Материалдар / «XXI ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі»

«XXI ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«XXI ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі»
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«XXI ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі»





Әскерова Әсел Кәрімханқызы

Қазіргі өмірдің заманауи шындығында ұстазға білімнің жаңа белестерін үнемі бағындыруға тура келеді. Өйткені, қазіргі қоғамда үлкен өзгерістер болып жатыр, білім беру жүйесі бір орында тұра алмайды. Ал қазіргі өмір талабы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруды талап етеді. Олай болса, педагогикалық құзыреттілік неден тұрады? Құзыреттілік – бұл ең алдымен: жоғары сапалы өнімді іс-әрекетке қажетті білім, қабілет, дағды. Педагогикалық құзіреттілік – жүйелі құбылыс, оның мәні мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетін тиімді жүзеге асыруға, педагогикалық қарым-қатынас процесін мақсатты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, педагогикалық білімінің, тәжірибесінің, қасиеттері мен сапаларының жүйелі бірлігінде жатыр.

Бүгінгі таңда мұғалім жеке тұлғалық білім беру идеяларына сүйене отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы қажет. Сонымен қатар заманауи әдістемелік білім мен жаңа технологияларды, зерттеушілік дағдыларды меңгеріп, кәсіби білімін талдау негізінде педагогикалық дизайнға жаңалықтар енгізуі керек. Педагогтардың құзыреттілігін дамытуға және оқу үдерісінің сапасын арттыруға айтарлықтай әсер ететін мүмкін болатын әдістердің бірі оқытудың заманауи технологияларын, оның ішінде инновациялық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы жағдайында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жоғары деңгейде меңгеру мұғалімнің кәсіби біліктілігінің ортақ әмбебап атрибутына айналуда. Сондықтан қазіргі уақытта кәсіби базалық білімді жаңашыл ойлаумен және нақты педагогикалық мәселелерді шешуге зерттеушілік көзқараспен үйлестіруге мүмкіндік беретін сапалы түрде өзгеше педагог даярлау қажеттілігі, белгісіздік жағдайында өмір сүруді білетін жеке тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Шығармашылық, жауапты, күйзеліске төзімді, өмірлік іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде сындарлы және сауатты әрекеттер жасауға қабілетті тұлға болуы керек. Ал бұл құзіреттіліктердің қалыптасуы мұғалімнің өзі өзін-өзі дамытумен жұмыс істеп, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің мәні мен мазмұнын білсе, табысты болмақ.

Құзырлы ұстаз жай ғана заман талабына сай, заман ағымына ілесіп, кез келген өзгерістерге дайын болуы керек, сонда ғана ол қызықты, шәкірттерінің сүйіспеншілігіне бөленіп, өз ісін кәсіби деңгейде атқара алады деп ойлаймын. Мектептегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру мекемесіндегі педагогикалық процесті ұйымдастыру кезінде әрбір нақты жағдайда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін оның білімі мен кәсіби шеберлігінің деңгейі ретінде анықталады. Педагогтың тұрақты дайындығы, яғни оның оқу іс-әрекеті процесінде алған және оның кәсіби құзыреттілігін құрайтын бар білімін, дағдыларын және тәжірибесін жұмылдыра алуы.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі