«XXI-ғасыр көшбасшысы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«XXI-ғасыр көшбасшысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика болашаққа бастайды, Келешекке білім қуған жастарды. Қадам басып 21-ші ғасырға, Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «XXI-ғасыр көшбасшысы»

Ойынның барысы:

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында жүлде алсын» - деп бүгінгі «XII-ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Әділ қазылармен таныс болыңыздар:

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Амренова Н.Ж.

Мектеп психолгі:Қрықпаева Ф.Б.

Жаратылысану бірлестігінің жетекшісі: Садуокасова Қ.З.


Көңілді тапқыштар, білгіштер,

Бар өнерін салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:

  1. бөлім. «Таныстыру»

  2. бөлім. «Құпия алаң»

  3. бөлім. «Жұмбақ шешу»

  4. бөлім. «Бәйге»

  5. бөлім. «Өлеңім – өнерім»

  6. бөлім. «Мақал – сөз мәйегі»

7. бөлім. ««Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт»


Әр бөлімнен кейін әділ – қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Топтардың бәрін халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

  1. бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

Ойынға қатысатын топтардың аты:

  1. топ «Компьютер»

  2. топ «Антивирус»

  3. топ «Интернет»

  1. бөлім. «Құпия алаң» Тақтада 1- ден 20- ға дейінгі сандар берілген, әр топ бірінен соң бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтары:

  1. Компьютер миы? (жүйелік блок)

  2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)

  3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)

  4. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)

  5. Графикалық редактор (пайнт)

  6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)

  7. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрафон)

  8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық ( корзина)

  9. Графикалық ақпараттың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

  10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (уорд)

  11. Пернетақта қандай құрылғы (мәліметтерді енгізу құрылғысы)

  12. Компьютер деген не? (ақпаратты қңдеу құралы)

  13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)

  14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта)

  15. Келесі жүріс (жүріс келесі топқа беріледі)

  16. Қатқыл диск қайда орналасады (жүйелік блоктың ішінде)

  17. Банкрот (топтан 5 ұпай алынады)

  18. Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)

  19. Microsoft фирмасының президенті (Билл Гейтс)

  20. Информатикадағы өлшем бірліктері (Бит, Байт)

Осымен 2- бөлім аяқталды, әділ – қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Сайыс – толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста – деп

  1. Бөлімді бастайық. «Жұмбақ шешу» топтарға жұмбақ жасырылады, қай топ бірінші және дұрыс шешетін болса, сол топқа 10 ұпай беріледі.

Жұмбақтар:

  1. Бар құрылғыны басқаратын,

Кеудесін көтеріп қасқаятын ми. (жүйелік блок)

  1. Өзінен зиянды сәуле шашатын,

Адам көзін құртатын жалмауыз. (монитор)

  1. Саусақтарды билететін,

Экранға мәтінді сый ететін,

Жоқ деп мүлде айта алмайтын,

Иә- ні қолдап қайталайтын. (пернетақта)

  1. Пернеден жасқанатын,

Адам көмегімен басқарылатын,

Қоқақ, компьютердің кенже баласы. (тышқан)

  1. Қағазға тоймайтын құрылғы. (принтер)

  2. Принтерден асып түсетін құрылғы. (сканер)

Осымен 3- бөлім аяқталды әділ – қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.


Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып – тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен – деп

  1. бөлімді бастайық «Бәйге» бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді, әр сұраққа 10ұпай беріледі.

Сары конверт сұрақтары:

  1. Баспа құрылғысы (принтер)

  2. Компьютер теледидары (монитор)

  3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)

  4. Функционалдық пернелер (F1-ден F12- дейін)

  5. Зиянкес бағдарлама (вирус)

  6. Файлдар жиыны (бума)

  7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)

  8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)

  9. Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)

  10. Сурет салуға арналған бағдарлама (пайнт)

Қызыл конверт сұрақтары:

  1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (ОЖ)

  2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)

  3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)

  4. Дербес коипьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)

  5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (уорд)

  6. Дыбыс естілетін қорап (калонка)

  7. Мәлімет енгізу құрылғысы (пернетақта)

  8. Компьютердің маманы (программист)

  9. Бүкіләлемдік желі (интернет)

  10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)



Жасыл конверт сұрақтары:

  1. Көпбатырмалы құрылғы (пернетақта)

  2. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)

  3. Компьютер сымдары (кабель)

  4. Алгоритм деген не? (белгілі бір мақсатқа жету жолы)

  5. Презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)

  6. Корзинаның қызметі (жойылған файлдарды жинау)

  7. Ең ұзын перне (пробел)

  8. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)

  9. Информатика қай сыныптан бастап оқытылады (5- сыныптан)

  10. Оқитын құрылғы (сканер)

Осымен 4- бөлім аяқталды әділ – қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап қорытындысын айтуын сұраймыз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса –деп

5- бөлімді бастайық «Өлеңім – өнерім» бұл бөлімде әр топ берілген сөзден бір шумақ өлең құрастырады. Өлеңнің әр жолы ұйқас болып, дұрыс құралған болса, сол топқа 5 ұпай беріледі.

(Word мәтіндік бағдарламасы туралы)

(Excel кестелік бағдарламасы туралы)

(Paint графикалық бағдарламасы туралы)

Осымен 5- бөлім аяқталды әділ – қазылар топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар – деп

  1. бөлімді бастайық «Мақал сөз – мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

  1. Жігітті компьютеріне қарап бағала (Жігітті досына қарап бағала)

  2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

  3. Вирустан қорыққан интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес)

  4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

  5. Веб – дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

  6. Білмесең анықтамадан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

  7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан екі ақыл артық)

  8. Антивирусы күштіні – Вирус ала алмайды (Досы көпті – жау алмайды)

  9. Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсең кәріге күл)

  10. Компьютерде бес калонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Осымен 6- бөлім аяқталды әділ – қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – деп


Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдарт білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді,

Жеңістің мынау шыңына – деп

  1. бөлімі бастайық «Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт» бұл бөлімге топ басшылары ғана қатысады. Тақтаға бір сөз ілінеді (Ақпараттандыру), сол сөзден 5 минут ішінде мағынасы бар қазақша – орысша сөздер құру керек.

Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағыда үйренеміз аман болсақ!Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғалымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп әділ – қазылар алқасына сөз береміз.









«Қ. Дамитов атындағы орта мектебі»КММ

















Сабақтың тақырыбы:

«ХХІ – ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны











Өткізген: Гаяров Б.Д.















2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
634
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі