У дыбысының дауысты,дауыссыз болуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

У дыбысының дауысты,дауыссыз болуы

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: қазақ тілі

Ортақ тақырып:

Өзім туралы

Бөлім: Тыңдалым және айтылым, жазылым,тілдік нормалардың қолданысы

Бөлімше: 4.1 Сөздердің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын сақтау;

3.4 Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну


Сабақ тақырыбы: Өзіме киім үлгісін таңдаймын. У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы

Күні :

Мұғалімнің есімі: Стамбекова Ш

СЫНЫП: 2

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

Тілдік нормалардың қолданысы.

2.4.1.2 «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу

Тыңдалым және айтылым.

2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

Жазылым.

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Уу әрпін біледі,сөз ішінде у әрпінің байланысын сақтап жазады.

Оқушылардың көпшілігі: тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжай алады, у дыбысы қатысқан сөздерді буынға бөле алады.

Кейбір оқушылар: Уу дыбысын дауысты және дауыссыз түрінде қолданып сөйлемдер құрастыра алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

-«у» әрпінің емлесін сақтап жазады.

-тақырыпқа қатысты тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды

-тақырып қатысты тірек сөздер мен суреттерді пайдаланып постер құрастырады.

-тақырыпқа қатысты сөздерді буынға бөліп жазады.

Тілдік мақсат


Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыстар

Өзін өзі тану (Ұлттық құндылықтар), әдебиеттік оқу (ою-өрнектер)

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, слайд

Бастапқы білім

Уу дыбысы мен әрпін таниды;

Уу дыбысының емлесін сақтап жазады.

Тақырыпқа қатысты сөздерді буынға бөледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы







5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

  • Таңертең тұрамын – бетімді жуамын (көрсету)

  • Үстіме киемін – мектеп формасын (көрсету)

  • Басыма киемін – бас киім (көрсетеді)

  • Аяққа киемін – аяқ киім (көрсету)

  • Бәрін де білемін

Мектепке жүремін (аяқтарын басу)


Қағаз қиындылары арқылы оқушыларды топқа бөлу


ҚАУЫН, ТАУЫҚ, ЖАУЫН, ДАУЫЛ, СӘУКЕЛЕ.






«Сұрақ қою» тәсілі:


-Балалар, қиындылардан қандай суреттер құрадыңдар? (Қауын, тауық, жауын, дауыл, сәукеле)

-Өте дұрыс айтасыңдар. Осы суреттердің атауларынан ортақ не байқадыңдар? (Барлық сөздің ортасында у әрпі бар)

-Дұрыс айтасыңдар. Ендеше балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз

«У дыбысының дауысты және дауысыз болып айтылуы». Тақырыбымыздың мақсаты не деп ойлайсыңдар?

Балалар, бүгін біз «у» әрпінің емлесін дұрыс қолданамыз,тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжаймыз,тақырып бойынша постер құрастырамыз. Бағалау критерийлері мен дескрипторлар жазылған парақшаларды таратып беремін.















Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы







3 минут

























10 минут













































7 минут



















7 минут



























3 мин

1-тапсырма У дыбысы бар сөздерді оқу . Қай сөздер у дыбысы дауысты, дауыссыз болатынын анықтау. (Топтық жұмыс), (Оқылым,Тыңдалым және айтылым).

«Ойлан. Бірік.Бөліс» әдісі.


Дауысты Уу: сурет, елу, сусын, шуақ.

Дауыссыз Уу: дәуіт, егеу, әуен, бауырмал, уық.


Балалар, сөздерге мұқият қараңдар? Не байқадыңдар? Қандай қорытынды шығаруға болады? У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады деп ойлайсыңдар?

Жарайсыңдар, балалар. Енді осыдан ереже шығарайық. Ережені бәріміз дауыстап айтайық.

Осыдан шығатын ереже: У дыбысы дауыстыдан соң келсе дауыссыз, дауыссыздан соң келсе дауысты болады.


Дескриптор:


-У дыбысы бар сөздерді топ ішінде оқи алады.

-У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын айта алады.


Ы нталандырушы бағалау «Бас бармақ» тәсілі арқылы

жүзеге асады:





2-тапсырма. (Жеке жұмыс), (Оқылым, жазылым). «Дауыстап ойлау» әдісі оқи отырып ой түю, ой бөлісу.

«Қорытынды бойынша» саралау

Мәтінді түсініп оқы. Сәуле қуыршағына ұлттық баскиімдердің қайсысын кигізді? Болжап көр. Сәукелені сипатта.Сипаттау барысында әдемі, гауһар тастармен көмкерілген, оюланған, матамен тысталған сөздерін пайдалан.Мәтіннен у дыбысы бар сөздерді теріп жаз. Дауысты у дыбысының астын – бір, дауыссыз у дыбысының астын екі рет сыз.


Сәуле – өздерің сияқты екінші сынып оқушысы. Ол сәнді киінгенді ұнатады. Әсіресе, қуыршағына түрлі киім таңдап, сәнді киіндіргенді жақсы көреді. Бүгін қуыршағына қазақтың ұлттық киімін кигізбекші. Бірақ баскиім таңдауда қатты қиналды. Ол ойлана келе, қуыршағына ........... кигізді.


Дескриптор:


-Мәтінді түсініп оқи алады;

-Сәуленің қуыршағына баскиімдердің қайсысын кигізгенін болжай алады.

-Сәукелені сипаттай алады.Сипаттау барысында әдемі, гауһар тастармен көмкерілген, оюланған, матамен тысталған сөздерін пайдалана алады

-У дыбысы бар сөздерді теріп жаза алады. Дауысты у дыбысының астын – бір, дауыссыз у дыбысының астын екі рет сыза алады.


Балалар, у дыбысы қай кезде дауысты қай кезде дауыссыз болады екен? (У дыбысы дауысты дыбыстан кейін дауыссыз, дауыссыз дыбыстан кейін дауысты болады). Өте жақсы!


Ынталандырушы бағалау «Бас бармақ» тәсілі арқылы

ж үзеге асады:





3-тапсырма. (Топтық жұмыс) Тақырыпқа қатысты сөздерді сипатта. У дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаз.

(Айтылым, жазылым.) «Қарқын арқылы» саралау


«Қара жәшік» ойыны.



Қара жәшікте тақырыпқа қатысты сөздер бар: Шапан, жауап, етік, қауын, тақия, бөрік, кеудеше, қамзол, сәукеле, көйлек, жауын.


Дескриптор:


-Жәшіктегі сөздерді сипаттай алады

-У дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаза алады.


Ынталандырушы бағалау «Бас бармақ» тәсілі арқылы

ж үзеге асады:





4-тапсырма: (Т ж) 2 топ. (Айтылым, жазылым)

Сөз тіркестері мен суретті пайдаланып «Қандай?» деген сұраққа жауап беретін постер құра.

1-топ 2-топ

Әдемі сәукеле шашақты сәукеле.






Дескриптор:


-Сөздер мен сөз тіркестерін, суретті пайдаланып постер құрай алады;

- Сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолдана алады.


Ынталандырушы бағалау «Бас бармақ» тәсілі арқылы

ж үзеге асады:







5-тапсырма. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. (Жеке жұмыс), (Жазылым).

«Тізбекте не түсіп қалды» әдісі.

Көп нүктенің орнына «у» әріпін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз:

Анам кешкi ас дайындады. Олар ба...ырсақ пiсiрдi. Менiң ұйықтағым келдi. Кеше қар жа...ды. Саят дөңгелек қиды. Балалар қ...аласпақ ойнады. Інжу үйді жинады.



Дескриптор:

-«у» әрпінің емлесін дұрыс қолдана алады;

-сөйлемдерді сауатты, әрі таза жаза алады.



Ынталандырушы бағалау «Бас бармақ» тәсілі арқылы

ж үзеге асады:












Оқулықпен жұмыс






















Оқулықпен жұмыс









































Қара жәшік




















Сәукеленің суреттері мен тірек сөздер жазылған таратпа қағаз



















Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы.




Сабақтың соңы

2 минут











3 минут

Тақырыпты қорыту. «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі

Балалар, бүгін біз сабақта нені білдік? (У дыбысының дауысты және дауыссыз болып жазылуын)

-У дыбысы қай кезде дауысты болады екен? (дауыссыздан кейін)

-Ал, қай кезде дауыссыз болады? (дауыстыдан кейін)

Өте жақсы! Енді үй тапсырмасын жазып алайық


К ері байланыс: «Бес саусақ» әдісі арқылы жүзеге асады.






1.Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды.

2.Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3. Ортан терек – ойлау. Мен бүгін қандай бімі мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек – шынайлылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

Үйге тапсырма: 12 бет 17-жаттығу. Өзіңе ұнайтын ою-өрнек жасап келу.



















Таратпа қағаздар

Бағалау критерийлері

Дескриптор

«у» әрпінің емлесін сақтап жазады




-«у» әрпінің емлесін дұрыс қолдана алады;

-сөйлемдерді сауатты, әрі таза жаза алады.

-У дыбысы бар сөздерді топ ішінде оқи алады.

-У дыбысы қай кезде дауысты, дауыссыз болатынын айта алады.

тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды


-Мәтінді түсініп оқи алады;

-Сәуленің қуыршағына баскиімдердің қайсысын кигізгенін болжай алады.

-Сәукелені сипаттай алады.Сипаттау барысында әдемі, гауһар тастармен көмкерілген, оюланған, матамен тысталған сөздерін пайдалана алады

-У дыбысы бар сөздерді теріп жазады. Дауысты у дыбысының астын – бір, дауыссыз у дыбысының астын екі рет сыза алады.

Тақырып бойынша постер құрастырады.

Сөздер мен сөз тіркестерін, суретті пайдаланып постер құрай алады;

- Сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолдана алады.

Тақырыпқа қатысты сөздерді буынға бөліп жазады.

-Жәшіктегі сөздерді сипаттай алады

-У дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаза алады.





Саралау – оқушыларға қалай көбірек көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материлды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?




Денсаулық және қауыпсіздік техникасын сақтаулы.




Саралау «Қорытынды арқылы» саралау 2-тапсырмада, «Қарқын арқылы» саралау 3-тапсырмады жүргізілді. Сабақ барысында «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау» саралаулары әр тапсырма сайын жүргізіліп отырды.

Қабілеті жоғары оқушыларға арналған қосымша тапсырма:

У дыбысының қай сөзде дауысты, қай сөзде дауыссыз етіп екіге топтастыр.  Ауа сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Ауа, тау, улы, айту, дауыс, тоқу, оқу, отау, сауысқан, егеу, керуен, сурет, елу, зәулім, сатушы, сусын, келу.

Қалыптастырушы бағалау: Дескрипторға толық жеткен оқушы оқу мақсатына қол жеткізеді. Сабақтың соңында неше оқушы жеткені, жетпегені анықталады.

Ынталандырушы бағалау «Бас бармақ» әдісі бойынша жүзеге асты. Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі арқылы жүргізілді.

Белсенді жұмыс түрлерін, топтық жұмыс кезінде топта дененіі тік ұстап, басты көтеріп отыру және топ мүшелерін сыйлау, топ ережелерін сақтау туралы айтылды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Сабақтың оқу мақсаты шынайы, оқу мақсаттары оқу бағдарламасынан тақырыпқа сай алынды. Сабақта тақырыпты оқу әдістерін («Сұрақ қою», «Ойлан. Бірік.Бөліс», «Дауыстап ойлау», «Қара жәшік» ойыны,

«Менен сұрақ, сізден жауап») қолдану арқылы оқушыларға у дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуын түсіндіруге тырыстым. У дыбысына байланысты жаттығу тапсырмалар орындады, постер құрастырды. Сыныптағы ахуал жақсы болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды бар ынтысымен орындады. Мен сабағымда «Қарқын арқылы» саралау мен «Қорытынды арқылы» саралауды 2-3 тапсырмаларды жүзеге асты деп ойлаймын. Сонымен қатар сабақ барысында «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау» саралаулары жүріп отырды.Сабақ белгіленген уақыт бойынша іске асты. Оқушылар тақырыпты меңгерді деп ойлаймын.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Оқушыларды әр тапсырма сайын бағалап отырдым.

2.Қабілеті жоғары және білімді қажет етеін оқушыларға қосымша тапсырмалар беру арқылы көңіл бөлдім.

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Ынталандырушы бағалау. Оқушыларды мадақтау арқылы кері байланыс жасап отыру

2.Рефлексия. Сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенң туралы білу үшін кері байланыс тәсілдері тиімді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында сынып оқушылары топта белсенді жұмыс жасай алатынын, жекеленген оқушылар жеке жұмыс, жұппен жұмыс жасағанда тапсырмаларды нақты орындай алатынын туралы білдім. Әсіресе,топпен және жұп болып жұмыс жасағанда сабаққа көп қатыспайтын оқшылардың сабаққта деген қызығушылығы артқанын байқадым. Келесі сабақта топпен, жұппен жасау түрлеріне көңіл өлу керек. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, сабақты ойын түрінде де өткізуге болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2018
2158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі