Материалдар / XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.

XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:
Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру. 
Дамытушылық: Оқушыларға өзіндік тапсырмалар орындата отырып. ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Сабақтың өту әдісі: Интерактивтік оқыту әдістері. 
Сабақтың формасы: Жеке, топтық, ұжымдық. 
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, география
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд,
суреттер

Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі:  
1. Оқушылармен сәлемдесу. 
2. Оқушыларды түгелдеу. 
3. Бар ынтасын сабаққа аудару. 
4. Оқушыларды топқа бөлу. 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Атажұрт» ойыны (10 минут)

Өткел .топ басшылар сайысы (10 ұпай)

1.Сырым Датұлы көтерілісінің басты мақсаты?

Самғау ( 15 ұпай)

1. Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күші кімдер?

2. Көтеріліс қай жылдары болды? Неше жылға созылды?

3. Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күші кімдер?

4. Көтеріліс қай аймақтарды қамтыды?

Шарықтау (20 ұпай)

1. Көтерілістің алғышарттары?

2. Барон Игельстром реформасының мәні неде?

3. Сырым Датұлының жеке басына сипаттама беріңдер

Жерұйық (30 ұпай)

1.Көтерілістің тарихи маңызы қандай болды?

IIІ. Жаңа сабақты меңгеру: 20 минут 

Жоспары:

  1. Ой толғау

  2. «Мағынаны таны»

  3. «Кім жылдам»

  4. «Тұлғаны таны»

  5. «Сен маған –мен саған»

  6. «Тапқыр болсаң тауып көр»
    1. Ой, толғау. 
    - Ия, балалар сендер мәдениет жайлы не білесіңдер? Слайд көрсетіледі. Оқушылар өз ойларын білдіреді?
    2.Мағынаны таны. Мәтінмен жұмыс жасай отырып, топтар тапсырмалар орындайды

І топқа

Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер” тақырыбы бойынша берілетін тапсырмалар:

  1. Қазақстан аумағын зерттеген ғалымдарды атап беріңдер?

  2. Орыс зерттеушілері мен саяхатшыларының Қазақстан туралы еңбектеріне сипаттама беріңдер?

І І топқа «Қазақ әдебиеті»тақырыбы бойынша берілетін тапсырмалар

1. ХҮІІІ ғ суырып салма қазақ ақын жазушылардың есімдерін атаңдар.

2. Олардың шығармаларының негізгібағыттары мен тақырыптары қандай болды?

ІІІ топқа

Тарихи әңгімелер. Шежіре тақырыпшалары бойынша тапсырмалар

1.Тарихи әңгімелердің өзіндік ерекшеліктері неде?

2.Шежіренің қазақ тарихында алатын орны қандай?

ІҮ топқа
Музыка өнері, айтыс тақырыпшасы бойынша тапсырмалар

1. Қазақтарда музыка өнері қалай дамыған?

2. ХҮІІІ ғ аяқ кезінде Қазақстан аумағында қандай мектептер ашыла бастады?

3. «Кім жылдам?» Кестені толтыру.

Ғалымдар

Еңбектері

Зертеген саласы

П.С. Паллас

« Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалған саясат»

Қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеді.

И.Г. Георги

«Ресей мемлекетінде мекендейтін барлық халықтардың , сондай-ақ олардың тұрмыстық әдет ғұрыптарын, тұрғын үйлерін, киім кешектерінің және басқа да назар аударарлық ерекшеліктерінің сипаттамасы»

Қазақтардың тұрмыс тіршілігін, мәдениетін, әдеп ғұрыптарын зерттеген.

И.К. Кириллов

«Қырғыз қайсақ және қара қалпақ ордалары туралы түсіндірулер»

Табиғат жағдайларын және пайдалы қазбаларын зерттеді

И.П Рычков

«Орынбордың тарихы»

Орынбор шекарасын зерттеді

И.Г. Андреев

«Орта жүз қырғыз қайсақтарының тарихының сипаттамасы»

Орта жүздің тарихы мен шекарасын зерттеді



4. “Тұлғаны таны” Шарты: Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу керек.
10 ұпай: 
1. Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттей бастады? 
20 ұпай: 
2. Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған “Орынбор өлкесінің топографиясы”, “ Орынбор тарихы” (1730-1750 ) атты еңбектердің авторы, Әбілхайыр ханның бейітін суреттеп жазған ғалым? 
30 ұпай: 
3. XIX ғасырдың 80 жылдарында өлке тарихының белгілі зерттеушісі В.В. Вегеловский Жоңғария картасын алғаш рет қай қоғам жазбаларында жариялады? 
40 ұпай: 
4. Қазақстан туралы бағалы картографиялық мағлұматтар кімдердің жазбаларында кездеседі? 
50 ұпай: 
5. Қазақ жерін зерттеген шетел саяхатшыларын ата ? 
60 ұпай: 
6. Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы, Жоңғарияға сапары қазақ даласы арқылы өтетіндігі туралы мәлімет қалдырған және Сібір-Түмен, Тобыл, Барнаул туралы мағлұматтарды зерттеп, 1750 ж. “Сібір тарихы” еңбегін жазған, Сібір тарихының атасы атанған кім? 
Жасырылған тұлға- Бұқар жырау. 
Бұқар жырау туралы не білеміз? 
( 6 бөлікті ұяшықтың алдында Бұқар жыраудың суреті жасырылған.) 
Жауаптары: 
1. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зерттей бастады. ( 10 ұпай ) 
2. Рычков. (20 ұпай ) 
10 20 
30 40 
50 60 
3. Орыс география қоғамында (30 ұпай ) 
4. Капитан В. Урусов, И.М. Лихарев. (40 ұпай) 
5. П.С. Паллас, И. Фалок, И. Георги. (50 ұпай) 
6. Г.П. Миллер. (60 ұпай)






IҮ. Жаңа сабақты бекітуі. 10 минут. 
«Сен маған- мен саған» 
Шарты:
Оқушылардың алдына парақшалар таратылып беріледі, парақшаларға оқушылар сұрақтар жазып, қарсы топтарға кезекпен лақтырады. Әрбір дұрыс жауап ұпай болып есептеледі. 
2. “Кім тестке жылдам ”

1.И.Г. Андреев, Я. Гавердовский қазақ жүздері туралы мағлұматтар жинақтады. Қай жүз туралы мағлұмат жинақтады? 
а) Ұлы жүз 
ә) Орта жүз 
б) Кіші жүз 
2. Қай жылдары П.С. Паллас басқарған экспедиция болды?? 
а) 1768-1774 ж.ж 
ә) 1675-1768 ж.ж 
б) 1684-1781 ж.ж 
3.
XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, Абылай ханның кеңесшісі болған жырауды ата? 
а) Ақтамберді 
ә) Бұқар 
б) Үмбетей 
4.
Жәміште горизонттық мектеп қай жылы ашылды
а)
1789ж
ә)
1756ж

б) 1889ж
5. Тәтіқара қай жерде дүниеге келген? 
а) Қостанай облысы, Сарыкөл. 
ә) Солтүстік Қазақстан. 
б) Батыс Қазақстан.

Кілті: 1. Ә 2.А 3.Ә. 4.Ә 5.А

V. Үйге тапсырма:§12 тақырыпты мазмұндау.Слайд жасау. 2 минут.

VІ. Бағалау. 3 минут.

ЖИ арқылы жасау
04 Қараша 2020
357
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі