жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
WorldSkills pedkolledg-2019
WorldSkills Қазақстан өңірлік сайыстарына педагогикалық колледж студенттерін " Бастауыш білім беру" құзыреттіліктері бойынша дайындау аспектілері.
Онгарова Баян Кенесовна
№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық- педагогтік колледжі.
WorldSkills - бұл халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның негізгі мақсаты жеке мемлекеттерде өңірлік, дүние жүзінде кәсіби шеберлік сайыстарын ұйымдастырып, өткізу арқылы бүкіл әлемдегі үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды үйлестіру, жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру және кәсіптік техникалық білім беруді дамыту. Әлемдік қоғамдастықта мүше мемлекеттердің көмегімен кәсіп пен жоғары біліктілік деңгейінің экономикалық табысқа қол жеткізуге, жеке тұлғаның дамуына өз үлесін қосу, кәсіптік техникалық мамандықтардың дәрежесін көтеру.
Ұйымның жаһандық мүшелерінің күш-жігеріне сүйене отырып, WorldSkills International әлемдік кәсіби білім беру нарығына қатысу. WorldSkills қатысушыларының әлем жастары арасында мәдениет, білім және мамандық түрлерімен тәжірибе алмасуында мүмкіндіктері артады.
WorldSkills - халықаралық ынтымақтастықтың, үкіметтер, ұйымдар мен институттар арасындағы байланыстарды дамытудың арқасында жарыстар өткізу, бірлескен жобаларды ұйымдастыру және тәжірибе алмасу арқылы, білікті мамандарды айқындап, олардың артықшылықтары мен қажеттілігін көрсетеді. Өскелең ұрпаққа мамандық таңдауға, таңдаған мамандығының шыңына сүйіспеншілік пен қажырлы еңбектің арқасында жетуге болатынын дәлелдеу. Қарқынды дамып жатқан әлемде бәсекеге қабілетті, табысты өмір сүрудің бірден бір кілті екендігіне көз жеткізеді.
28.10.2019ж. - 08.11.2019ж аралығында "Кәсіпқор" коммерциялық емес акционерлік қоғамы кәсіптік білім беру орталығы ұйымдастырған " WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері" бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсынан өттік. Жетекшіміз Жовриенко Ирина Васильевнаның ұйымдастыруымен әрбір сабағымыз жұптық, бірлескен топтық жұмыстарға негізделді. Нәтижесінде WorldSkills стандарттарында қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдерді, шығу тарихын, өңірлік чемпионаттарды ұйымдастыру, жұмыс топтарының барлық мүшелерінің функцияларын, конкурстық алаңдағы сарапшылардың міндеттері мен құқықтарын, чемпионаттарды өткізу жоспарларын, бағалау өлшемдерін, чемпионаттардың құзыреттіліктерін толық меңгердік. Өңірлік сайыстар мен Ұлттық сайыстардың ерекшеліктерін анықтай отырып, Түркістан, Семей қалаларында өткен өңірлік сайыстардың бейне жазбаларын көру арқылы қатысушылардың құзыреттілік түрлерімен, халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысуына жолдама алуына мүмкіндіктерді айқындадық.
Білікті, бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы кәсіби мамандарды дайындау - мемлекеттің, жұмыс берушінің, орта кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының басты мәселелерінің бірі.
Алғашқы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің сауатын ашып, қоршаған ортаны, қоғамды танып білуінде бастауыш сынып мұғалімінің рөлі жоғары. Баланың ақыл-ойының, қабілетінің, эмоционалды, интеллектуалды дамуына ықпалы зор.
К.Д.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деп айтқанындай кәсіби қызметті жүзеге асыра отырып, бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасау мақсатында бастауыш сынып мұғалімі жан- жақты біліммен қаруланған, өзіндік іс-әрекетінің шебері, кәсіби өзін-өзі жетілдіруге, белсендіруге, өмір бойы тұрақты оқытуға қабілеттілігіне ие болуы тиіс.
WorldSkills International стандарттарында болашақта «Бастауыш білім беру» құзіреттелігі енгізілетініне сенемідіміз.Себебі қазіргі таңда елімізде мектептерде бастауыш білім беру мұғалімдеріне сұраныс жоғары.?????????????
Бастауыш сынып мұғалімі құзіреттелігі бойынша чемпионаттардың мақсаты- студенттердің педагогтік мамандықтың кәсіби шеберлігін жүйелі көрсету, өз қызметіне талдау жасау арқылы жобалау қабілеттерін дамыту. WorldSkills International стандарттарында аталған құзіреттілік бойынша чемпионат барысында қатысушылар модульде берілген тапсырмаларды орындайды деп жобалаймыз: «Ауызша эссе», "Сабақ фрагментін дайындау және өткізу», "Ата-аналармен және білім беру ұйымының қызметкерлерімен қарым-қатынас"», «5 минут ішінде үйретемін» және т.б.
Сайыс аясында студенттер өз қызметін ұйымдастыруға, кәсіби міндеттерді орындаудың типтік әдістері мен тәсілдерін таңдауға, олардың тиімділігі мен сапасын бағалауға, стандартты және стандартты емес жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдауға және оларға жауапкершілік алуға, кәсіби міндеттерді тиімді орындауға, кәсіби және тұлғалық даму үшін қажетті ақпаратты өзінің қызметінде ұтымды пайдалануға үйренеді.
Әдебиеттер тізімі:
"WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері" тыңдаушысына арналғаннұсқаулық
Гусейнова М. Ф., Власова Н. В. Профессионально-педагогические компетентности преподавателей среднего профессионального образования [Текст] // Инновационные педагогические технологии: материалы Междунар. науч. конф. (г. Казань, октябрь 2014 г._) -Казань:Бук,2014.—С.262-263.
Власова Н. В., Гусейнова М. Ф., Смирнова В. В., Максимова А. С. Формирование компетенций у студентов специальности «Преподавание в начальных классах» [Текст] // Педагогика сегодня: проблемы и решения: материалы Междунар. науч. конф. (г. Чита, апрель 2017 г.). — Чита: Издательство Молодой ученый, 2017. — С. 118-120.
Федеральные государственные образовательные стандарты среднего профессионального образования ового поколения. /Электронныйресурс//Режим доступа: http://минобрнауки.рф/m/документы/923

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген