Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
WI-FI желісінің пайдасы мен зияны
«С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қопа ауылы Аягөз ауданы Абай облысы
WI-FI желісінің пайдасы мен зияны
Кіріспе
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең.
Жаппай ақпараттану кезеңінде ғаламтормен сымсыз байланысқа мүмкіндік беретін Wi – Fi желісінің адам өміріндегі пайдалы жақтары мен қауіпті жақтарын қарастыратын боламыз.
Зерттеу тақырыбының
өзектілігі: Жаппай ақпараттандыру ғасырында оқу орындарын
ғаламторда сымсыз байланыспен қамтудың қажеттілігі қаншалықты және
оның пайдасы мен зияны жайлы болмақ.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс
істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,
электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, ғаламторда
жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық
телефония, ғаламтор желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері,
тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік
және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын
емес. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану
айтарлықтай нәтижелер
беруде.
Негізі бөлім
2. 1. Wi - Fi деген не? Wi – Fi-дың адамзатқа пайдасы
ХХІ ғасыр-информацияың дамыған заманы. Компьютерлік технология өмірімізге кең таралып, қанат жайған заман. Осындай қоғамда техникалық құрылымдардың жетілуі, компьютерлік, ақпараттық жүйенің енгізілуі жаңа білім беру бағдарламасын қалыптастырды. Қарапайым тілмен айтқанда қажетті ақпаратымызды еш қиындықсыз табуға мүмкіндік беретін нотбуктердің арасында және интернет желісіне сымсыз қосылу бәріміздің басымыздағы жағдай.Ал осы сымсыз байланыс Wi-Fi желісін оқу процесінде пайдалану тиімді ме? Оның пайдасы не? Адамзатқа зиянды әсері қандай? Wi-Fi дегеніміздің өзі не? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ –ол жай сымсыз байланыс. Бір жағынан жүйеге қосылу жылдамдығы 256-512 кБит/с-тан жоғары болуы оқушылар мен мұғалімдерге тиімді. Wi-Fi желісі оқу орындарында активті оқытуға мүмкіндік береді.
Визуалдық ақпараттар,
ақпараттық технологиялар, компьютерлік,
техникалық жабдықтардың дамуы,
біріншіден, жаңа қадамдар, теориялық және педагогикалық тәжірибе
жетістіктерінде заманауи білім берудегі болып жатқан өзгерістер.
Ал, екіншіден оқу ақпараттарында, жұмыс істеудің жаңа мәдениетті
қалыптастырудың қажеттілігінің артқандығына келісуге мүмкіндік
береді. Мұндай мүмкіндіктердің түрлері көп, солардың ішіндегі ең
танымалы - Wi - Fi технологиясы. 1991 жылы Wi - Fi - ды Вик Хейз Нидерландыда ойлап тапты.
Бұл сауда - саттық салаларын қамту үшін әзірледі. Wi - Fi өзінің
жылдам таралуының арқасында әуежайларға, кеңселерге, мемлекеттік
орындарға, кафе - барларға және қонақ үйлерге тез енді. Бұл құрылғы
төмен жиіліктегі 2, 4 Гц - ке толқынды шығарады.
Wi - Fi ағылшынның Wireless Fidelity - сымсыз дәлдiк сандық
деректерді беру форматы болып табылады. Өзге тілде айтқанда - бұл
қарапайым және сымдар, розеткалар, қалалық телефондар және осыған
ұқсас ескірген құрылғыларды қолданбай, ноутбукпен (Wi - Fi
байланысымен жабдықталған басқа құрылғылар) бүкіләлемдік ғаламтор
желісіне қол жетімді әдіспен байланыс орнату болып
табылады. Алдымен, желі дегеніміз
– арнайы коммуникациялық құрылғы мен программалық қамтама арқылы
бір-бірімен ақпараттық әрекеттесу мүмкіндігі бар түйіндердің
(копьютерлердің, терминалдардың, баспа құрылғылары) жиынтығы.
Желінің өлшемі өте кең, ол көршілес стөлдерде орналасқан екі
компьютерден, дүниежүзінің шеткері жерлерінде орналасқан
миллиондаған компьтерлерді байланыстырады. Өлшеміне байланысты желі
бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі – жергілікті желі немесе LAN
(Local Area Network).
Жергілікті желі деп бір-бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және деректер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абонеттік жүйелер (есептеу машиналары, принтерлер, т.б.) жиынтығын айтады. Барлық тұрмыстық техникалар электромагниттік өріс түзеді. Ол барлық жерде: үйде, көшеде, транспортта көзге көрінбейді. Біз соңғы 20 жылдағы техникалық даму үрдісінің нәтижесінде біз түгелдей электромагниттік өрісте өмір сүреміз. Мамандардың пікірінше сымсыз байланыс жүйесі қоршаған ортаға, адам денсаулығына соның ішінде жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оқу орындарында интернетке қосылу үшін сымсыз интернеттің қажеттілігі жоқ деп есептейді. Ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер қолданылады. Бірақ бұл онша қолайлы емес. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса, онда бұл әдісті пайдалану тіпті мүмкін емес. Ең қолайлысы – бірге жұмыс істейтіндей етіп, бірнеше компьютерді сымсыз байланыс технологиясы көмегі арқылы жалғастыру. Қазіргі замаға сай желілік технология даму үстінде, мобилді талаптарға сай қарапайым баптауда және қолдануы ыңғайлы технология Wi-Fi сымсыз байланыс желісі болып отыр.
Wi-Fi (ағылшын тілінде wireless fidelity – сымсыз дәлдік ) – 1997 жылы құрылған стандарттың базасында сымсыз желiлерi үшiн Wi-Fi Allianceнiң саудалық маркасы IEEE 802.11.Ереже бойынша, Wi-Fi технологиясы сымсыз компьютерлік желі арқылы,оған қоса жылдамдығы жоғары ғаламтор байланысын ұйымдастырады.
Жергілікті желілерді кеңейткенде, цехтар, лабораториялар қаланың шетінде орналасқандықтан, оларға сымды желіні тарту өту қиын және қымбат болады. Егер пайдаланушы желі қызметін орын ауыстырып пайдаланса, яғни бөлмеден бөлмеге немесе бір ғимараттан екінші ғимаратқа онда жергілікті сымсыз жүйесін еш нәрсе алмастыра алмайды.
Сымсыз байланыс желісінің үш түрі (сурет. 1.1):
WWAN (Wireless Wide Area Network),
WLAN (Wireless Local Area Network) ,
WPAN (Wireless Personal Area Network) .
1-сурет
Персоналды, жергілікті және ауқымды сымсыз байланыс желісінің радиустары.
2-сурет
Сымсыз байланыс желісі
2.2 . Wi - Fi – дың адамдарға зиянды әсері
Интернетке сымсыз қосылу — заманауи өмірдің ажырамас бөлігі. Үйде, жұмыста, сауда орталықтары мен білім ордаларында — барлық жерде Wi-Fi бар. Кейбір ғалымдар Wi-Fi — ды айтпай келетін дерт дейді. Бізді күнделікті қоршап тұрған Wi-Fi -дан тарайтын сәулелену жайлы қысқаша мәлімет алып көрейік.
Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.
Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Үйде – теледидар, ноутбук, кейде гаджеттерден кітап оқудан да тайсалмаймыз. Шаршаңқы көздер, сөнген жанар мен көз айналасындағы қара түнек қазіргі уақытта 80 жасар қарттарда ғана болмайды. Бар-жоғы 20 жыл бұрын біз таңғажайып электрондарсыз өмір сүрдік. Ал қазіргі уақытта оларсыз өмірді елестету тіптен қиын. Және де компьютерлер мен айфондардың ғасырында көз көру қабілетім мықты деп көп адам мақтана алмас. Тіпті кішкентай балалардың өздерінде көз көру қабілеті нашарлап кеткен. Әлбетте бұл проблемада электронды ғажайыптардың әкелген зардабы мол, сонымен қатар аурудың алдын алуға ешқандай жұмыс жасалмауында.
Демек, ғалымдар Wi - Fi - дың жұмыс істеу аймағына жақын тұрған адамдар үшін, оның зияндылығы қаншалықты қауіпті екендігіне сұрақтар туындатты. Адамдарға 0, 5 - 2, 4 Гц жиіліктегі радио толқындар керісінше әсер ететіндігін анықтаған американдық ғалымдардан жауап алынды. Олар: Wi - Fi ең алдымен, жүйке жүйесіне күшті шабуыл жасайды. Ол өсіп келе жатқан ағза үшін өте зиянды. Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның оқу орындары және мектептеріндегі білім алушылардың жас ағзасына зияны көп болғандықтан Wi - Fi - ды қоюға тыйым салды.
Сол сияқты жас ғалымдар құтыдағы топыраққа өсімдік ұрығын көміп, оны Wi - Fi қосылған бөлмеге және тура осындай екінші құтыны Wi - Fi жоқ бөлмеге қойған. Оларды бақылау 12 күнге созылды. Осы уақыттан кейін интернет желісі жоқ бөлмедегі ұрық топырақты жарып өсіп шыққан. Ал, интернеті бар бөлмедегі құтыдан ешнәрсе өспеген. Алғашқыда ересек ғалымдардың көпшілігі бұл зерттеуге немқұрайлы қарады. Біреулері тіпті, екі бөлмедегі жағдай екі түрлі болатын деп, оқушылардың жетістігін жоққа шығарған. Дегенмен, жасөспірім ғалымдар өз істерінің әділ өткендігін мәлімдеп отыр.
Бүгінгі таңда әлемнің атақты ғалымдарының өзі жас ғалымдардың ашқан жаңалығына назар аударып, экспериментті тағы да қайталап көретіндігін айтты.
Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Нидерланды елінде де осыған ұқсас зерттеу жүргізілген болатын. Ол кезде Wi - Fi желісі бар жердегі ағаштарға эксперимент жасалды. Нәтижесінде, осынау тал жапырақтары әдеттегіден түсін өзгертіп, діңгегі ауруға шалдыққан.
Кез келген экрандағы сурет – бұл миллион сәулелер арқылы бейнеленеді. Көзіңізге күш түспейді деп ойласаңыз да, қателесесіз. Өйткені көз сурет немесе жазуды көру үшін барлық жарқыраған сәулелерді сүзгіден өткізіп, бірнеше рет әрбір сәулені қабылдауы керек. Бұл ұзақ ақ қар немесе судың жылтылдағанына қарап отырумен тең. Кішкентай ұялы телефоннан кітап оқитындар да бар. Оқу үшін айфонның экраны да кіші болады. Сонымен қатар экран тоқтаусыз дірілдеп тұрады – бұл да көзге салмақ болып түседі.
Ұялы телефондардан бөлінетін сәулеленудің зияны жайлы көптеген мәселе қозғалғанымен, оның денеге әсері әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Өйткені біз мұндай гаджеттер мен сымсыз желілерді қолданып жатқанымызға аз уақыт болды. Бұл технологиялар адам ағзасына қаншалықты зор әсер ететінін түсіну үшін көбірек уақыт керек. Электромагниттік толқындар мен олардың адам миына әсері жайлы ғылыми зерттеулер бар. Шынында, өсімдіктердің өсуін тежейтін және адам миының қабілетін төмендететін жасушалық деңгейде өзгерістер жүреді.
3-сурет.
Көзге көрінбейтін зиянды
толқындар.
Wi-Fi құрылғылармен жұмыс істейтін адамдар Wi-Fi толқындарының ағзаға тигізетін теріс әсерін төмендету үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нақты нұсқаулықтарды ұстанады.
және тәжірибелік мағынасы жағынан бұл оқу орнындағы Wi - Fi - ды пайдаланудың нақты деректерін көрсетеді. Бұл жобаны дайындау кезінде ғаламтор - ресурстары пайдаланылды. иә 92%, жоқ 8%
Онлайн ойындарға уақыт жұмсауға - 16%, өздерінің пайдаланылатын мақсаттарына байланысты ақпаратты жүктеу - 60%, әлеуметтік желілерді қолдану үшін - 16%, басқа мақсаттарда 8 %.
(Қосымша № 2)
Сауалнама жүргізу барысында үй жағдайында ғаламторға сымдық қосылу - 20% Ұялы операторлар мен модемдерді пайдалану - 15% ал Wi - Fi тек - 65% пайдаланатындығы анықталған. (Қосымша № 3)
Тұспалдау сұрақтарына жауап беру барысында ғаламторға қосылудан - 20% білім алушы өздеріне желілік ғаламтор ұнайтындығын, 65% - ы Wi - Fi көмегімен, 15% ұялы байланыс операторлары (3 - G, 4 - G модемдерін таңдады ) қосылуы анықталды. (Қосымша саны № 4)
Қуантатын жәйт барлық оқушылар Wi - Fi ды мүлдем қауіпсіз деп есептемейді екен, негізінен олар өздерінің денсаулығына зиянды екенін біліп отыр. жоқ 82%, иә 18% (Қосымша № 5)
Қорытынды
Компьютерлiк технлогияларды пайдалану адамның бiлiм алуына принциптi жаңа мүмкiндiктер жасайды.
Интернет жер шарының барлық түкпiрлерiнде әлемдiк мәдениет ғажайыптарымен миллиондаған адамдардың танысуын қамтамасыз етедi.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды дамытудың қазiргi дәрежесi оқытушы мен шәкiрт бiр-бiрiнен қанша қашықтықта тұрса да, олардың жанды пiкiр алмасуын қамтамасыз ететiн қашықтықтан бiлiм берудiң ауқымды жүйесiн жасау мүмкiндiктерi туралы айтуға негiз бередi. Қашықтан бiлiм беру жүйесiнiң қалыптасуы және одан әрi өркендеуi электронды кiтапханалар мен үлестiрiлген типтегi университеттердiң құрылуына алып барды. Ал, олар өз кезегiнде бүкiл әлемдiк қоғамдастық, соның iшiнде түрлi себептерге байланысты бiлiм алуға еркiн қол жеткiзе алмайтын қоғам мүшелерi үшiн бiртұтас бiлiм кеңестiгiн қалыптастырудың шынайы негiзiн қалайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерлік желілер. Тораптары, технологииясы, протоколы. Оқулық. – Санкт-Петербург, Питер, 2001.
2.Щербо В.К. Есептеу желісі. – М.: Кудиц – Образ, 2000 2. «802.11 станд.артының сымсыз байланыстағы жергілікті желінің негізі 802.11 стандартының ЛВС сымсыз байланысының өндірілуі мен қолдануы, зерттеу барысында практикалық басқаруы» / Педжман Рошан, Джонатан Лиэри. – М.: Cisco Press Ағылшын тілінен аудармасы Баспа үйі «Вильямс»,2004
3.«Сымсыз байланыстың жаңа технологиясы» / Шахнович И. –
М. Техносфера, 2004
4.«Радиобайланыстың желісі мен жүйесі» / Григорьев В.А., Лагутенко О.И., Распаев Ю.А. – М.: Эко-Трендз, 2005
5. Интернет ресурстары
4

