с именем на локальной системе;
- delete [жойылған_файл] - жойылған_файл атты файлды өшіру;


Page 21

- close – жойылған сервермен FTP-сеансын бөлу және командалық интерпретаторға
қайтару;
- bye —FTP-серверімен жұмысты аяқтау (интерпретатордан шығуды қамтамасыз
етеді).
Командалардың толық тізімін және қосымша мәліметтерді сәйкестендірілген RFC-
тен (RFC аббревиатурасы Request for Comments (түсіндіру ұсынысы) - Internet Engineering
Task Force (IETF) организациясымен басылатын документтер сериясы және көптеген
Интернетті және оның технологиясын қамтитын сұрақтарды қарастырады) алуға болады.
Ескерте кететін жайт, FTP-протоколы ұзақ уақытты интерактивті біріктіруді, диалог
жүргізуді және байланыс сеансын тоқтату командасы берілмегенше, біріктіруді
қамтамасыз етеді.
FTP-протоколы екі типті файлды түсінеді – текстік және екілік, мұнда барлық текстік
емес файлдар екілік түрінде қабылданады. Работа через FTP-біріктірілу арқылы жүретін
жұмыс текстік хабарламалардың ауысымы (қызметтік командалар) сияқты жүзеге асады,
және де екі компьютерлер арасында ауысымда болатын файлдармен де жүзеге асады.
Жұмыстың консольдік формасы қолданушылар үшін өте қолайлы емес, бірақ ол
компьютер қай команданы орындап жатқанын түсінуге қолайлы жағдай береді.
Әдебиет: 1нег[296-665], 2нег[3-11,226-229], 4нег[5-7], 3қос. [128-184].
Бақылау сұрақтары:
1. FTP – сервисінің Интернетте тағайындалуы қандай?
2. FTP – ресурсырның Интернеттегі формат адресі қандай?
3. Қандай FTP – клиенттері Интернетте қолданылады?
4. Консольді FTP – клиенттерімен жұмыс кезінде қандай командалар қолданылады?



Дәріс 10.
Интернеттегі мәліметтерді қорғау. Цифрлық қолтаңба.
Криптография және Интернет. Симметриялық және асимметриялық кілттер.
Цифрлық қолтаңбаның механизмі. Қауіпсіздік проблемалары.
Нақты мысал қарастырайық. Фирмасының директоры В фирмасының директорына
өте қажетті бір құжатты электрондық почта арқылы жіберді делік. Қарап отырсақ мұнда
қандай коммуникация қауіпсіздігі пайда болады. В фирмасының директоры бұл хатты
алғаннан соң келесідей сұрақтар пайда болады. Шыныменде осы хатты А фирмасының
директоры жіберді ма? (Жіберуші идентификациясы). Бұл сұрақтың туындау себебі, бұл
құжатты А фирмасының директоры ретінде басқа біреудің де жіберуі мүмкін. Бұл
құжатты жіберу кезінде жолдан ұстап өзгертулер енгізген жоқ а? (жіберу
аутентификациясы). Бұл құжатты қабылдаушыдан басқа адамдар оқыған жоқ па?
(құпияның сақталуы). Бәрімізге белгілі құпияны сақтау үшін мәліметтерді шифрлау
арқылы жетуге болады. (жіберу конфиденциялы). Берілген 3 мақсаттарды шифрлау
базасы арқылы шешуге болады, онымен криптография айналысады.
Криптография – (Грекшеден аударылғанда Cryptos – құпия деген мағынаны береді) –
бұл ғылым және шифрлау технологиясы мәліметтерді өзгертуге және авторлық құқықты
сақтайды. Криптография тек қана тексттерді шифрланған формаға аударып қана
қоймайды, сонымен қатар, жүйеде жұмыс жасап отырған кезде қолданушының
аутентификациясын және идентификациясының берілуін қадағалап отырады.
Криптография ең басты қауіпсіз комуникация болып табылады. Біз жүйеде жұмыс
жасаған кезде тек қана адамдармен сөйлесіп қана қоймаймыз, сонымен қатар басақада
қызметтер барысында араласатынымыз бізге мәлім. Мысалға, біз қандай да бір серверден
программа көшіретін болсақ, біз үшін осы сервер шығарушы – фирманың сервері ма, әлде
біздің компьютерімізге вирус болып түсетін пираттық фирманың сервері емес па деген
ойлар келеді. Жіберу кезінде құжатты жеке және публикалық кілттер арқылы шифрлауға


Page 22

болады., ал оның шифрын екі пардағы кілттер арқылы ашуға болады. Құжатты шифрлап
жеке кілт арқылы жіберсе, оның шифрын публикалық кілт арқылы ашуға болады, және де
керісінше. Жеке кілт тек қана иесіне белгілі оны басқа біреуге беруге болмайды, осы
уақытта публикалық кілт барлық корреспонденттерге ашық жария етіледі.
Қос кілттер – жеке және публикалық – оларды аутентификация және құпияны
сақтау үішн қолдануға болады.
Екі адамның мәлімет алмасуы үшін екі қос кілттер болуы қажет.
Шифрлау кезінде қос кілттің арқасында сіз публикалық кілтті корреспонденттерге
жіберіп отыру қажет емес. Бұл кілтті жүйеге ашық жазып қою сізге ыңғалы болады. Сол
кезде барлық адамдар осы кілтті өздеріне жазып алып, сіздерге құпиялы мәліттерді жібере
алады.
Симметриялық және асимметриялық кілттер арқылы шифрлау.
Әрбір уақытта ассиметриялық шифрлау симметриялық шифрлаудан эффективалық
жағынан жеңіліп қалады,сондықтанда көптеген адамдар шифрлау жүйесінде
ассиметиялық және дәстүрлі симметриялық шифрлау жүйесін қолданады. Ашық кілтпен
шифрлау симметриялық кілт қолданылады, бұл жіберілген мәліметті ширлау үшін
қолданылады.
Цифрлық қолтаңба
Цифрлық қолтаңбаның механизмін түсндіру үшін, бір жақты хэш функияны енгізу
қажет. Біржақты хэш функция бұл функция, шығарылған мәліметтің ұзындығын белгілі
ұзындыққа айналдрады, оны жіберу дайджесті деп атайды. 16 байттық хэш функцяны
шығару кезінде сіз 16 байттық мәлімдеме аламыз.
Хештау – бұл біржақты, т.б, шифрлауға қарағанда қайтарымсыз. Дайджест боынша
шығарылған мәлімдемені қайтаруға болмайды, бірақ оған идентификация жасауға болады.
Нақты бір мысал қарастырайық.Мысалы А хэш функция арқылы дайджестті қандайда бір
код ретінде ады делік (код 1). Одан соң ол А өзінің жеке кілтін пайдаланып, сол
документтің аналогының қолтаңбасы болатын дайджестті шифрлайды. Содан соң А ашық
текстті және цифрлық қолтаңбалы В жібереді. В абоненті оны публикалық кілт арқылы
шифрлап ашады да, бұл хаттың А келеніне сенімді болады. Осылай аутентиикация
орындалады. Содан соң бұл хаттың жолда өзгертілмегені жөнінде тексеру қажет. Соңында
В шифрлау арқылы дайджестті алады – код 1. Содан кейін А сияқты В –да хэш –
функцияны пайдаланып, дайджестті қандайда бір код ретінде алады – код 2. Егер код1
және код 2 бір біріне сай келсе, сонда ғана В бұл тексттің жолда өзгертілмегеніне көзін
жетізеді.
Осындай жағдайда, цифрлық қолтаңба және электрондық қолтаңба – бұл әдіс
жіберушінің аутентификациясы немесе авторлық қолтаңба, бұл мәліметтің мазмұнының
өзгертілмеуіне себеп. Цифрлық қолтаңба шифрлау арқылы қойылуыда мүмкін, сонымен
қатар ашық жіберуде орындалуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
Интернетте мәліметті жіберу кезінде қандай мәліметті қорғау механизмі
қолданылады.
2. Жіберуші идентификациясы, жіберу аутентификациясы, құпияны сақтау мәндері
қандай?
3.Симметриялық және ассиметриялық шифрлаудың мәні қандай?
4.Цифрлық қолтаңба механизмінің алгоритмі қандай?


Дәріс 11.
Интернетте пайдаланушыларды идентификациялау.
Cookies механизмі. Cookies-ті қолдану. Cookies негізіндегі технологиялардың
кемшіліктері мен артықшылықтары.
Cookies қалай жұмыс істейді.


Page 23

Cookies – кішкене мәтіндік жазбалар, олар пайдаланушының компьютерінде
сервердің сұранысы бойынша браузермен сақталынады. Бұл мәтіндік ақпарат
пайдаланушы компьютерінде жойылғанша сақталынады. Пайдаланушының Web-серверге
қатынасу тарихы сақталған cookies–ті көптеген серверлер жібереді. Бұл жағдай сайттарға
қатынасушыларды нақты бақылай отырып, сайттарды пайдаланушыларға және олардың
иелеріне қосымша сервистер ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы: сайт иелері өздерінің
сайтын неше адам қарағанын, сайтқа бірінші кім кіргенін, кім қайталап кіргенін білу өте
маңызды. Бұл мәселе cookies технологиясының көмегімен оңай шешіледі. Web-сайттың
программалық жасауы әрбір келушінің ерекше ID нөмірін ажыратып, пайдаланушыға
жібере алады және ол пайдалану компьютерінде сақталынады. Қайталап келу кезінде бұл
мәліметтер оқылып, Web-сайт өзінің келушісін таниды. Ары қарай берілген бетке келу
барысында сіздің cookies-дегі ақпараттар өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар сервер әртүрлі
cookies-терді Web-сайттың әртүрлі бөліктерімен ассоциациялауы мүмкін екенін атап
өткен жөн. Cookies серверлерге келесіде келу кезінде пайдаланушыға жеке қызмет көрсете
алатындай түрде түйін жұмысын келтіреді. Мысалы: оған бір жарнаманы қайталап
көрсетпеуге, беттерді оның алдындағы келтірулерді ескеру арқылы қарауға мүмкіндік
беру. Сервер пайдаланушының оған дейінгі қатысуларын және ол енгізген келтірулерді
есте сақтамайды. Cookies технологиясын пайдалану пайдаланушыны есте сақтауға
мүмкіндік береді, cookies файлдарынан оның атын, дербес келтірулерін және т.б. оқу
арқылы Cookies-тің уақыттық және тұрақты файлдарын ажыратады. Cookies уақыттық
файлдары пайдаланушы компьютерінде тек ағымдағы браузер сеансы барысында
сақталып тұрады, ал тұрақтылары пайдаланушы компьютерде сақталынады және қайталап
келу барысында Web–түйінмен оқылады. Cookies технологиясының көмегімен сайт иесі
пайдаланушының сайт ішіндегі орын ауыстыруларын бақылап, оның қалауы туралы
мәліметтер алуға және оны жарнамалық мақсаттарға қолдана алады. Cookies
пайдаланушы жайында түйінге келу кезінде таңдаған анықталған жеке келтірулерді және
пайдаланушы өзі сәйкес тіркеу нысандарына енгізген жеке идентификациялық
мәліметтері секілді мәліметтер сақталады. Серверден алынған cookies–терде тек қана
пайдаланушы өзі серверге жіберген дербес мәліметтері ғана сақталынады. Cookies-ті
сақтау браузер пайдаланушы компьютердегі анықталған мәліметтер базасына енгізуі тиіс.
Егер сіз Miсrosoft Internet Explorer–ді пайдалансаңыз, онда сіздің компьютерде бұл
мәліметтер базасы аттары пайдаланушы және сервер аттарынан тұратын папка немесе
файл түрінде берілген. Мысалы: sanat@spylog[2].txt.
Мысалы:sanat@spylog[2].txt файлы келесі түрге ие:
VISIDSVWDOBAOFOTIYBYDIPspylog.com/1024136250380829567102216316196829
530892*
Бұл мәтіндік жолда келуші кірген сайт аты spylog.com және қызметтік ақпарат бар.
Әдетте браузерде cookies-тің максималды мөлшеріне (4 Кбайттан көп емес), cookies-тің
жалпы санына (500 артық емес) және бір сервер үшін сақталған cookies-тердің
максималды санына (20-ға жуық) шектеулер бар.
Cookies-тердің шамасы аз және мәліметтердің үлкен көлемін сыйғыза алмайды.
Әдетте осы немесе басқа келуші кірген сайттар, оған көрсетілген жарнамалар, ол
тапсырыс берген тауарлар тізімі және т.б. туралы ақпараттар Web-серверде сақталынады,
ал cookies осы ақпараттарды іздеу үшін пайдаланылады. Cookies технологиясы жекелеген
дербес беттерді жасауға мүмкіндік береді. Мысалы: егер сіз өз cookies-ті қандай да ауа-
райын көрсететін сайтқа тіркелу кезінде берсеңіз, онда ол арнайы сіздің аймағыңыз үшін
ауа-райын хабарлап тұрады. Электронды коммерция сайттары cookies-ті сатып алушылар
кәрзеңкесін жасау үшін қолданылады. Сіздің кәрзеңкеңізге қосып жатқан барлық өнімдер
туралы ақпараттар Web-сервердің мәліметтер базасында сіздің ID–іңізбен бірге сақталады.
Егер сіз шотыңызды алғыңыз келсе, серверге сіз тапсырыс берген барлық тауарлар мәлім,
сондықтан оған мәліметтер базасынан олардың құны туралы мәліметтер алу және сізге
шотты беру қиын емес. Басқа компьютерден Web-сайттарға кіру барысында олар


Page 24

компьютерге қажет емес cookies-терді енгізуі мүмкін (компьютер иесінің емес, яғни
қонақтың келтірулерімен ассоциацияланады).
Осындай жағдайда cookies-ті орналастыруға тыйым салып немесе жұмыстың
аяқталуымен оны жоюға болады.
Cookies-ті жою сіздің компьютеріңіздің жұмыс қабілеттілігі жағынан тиімді, бірақ
есте сақтаған жөн, егер сіз жиі кіретін сайтқа тиісті cookies-ті жойсаңыз, онда бұл cookies-
термен бірге сіздің келтірулеріңіз жойылуы мүмкін.
Cookies-те қандай проблемалар пайда болады?
Егер қандай да бір сайтқа бір ДК-ді пайдалана отырып бірнеше адам қатысса, онда
келуші Web-сервер әртүрлі келушілерді бір адам ретінде қабылдайды және олардың
дербес келтірулерін шатастырады.
Егер сіз интернетке кіру үшін әртүрлі компьютерді пайдалансаңыз (біреуі үйде,
екіншісі офисте) онда әрбір жағдайда барлық 3 компьютерде әртүрлі cookies-файлдар
болады. Сонымен қатар cookies-тер өшіріледі (мысалы:жүйені қайта орнату барысында).
Сол себептен егер сіз cookies-ті жойсаңыз және алдында кірген сайтыңызға қатыссаңыз,
ол сізді жаңа пайдаланушы ретінде қабылдайды.
Бұл қиыншылықтардың барлығын сайтта тіркелу арқылы айналып өтуге болады. Бұл
жағдайда сервер сіздің қай компьютерден кіріп отырғаныңызға тәуелсіз сіздің
логиніңізбен, парольмен бірге cookies сақталады және сізге дұрыс ақпарат ұсынылады.
Cookies мәтіндік түрде сақталғандықтан, пайдаланушы оны жоя алады немесе өзгерістер
енгізе алады, Web-қолданбаны құрастырушылар әдетте cookies-те тек маңызды
мәліметтерді сақтамайды және Web-сервердің жұмысын ол пайдаланушы дискіне
орналастыруға тыйым салған жағдайда да жұмыс жасайтындай етіп ұйымдастырады.
Дискіде cookies-тің болуы пайдаланушы қандай сайттарға кіргенін талдауға, кейбір
жағдайда пайдаланушы нақты сайтқа хабарлаған мәліметтерді де талдауға мүмкіндік
береді.
Бақылау сұрақтары :
1. Интернетте сookies терминінің мәні қандай?
2. Сooкies-ті пайдалану арқылы қандай мәселелер шешіледі?
3. Сookies технологиясын пайдаланудың қандай ерекшеліктері бар?
4. Сookies-те жұмыс жасау механизмі қандай?


Дәріс 12.
Интернет қосымшаларын құру технологиялары.
Dynamic HTML. Macromedia Flash. Dynamic HTML.
4.0. Internet Explorer және Netscape Navigator пайда болғанша сценарийлер беттердің
сыртқы беттерімен мазмұнын write.document әдісі арқылы, беттердің жүктеу кезінде
өзгерте алатын.
Кез-келген сценарийлер, жаңа беттің жүктелуіне сұраныс жасау, ескерту терезесін
шығару немесе формалар жолының мәнін өзгерту сияқты командаларын, бет жүктеліп
болған кезде ғана браузерге жібере алады, ал HTML кодын сценарийлер өзгерте алмайды.
Егер қолданушының іс-әрекетіне жауап ретінде өзгерте алмайды. Егер қолданушының іс-
әрекетіне жауап ретінде өзгерте алмасақ онда қалай Web беттерін интерактивті етіп жасай
аламыз? 4.0 версияның Internet Explorer-де және Netscape-те өңделген динамикалық
HTML бұл шектеулерді жояды. Динамикалық HTML сценарийін қолдану арқылы HTML
блоктарын қоюға болады, шыққан беттердің объектілерінің қасиетін өзгертуге немесе
өшіруге болады. Браузер автоматты түрде жаңа қасиеттер мен жаңа HTML кодын көрсете
алады. Динамикалық HTML екі принцип негізінде құрылады.
- Құжаттың объектілі моделі (DOM) – ол браузерде объектілердің аттарын және
ұйымдастыру тәсілін сипаттайды және де қандай объектілер мен қасиеттерді өзгертуге
болады, олар мәндерді қолдана алатынын анықтайды.


Page 25

- Оқиғалы модель – сценарийдің орындалу кезінде қандай іс-әрекет жіберетіні яғни
сценарийлер арқылы басқарып жіберу тәсілін анықтайды.
Macromedia Flash.
World Wide Web (Дүниежүзілік торы) бүгінгі күні қарқынды дамуда. Әдеттегі
статикалық ақпаратты Web-сайтары (Web-sites) бұрынғыдай соңғы қолдаушылардың
қызығушылығын өзіне тарта алмайты н болды. Сондықтан график және GIF
форматындағы анимациялық файлдарды еңгізу арқылы Web дизайнерлері мен өңдеушілер
өз Web парақтарына керемет көрініс беруге тырысады.
GIF, JPEG және PNG дәстүрлі форматтарда сақталған графиктер сайттарға жақсы
көрініс пен эффектілер бергенімен жүктелу кезінде ондай беттердің өлшеміне байланысты
графикалық файлдар көп уақыт алады. Ондай жағдайда анимация құрудың тиімді құралы
ретінде, программалық өнім – Macromedia Flash болып табылады. Яғни ол Web өңдеу
кезіндегі алғ Web дизайнерлері мен өңдеушілер өз Web парақтарына қойылған
мақсаттарға жетуге көмек береді. Басқа графикалық қосымшалармен салыстырғанда Flash
Web және файлдан шығаратын қорытындыларды баспаға шығаруға арналған көптеген
артықшылықтары бар.
Мысалы: Өзіндік математикалық формулаларымен анықталатын, формалар өлшемін,
түсін және орналасуын сипаттайтын векторлық графиктерде қолданылады. Векторлық
графиктер түзулерден және қисықтардан тұрады. Демек ол расторлық, сондықтан графика
үлкен емес растор нүктелері мен пиксельдерден тұрады. Математикалық формулаларды
қолдаудың негізгі артықшылығы Web үшін ең қажеттісі файлдарды аз өлшемде сақтау.
Дауыстарды, графиктерді және анимацияларды қысып сақтау. Ондай файлды қысу,
ағымды жіберу кезінде, сайттың Web браузерінде толық жүктелгенше көрініс беруіне
қызмет етеді. Бұл дегеніміз сайттың бір векторлық графика көрініс беріп жатса, ол
уақытта басқа графикалар мен дауыс, анимациялар жүктелу үстінде болады.
Flash-та интерактивтілік түрлі құрамдардан тұруы мүмкін. Қарапайым графиктерді
анимацияларды немесе ірі тақырыптарды кез-келген сайт объектілерінде немесе
аймақтарда шексіз қолдану мүмкіндіктерінен басқа толық бағытталған құрамдарды
енгізуге болдады: батырмалар, меню немесе анимациялар фрагменттері. Ондай
әрекеттерді (Actions) енгізу арқылы интерактивті фильмдерді құруға болады. Flash-та
интерактивті элементтерді басқаруды құру үшін сценарийлерді құру тілі – Action Script
ұсынылады.
Flash–та өңделген көрініс пен мәтіндер, векторлық графиканың негізінде
әрқашанда анық және нақты көрінеді. Flash қолданушының суреттер салуына көмектеседі.
Flash кейбір кездерде негізгі геометриялық формаларды құру үрдісінде оларды тани
алады. Сонымен бірге қолданушының дұрыс сыза алмаған формаларын, қалауынша дұрыс
геометрикалық формаға келтіруіне мүмкіндік туғызады. Мысалға доғал немесе
дөңгелекті тезірек сызу керек болса, кез келген дөңгелек форма сызсаңыз, оны толқынды
және лайықты доғал немесе дөңгелек етеді. Flash сонымен қатар тік немесе толқынды
тұзулер құруға көмектеседі.
Flash құрамында сапалы Flash фильмдерді құруға арналған негізгі құралдары бар.
Бұл құрал ActionScript – оқиғалы-басқарылатын тіл және Flash-те орнатылған. Сіздің
беттеріңізді ActionScript интерактивті етеді. Сіз пернетақтаның немесе тышқанның әсерін
сезінесіз және кез келген бір анық кадрды ойнату кезінде осы кадрға қандай да бір іс-
әрекет жасай аласыз.
ActionScript-ті толық меңгеру үшін алдын-ала программалаудан (C++, JavaScript)
тәжірибеңіз болуы қажет. Дегенмен Flash тілінің қасиеттернің бірі Flash-те сапалы код
жазу үшін, Flash немесе ActionScript-ті жан-жақты меңгеруіңізді қажет етпейді. Сіз
өзіңіздің жұмысыңызға қажетті тілді ғана қолдануыңызға болады.
Әдебиет: 5 нег.[349-372], 10 нег[31-70]
Бақылау сұрақтары:
1. Dynamic HTML қандай негізгі принциптерден құралады?


Page 26

2. Интернет технологиясында Flash –ті қолданудың қандай ерекшеліктері бар?
3. Flash-те ActionScript тілінің тағайындалуы қандай?


Дәріс 13.
Интернетті құрудың технологиясына жасалған ұсыныстар.
Клиент машинасы үшін бағдарламалық нұсқаулықтар.
JavaScript. VBScript. Java.
JavaScript
Web, гипермәтін жүйесі, екі жақты қарастырылады. Біріншіден, гипермәтіннің өтуіне
байланысты бейнелену. Екіншіден, беттердегі бейнелену (мәтін, сызба, мобилді код және
т.б.) көптеген ақпаратты нысандарды құрайды. Ең соңғы жағдайда гипермәтіннің өтуі –
бұл суретті мәтін жөніндегі ақпаратты фрагмент.
Көптеген ақпаратты нысандар HTML – беттермен гипермәтін жүйесінің ролін
атқарады. Осы жол «беттер» дайын компоненттерден алынған бейнелеу жолы тиімді
болып табылады.
Web дилемма «клиент – сервер» сәулетпен байланысты беттердің бастысы. Беттердің
клиент әрі сервер жағынан бастысы болып табылады. Ең соңғысы сервер жағынан (Server
Site Includes). Netscape компаниясы 1995 жылы клиентті және беттерді басқару
механизмнде JavaScript бағдарламасын дайындады.
Сонымен, JavaScript – Web гипермәтін бетіндегі клиент жағының басқару сценариін
көрсетеді. Егер дәлме – дәл JavaScript – клиент жағының ғана бағдарламасы емес.
Liveware JavaScript өтпелі Netscape қойылымының құралы болып табылады. Алайда,
JavaScript ең кең таралғаны клиент жағындағы бағдарламаны қамтамасыз ету.
JavaScript мүмкіндігіне, мысалы келесі жатады:
– өзгерген мәліметтерді бейнелеу, уақыты немесе күні;
– күніне байланысты ауыспалы мазмұнды бағдарлама браузер қолданысындағы
немесе басқа жағдайлардағы;
– беттің түрін өзгерту, егер қолданушы тышқанды басса немесе бағыттағышты
элементтен өткізсе.
JavaScript үлкен деңгейлі тілде күшті мүмкіндігі бар. Ол машиналы код сияқты
қызмет атқармаса да браузерлерге шығуға мұмкіндік береді, Web – бет, кейбірде жүйеге
шығасыз. Java
тм
немесе С – ден айырмашылығы, JavaScript компиляциясыз бағдарлама, ал
бағдарламалық кодты орындау үшін виртуалды машинаны браузердің жүктемелеуіне әсер
етеді. JavaScript Java
тм
немесе С++ еске түсіруші сәулет нысанында жұмыс атқарады.
Тілдің осындай мүмкіндіктері конструкторлар сияқты сызбаны жасауға жаңа деңгейлі
абстракциялар, яғни бірнеше рет қолданылатын бағдарламалық кодты жасауға мүмкіндік
береді. Web жасаушылар JavaScript клиент жағынан бұрынғы серв ер жағынан
орындалатын функцияларды атқарады. Ең жақсысы – форманы тексеру. Бағдарламашылар
HTML –ді енгізгенде Web – сервер және CGI сценарийне ақпаратты жіберетін, ондағы
енгізілген мәліметтер тексерілетін.
Егер мәліметтер қате болмаса, онда CGI сценарийі жұмысын жалғастырады. Бірақ
қате табылғанда қолданушы хабарламаны қайталап алатын. Сонда артық жұмыстар
атқарылатын. Форманы жіберу үшін HTTP – дің серверінен арнаулы тапсырыс қажет.
Мәліметтерді жіберген соң қайтадан CGI сценарийн орындауға тура келеді. Осы процесс
қайталанып отырады, өйткені қолданушы қате жібереді. Қолданушы қателескенін
хабарлама қайтып келгенде біледі.
Сценада JavaScript көрінеді. Web – серверге қолданушы хабар жібермес бұрын
форма элементтерін тексеру қажет. HTTP санын азайтуға себепші болады, форманы қайта
толтырғанда қатенің азаюына себепші болады. Сондай – ақ JavaScript cookie – ді оқуға
және жазуға мүмкіндік береді – бұл операцияға Web – сервер құралдарымен тақырып жазу
үшін қолданалады.


Page 27

VB Script
JavaScript Microsoft шығысымен Visual Basic кең тараған тіл бағдарламасы ілгеріледі.
VBScript те JavaScript жасағанды жасайды, бірақ бағдарламалық коды Visual Basic – ке
ұқсайды.
Visual Basic Script – Visual Basic бағдарламасының тілімен ұқсас. Visual Basic Script
интернетке байланыстыларды шешеді, нысандарды (батырмалар, тізімдер, меню т.б.)
басқаруды Web – беттерінде атқарады. Visual Basic Script көмегімен тездетіп беттер ашып
немесе ойындар құрауға болады. HTML құжаты ішінде орналасады.
Visual Basic Script ерекшеліктері.
Visual Basic Script JavaScript – тан айырмашылығы мыналар:
– оператордан кейін нүкте, үтір қойылмайды;
– теңдік белгісі ауысқанда, сондай – ақ теңдестіру операциясын жасағанда
қолданылады;
– операторлар блоктары фигуралы жақшалармен ерекшеленеді, if … end if, do …
loop, while … wend сөздермен.
Сондай – ақ JavaScript ауыспалы түрде қолданылады, мәтін арқылы айыруға болады.
Visual Basic Script Visual Basic функциясын атқарады.
Негізгі кемшілігі Internet Explorer ғана оны қолдайды. Сол себепті Visual Basic Script
бағдарламасы үшін клиент жағынан шектелген.
Java
Java – ны құру – соңғы жылдары алға шыққан озық бағдарлама. HTML тілі
«Дүниежүзілік тор» WWW (World Wide Web) беттеріне орналасу үшін қажет, сапалы алға
ұмтылуға қажет, яғни интернетке шығуға.
Үш элемент бірігіп Java тілін құрайды және бүгінгі күні озық технологияның
қатарында келеді. Java өз апплеттерін кеңінен қолдану үшін платформадан ауытқылайтын
белсенді жүйесі Web – тің беттеріне қатарласып келеді. Java апплеттері HTML құжаттары
сияқты тұтынушылар арқылы жеңіл тарайды. Java жұмысты жеңілдетеді, жұмысты істеуге
ыңғайлы. Бұл бағдарлама жасаушыларға жаңа бағдарламалар мен жаңа апплеттер
шығаруға оңтайлы жағдайлар туғызады.
Java бағдарламашыға көптеген функцияларды атқаруға, терезелерді қолдануға,
жүйелі нысандар құруға, ендіруге – шығаруға көмектеседі. Бұл кластар қолданып жүрген
жүйеден интерфейстер жүйесінің спектрін кеңінен қолдануға әсер етеді.
Java тілі (ОБ) озық бағдарлама жасауға арналған, озық бағдарлама тұрмыстық
әртүрлі аспаптар үшін қажет. Бұл бағдарлама C++ - тен басталған, бірақ тіл
бағдарламасына өзгертулер енгізілді, платформалық тіл бағдарламасы тәуелсіз, әртүрлі
операциялық жүйелерде әртүрлі процессорларда қолданылады.
Java апплеті.
Апплет – бұл шағын бағдарлама, жүйеде дыбыстық файл немесе мультипликация
элементін атқарады. Мультифильмдерді сақтау үшін немесе ақпараттарды сақтауға
арналған нағыз бағдарлама.
Web – беттері Java тілін динамикалық бейнелеу мен Web клиенттерімен қарым –
қатынаста болу үшін қолданады, басқа технологиялармен салыстырылады.
Java – ны жасаушылар басынан бастап оның тілі гетерогенді құралдардың
мәселелерін шешуге арналғандығын білді
– Java – ны білуге асығу керек, бұл бағдарламаны жасағандар анық, әрі жеңіл жолды
пайдаланған.
– Java нысандарды қабылдап – жөнелтуге БО қазіргі әдістемелік жолын және клиент
– серверлік жолын оңай тәсілмен қолдануға бейімделген.
– Бір уақытта көп материалды лек – легімен орындауды қамтамасыз етеді (мысалы,
мультимедиалық жүйелерді)
– Көшірмелік, жазулық жүйелерін де көптен орындайды.


Page 28

Тілі – қауіпсіз, сенімді, белсенді, сәулет тәуелсіздігін сақтайды, өндірістік
қажеттілікті орындайды, оқып – үйренуге жеңіл. Нысанды – көздемелі бағдарламалық
негізгі танымды игерсеңіз, Java бағдарламасын да тез үйренесіз. Javaның көп
кітапханалық қоры бар. Егер интернетке ену үшін қауіпсіздік қажет болса, онда Java тілі
керексіздерді іріктейді, қорғаныс қызметін де атқарады, басқа тілге қауіпсіз варианттарды
таңдайды. Java мәліметтердің бәрін орындайды. Қателермен де жұмыс істейді. Есте
сақтайтын материалдары да ауқымды. Есте сақталмайтындарды алып тастап, сараптайды,
нысанды көздеу құралдарын пайдаланады.
Java бағдарламасының бастапқы кезеңінде қателіктер табылған және бірнеше
шешулі салаларда бізді шектейді. Сонда да, оның қателіктер көзі жоқ, басқа бағдарлама
тілімен байланысты (қатаң типтестігі, мысалы). Көбінесе қолданыстағы бағдарлама «бас
тартады», яғни мынандай жағдайда: есте сақтауды белгілегенде, шығарып тастау
мүмкіндігі болған жағдайда. Java осы екі мәселені босаған еске сақтау үшін қоқысты
жинауды қолдана отырып және шығу жағдайы үшін жан – жақты нысанды – бейнелеу
құралын алып тастайды.
Java интерактивті жүйені қанағаттандырады. Код жазады, бір уақытта бірнеше
жұмыстарды атқарғанда, атқарылған жұмыстарды жүйеге келтіреді. Интерактивті жүйенің
тиімді әдістерін қолданады. Javaны құрастырушылар қатаң талаптар қоя білген – барлық
салада, әр кезде қолдана алу тәсілі бағдарламаға ендірілген.
Java – ны құрағандар тілге және бірнеше қатаң талаптарды орындау уақыттарына,
сөз күйінде емес бағдарламаның кез келген орнына әмбе уақытына бір кезде жазды
(виртуалды Java – машина кездескенде – барлық платформалардың браузерлерінде, OS/2,
Netware).
Кәдімгі емес Java өз кодын орындайды, ұстанымды платформа бағдарламасы аралық
қатынасты байт – кодтың (bytecode) қызметін атқарады. Байт – код кез келген жүйеде
ығыстырады, Java атқаратынды орындайды. Ертелік жүйе көбінесе платформаға тәуелсіз
қызметтерді қамтамасыз етеді, өндіріс кемістігі едәуір (Basic, Perl) меңгереді. Java
орындайтын жұмыстарға байт – код ендірілген. Байт – код машина кодына (Just In Time
compilers) ауыстырылған. Жұмыс атқару қарқыны өте жоғарылайды (Symantec JIT
Netscape Navigator).
Java тілі командалық интерпретаторлардан күрделі, ал меңгеруге оңтайлы, басқа
бағдарламалық тілге қарағанда, мысалы C++.
Java ортасы – кеңірек бағдарлама тіліне қарағанда нағыз бейбіт ең қажетті
абстракцияларды құрайды, өз бағдарламаңыздағы қолданылатын жәйттерге түрткі
болады. Java негізгі кең таралған абстракциялар класын құрайды, оның тілін жасаған, шын
мәнінде платформаға тәуелсіз.
Әдебиет: 7 нег. [144 - 183], 10 нег. [31 - 70].
Бақылау сұрақтары:
1 Клиент машинасы үшін интернетті құрудың ерекшеліктері неде?
2 JavaScript технологияларының ерекшеліктері неде?
3 Visual Basic Script технологияларының ерекшеліктері неде?
4 Java технологияларының ерекшеліктері неде?



Дәріс 14.
Интернет қосымшаларын құру технологиясы.
Серверге программалық құралдары.
«Клиент-сервер» технологиясындағы программалау.
ISAPI, CGI спецификациясы
Серверді программалау тілдері.


Page 29

Сценарилар көмегімен серверде сақталған мәліметтер базасына және басқа да
ресурстарға файлға кіруге, рұқсат алуға болады, және де сервердің орталықтандырылған
ресурстарына, электрондық почта, факс қызметі сияқты.
Серверде орындалатын сценарилердің тағы бір артықшылығы болып, қарсылық
тудырмайтын және басқарылатын ортаның функциялануы сіздің кодыңыз көп нұсқалы
браузер емес, ал бір нұсқалы серверде орындалады.
Бірақ сервер жағындағы сценариларды қолдану кезінде 3 негізгі кедергі бар:
-Сервердегі скрипті енгізу web мастерден жүйелік администратордан арнайы рұқсат
алуды талап етеді;
-Серверде орындалатын сценарилармен өзара қарым қатынастар болу үшін
қолданушы тышқанмен ссылкіде немесе беттегі кнопканы шерту керек, содан кейін
сценариді орындағанын және жауап қайтаруын күтеді. Динамикалық HTML мен қарым –
қатынасты қоданумен тез орындалады;
-Сценариді тестілеу үшін серверге өз арнайы www сервері болуы керек, типі
өндірістік нұсқа түрінде болуы жөн;
Кең спектрлі тапсырманы шешу үшін қазіргі уақытта ең негізгі шарт болып сервер
жағындағы пограммалау болып табылады. Ол рұқсат етеді:
-Пішін көмегімен қолданушымен енгізілген сервердегі мәліметтерді алу және өңдеу;
-Платформаға, браузер клиентке тәуелсіз динамикалық web документтер құру;
-Мәліметтер базасының серверінің, яғни серверде орналасқан мәліметтерге
динамикалық доступпен қамтамасыз ету (Мұндай доступ тәсілінде серверде сақталған
мәліметтер өзгерген кезде HTML документі автоматты түрде өзгереді);
-Типтік тапсырмаларды орындауға арналған сервердің компоненттерді қолдану
(Мысалғы, мынадай жарнамалық баннерлердің циклдік ауысуы және т.б.)
-Қолданушының аутентификациясын жүзеге асыру;
-Клиенттің браузері жөнінде мәліметтер алу;
-Клиенттің жағынан кілттерді құрастыру және оқу;
«Клиент-сервер» технологиясы
Көптеген Word wide web қосымшалары web серверімен басқарылатын ішкі
программаларды қолдануңа негізделген. Берілген программаларды қолдану динамикалық
жаңару мәліметтерімен web қосымшасын құруға мүмкіндік береді. Мәліметтер базасында
сақталған немесе шешілетін тапсырмалардың бизнес ережелеріне бағынышты
генерилданатын. Web серверімен және шақырылатын программалар арасындағы байланыс
үшін CGI кеңінен қолданылады, windows программасы үшін сондай-ақ Unix ортасындағы
функционалданатын қосымшалардың нақтылығы бар. CGI, HTTP, Web сервер
типтерінің ақпараттық серверімен ішкі қолданбалы программасының интерфейстің
стандарты болып табылады. Әдетте, www серверінен гипертексті документтер статикалық
мәліметтерден тұрады.
CGI-дің көмегімен CGI программаларын құруға болады, олар шлюз деп аталып
қолданбалы жүйелер, мәліметтер базасын басқару жүйесі, электрондық кесте жұмыстық
графика тағы да басқалардың қарым – қатынасы экранға қолданушының динамикалық
ақпаратын шығара алады.
Шлюз программасы www серверінің нақты масштаб уақытында іске асырылады.
www сервер қолданушының шлюз тапсырмасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде
қолданбалы жүйелік ортаны қолдана отырып, қолданушының экранына өңделген сұраныс
нәтижесін қайтарады. Программа-шлюз C/C++, Fortran, Perl, TCL, Unix Schell, Visual
Basic, Apple Script. тілдерінде кодталған болуы мүмкін. Ол әдетте, директорияда cgi-bin
www сервер атымен орындалатын модуль сияқты болып жазылады. Бүкіл интернет және
www-дің кейбір бөліктері «клиент-сервер» технологиясы бойынша жұмыс істейді, яғни
барлық программалық қамтамасыздандыру клиенттік және серверлік бөліктерге бөлінеді.
Сондай – ақ олардың арасында функцияналдық міндеттер ажыратылған.


Page 30

Клиент жұмыстың принципінсервердің ішкі алгоритмдік іске асырылуын білмейді,
білуі тиіс де емес, ал сервер клиенттің жұмыстарына араласпайды. Бұл бөліктердің ара
қатынасы үшін арнайы протокол шығарылған (бұл жағдайда HTTP протоколы), және де
сервермен клиент арасындағы қарым – қатынасты осы протокол ішінде іске асырылады.
Браузерге бәрібір серверде қандай программалық қамтамасыздандыру тұрғаны, онда
қандай операциялық жүйенің болуы, серверде сұраныс документтері қай жерде жатқаны
(жалпы жатыр ма, олар арнайы программалармен лезде генералдануы мүмкін). Сервер
сіздің браузеріңіздің жұмысына араласпайды, клиент берілген ақпаратпен не істейді,
қалай көрсетеді, дискі де сақтайды ма, әлде сақтамайды ма серверге бәрібір. Әдетте,
серверге сұраныстан деп түсіндіріледі (бұл сервердегі мәліметтердің унифицилданған
тапсырыстың пішіні).
Сервермен байланысты орнату кезінде алдымен www IP адресіндегі
www.siemens.com секілді символдық аттардың трансляциясы болады, ал кейін TCP/IP -
IP мәліметтерімен қосылуы іске асырылады. Серверге HTTP мәліметтеріне сұранысы
жіберілген кезде клиент жауап келгенін күтеді. Клиенттен сұраныс болғанша HTTP
сервері сұранысты күтіп, «ұйықтап жатады». Клиент байланыс орнатқан кезде сервер
«оянады» және бірілген сұранысты қабылдап, оларды өңдеуге кіріседі. Сервердің
сұранысымен не істейтіні-сервердің өзіне ғана белгілі. Барлық монупуляциялардың
жалғыз нәтижесі-ол клиенттің күтіп отырған жауабы болып табылады. Сервер жауап
қайтарғаннан кейін ол байланысты үзіп қайтадан «ұйқыға түседі» және қателік шыққан
кезде HTTP транзакциясы әр аптада аяқталуы мүмкін. Егер документтер табылмаған
жағдайда немесе сізде оларға құқығыңыз болмаса (ресурсқа кіру шектеуші болуы мүмкін)
немесе қателік коды беріледі. Ал егер барлығы дұрыс болса, документте сақталған
ақпарат, типі жөніндегі мәліметтерді қоса отырып, жауап ретінде қайтарылып отырылады.
ISAPI
CGI секілді ISAPI спецификациясы web сервермен және қосымша программалармен
арасындағы қарым қатынас ережелерін анықтайды. Серверде орындалатын программаны
құру үшін альтернативтік тілтабысу неге керек екенін түсіну үшін, CGI стандартының
артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтейік. CGI-дің сөзсіз артықшылығы болып
оның универсалдылығы болып табылады. CGI әр тілде жазылуы және компьютерде әр
түрлі архитектурада орындалуы мүмкін.
Егер сценариді жазған кезде барлық ережелерді ескерген болсаңыз, ол кезде сіздің
құрған программаңыз кез-келген web серверімен дұрыс қарым қатынаста болатынына
сенімді болуыңызға болады. CGF-дің қарапайымдылығы бұл стандарттың кең таралуына
мүмкіндік береді. Бірақ бұл жетістіктермен қатар CGI сценариясында кейбір кемшіліктер
де кездеседі.Олардың ең бастысы болып ресурстардың тиімсіз қолданылуы болып
табылады. Сценариді шақыруды ұсынатын клиенттің әр сұранысы компьютер-серверде
бөлек процесс туындатады. Процестің құрамындағы жұмысты орындауға қарағанда
тәуелсіз процесті орындау көбірек ресурсты талап етеді.
Ресурстың өндірістігін жоғарлату және шығынды азайтуға ұмтылу корпоративтік
шығуына әкеліп соқты. Ең атақтысы NSAPI және ISАPI болып табылады. N SAPI
программасының CGI сценарисынан басты айырмашылығы болып, ISАPI
программасының орындалмайтынын файлды емес динамикалық кітапхана (DDL) болып
табылады. Осының арқасында программаны жеке процесс ретінде емес, ал web сервердің
бір тұтас ағыны ретінде программаны іске қосу мүмкіндігі туды. Тәуелсіз поцесс
жұмысын орындауға өарағанда тұтас ағын жұмысын орындауға аз ресурс жұмсалады.
Тұтас ағын оның процесін туындатқан мекенжайлық кеңістікті қолданады және жеке
процеске қарағанда тезірек жұмыс істейді. Процестің аяқталу кезінде жадыдан шығады, ал
келесі сұраныс түскен кезде дискіге қайта жүктеледі. Бұл CGI-дің тиімді жұмыс істеуіне
кері әсерін тигізеді. Сұраныстың қарқынды түсуі кезінде дискіні әрдайым ауыстыру
қажеттілігі серверде қосымша жүк пайда болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!