"Windows операциялық жүйесі" ашық сабақ 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Windows операциялық жүйесі" ашық сабақ 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға операциялық жүйе туралы түсінік беру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы :   Windows   операциялық жүйесі    Жұмыс  істеудің  бастамасы

Сабақтың мақсаты :
Microsoft  Windows  ортасының  ерекшеліктерімен, жұмыс  үстелімен  танысу.  Пуск батырмасын жұмыста  қолдануға үйрену.Windows  ортасындағы  әрекеттерді  білу   қабілетін,  ой – өрістерін  дамыту.Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беру.

Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі :
-Оқушыларды түгендеу.
-Қауіпсіздік ережесін сұрау.
 ІІ.Үй  тапсырмасын  тексеру                                                                                                                               1. Алғашқы есептеу құрылғысы?
2.  Пернетақта дегеніміз не?

  1. Бір байтта қанша  бит бар?

  2. Компьютердің атасы кім ?

  3. Баспаға шығару құрылғысы?

Жаңа  сабақ  барысы:      Windows   операциялық  жүйесі

  • Операциялық жүйе кез  кедген  компьютердің   ең  қажетті   құрамдас  бөлігі   және  ол  компьютерді  басқаруға,  ақпаратты  сақтауға ,  оған  қосылған  барлық  құрылғылардың жұмысын  ұйымдастыруға арналған программалардың  жиыны  болып  табылады.

  • Операциялық жүйе  адам  мен  компьютер  арасындағы   өзара  байланысты  қамтамассыз  етеді.

  • WINDOWS операциялық  жүйесіндегі  жаңа  нұсқасының  атауындағы  ХР  әріптері   eX Perience  деген  ағылшын  сөзінің  бөлігі  болып  табылады,  ол “ өмір  тәжірибесі ”, “білім”  дегенді  білдіреді

  • WINDOWS сөзінің өзі  терезе  деген  мағынаны  береді

Жұмыс істеудің  бастамасы

  • Жүйелік блогының  алдыңғы  бөлігінде  орналасқан  Power   деп аталатын қосу / өшіру  батырмасын  басып , оны  іске  қоса  аламыз

  • Операциялық жүйе жүктеледі де, экранда  Windows  XP  жүйесі  жүктелуін  білдіретін  қыстырма   бет  пайда  болады. Экранда  бір – бірін  ауыстыратын  бірнеше  қыстырма беттер  пайда  болуы мүмкін. Жүктелу  аяқталғаннан  кейін   Windows – тің  жұмыс  үстелінің  бейнесі  пайда  болады.  Экранда  Добро  пожаловать в  Windows  терезесі  пайда  болады,  жұмыс  жасау  үшін  оны  экраннан  алып  тастау  керек

1 сурет

Windows xp   -графикалық  операциялық  жүйе, оның нагізгі  объектілері  терезе мен  белгішелер  түрінде  бейнеленеді.
Windows –тің объектілеріне  қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер мен  тышқан нұсқағышы  жатады.

    2,1 – сурет                                                           2,2 — сурет

WINDOWS – ТЫҢ БАСҚАРУ  ЭЛЕМЕНТТЕРІ

  • Жұмыс үстелінің  терезесінде  объектілерден  басқа  басқару  элементтері  де  болады. Оларға “Іске қосу” (пуск)  батырмасы, бас  меню, меню жолындағы меню мен  командалар

  • Команда деп осы  команданаң  белгішесіне  тышқан нұсқағышын апарып  шерткенде  орындалатын  әрекетті  айтамыз.

  • Командалар ұзын  немесе қысқа  болады

  • Қысқа команда деп  белгішенің  суреті  бар меню  жолына  шерткенде , бұл  программаның  қосу  әрекетінің  орындалуын  айтамыз.

  • Ұзын команда  деп біз белгілі  бір  нәтежеге : программаны  іске  қосуға  немесе құжатты  ашуға  әкелетін  әрекеттер тізбегін  орындауға  нұсқау  беруді  айтамыз.

Мыс:   Іске қосу       Барлық  программалар         Ойындар              Орамал

3- сурет

 

     Windows –тен шығу,  жұмысты  аяқтау

4 — сурет

  • Жұмысты дұрыс  аяқтау  білу  керек,  әйтпесе  компьютерде  сақталатын программалар да, жүйенің  өзінде  де қолайсыз  жағдайлар  болуы  мүмкін.

  • Пуск Выключить компьтер          Выключение   батырмасын  басу  керек.  Процесс  аяқталғаннан  кейін   компьютер  автоматты  түрде  өшеді

  • Егер Перезагрузка  ( қайта  жүктеу)  батырмасын  таңдасаңдар, компьютерді  өшірмей іске  қосады.

  • Ждущий режим батырмасын басқанда компьютерді өшірудің ерекше  режимі таңдалады. Барлық  ақпарат компьютердің жадынан қатқыл  дискіге  жазылады, компьютер өшеді. Келесі  компьютерді  қосқанда жад күйі  дискіден  қалпына  келтіріледі,  жұмысты  жалғастыра  беруге  болады

 Бекіту  сұрақтары:

  1. Терезені жабу батырмасы? Жабу, закрыть, exit

  2. Windows – дегеніміз не?

Операциялық жүйе, operation system, операционная система

  1. Басқару құрылғысы? Тышқан, мышь, mouse

Үйге тапсырма: 3.1- тақырып,  2- тапсырма

Білім  бағалау.

                                                                                                     

 БҚО, Теректі ауданы, Шағатай ауылы,

Ы.Алтынсарин атындағы

ЖОББМ, информатика пәнінің мұғалімі

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
976
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі