Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ы.Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл" ашық сабақ 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ әдебиеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: әдебиет

Мектеп: Қарашоқат ОМ

Күні: 21.11.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Ермекова Г.К.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Тәрбиенің қайнар бұлағы

Сабақтың тақырыбы

Ы.Алтынсарин. "Қыпшақ Сейтқұл" әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.(5.Т/Ж2)

көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. (5.Т/Ж3.)

Сабақтың мақсаты

Барлығы орындай алады: әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Көпшілігі орындай алады: кейіпкерлер образын портреті мен іс-әрекеті, сөзі, ішкі ойы арқылы ашады.

Кейбірі орындай алады: кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады.

Бағалау критерийі

  1. Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде түсініп, идея негізінде шығарманың тақырыбын анықтайды.

  2. Кейіпкерлер портреті мен іс – әрекетіне талдау жасайды, кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты терминдер: әңгіме, сюжет, портрет.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

  • Сейітқұл елі үшін қандай ой ойлады? Оған ерген халық қандай кәсіппен айналыса бастады?

  • Сейітқұл бастаған елге басқа халық не себепті қосылды?

  • Сейітқұлдың ағасы бай болу үшін не істеді? Соңында тағдыры қалай аяқталды?

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ыбырай Алтынсариннің басқа қандай шығармаларын білесіңдер?

  • Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларына байланысты деректерді қосымша материалдарға сүйенен отырып, толықтырыңдар.

  • Не себепті қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың басында ағартушылық бағыт дамыды? Олардың ірі өкілдері кімдер болды?

Құндылықтарға баулу

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

  • Өзгелердің мәдениетіне, көзқарастарына құрметпен қарау

  • Жауапкершілік, достық.

  • Бауырмалдылық және айналадағыларына қамқорлық көрсету.

Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталған тапсырмалар арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Сабақта АКТ – ны қолдану арқылы информатикамен, заман шындығы туралы мәлімет беретін тарих пәнімен байланысады, сабақтың жеке тұлғаны дамытуға бағытталуы өзін-өзі танумен ұштасады.

Алдыңғы білім


Оқушылар автор туралы мәлімет біледі, әңгіме мазмұнын меңгерді.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы









С

Топқа бөлу арқылы оқушылардың бүгінгі сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сыныпты 3 топқа бөлу немесе «Миға шабуыл» әдісі арқылы жазушы өміріне шолу жасау.








1.Қоңыраудың Ыбырай өмірімен қандай қатысы бар?

2. Мынау кімнің үйі? Немесе қандай мақсатта салынған ғимарат?

3.Егін даласының суретін Ыбырай өмірімен байланыстырып көрейікші...


Үй тапсырмасын сұрау.

(3 топтан 3 оқушыдан әңгіменің қысқаша фабуласын ғана сұрау)

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
















Слайд







Суреттер

Сабақтың ортасы

Т

1-топ:Әңгіме сюжеті бойынша ретімен орналастыру

1.Сейітқұлдың ойы;

2.Қабырға өзені бойына қоныстануы;

3.Егін егуі;

4.Артық астықты малға айырбастауы;

5.Сейітқұл елінің 450 үйге жетуі;

6.Қауіпсіздік шаралары;

7.Базар ашуы;

8.Сейітқұл жұртының бай болуы.


2-топ: Сейітқұлға хат жазу

3Овал 1 -топ:«Қыпшақ Сейітқұл қандай адам?» деген сұрақ бойынша Сейтқұл бейнесін көрсет.

Еңбекқор

Көпшіл

Т.б толықтырып жазыңыз.



Қалыптастырушы бағалау.










Ж.


Кейіпкер

Іс-әректі

Менің пікірім

Мақал-мәтел

Сейітқұл

Халықты егін егуге үйретті, еңбекке баулыды



Сейітқұлдың ағасы

Барымта,ұрлық жасап, күн көрдім



Әңгіменің негізгі идеясы-


Дескриптор:

  • Кейіпкер іс-әректене баға бере алады;

  • Мақал-мәтелмен мысал келтіре алады;

  • Әңгіменің негізгі түйінді идеясын жазады.



ҚБ: бас бармақ

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса

Мен түсінемін

Бас бармақ көлденең тұрса-Мен түсінгендеймін.

Б ас бармақ төмен қарап тұрса-

Мен түсінбедім



Үш топқа да ортақ тапсырма

«Сәкестендіру» әдісі

Барымта - воровство
көшпелі ел - кочевой народ
бейнет - трудность
жарлы - жақыбай - бедный
жалаңаш - голодный
кәсіп - хозяйство
айырбас - обмен
жәрмеңке - ярмарка.



ҚБ:От шашу

Сергіту сәті

Мақал – мәтелдердің жалғасын тапқызу.

Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )

Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )

Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )

Еңбегіне қарай - құрмет, … ( жасына қарай – ізет )

Еңбек адамның … ( екінші анасы )

Еңбек – ата, … ( жер – ана)

Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )

Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )

.









Парақшалар,

слайд

Сабақтың соңы



Кері байланыс

«Мейрамхана»

Тақтаға «Аспаз» суреті ілінеді де «Тойдыңыздар ма?» деген сұрақ қойылады: бөлек карточкаларға сұрақтар жазылады: «Тойдыңыз ба?»

Мен ... тағы жер едім…

Ең ұнағаны …

... қорыта алдым.

Бұл мейрамхана… … қатты тойдым.

... қарным ашып тұр.

Оқушылар карточкаларды толтыруы керек, соңында «рефлексивті сурет» пайда болады.

Үйге тапсырма:Тақырыпқа байланысты сурет салу




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау








Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
18621
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі