Я и моя семья

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Я и моя семья

Материал туралы қысқаша түсінік
раскрыть роль семьи в жизни каждого человека; обратить внимание учащихся и их родителей на значение слова «семья» в их жизни;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары.

Дуйсебаева Майра Алдановна

Ақтөбе облысы

Алға ауданы

Ақай орта мектебі

Бастауыш сыныптарда оқушылар оқу сабақтарында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әр түрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - өте психологиялық процесс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл,сөйлеу ,жазу сауатттылығы бір-бірімен тікелей байланысты. Оған мысалы оқушы оқиды, түсінеді, түсінгенін айтады жазады. Сауатты түсініп оқи білген бала өз бетімен жұмыс жасай алады . Осы уақыттты мұғалім тиімді пайдалану керек оқушыны мадақтай отырып, қызықты қосымша тапсырмалар беру керек . Мен көбіне осыдай балаларға ертегі немесе жануарлар туралы кітаптарды кітапханадан алып сабаққа пайдаланып оқуға беремін.

1.Оқушының оқуға қызығушылығы артады.

2.Сөйлеу дағдысы қалыптасады.

3.Сауаттты жазуға үйренеді.

4.Көру, есте сақтау қабілеттері артады.

5.Өз ойын ашық айта алады.

Шапшаң оқыған өте жақсы кейбір оқушылар тез оқығанмен мағынасын түсінбейді. Сондықтан оқушы алдымен түсініп оқуы қажет. Түсінбей оқыған оқушының қызығушылығы өте төмен болады. Оқушы жеке тұлға ретінде қарап, оған көп көңіл бөліп отыру керек.Әдебиеттік оқу кітабында тапсырмаларды орындатып отырып, мәнерлеп оқуға,мақал-мәтел жаттап, оны қолданып сөйлеуге шешен билердің тапқыр сөздерін оқып, тәрбиелік мәнін жете түсінуге мұғалімнің шеберлігі қажет.

Сыныпта жаңа тақырыпты өздері оқиды сұрақ-жауап алынады.Сабақты талдап талқылап,жақсы жақтары мен кемшілік жақтары айтылады.

Дұрыс оқу

Оқушы мәтінді дұрыс оқуға дағдыланбайынша, білімді жете меңгере алмайды. Сондықтан тексті оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын, дұрыс оқуын мұғалім қадағалап отыруы керек. Ал дұрыс оқу дегеніміздің өзіне келетін болмсақ, ол:

  1. Оқушының оқып тұрғанда сөз ішінен әріпті, және буынды, не жеке бір сөзді қалдырып кетпей немесе қате оқымауы;

  2. Кейбір буынды не жеке сөзді қайталамай оқуы.

  3. Кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы.

  4. Орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы;

  5. Текстегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын сақтап оқуы,

Егер тақырыпты оқуда бұл талаптар орындалмаса, онда бала тақырыптағы сөзін дұрыс қабылдай алмайды.Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастырған кезде дұрыс оқудың жоғарыда қойылған талаптарын үнемі іске асырыла бермейді, Бұған мына бір жайтттар себепші болады:

1 Тақырыпты оқуда баланың оны дұрыс қабылдауына жете көңіл бөлінбей, жалпы ұққанын айтқызуға үйрету:

2 Тақырыпты оқу кезінде мұғалім тарапынан көңіл бөлінбейтіндігі:

3 Баланың жеке тұлға екені оның қаншалықты оқи алатындығы ескерілмей, жөнсіз асықтырып оқытуы:

Оқушы жіберген қатесін түзету баланы дұрыс оқуға дағдыландыру үшін, оның жіберген қатесін елеусіз қалдырмау керек,қателерді түзетудің дұрыс жолын білуі керек. Оқып тұрған оқушының кейде көп буынды сөздерді қайта –қайта оқи беруі жиі кездеседі. Бұл көп жағдайда 1-сыныпта болып,2-сыныпта сирек ұшырасады. Мұның себебі бұл кезде,оқу дағдысын меңгерудің алғашқы сатысында, оқушының қабылдау процесі мен оны ұғуы бірдей болмайды. Бала бір буынды немесе көп буынды әлденеше қайталап оқығаннан кейін ғана мәнін ұға бастайды Мысалы: осылай өлең құрастырды.

Мен ақылды баламын

Айтқан сөзді ұғамын

Әкем мен анама

Көмектесіп тұрамын



Отбасым менің бар

Олар ата- аналар

Асыл тасқа бағалар

Біз бақытты балалар

Сабақ кезінде ролдерге бөліп оқу,диалог, саханалау, мәнерлеп оқу, тыныс белгісіне байланысты ырғақпен оқу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың алға қарай ұмтылуы мен оқуға қызығушылығы арта түседі .Оқушының кітапқа ынтасы бастауыш сыныптан басталып, білімі мен дағдысы жетілген сайын арта түседі. Сыныптан тыс берілген тапсырмалар жүйелі түрде жүзеге асқан жағдайда ғана баланың оқу дағдысы қалыптасып,сол арқылы ой өрісі сана-сезімі арта түседі. Оқушы үнемі ізденіс үстінде білуге құлшынысы мен қызығушылығы аса басым болады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі