400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

WorldSkills International қозғалысы - кәсіптік білім берудің жаңа мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
Жиырма бірінші ғасырда білім беру саласында болашақ маманды өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, мамандардың бойына қоғамның даму қажеттілігіне байланысты дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр.Бұл дағдылардың мазмұнына мамандық бойынша білім мен біліктілік, кәсіби нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибе,кәсіби құзіреттілік кіреді.Аталған міндеттерді іске асыруда халықаралық WorldSkills International қозғалысының алатын орны ерекше.Осы қозғалыс негізінде қазіргі таңда Республикамызда техникалық және кәсіптік білім беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мухамеджанова Улман Жумагазиевна

Оқытушы

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі

Алматы қаласы, Шемякин көшесі, 131


WorldSkills International қозғалысы - кәсіптік білім берудің жаңа мазмұны


Жиырма бірінші ғасырда білім беру саласында болашақ маманды өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, мамандардың бойына қоғамның даму қажеттілігіне байланысты дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр.Бұл дағдылардың мазмұнына мамандық бойынша білім мен біліктілік, кәсіби нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибе,кәсіби құзіреттілік кіреді.Аталған міндеттерді іске асыруда халықаралық WorldSkills International қозғалысының алатын орны ерекше.Осы қозғалыс негізінде қазіргі таңда Республикамызда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде WorldSkills Kazakstan қозғалысының бағдарламасы қолға алынып 2015 жылдан бастап тәжірибе жүзінде іске асып келеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты әлемдегі үздік тәжірибелер мен кәсіби стандартты үйлестіру арқылы жұмысшы кәсіптерінің беделін көтеру, кәсіптік білім берудің жүйесін дамыту болып табылады.Осыған орай WorldSkills Kazakstan қозғалысы бағдарламасы негізінде кәсіптік –техникалық білім беру оқу орындарында мамандықтар арасында салаларына қарай жыл сайын өңірлік және ұлттық чемпионаттар ұйымдастырылып өткізілуде. Кәсіби құзіреттілігіне қарай чемпионаттарды өткізу барысында кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында білім беру үрдісінің сапасын халықаралық WorldSkills International қозғалысы стандарты негізінде көтеру,іс жүзінде орындай білу іскерлігімен дағдыларын дамыту және қалыптастыру болып табылады.WorldSkills International қозғалысы бағдарламасының мақсаты білім беру үрдісінің тиімділігін көтеру, оқытудың әртүрлі әдістері мен бақылау формалары,оқыту технологиясы , сонымен қатар дуалды оқытуды қолдану, бағдарламаны іске асыруға негіз болады. Бағдарламада белгіленген мақсат, міндеттерге сәйкес кәсіптік білім, орындай білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында төрт модульдің мазмұнын меңгеру үшін теориялық білімді практикалық біліммен ұштастырып оқыту қарастырылған, сонымен қатар курстың бағдарламасы критериалды бағалау, жеке бастың тұлғалық құзіреттілігін дамыту көрсеткіші негізін жиынтықтаумен сипатталады.Кәсіптік құзіреттілік –кәсіптік қызметін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беруші жеке бастың қасиеттері білім,білік пен дағды негізінде кәсіптік міндеттердің жиынтығын шешетін маманның мүмкіндігін іске асыруымен анықталады. Өмір талабына сай кәсіби дағдыларды меңгеру үшін модульдік жүйеде оқыту қарастырылған. Модульдік жүйе бойынша оқыту арқылы мамандар өз кәсібіне қарай тиісті білім алады. Алынған білім негізінде білім алушы сын тұрғысынан ойлау,ортамен қарым қатынас жасай білу,тұлғалық білім алуына бағытталып, дағдыланады. WorldSkills Kazakhstan International бағдарламасы арқылы әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізуіне, инновациялық білім негіздерін терең меңгертудегі мақсаттары мен міндеттері шешімін табады. Осы алға қойған мақсаттарды іске асыруда республикамыздағы педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша WorldSkills Kazakhstan қозғалысына қатысып, тәжирибе алмасуда. Аталған байқауға №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы» бойынша білім алушылары Төлен Мадина, Өтеп Перизат, Бағдаулет Альбина 2016-17 оқу жылында Алматы қаласы бойынша өңірлік чемпионатта 1-3 жүлделі орынды иемденсе, аталған оқу жылында Төлен Мадина WorldSkills Kazakhstan -2016 Ұлттық чемпионат жеңімпазы атанды. 2018-19 оқу жылында Школова Мадина 3-орынды өңірлік чемпионатта иемденді.Чемпионат барысында қатысушылар тәрбиеші мамандығына байланысты практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыра отырып, теориялық және тәжірибелік даярлықтың бірлігін,педагогикалық шеберліктерін,білім дағдысының бірегей жүйесін,еңбекпен оқудағы шығармашылықтарын көрсетебілді.
Білім беру әрекетінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны қолдана білу, WorldSkills Kazakhstan қозғалысы білім мазмұнын іске асыру, студенттерді әлемдік чемпионатқа дайындау болашақ мамандардың бойына сіңіру мақсатында «Кәсіпқор» Холдингі Коммерциялық емес акционерлік қоғамы, кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен «WorldSkills Kazakhstan International» стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері» тақырыбына 2019жылы қазан айының жетінші жұлдызынан он сегізінші жұлдызына дейін курстан өттім. Курста WorldSkills Kazakhstan International қозғалысының дамуы перспективасы мен тарихы , WorldSkills Kazakhstan стандарты есебінде чемпионат өткізу ережесі, этика кодексі, нақты құзіреттіліктер бойынша WorldSkills чемпионатының конкурстық тапсырмаларын құрастыру,CIS жүйесі жұмыстарын меңгеру, чемпионаттарды WorldSkills Kazakhstan International стандарты негізінде бағалау ережесі модульдері бойынша өтілді.Курстың әр күнінде модульдер мазмұнымен таныстырылып,терең талдау жүргізілді,күтілетін нәтижелер анықталды.Критериалды бағалау жүйесін,оқытудың әдіс-тәсілдерімен, әр түрлі ресурстарды қолдану, чемпионатқа қатысушының кәсіби шеберлігін қалыптастыру жолдары үйретілді. Әрбір модульде алынған тақырып бойынша белсенді әдістерді түрлендіре отырып оқулықпен жұмыс, инновациялық әдістерді қолдану тақырыптың ашылуына,терең білім алуға негіз болды. Курсты жүргізуші тренер Жовниренко Ирина Васильевна өз ісінің шебері, новатор педагог, республикамыздағы WorldSkills Kazakhstan International қозғалысының дамуында ерекше үлесі бар әдіскер-ұстаз . Бір топқа Алматы қаласының кәсіптік- техникалық колледждерінен келген тәжірибелі ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлерінің жиналуы тек қана теориялық тұрғыда білім алып ғана қоймай, күнделікті алған білімді әлемдік деңгейде чемпионаттар дайындауды іс- жүзіне қолдану, берілген тапсырмаларды топ болып бірігіп орындау, өз білімімізді ортаға салу,ұсыныстар енгізу, идея тастаумен бірге шығармашылығымыз шыңдала түсті. Курстың соңғы күнінде бағдарлама талабына сай курс барысындағы қол жеткізген нәтижелер бойынша портфолио дайындалып,қорғалынды. Курста алған білім педагогикалық тәжірибеде маңызды әдістемелік көмекші құрал болып саналады. WorldSkills International қозғалысы жаңа мыңжылдықта білім беру үдерісінде кәсіби білім беруде едагогикалық,инновациялық,интеллектуалдық, жалпы ғылыми және жалпы мәдениетті құзыреттіліктері дамыған,білімді,білікті жаңашыл маман дайындауда білім мен әрекет арасындағы қарым қатынас және нәтижеге бағдарланған бағыттаушы күш.

Қолданылған әдебиеттер:

1.«WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері»тыңдаушысына арналған нұсқаулық.Нұр-Сұлтан 2019

2. Морева, Н.А. Педагогика среднего профессионального образования: учеб. пособие. – М.: Академия, 2009. – 304с.

3. Никитина. Н.Н. Основы профессионально – педагогической деятельности: учеб. пособие/ Никитина Н.Н. и др.- М.: Мастерство, 2002.- 288с.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі