жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
XX ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
XX ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен этномәдениетті қайта жаңғыртумен сиапатталады. Педагогикалық мәселелер халықтың экономикалық, саяси - әлеуметтік және мәдени өмірімен байланысты. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі, Қазақстан педагогика ғылымы тарихының жаңа мазмұнда сипат алуына кең жол ашып отыр. Соның бір көрінісі ретінде ұзақ уақыт бойы бір жақты қаралып, ақиқаты айтылмай келген ұлттық педагогика тарихын қайта ой елегінен өткізіп, шынайы бағасын беруге деген талпынысты айтуға болады.
Отарлық бұғауда отырған қазақ елінің мәдени ішкі өміріне орталық Ресейде болып жатқан саяси, экономикалық оқиғалар, түрлі толқулар мен педагогикалық қозғалыстар әсерін тигізіп жатты. Осы орайда қазақ зиялыларының педагогикалық ой-пікірлерінің дамуына, өзіндік идеяларын жариялауға мүмкіндік болмады. Соған қарамастан белгілі ағартушылар, педагог - ұстаздар өз еңбектерін оқу - тәрбие жұмыстарына енгізіп, педагогикалық мәселелерді көтеріп отырды.
Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп жібермеуүшін » бұл саясатын » аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. «Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін» ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. «Ислам дініне бой ұрады» деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады. Патша өкіметінің «жымысқы» саясатының нәтижесінде ашылған «орыс-қазақ» мектептерінде оқыған қазақ балалары орыстың білімі мен ғылымының арқасында көкірек көзін ашып, ХХ ғасырдың басында саяси аренаға шыға бастады. Орыс мектептерінде оқып, орысқалаларында жоғарғы білім алғанымен олар өз елінің мүддесін көздеді, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға және ұлттық тәлім-тәрбиенің негізін қалап, ғылымға айналуына көп еңбек сіңірді. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан азаматтар ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Барлыбек Сырттанов, Бақытжан Қаратаев, Жанша Сейдалин, Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Отыншы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Асылқожа Құрманбаев, Ғабдулғазиз Мұсағалиев… бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.
Аталмыш кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек Оған дәлел оның педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Мысалы ретінде ”Педагогика ” еңбегі жайлы: “Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым деп жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады.
Ал, ұстаз-психолог Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған еңбектері (“Тәрбиеге жетекші”,”Психология”, “Комплекспен оқыту жолдары”, “Жаңа ауыл”) т.б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. Оған дәлелоның педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Мысалы ретінде ”Педагогика ” еңбегі жайлы: “Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым деп жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады.”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын –мұғалімдікі”-дейді ұстаз.
Ресейге бағынғанға дейін қазақ арасында ислам діні біркелкі тарамағаны белгілі. Бірақ Ресейге толық бағынғаннан кейін және Орта Азияның Ресей қол астына өтуі жағдайды өзгерті. Отарлық езгінің күшеюі халықтың іштей наразылығын тудырып, өзіне рухани жағынан жақындау мұсылман дініне бет бұра бастады. Ислам дінінің қазақ арасында кеңінен етек алып жайылуынан қатты күдіктенген кісінің бірі –халқымыздың мақтанышы аса дарынды ғалымы, ағартушысы Шоқан Уәлиханов. Ол кісі жағдайға байланысты “Татар молдалары мен Орталық Азия ишандарының әрекеттері арқасында қазақ барған сайын мұсылманшылық жолға түсіп барады. Қазір қазақтың кейбір сұлтандары, байлары әйелдерін оңаша үйде ұстайтын болды; қазақтар Меккеге баратынды шығарды, жырлар айту орнына пайғамбарлар туралы жыр, ертектерді айтады, діни хиссаларды оқиды. Тегі еуропалық мәдениетке Ресейдің Византия дәуірін басынан өткізіп жеткені секілді, қазақ халқы татар дәуірін басынан өткізіп жететін болар. Бұл-оның болашағы бұлдыр, қараңғы деген сөз ”- деп аса бір өкінішпен, торығушылықпен жазған еді. “Әр тәрбиешінің қолданатын жолы- ұлт тәрбиесі”. “Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жолы бар. Осыған орай белгілі педагог Мағжан Жұмабаев жағы көп болғаны сияқты жамандық жағы да көп”- деп жазған. Осы мақсатқа орай белгілі ағартушы Міржақып Дулатовтың “Ақтөбе гимназиясы хақында” мақаласы да жарық көрген болатын. Бірақ көп жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлықпен қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орны толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды ауқымының қарыштап дамуына үлкен нұқсан келді.
ХХ ғасырдың басында қазақстанның тарихи өмірінде елеулі өзгерістер, аса бір алмағайып оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, бұл кезеңде қазақстанның барлық территориясы Ресей империясының ішкі отарына айналып, өзінің саяси-экономикалық дербестігінен айрылған, орыс мемлекетінің құрамдас бөлігі ретінде танылды.
Бірнеше ғасыр бойы ұлы далада қалыптасқан көшпелі цивилизацияның рухани, мәдени, саяси-құқықтық жүйелері дағдарыс шырмауығына маталып, қазақ қоғамында бұрын мүлдем беймәлім болып келген құбылыстардың орын тебе бастағанына Ресей ықпалы тигендігі анық еді.
Қазақ елінің оқу-ағарту саласындағы ізденістер дүниені дүр сілкіндірген қилы-қилы тарихи оқиғаларға толы XX ғасырдың бас кезеңі қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде де үлкен өзгерістер туғызды. Бұл Ресейдің алдыңғы қатарлы ғалымдарының қоғамның дамуына, білім мен ілімнің көркеюіне педагогика ғылымының берері көптігінен көз жеткізе бастаған мезгілі еді. Осы жағдайлар сол кездегі көзі ашық, көкірегі ояу, өз халқының қамын ойлайтын қазақ зиялыларына да түрткі болып, олардың сана-сезіміне, жан дүниесіне қозғау салды. Сол кезеңдегі адамзаттың тарихи көшінен, өркениеттің дамуынан қазақ елінің қалып қоймауын ойлап, уайым жеген көптеген ойшыл ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өнер білімді дамытып, сол арқылы іргелі елдердің қатарына қосылуды мақсат тұтті. Сондықтан XX ғасырдағы қазақ зиялыларының рухани қалыптасуы мен олардың ұлттық педагогикалық ой-пікірлері жайлы ғылыми тұрғыдан сөз еткен, біріншіден, олардың сол кездегі кеңес заманының алдыңғы қатарлы әлеуметтік ортасынан және өздері қатар ғұмыр кешкен ойшылдарды бөлек алып қарауға болмайды. Екіншіден, қазақ зиялыларының шығармашылықтарындағы ұлттық педагогикалық идеяларды талдап М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедұлы еңбектерін сараптай отырып дүниетаным мен тәлімдік ойлардың қалыптасуына дүние жүзінің белгілі педагог ғалымдарының еңбектерін талдауымыз өте орынды. Әсіресе қазақ зиялыларының шығармашылықтарының мәйегі болған, ұлттық педагогикалық идеяның одан әрі дамуына мүмкіндік берді. Әсіресе қазақ зиялыларының шығармаларының мәйегі болған ұлттық педагогиканың дамуына мән берген.
Алаш қайраткерлерінің педагогикалық көзқарастарының қалыптасу негіздері мен қайнар бұлақтары халық педагогикасының інжу-маржандарынан бастау алатыны белгілі. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде орын алатыны ақиқат. Халыққа бағытталған жаңылтпаш, жұмбақтар, мақалдар арқылы тіл дамыту жұмыстарын ұсынған. Жасөспірімдердің психологиялықжас ерекшеліктерін сауалдар арқылы қорытынды түйіп отырады. Педагогиканың әрбір тармақтарында таптырмас қазына жатыр. Бұдан байқайтынымыз, қазақ халқы да өзінің келер ұрпағын адамгершілікке, бауырмалдыққа, имандыққа, эстетикалық тәрбие беруге ерекше назар бөлген.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Менің
арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа
жеткізу//Жұлдыз.-2000.-№7.
2.«Алошорда пайда болуының, қызметі мен күйреуінің тарихы» //
Социалистік
Қазақстан.-1989.11шілде.-2б.
3. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940г.г.-
Алматы:
Ғылым,-1991.-220б.
4. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Алаш қозғалысы //
Ақиқат.-1991.№11.2-3б.
5. Нұрпейісов К. Алаш ҺЭМ Алашорда. -Алматы: Ататек, -1995.
-21б
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген