Сабақ жоспары № 5
Оқытушы: Байтемирова Гүлімхан
Жаппарқызы
Пән:
Информатика
Мамандық:
0112000 -
«Исламтану» (011202 3 – Ислам негізінің
мұғалімі)
І
курс, топ:
23-9-81, 23-9-82,
23-9-83
Тақырыбы: ІІІ бөлім. WINDOWS 7, Linux7
WINDOWS 7-нің негізгі нысаналар мен оның басқару
жолдары.
WINDOWS 7 файлдары мен бумалары. Файлдық құрылым
амалдары.
Күні:
Сабақ түрі, өткізу
үлгісі: білімді жалпылама үйрету
және жүйелеу сабағы
Мақсаты: Студенттер Windows амалдық
жүйесі туралы білімдерін арттырады. Амалдық жүйені орнатуды меңгере
алады.
Оқуда қолданылатын
әдіс-тәсілдер: ақпараттық дамыту
технологиясы
Күтілетін
нәтиже:
-
Ойы
толығады;
-
Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра
біледі;
-
Топтасып жұмыс
істеуге жаттығады;
-
Өзара пікірмен
санасып, екінші тарапты тыңдауға
бейімделеді;
Сабақ
жабдығы: Конспект жазылған қосымша
мәтін. Дербес компьютерлер, ноутбуктер, қосымша
құрылғылар.
Пәнаралық
байланыс: ағылшын тілі, математика,
физика.
Негізгі
әдебиет: Пән оқулығы -Информатика 10
сынып – қоғамдық гуманитарлық бағыт, 2010 ж. «Жазушы» Алматы, Н.Т.
Ермеков, В.А. Криворучко, С.Ж.
Ноғайбаланова
Қосымша: Қазақстан Республикасы бойынша
халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік
құрал.
Сабақтың барысы және
уақытының өлшемі
№
|
Сабақ кезеңдері
|
Кезең мазмұны
|
Уақыты
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сергіту сәті. «Сәлемдесу»
|
Амандасу, студенттердің
қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу
жоспары.
Әр
студент бір-біріне деген сәлемін, тілектерін стикерге жазып тақтаға
іледі, оны бір шәкірт оқып қалғандары тыңдайды.
|
5 минут
5
минут
|
2
|
Білімдерін
тексеру
Білімді бағалау өлшемі
|
Тақта алдынды жекелеп сұрау, іс жүзінде
құрылғыларды қостыру арқылы тексеру
Бес
балдық жүйе
|
30 минут
|
3
|
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі
Түсіндірілетін сұрақтар тізімі:
|
«Ақпараттық дамыту технологиясы» Амалдық жүйенің
шығу тарихы жайында бейне дәріс көрсету, презентация арқылы
көрсету, конспект арқылы, графикалық сызба арқылы түсіндіру,
амалдық жүйенің орнатылуы жайында ДК-ден көрсету.
-
Амалдық жүйе дегеніміз не?
-
Атқаратын қызметі?
-
Шығу тарихы, дамуы, орнатылуы?
-
Амалдық жүйенің түрлері?
|
25
минут
|
4
|
Оқушылардың өздік жұмысы
|
Жаңа тақырып бойынша конспектілеу , амалдық
жүйені орнатылуын жасап көру.
|
15
минут
|
5
|
Тақырыпты бекіту
|
Сұрақ қойып, кері байланыс
әдісімен Алма ағашы арқылы бекіту. (түсіндім, жартылай, әлі
түсінуім керек)
|
5
минут
|
6
|
Сабақ қорытындысы
|
Шәкірттердің білімдеріне қарай
бағалау.
|
3
минут
|
7
|
Үй
тапсырмасы
|
Н 2. Информатика 10 сынып. Қоғамдық гуманитарлық
бағыт, Алматы «Жазушы» 2010ж 14-28 беттер
Қосымша: ҚР бойынша халықты компьютерлік
сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік
құрал.
|
2
минут
|
Оқытушының қолы ____________
Әдіскер: ______________
Операциялық жүйелер туралы
мәлімет
Сонымен, компьютердегі операциялық жүйе дегеніміз
не? ОЖ – бұл компьютерде жұмыс істеп тұрған ең маңызды бадарламалық
жасақтама. Ол жадыны, процесстерді, барлық бағдарламалық және
аппараттық жасақтамаларды басқарады. Яғни ОЖ – адам мен компьютер
арасындағы көпір деуге болады. Өйткені операциялық жүйесіз
компьютердің еш мәні жоқ.
Операциялық жүйенің
жұмысы
«Компьютер жүктеліп жатыр», «Операциялық жүйе жүктеліп жатыр» деген
сияқты сөздерді естіген боларсыздар? Компьютерді қосу тетігін
басқаннан кейінгі процесс осылай түсіндіріледі. Бір немесе екі
минут алатын бұл процесс жүріп жатқанда компьютер бірнеше маңызды
функцияларды атқарып жатады:
- Барлық бағдарламалар дұрыс істеп тұрған-тұрмағанын тексеріп
шығады;
- Жаңа жабдықтың пайда болған-болмағанын тексереді;
- Операциялық жүйе іске қосылады.
Операциялық жүйе іске қосылғаннан кейін, ол
компьютердің барлық бағдарламалық және аппараттық жасақтамаларын
басқарады.
Операциялық жүйелердің
түрлері
Операциялық жүйелер әдетте сіз сатып алып жатқан компьютерге
алдын-ала орнатылып қояды. Көптеген адам компьютерді орнатылып
қойылған операциялық жүйемен бірге сатып ала салады, бірақ егер
қаласа басқасын қоя алады.
Компьютерге арналған үш ең танымал операциялық жүйе бар: Microsoft
Windows, Apple Mac Os X және Linux.
Заманауи операциялық жүйелер Қолданушының
Графикалық Интерфейсін (ҚГФ, ағыл. GUI — Grafical user interface)
пайдаланады. GUI қолданушыға графикалық сурет түрінде дисплейде
көрсетілген экрандағы батырмаларды (иконка, батырмалар, белгілер,
меню) тышқан, пернетақта мен джойстик арқылы басқаруға мүмкіндік
береді. Яғни компьютерде тышқан, пернетақта және т.б. арқылы оңай
жұмыс істеуге болады.
Әр операциялық жүйенің GUI-інің сырт бейнесі
әртүрлі, сондықтан егер сіз басқа операциялық жүйеге көшетін
болсаңыз, онда жаңа таныс емес операциялық жүйеге біраз уақыт
үйрену қажет болады. Дегенмен олардың әрқайсы пайдалануға барынша
ыңғайлы етіп жасақталған.
GUI графикалық интерфейсі болмай тұрған
кезде, компьютерлер командалық жол интерфейсіне ие болатын. Бұл
дегеніміз, қолданушы экранға бір мәтін шығару үшін компьютерге
команда жазып отыратын болған.
Microsoft Windows
Microsoft компаниясы Windows операциялық жүйесін 1980-жылдарың
ортасында жасап шығарды. Содан бері Windows-тің көптеген нұсқалары
шықты, бірақ олардың ішінде ең танымалы – Windows 10 (2015 жылы
шығарылған), Windows 8 (2012), Windows 7 (2009), Windows Vista
(2007), мен Windows XP (2001). Windows көптеген жаңа компьютерлерге
алдын-ала орнатылып қойылады және де әлемдегі ең көп таралған
операциялық жүйе болып саналады.
Егер сіз Windows операциялық жүйеңізді соңғы нұсқасына жаңартқыңыз
келсе, онда Windows-тың соңғы шыққан Home Premium,
Professional және Ultimate сияқтыларының бірін таңдай аласыз.
Бірақ орнатпас бұрын қайсы сізге оңтайлы болатынын зерттеп
алыңыз.
Apple Mac OS X
Mac OS Apple компаниясы жасап шығарған операциялық жүйелер
тізбегінен тұрады. Ол Macintosh немесе Mac жаңа компьютерлеріне
алдын ала орнатылған болады. Бұл операциялық жүйенің соңғы
нұсқалары OS X деп танымал. Нақтылап айтқанда Yosetime (2014 жылы
шығарылған), Mavericks (2013), Mountine Lion (2012), Lion (2011),
және Show Leopard (2009). Сонымен қатар Mac OS X Server деген де
бар, ол серверлермен жұмыс істеуге арналған.
StatCounter Global Stats мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдың қыркүйек
айының дерегі бойынша Mac OS X қолданушылары операциялық жүйелер
нарығының 9,5%-ын құрайды. Бұл Windows қолданушыларының пайызынан
әлдеқайда төмен (90%-ға дейін). Бұның бір себебі Apple
компьютерлерінің тым қымбаттылығында.
Жаңа тақырып сұрақтары:
-
Амалдық жүйе дегеніміз не?
-
Атқаратын қызметі?
-
Шығу тарихы, дамуы, орнатылуы?
-
Амалдық жүйенің түрлері?
Үйге
тапсырма: Оқулықтан – Windows амалдық
жүйені оқып келу.
Бағалау
: Шәкірттердің білімдеріне қарай
бағалау.