"Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бірлесе жұмыс жасау арқылы WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу, сұрақ қою дағдыларын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; бағалау арқылы өз білім, деңгейін саралау; шығармашылыққа баулу, АКТ ақпаратын тиімді қолдану, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Класы: 7 класс

Сабақтың тақырыбы: "Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері"

Сабақтың мақсаты:

Бірлесе жұмыс жасау арқылы WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу, сұрақ қою дағдыларын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; бағалау арқылы өз білім, деңгейін саралау; шығармашылыққа баулу, АКТ ақпаратын тиімді қолдану, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар бірлесе отырып, WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері туралы білім алады;

-Мәтін үзінділерімен, суреттермен жұмыс істей алады;

-сұрақ қою дағдысы қалыптасады;

- «Drag and Drop» әдісімен (бір уақытта басылған CTRL пернесімен жылжыту және жіберу) мәтін үзіндісін көшіре алады;

- алмасу буферін пайдаланып, мәтін бөлігін көшіре алады, қия алады;

-шығармашылығы артады.

Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары, АКТ-ны қолдану

Сабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, слайдтар топтамасы, интербелсенді тақта.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. WordPad мәтіндік редакторы не үшін арналған?

  2. WordPad редакторын іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау керек?

  3. Редактордың терезе элементтерін атаңыздар.

  4. Кірістіру нүктесі (курсор) дегеніміз не?

  5. Құжат құрудың негізгі әрекеттерін атаңыздар.

  6. Мәтінді редакциялау дегеніміз не?

  7. Пішімдеу туралы не білесіздер?

Т апсырма. (Миға шабуыл әдісі) Батырмаларды сәйкестендіре отырып, диаграмма тұрғызу















ІІІ. Жаңа сабақ: «Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері Оқулықпен жұмыс. (ДЖИГСО) (Тақырып 3топқа бөлініп беріледі, берілген материал бойынша оқушылар интеллект-карта жасақтайды. Картаны пайдалана отырып келесі топқа өздерінің оқығандарын түсіндіреді)

1 топ. Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру.

2 топ. Мәтінді іздеу; Мәтін орнын ауыстыру;

3 топ. Күн мен уақытты кірістіру. Құжатқа суреттерді кірістіру.

  1. Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіруді бірнеше әдістер арқылы орындауға болады

а) Правка – Копировать

Правка – Вырезать

П равка – Вставить

ә ) «Стандартты» саймандар тақтасынан «Көшіру» , «Қиып алу» , «Кірістіру»

б) Пернелер комбинациясы: CTRL+C, CTRL+X, CTRL+V

(Drag and Drop- бір уақытта басылған CTRL пернесімен жылжыту және жіберу, ауыстыру)

  1. Мәтіндік құжатқа күн мен уақытты кірістіру

а ) Вставка-Дата и время

ә) Стандартты саймандар тақтасынан

  1. Мәтінді іздеу

а ) Правка-Найти

ә) Саймандар тақтасынан

б) CTRL+F

  1. Мәтінді ауыстыру

а ) Правка-Заменить

ә) Саймандар тақтасынан

б) CTRL+H

  1. Word Pad құжатына суреттерді кірістіру

IV. Практикалық жұмыс. (ротация әдісі)

  1. Word Pad редакторын ашып, «Көңілді қыс» тақырыбына шағын эссе жазу.

  2. Мәтіннің тақырыбын Жартылай қалың, 16 пунктпен, ал қалған негізгі мәтінді 14 пунктпен, Times New Roman шрифтімен жазыңыздар.

  3. Редактор терезесін жималап қойыңыз.

  4. Пуск-Все программы-Стандартные-Paint графикалық редакторын ашыңыздар. «Көңілді қыс» тақырыбына сурет салып, оны сақтау.

  5. Суретті көшіру арқылы алмастыру буферіне орналастырыңыз.

  6. Word Pad терезесін активті жағдайға келтіріңіз, ол үшін есептер тақтасындағы пиктограмманы шертіңіз.

  7. Paint-та салынған суретті Word Pad-та терілген мәтіндеріңізге кірістіріңіздер.

  8. Ағымдағы уақыт пен күн жадын енгізіңіздер.

  9. Мәтіндегі «қыс» сөздерін, найти/заменить бұйрықтары арқылы «зима» деп өзгертіңіз және қайтадан қалпына келтіріңіздер.

  10. Мәтінді «Қыс» атымен сақтап қойыңыз.

V. Галереяға саяхат. (Оқушылардың орындалған жұмыстары баспадан шығарылып, қабырғаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын аралап жүріп, бірін-бірі бағалайды).

VІ. Сабақты қорытындылау. Тест тапсырмасын орындау. Тесте жалпы 10 сұрақ, әрбір сұрақтың 4 нұсқасы бар.

VІІ. Үй тапсырмасы: §28 «Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері»

VІІІ. Оқушыларды бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2018
427
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі